Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,
Қожакент ауылы И.Әбдікәрімов атындағы №168 орта мекетбінің
жанындағы «Ақниет» шағын орталығының
тәрбиешісі Карарова Жулдызай Балтакожаевна
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: «Драма»
Тақырыбы: «Адасқан құмырсқа» ертегісі
Мақсаты: Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау, достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: үстел-үсті театры,суреттер
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап,әңгімелеу,драмалау
Оқу қызмет кезеңдері:
1.Мотивациялық қозғаушы кезең
2.Іздену-ұйымдастырушы кезең
3.Рефлекцивті коррекциялаушы кезең
4.Тәрбиешінің әрекеті
5.Балалардың әрекеті

-Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
-Күз айларын атаңдаршы балалар?
-Күзде жердің беті қандай күйде болады?
-Күздің тағы қандай ерекшеліктерін білесіңдер ,балалар?
-Далаға,көшеге шыққан кезде нелерді байқайсыңдар?
-Жоғарыдан нелерді көресіңдер,ал төменнен нелерді,кімдерді байқайсыңдар?
-Аспаннан құстардың ұшқанын, жерден
адамдар,жануарлар,жәндіктерді көреміз.
-Бұлар табиғаттың бізге берген сыйы, екен балалар.
-Ендеше, мен сіздерге жұмбақ жасырғым келеді,жұмбақ тың жауабын кім тез табады балалар?
Жұмбақ жасыру.
2.Қиналып көтеріп,өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді,жүкшідей кәдімгі.

Кіріспе әңгіме
-Балалар,бүгін біз «Адасқан құмырсқа» ертегісімен танысамыз.Ертегіні мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып беру.

Б
аяғыда бір құмырсқа өзінің бауырластарына өкпелеп,өз илеуінде
тобынан бөлініп, сол маңдағы ара, қоңыз секілді жәндіктермен дос
болыпты.
Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Сонан соң көмек сұрау үшін әлгі қанатты достарын іздейді.

Бір уақытта гүлден-гүлге қонып, шырын жинап жүрген араға жолығады
– Досым, бір дән тауып алып едім, жалғыз өзім көтере алмағаным. Маған көмектесіп жіберші, – деп өтінеді.

– Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, – деп, ара көнбей қойыпты. Солайы солай ғой, мейлі деп, құмырсқа әрі жүріп кетіпті. Ол енді қоңызды тауып алады.

Ол мән-жайды айтып, көмек сұрапты.
– Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, – деп, қоңыз ызыңдап ұшып кете барады.
Достарынан күдер үзген құмырсқа мұңайып қайтып келе жатады. Жолда өзінің илеулестерімен ұшырасып қалады. Олар мұның түрін көріп:
– Не істеп жүрсің? – деп, жөнін сұрайды.
Жалғыз құмырсқа өзінің басынан кешкенін айтып береді:

– Жалғыздық деген сол, – деп, илеулестері жұбатады да құмырсқаның дәнін көтерісіп, әрі алып кетеді. Құмырсқа үйіріне қайта қосылады.
«Жаңа достың қадірі ескі досқа жетпейді» деген екен сонда бір кәрі құмырсқа.

Сұрақ-жауап
-Ертегі қалай аталады?
-Құмырсқаға бал ара мен қоңыз көмек көрсетті ме?
-Құмырсқа қандай жәндік?
-Көрдіңдер ме,балалар,құмырсқаның өз илеуіндегі достары бір-біріне көмек көрсетіп,осындай ауыр сәтте қиындықты бірге жеңіп шықты.Ендеше сендер де, балалар,бір-бірлеріңе мейірімді,қайырымды болып өсулерің керек.
Дид-қ ойын:«Құмырсқаның илеуіне жолды тап»

Қортындылау.
* «Жолдасы көптің,олжасы көп”
* “Әрқашан тілектес,досыңа көмектес” деген мақал осыдан қалған екен балалар.Балалардың жауаптарына баға беріп,мақтап,мадақтау.Балаларға жұлдызшалар тарату.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: әңгіменің мазмұнын біледі;
Қандай түсініктерді игереді: өз ойларын еркін айта білуі;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: көмектесу арқылы бір-біріне көмек көрсете білу,адамгершілік,мейірімді қасиеттерді бойларына сіңіру.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Адасқан құмырсқа» ертегісі
«Адасқан құмырсқа» ертегісі
Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,
Қожакент ауылы И.Әбдікәрімов атындағы №168 орта мекетбінің
жанындағы «Ақниет» шағын орталығының
тәрбиешісі Карарова Жулдызай Балтакожаевна
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: «Драма»
Тақырыбы: «Адасқан құмырсқа» ертегісі
Мақсаты: Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау, достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: үстел-үсті театры,суреттер
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап,әңгімелеу,драмалау
Оқу қызмет кезеңдері:
1.Мотивациялық қозғаушы кезең
2.Іздену-ұйымдастырушы кезең
3.Рефлекцивті коррекциялаушы кезең
4.Тәрбиешінің әрекеті
5.Балалардың әрекеті

-Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
-Күз айларын атаңдаршы балалар?
-Күзде жердің беті қандай күйде болады?
-Күздің тағы қандай ерекшеліктерін білесіңдер ,балалар?
-Далаға,көшеге шыққан кезде нелерді байқайсыңдар?
-Жоғарыдан нелерді көресіңдер,ал төменнен нелерді,кімдерді байқайсыңдар?
-Аспаннан құстардың ұшқанын, жерден
адамдар,жануарлар,жәндіктерді көреміз.
-Бұлар табиғаттың бізге берген сыйы, екен балалар.
-Ендеше, мен сіздерге жұмбақ жасырғым келеді,жұмбақ тың жауабын кім тез табады балалар?
Жұмбақ жасыру.
2.Қиналып көтеріп,өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді,жүкшідей кәдімгі.

Кіріспе әңгіме
-Балалар,бүгін біз «Адасқан құмырсқа» ертегісімен танысамыз.Ертегіні мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып беру.

Б
аяғыда бір құмырсқа өзінің бауырластарына өкпелеп,өз илеуінде
тобынан бөлініп, сол маңдағы ара, қоңыз секілді жәндіктермен дос
болыпты.
Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Сонан соң көмек сұрау үшін әлгі қанатты достарын іздейді.

Бір уақытта гүлден-гүлге қонып, шырын жинап жүрген араға жолығады
– Досым, бір дән тауып алып едім, жалғыз өзім көтере алмағаным. Маған көмектесіп жіберші, – деп өтінеді.

– Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, – деп, ара көнбей қойыпты. Солайы солай ғой, мейлі деп, құмырсқа әрі жүріп кетіпті. Ол енді қоңызды тауып алады.

Ол мән-жайды айтып, көмек сұрапты.
– Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, – деп, қоңыз ызыңдап ұшып кете барады.
Достарынан күдер үзген құмырсқа мұңайып қайтып келе жатады. Жолда өзінің илеулестерімен ұшырасып қалады. Олар мұның түрін көріп:
– Не істеп жүрсің? – деп, жөнін сұрайды.
Жалғыз құмырсқа өзінің басынан кешкенін айтып береді:

– Жалғыздық деген сол, – деп, илеулестері жұбатады да құмырсқаның дәнін көтерісіп, әрі алып кетеді. Құмырсқа үйіріне қайта қосылады.
«Жаңа достың қадірі ескі досқа жетпейді» деген екен сонда бір кәрі құмырсқа.

Сұрақ-жауап
-Ертегі қалай аталады?
-Құмырсқаға бал ара мен қоңыз көмек көрсетті ме?
-Құмырсқа қандай жәндік?
-Көрдіңдер ме,балалар,құмырсқаның өз илеуіндегі достары бір-біріне көмек көрсетіп,осындай ауыр сәтте қиындықты бірге жеңіп шықты.Ендеше сендер де, балалар,бір-бірлеріңе мейірімді,қайырымды болып өсулерің керек.
Дид-қ ойын:«Құмырсқаның илеуіне жолды тап»

Қортындылау.
* «Жолдасы көптің,олжасы көп”
* “Әрқашан тілектес,досыңа көмектес” деген мақал осыдан қалған екен балалар.Балалардың жауаптарына баға беріп,мақтап,мадақтау.Балаларға жұлдызшалар тарату.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: әңгіменің мазмұнын біледі;
Қандай түсініктерді игереді: өз ойларын еркін айта білуі;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: көмектесу арқылы бір-біріне көмек көрсете білу,адамгершілік,мейірімді қасиеттерді бойларына сіңіру.
шағым қалдыра аласыз













