Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдеби кеш. Дана Абайдың ғибратты сөздері.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Әдеби кеш: Дана Абайдың ғибратты сөздері» – оқушыларды қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыруға арналған тәрбиелік іс-шара. Кеш барысында Абайдың қара сөздері мен нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні ашылып, білімге, еңбекке, адамгершілікке, адалдыққа үндейтін ойлары насихатталады. Оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, даналық сөздерін талдап, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, рухани-адамгершілік қасиеттерді дамытуға тәрбиеленеді. Іс-шара оқушылардың сөздік қорын байытып, әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің №7 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекбалаева Гульнар Исаевна


Ашық іс-шараның әзірлемесі

Іс-шараның тақырыбы: «Дана Абайдың ғибратты сөздері»


Іс-шараның мақсаты:

Оқушыларға ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығын таныту, оның өлеңдері мен қара сөздері арқылы адамгершілік, білімге құштарлық, еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыру.


Міндеттері:

  • Оқушыларды Абай шығармаларымен тереңірек таныстыру

  • Ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру

  • Оқушылардың көркем оқу, сахна мәдениеті дағдыларын дамыту

  • Ұлттық мәдениетке, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру


Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар Абай шығармаларының маңызын түсінеді

  • Өлең оқу, көркем сөз айту қабілеті дамиды

  • Ұлттық құндылықтарға құрмет қалыптасады


Түрі:

Әдеби кеш


Форматы:

Сахналық көрініс, көркем оқу, ән, күй, хор, би


Қатысушылар:

3 ә сынып оқушылары


Көрнекіліктер:

  • Абайдың портреті

  • Слайд

  • Домбыра

  • Музыкалық сүйемелдеу

  • Нақыл сөздер жазылған плакаттар

  • Абай шығармаларының кітап көрмесі


I бөлім. Ашылуы

ХОР БЕУ-АЙДАЙ – 3 Ә СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ

🎤 1-жүргізуші

Армысыздар, қадірлі ұстаздар, оқушылар, қонақтар!

Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, дана тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Дана Абайдың құдіретті сөзі» атты әдеби кешке қош келдіңіздер!


🎤 2-жүргізуші

Армысыздар, құрметті көрермендер…
Бүгін біз қазақ халқының ұлы ойшылы, ақыны, ағартушысы —
халқымыздың рухани темірқазығы болған Абай Құнанбайұлының құдыретті сөз мұрасына үңілмекпіз…

Абай…Бұл есім — даналықтың, парасаттың, терең ойдың символы…


🎤 1-жүргізуші

Иә… Абай — тек ақын емес… Ол — ұлттың жүрегі. Ол — сананы оятқан шамшырақ.

Оның әрбір өлеңі — өмір сабағы… Әрбір сөзі — тәрбиенің негізі…


Сынып оқушылары «ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА» өлеңін топ болып хормен оқиды

1 топ

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
2 топ

Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
3 топ

Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Барлығы бірге

Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.

🎤 1-жүргізуші:

Қандай терең ой… Абай жастарды ғылымға, білімге шақырады.

Ол «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол» дейді…

Яғни, адам болудың жолын көрсетеді…


🎤 2-жүргізуші:

Бұл — жай ғана өлең емес… Бұл — өмірлік бағдар.

Абай бізге еңбек етуді, терең ойлауды, адам болуды үйретеді…


🎤 3-жүргізуші:

Абай — тек өлеңнің ғана емес, жүрекке жеткен әннің де иесі…

Оның әндері — мұң мен сыр, сағыныш пен сезім, махаббат пен терең ой…

Сахнада оқушыларымыз ақынның жүрекке жақын, сырлы туындысы – «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындайды.


ХОР «ЖЕЛСІЗ ТҮНДЕ ЖАРЫҚ АЙ»

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны - терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?

🎤 2-жүргізуші:

Қандай керемет әсер… Абайдың әні — жүректі тербейді,
көңілді толқытады, жан дүниені тазартқандай болады…

Бұл — жай ғана ән емес… Бұл — сезім. Бұл — сыр. Бұл — тұтас бір әлем…

Осындай рухани бай мұраны бізге қалдырған данышпан ақынға мың алғыс!


🎤 1-жүргізуші:

Ұлы ақынның әрбір өлеңінде адам болудың жолын көрсетеді.

Ол бізге сыртқы әсемдікке емес, ішкі жан дүниенің тазалығына мән беруді үйретеді.

«Әсемпаз болма әр неге» өлеңі —жастарға арналған терең өсиет.

Абайдың өнегелі сөзін бірге тыңдайық. Өлеңді оқитын Мавленкул Көзайым.


«ӘСЕМПАЗ БОЛМА ӘРНЕГЕ»

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.

Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа,
Алдың — жалын, артың — мұз,
Барар едің қай жаққа?


🎤 2-жүргізуші:

Бұл өлеңде Абай адамды бос мақтаннан сақтандырады.
Шынайы адам болуға шақырады…


🎤 1-жүргізуші:

Абайдың арманы — толық адам тәрбиелеу еді…

Жүрегі жылы, Ақылы терең, Қайраты берік адам…

Келесі «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін оқитын Мырзахан Еңлік


ЖАСЫМДА ҒЫЛЫМ БАР ДЕП ЕСКЕРМЕДІМ

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.


Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?

Адамның бір қызығы – бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.


Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де басқа шауып, төске өрледім,

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.


Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.


🎤 2-жүргізуші:

Бұл өлеңде Абай өкінішін айтады…
Уақыттың қадірін білмегеніне налиды…


🎤 1-жүргізуші:

Бірақ біз… Біз уақытты бағалай аламыз!

Біз білімге ұмтыламыз!
— Біз Абай айтқан толық адам болуға тырысамыз!


🎤 2-жүргізуші:

Келесі кезекте ұлы ақынның табиғат сұлулығын жырлаған «Жазғытұрым» өлеңін назарларыңызға ұсынамыз. Оқитын Әбілхан Қазына.


ЖАЗҒЫТҰРЫМ

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойыны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Түйе боздап, қой қоздап - қора да шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.


🎤 3-жүргізуші:

Қазақтың жаны — домбырада… Қазақтың тарихы — күйде…

Күй — бұл сөзсіз айтылған шежіре.
Күй — бұл халықтың қуанышы мен қайғысы, үміті мен арманы…

Ендеше, ұлттық өнеріміздің інжу-маржаны — қазақ күйін қабыл алыңыздар!

Сахнаға жас күйші Мавленкул Інжуды шақырамыз!

КҮЙ.

🎤 1-жүргізуші:

Қадірлі көрермендер…
Енді Абай атамыздың терең философиялық мұрасына үңілеміз…

Оның он тоғызыншы қара сөзі — адамның қалай білімді, саналы болатыны жайлы… Оқитын Бақыт Бекзат

19 ҚАРА СӨЗ

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады


🎤 1-жүргізуші:

Демек… адам дайын ақылды болып тумайды…

Ол үйрену арқылы, еңбек ету арқылы, іздену арқылы өседі…


🎤 2-жүргізуші:

Абай бізге бір нәрсені ұқтырады…

Ақыл — тәжірибеден туады.
Ақыл — еңбектен туады.
Ақыл — тыңдай білуден туады…


🎤 1-жүргізуші:

Сондықтан… Балаға тәрбие керек. Білім керек.

Жақсы орта керек…

Сонда ғана адам «есті» болады…


🎤 2-жүргізуші:

Ал енді…
Абайдың отыз бірінші қара сөзіне назар аударайық…

Бұл сөзінде ол естігенді есте сақтау жолдарын айтады…

Оқитын Болат Мәлік

31-ҚАРА СӨЗІ

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.


🎤 1-жүргізуші:

Абай былай дейді…

«Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар…»


🎤 2-жүргізуші:

Біріншісі — көкірек байлаулы, берік болу.
— Екіншісі — сол нәрсені көргенде, яки естігенде ғибратлану.
— Үшіншісі — оны бірнеше рет қайталап ойлау.
— Төртіншісі — ой кеселдерінен қашық болу…


🎤 1-жүргізуші:

Яғни…
Естігенді ұмытпау үшін назар аудару керек…

Ойлану керек… Қайталау керек… Жаман әдеттен аулақ болу керек…


🎤 2-жүргізуші:

Қандай керемет кеңес!

Бұл — бүгінгі оқушыға да, бүгінгі ұстазға да, әрбір адамға керек ақыл!


🎤 1-жүргізуші:

Абайдың қара сөздері — жай ғана мәтін емес…

Бұл — өмір сабағы… Бұл — рухани бағдар…


🎤 2-жүргізуші:

Абай сөзі — санамызды оятады!
— Абай сөзі — жүрегімізді тәрбиелейді!
— Абай сөзі — мәңгілік!


🎤 3-жүргізуші:

Қазақ биі — бұл тек қимыл емес…
Бұл — ұлттың мінезі! Бұл — даланың еркіндігі! Бұл — бабалардың рухы!

Қыздарымыз өнерлерімен сахнаны гүлге бөлейді.

Ендеше, оларды қошеметпен қарсы алайық!


Қыздар «Көзімнің қарасы» әніне қойылған би билейді.

🎤 3-жүргізуші:

Әр қимыл — сезім, әр бұрылыс — өнер, әр сәт — жүрекке жеткен әсемдік.

Өнерлеріңіз өрге жүзсін! Ұлттық биіміз — мәңгі жасай берсін!


🎤 3 жүргізуші

Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар!
Абай — тек ақын ғана емес, ол халықты білімге, еңбекке, адамгершілікке шақырған дана тұлға.

Сіздердің назарларыңызға 3 ә сынып оқушыларының қатысуымен түсірілген Абайдың балалық шағы мен оның өсиеттері туралы шағын сахналық көріністі қабыл алыңыздар!


ЭКРАННАН САХНАЛЫҚ КӨРІНІС КӨРСЕТІЛЕДІ.


🎬 I көрініс. Әже тәрбиесі

(Зере әже ортада отырады. Бала Абай қасына келеді.)

Бала Абай:

Әже, ертегі айтып беріңізші…

Зере әже: /Зере/

(Мейіріммен)
— Балам, ертегі — ақылдың кені.
Жақсыны тыңдасаң — жүрегің нұрланады.

- Е-е...бұлдыр-бұлдыр күн өткен, бұрыңғыда кім өткен?..


(Қысқа пауза)

🎤 Жүргізуші:

Зере әженің әңгімелері Абайдың қиялын оятты.
Ол ертегілерден жақсылық пен жамандықты таныды.


🎬 II көрініс. Ана мейірімі

(Ұлжан ана шығады.)

Ұлжан: /Әмина/

Балам, үлкенді сыйла, кішіге қамқор бол.

Бала Абай:

Иә, анашым.

🎤 Жүргізуші:

Ана тәрбиесі — адамгершіліктің негізі болды.


🎬 IІІ көрініс. Әке тәлімі

(Құнанбай сахнаға шығады.)

Құнанбай: /Арнат/

Балам, ел басқару оңай емес.
Әділ бол, шыншыл бол.

Бала Абай:

Әке, мен білімді болғым келеді.

🎤 Жүргізуші:

Әкесі Абайды оқуға береді.
Ол медреседе білім алып, зеректігімен көзге түседі.



🎬 ІV көрініс «Білімге ұмтылу»

(Абай кітап ұстап отыр. Қасына балалар келеді.)

/Арнат/ 1-бала: Абай, сен неге үнемі кітап оқисың?

Абай: Білімді болу үшін. Адамға ақыл, ғылым керек.

/Нұрислам/ 2-бала: Бізге де үйретші!

Абай: Жақсы, онда менің өлеңімді тыңдаңдар.

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба…»

Жүргізуші:

Абай балаларды білімге, еңбекке, адамгершілікке шақырды.


🎬 VI көрініс. «Абай өсиеті»

1 бала: — Абай ата, адам қалай ақылды болады?

Абай ата: — Адам естіп, көріп, үйреніп өседі.
Еңбек етсең — үйренесің. Тыңдасаң — білесің.

1 бала: — Демек, мен ата-анамды тыңдауым керек пе?

Абай ата: — Әрине, балам. Үлкенді тыңдаған — дана болады.

2 бала: — Мен оқығанымды тез ұмытып қаламын…

Абай ата:— Ұмытпау үшін қайталау керек. Зейін қою керек. Ойлану керек.

2 бала: — Онда мен сабақты мұқият тыңдаймын!

Абай: Бес асыл іс бар: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.

Осы қасиеттерді бойларыңа сіңіріңдер!

Балалар бірге: Біз білімді, еңбекқор боламыз!

Жүргізуші: Абайдың өсиеті – мәңгілік. Ол – қазақ халқының мақтанышы.

(Барлығы бірге):

Біз білімді боламыз!
— Біз еңбекқор боламыз!
— Біз Абай айтқан «толық адам» болуға тырысамыз!



🎤 1-жүргізуші:

Абай – халқына жарық сәуле болған тұлға.

Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі ел болашағы. Сондықтан Абайдың өсиеттерін жүрегімізге сақтап, жақсы адам болып өсуге талпынайық.

Абай мұрасы – мәңгілік. Ол әрқашан біздің рухани темірқазығымыз болып қала береді.


🎤 2-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі «Дана Абайдың құдіретті сөзі» атты әдеби кешіміз өз мәресіне жетті.

Біз ұлы Абай Құнанбайұлы мұрасына үңілдік, оның даналық сөздерінен тағылым алдық, рухани әлемімізді байыттық.

Абай бізге: еңбек етуді, білім іздеуді, адам болуды, жүректі таза ұстауды үйретеді.

Бұл өсиет — бүгін ғана емес, бүкіл өмірімізге жол көрсететін бағдар.

Назарларыңызға рахмет! Абай аманаты жүректеріңізде сақталсын!


Серік Ескендір мен Мырзахан Еілік «Қазағым-ау» әнін орындайды.


Қазағым, қаһарман қайсар ел.

Қазағым, жанашыр жайсан ел.

Қазағым, қаранғы алемге.

Саулесін, түсірген байшан ел.

 

[Қайырмасы:]

Қазағым, ооооууу.

Қазағым, ооооууу.

Бұзылмасын қазақ қаймағын.

Қазағым, ооооууу.

Қазағым, ооооууу.

Желбіресін, көгінде байрағын.

 

Қазағым, қашанда бақытты ен

Қазағым, жан асыл жақұтты ел

Қазағым, қырандай самғайтын

Қазағым, Самғайтын сәл ғана уақыт бер

 

[Қайырмасы:]

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12