400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

"Адамзаттың Абайы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған танымдық кеш.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Танымдық кештің жоспары

Күні: 23.01.2020 жыл

Тақырыбы:

Адамзаттың Абайы

Мақсаты:

Әлемдік руханиятқа сарқылмас қазына қосқан ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының әдеби-көркем еңбектерін ұрпақ танымына жеткізу; Абай еңбектеріндегі рухани құндылықтарды өмірлік рухани азыққа айналдыру; Егеменді еліміздің тұғырын тіктеу, МӘҢГІЛІК ЕЛ идеясын ұрпақ санасына, жадына сіңіруде Абайдың рухани әлемімен рухтандыру.

Ресурстар: интерактивті тақта, постер, кітап көрме

Күтілетін нәтиже:

Оқушы ізденіске ұмтылады, оқығанын талдап, мәнін аша біледі,ой қорытады, аз сөзбен түйіндеуге дағдыланады. Адами қасиеттерді, адалдық, шыншылдық, әділдікті бойына сіңіреді. Әлеуметтік  жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін  сыйлап,  төзімділікпен  тыңдай білетін  саналы  азамат болып қалыптасуға дағдыланады.Абай әлемін таниды.

Құндылықтарды дарыту:

Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану.

Танымдық кештің жүрісі


Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы





Психологиялық тренинг: «Майшам» әдісі (оқушылар шеңбер жасап, бір-бірлеріңе жылы лебіздерін айтады)

Топқа бөлу: «Мозайка» әдісі (суреттер арқылы)

Ой қозғау: Түрткі сұрақтар арқылы сабақтың тақырыппен байланысын сұрау.

1.Суреттің Абайға қандай байланысы бар?

Сабақтың ортасы


«Ауадағы сұрақтар әдісі (А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар)

«Күз» тобы

  1. Абай Құнанбайұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келді? 1845, Ш.Қ. обл, Абай ауд. Қасқабұлақ деген жер.

  2. Абайдың мұражайы қай жерде? Семейде

  3. Абайдың поэмасын ата. 3 Масғұт, Ескендір, Әзім әңгімесі

4.Анасыны, әжесінің аттары кім? Зере, Ұлжан


«Жазғытұры» тобы

1.Абайдың руы. Тобықты
2. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңі? Жаз.
3. Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? 13

4.Абайдың қандай әндері бар? «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», « Сегіз аяқ» т.б.


«Қыс» тобы

1. Ақын неше жыл өмір сүрген? 59
2. Ақынның қай поэмасы «Мың бір түн» ертегісінен алынған бір оқиғаның өлеңмен жазылған түрі? «Әзім әңгімесі»

3.Абай қай орыс ақындарының өлеңдерін аударды? Крылов,Лермонтов,Пушкин

4.Абайды әлемге танытқан кім? М.О.Әуезов





Постермен жұмыс. Әр топ өздеріңе берілген ақын өлеңдерінің мағынасын ашады.

  1. «Күз» тобы – «Өлең сөздің-патшасы, сөз сарасы» өлеңі

  2. «Жазғытұры» өлеңі – «Қалың елім қазағым қайраң жұртым» өлеңі

  3. «Қыс» тобына – «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі

Жұптық жұмыс .Талдау- табыс кілті.

31 –қара сөзін аудиожазбадан тыңдатамын.

«Күз» тобы

1-ші жұп. Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.Мәтіннің мазмұнын айту .

2-ші жұп. Сендерге жаңалық болған мәліметті жазыңдар.


«Жазғытұры» тобы

1-ші жұп. Иллюстрациялық бейнелеу:

Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, кесте арқылы бейнелеп көрсетіңдер.

2-ші жұп.Маңызды өмірлік даналық:

Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңдер.


«Қыс» тобы

1-ші жұп.Талқылауға арналған маңызды тақырыптар:

Талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.

2-ші жұп.Үлгі боларлық қорытынды:

Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?

Сабақтың соңы


Қорытынды: «Еркін микрофон» әдісі «Сіз не дейсіз?» (оқушыларға сұрақ қою арқылы бүгінгі шараны қорытындылаймын)

Абайдың айтқан тәрбиелік тағылымдарын қазіргі өмірмен байланысы қандай?

Рефлексия. «Үш сөзбен» әдісі

Бүгінгі шарадан не түйдің?

Сіз үшін ең маңызды нәрсе не болды?

Айтар ұсынысыңыз қандай?

Ән: «Көзімнің қарасы»
























Махамбет атындағы орта мектеп









Сынып сағатының тақырыбы: Асылдың бірі-адалдық



Дайындаған: 5 «ә» сыныбы





Сынып жетекшісі: Қыстаубаева Н




2020 жыл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
766
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі