400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамзаттың рухани азығы-Абайдың қара сөзінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы ақын, кемеңгер Абай Құнанбаевтың 175жылдығына орай жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан Облысы

Кентау қаласы

Б.Момышұлы атындағы №12 мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Есиркепова Жангул Ускенбаевна

Эссе

Адамзаттың рухани қазынасы-Абайдың қара сөзінде

“Шын хакім, сөзің баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес”, – (Алтын хакім Абайға) Мағжан Жұмабаев. Абай – қазақ поэзиясының тәңірі, құдіретті ақыны, қайталанбас зор тұлғасы. Абай – қайта тумас бір әлем. Абай әлемінде қазақ халқының болмысы, жан азабы мен ой тереңдігі жатыр. Абай халықтан сарқылмас нәр алды. Ал халқы Абайдан өзінің биік тұлғасын көрді. Оған қарап ой түзеді, оған қарап бой түзеді. Халық пен Абайдың тұтастығы мәңгілік. Абайды әр жаңа ұрпаққа, әр пендеге қала берді, бүкіл адамзатқа жақындастыруға қадам жасау – әр қазақтың борышы деп санаймын. Абайдың әрбір қара сөзінде, шығармасында әрбір адамзаттың рухани қазынасы бар деп білемін.

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, кейбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп, көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді.

Абайдың қара сөздерін төмендегі топтарға бөлуге болады:

Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойлары, тамаша шығармалары, қарасөздері мен жалынды жырларында маржандай төгілдіреді, оның әрбір сөзінен соншама жақын лебі сезіледі. Ол леп өткен заманның тынысы болса да, бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды. Өйткені Абай лебі, Абай үні, Абайдың тынысы – бүгінде теңдік алып, дербес ел атанған, басқа елдермен терезесі тең болған, кең байтақ Қазақстанның, қазақ халқының тынысы. «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деп ақынның өзі айтып кеткендей, Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен, нақыл сөздерімен де бізбен жасасып келеді.

Абай өз еңбегінің арқасында әлемге танылды. Әлемге танылуда еңбек еткендер: Қытайда Абайдың шығармаларын танытуға Ха Хуан Жан (Хабай) көп еңбек етті. Ол Шыңжан өлкесінің Шәуешек қаласына жақын Қазақтар ауылында туған. Қытай тіліндегі мектептерде оқыса да, қазақ тілін жетік меңгерген. Абайды бала күнінен жаттап өскен екен. 1950 жылы Абайдың "Ескендір" поэмасын, ал 1958 жылы "Масғұт" поэмасын ханзу тіліне аударып, Пекинде арнайы кітап етіп бастырып шығарған. Жалпы, Хабай Абайдың 167 өлеңін, 3 поэмасын, 45 ғақлия сөзін түгел аударған. "Абай және Абай шығармалары" деген үш кітабын да Пекинде бастырған. Абайдың өлеңдері басқа тілдерге аударылды. Мәселен, Грузин тілінде - Ш.Мчедлишвили, қарақалпақ тілінде - Ш.Сеитова, қырғыз тілінде - А.Токомбаева, татар тілінде - М.Максуд және Н.Арсланов, француз тілінде - Ғалымжан Мұқанов, ағылшын тілінде - А.Самохмалов, түрікмен тілінде - А.Хайидова, Т.Қасымова.

Абай ақын «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде:

«Ақыл, қайрат жүректі бірдей ұста

Сонда толық боласың елден бөлек.

Жеке-жеке біреуі жарытпайды

Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,

Тулап қайнап бір жүрек болады әлек

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек» деп, Абай атамыз адам бойында ақыл да, қайрат та, жүрек те болу керек дегенді меңзейді. Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе, адамдықты көздесең, жаттап тоқы көңілге!»- деуі келешек ұрпаққа Абайды оқу барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан-теңіз екені айтылады.

Абай ақын:

«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтіп келіп, ойнап – күлмес,

«Мені» мен «менікінің» айрылғанын

«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес», деген сөздері де бізге жақсы таныс. Бұл арада Абай қандай ойды қозғап отыр? Жеке тұлға көп болса 100 жасайды. Жүзден аз немесе көбірек жасауы мүмкін. Бірақ ол бұл дүниеден кетеді, өледі. Ал адамның бәрі бірдей өлмейді. Егер сен артыңа іс қалдырсаң, ой қалдырсаң, өлмейтұғын сөз қалдырсаң халықтың жадында мәңгі сақталасың. Міне, Абайдың туғанына 175 жыл толғалы отыр. Өмірден озғанына да көп уақыт болды. Бірақ Абай өлген жоқ. Өйткені оның артында өлмейтін сөзі мен ойлары қалды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті: Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз.

Болашақ жас ұрпағымыздың әрқайсысы Абайдың қара сөздерін рухани азық ретінде қолданса, өмірде қателеспейді деп есептеймін. Сондықтан әрбір қазақты, жас ұрпағымызды Абайдың әрбір қара сөзін рухани азық ет деп насихаттар едім.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
830
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі