жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әдеби кеш "Асыл сөздің зергері-АБАЙ"
«Асыл сөздің зергері-АБАЙ»
Жүргізуші:
Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,
Толғайды Абай мұңым менен зарымды.
Абай сынды дана туған халықтың,
Ұл-қызы да болу керек дарынды.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар биыл дүние жүзі, біздің қазақ елі үлкен, ауқымды, дүбірлі той өткізгелі жатыр. Ол тойға себепкер кім деп ойлайсыңдар? (Абай. 175 жыл)
- Иә дұрыс айтасыңдар.Қазақ елін дүние жүзіне танытқан, қазақ халқының біртуар кемеңгер ақыны, асыл сөздің зергері – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойы аталып өтпек.
Бүгін біз сендермен Абай аталарыңнын «қара сөзіне» оның тәрбиелік мағынасына және біз өмірімізде, қоғамда ұлы ақынның жазып кеткен тілімі мол сөздерін пайдаланып жүрміз бе? Міне, осы туралы бүгін ой бөлісетін боламыз.
Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. (Ғақлия - көркем қара сөз, нақыл сөздің бір түрі, дүниенің құпия сыры терең таразыланған ойлар мен пікірлер, трактат. Ғақлия араб сөзі «дана сөз», «даналық маржан сөздер» деген ұғымды білдіред). Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.
- Балалар, кім біледі Абайдың қанша қара сөзі бар? (45)
- Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде былай деп атап көрсетеді:
«Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ» - деген екен.
Абайдың
қара сөздері туралы бауырына салып
тәрбиелеген немересі, Мағауияның қызы
Уәсила былай дейді:
«Әкем балаларын 7-8-ге шыққанда оқуға беретін, балалармен бірге, қыздарын да оқытатын, қазақ тілінде кітап жоқ болатын. Сондықтан, балалардың ойы, дүние тануы кемшін болады деп әкем көп айтып жүрді. Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Молдаға қарап: «Балаларға мына кітапты әкелдім. Осыны көшіріп, көбейтіп бала басына бірден таратып бер, бүгіннен бастап осы кітапты қоса оқыт» деді. Біз қуанып кеттік. Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас салып оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Өйткені, бұл жаңа кітаптың тілі ұтымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап болды. Кейін байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты қара сөзбен жазған кітабы екен».
Абай қара сөздерінде әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланады.
Абай қарасөздері туралы мүмкіндігіне орай батыл, ірі негізді пікірлер айтқан М.Әуезов еді.
Қара
сөздері тақырып жағынан алғанда ақынның
өлеңдерімен астасып жатады. Абай адал
еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу,
өнер үйрену, білім-ғылымды игеру,
қоғамдағы әр түрлі топтардың істеп
жүрген харекеті, мінез-құлқы, адамгершілік,
имандылық секілді, бірталай мәселелерді
қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен
көрегендікпен көптеген құнды пікірлер
түйеді.
Қарасөз туралы
теориялық түсінік.
Балалар қара сөз деген ұғымды қалай түсінеміз?
Қарасөз
(проза) – көркем әдебиеттің үлкен бір
саласы. Өлең сөзден бір айырмашылығы –
онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей
қандай да бір белгілі өлшемдер болмайды.
Қарасөздер саясат, публицистика,
философия тұрғысында жазыла береді.
Қара сөзбен жазылған көркем шығармада
өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды
баяндау тәсілі айрықша болады.
Абайдың
1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір
алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады.
Ол сыншылдық, ойшылдық және көбінесе
адамгершілік, мораль мәселелеріне
арналған өсиет, толғау тәрізді.
Абай қара сөздері – өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы. Ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы.Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Абай қара сөздерін тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады:
Абай қара сөздерін: адам жанын зерттеу, бала тәрбиесі, имандылық жайлы жаман мінез, жаман әдет, адамгершілік жайлы, қазақ мақалы, Қазақ халқы жайлы тақырыптарға бөлуге болады.
Абай өз қарасөздерінде замана жайында, халықтың тағдыры мен тіршілік күйлері, ел мінезін түзеудің, оғаш істерінің зиянын, адамды жақсы жолға салудың, жақсылыққа бастаудың жолдары, адамның рухы мен санасының өзгеруі жайында жазды. Осы қатарда мінез жайын айта келіп өтірік, батырсынған бояма мінезді сынау, адамдықты үгіттеу он төртінші (14) сөзде көрінеді. Абай өз кезіндегі көпшіліктің мінез-құлық, іс-әрекетін сынағанда, мәселеге халық көзқарасы тұрғысынан қарайды. Елді ел ету үшін бөгет болып отырған жайттарды, оларды қалай жою керектігін және қандай шаралар қолдану қажет деген сұрауларға жауап іздейді. Бұл қара сөзінде мінез сипатын ашуда алдымен жүрек ісіне тоқталады. Абай сол кездегі қазақ қоғамындағы адамдардың іс әрекетіне терең талдау жасау арқылы, олардың бұл жолының күйреу екендігін аңғартқан. Сондықтан ол «өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?» деп ашына сұрақ қояды.
-Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. (журнал «АБАЙ» көрсету) Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Әлихан Бөкейханов – қоғам қайраткері, әдебиетші, публицист, экономист, аудармашы. Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағының басылып шығуына атсалысқан кісі. Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазған.
Құрметті оқушылар, біз сендермен сол электронды қазақ үйдің көмегімен Абай атамыздың «Жиырма тоғызыншы» қара сөзімен танысатын боламыз. Барлығымыз назарымызды салып, тыңдайық балалар!
Электронды қазақ үйден «Жиырма тоғызыншы» сөзді тыңдатамын. (3 мин.)
Оқушыларға оқыту: /Абайдың 29 шы қара сөзін оқыту/
Талдау, сұрақ – жауап.
Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.
Құрметті
балалар, бүгінгі кездесуімізді
қорытындылайтын болсақ,
Абай – ұлы
ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің
темірқазығы.
Абай насихаты –
ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды,
талапты, үлкен жүректі кісі болу.
Абай атамыз қара сөз жазып қана қоймай, күй шығарған, өлеңдер жазған, және ол кісінің өз өлеңдеріне жазған әндері де бар. Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер? Ендеше балалар, бүгінгі шарамызды әсем әнмен бірге әрлейік. Слайд Ән «Көзімнің қарасы» караоке.
Ұлы ақынның бізге қалдырған асыл мұраларын, шығармаларын оқу, келешек ұрпаққа насихаттау біздің борышымыз. Сол себепті кітаппен дос болу, білімді болу, оқығанымызды өмірлік азық ету, болашағамыздың жарқын болуы әр қайсымыздың қолымызда екенін естеріңде сақтап жүріңдер! Бүгінгі Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына арналған кездесуіміз аяталды, келесі кездескенше қош – сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген