400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Әдеби білім сапасын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдеби білім сапасын арттыру туралы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдеби білім сапасын арттыру

Даулетиярова Айман Биржановна

Ақтөбе қаласы ,№ 8 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін орта білім беретін орта мектептердің даму тұжырымдамасында» : « Білім берудің басты мақсаты-оқушының білім алуына ,өзгермелі дүние жағдайында өздігінен әрекет ету,өзін таныту,әлеуметтік дағдыларды меңгеру қызметтерін орындауына қажетті іскерліктерді қалыптастыра отырып дара тұлғаның қабілеттерін дамыту».- деп көрсетіліп, ол білім берудегі басты мәселе сапаға келіп тоқайласып отыр. Ал білім сапасы өмір сапасының жүйелі-тұтастық табиғатын танытатын өзара байланысты элементтер құрылымында өзін-өзі дамытудың негізі ретінде жеке тұлғаның және жеке дара әлеуметтік топтардың, қоғамның өмірлік іс-әрекетін қамтамасыз ету болып табылады. Соңғы жылдары білім сапасы және білім сапасын басқару деген ұғымдар туралы көптеген пікірлер айтылуда.Білім сапасының жоғары дәрежеде болуы үшін мектепте оқылатын әр пәннің мұғалімі оқу-тәрбие үрдісіндегі әдіс-тәсілдерді ығыстырып ,тың әрі тиімді жолдарына көшуге қол жеткізуді өзіндік кәсіби парызына айналдыруын қадағалауы қажет.

Жалпы білім беретін орта мектепте халықтың рухани қазынасы,ұлттық діл қалыптастырудың бірден-бір қайнар бастауы саналатын төл әдебиеттің маңызы зор.Уақыт талабына қарай оқытылатын әдебиет пәні сөз өнерінің құдіретін сезіндіріп, көркем туындыларды ұлттық құндылық ретінде танытудың тіні болып табылады.

Мектептің негізгі буынында қазақ әдебиеті пәнін оқытудың мақсатында көркем шығармалардың табиғатын таныту, оның мазмұндық-құрылымдық сипаттарын ажыратуға баулу,әдебиеттің сөз өнері екендігін дәйектей білуге қажетті дағдыларды меңгеру көзделеді.

Жалпы әдебиет туралы дүниетаным мен әдеби біліктің бірнеше қүрауыштары, өзіне тән қырлары мен бөліктері бар екенін ескерсек,оларды ұтымды қолдану әдеби құзырлылықты қалыптастырудың бірден-бір тетігі болып шығады.Айталық ,олардың ерекше құрауыштарының бірі-әдебиетті ұлттық мұра ретінде таныту.

Әдеби дүниетанымның тағы бір құрауышы- әдебиетті қоғаммен бірге дамушы құбылыс екендігін тану. Әдеби дүниетанымның бір саласы –оқушының төл әдебиеттің ұлттық ділді қалыптастыратын тетік екендігін түйсінуі.

Қазіргі демократияландыру мен ізгілендіру негізіндегі педтехнологиялар арқылы дара тұлғаның дамуына басымдылық беретін, оқушыны субьект ретінде ерекше бағалайтын білім беру жүйесін жандандыру жаңа кезеңнің басты талабына айналды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
09.12.2023
162
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі