жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әдеби кеш. М.Мақатаев "Есіңе мені алғайсың"
«Есіңе мені алғайсың» әдеби кеш
Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі,шығармашылығымен таныстыру,ақынның поэзия құдыреті мен әндерін таныстыру.Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға ,халқына,тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту,отаншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар:Ақын портіреті,слайдтар,кітап көрмесі,ақын туралы жазылған пікірлер
Кіріспе бөлім:Келген қонақтармен таныстырумен,әділ-қазылармен таныстыру.
1-жүргізуші:
Қарасаз,қарашалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам,жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер,Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас ,алайда өлеңді ешкім,-деп ақынның өзі айтқандай,оның өлеңдері өмірден өзі кетсе де,өшпей жалғасын тауып келеді.
Мұқағали Мақатаев атақпен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты.
Тіршілігінде осы үшін жанынсала күрескеңдердің тағдыры керісінше шешіліп жатады . Өйткені, биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияты.мықтылық та уақыт озғансайын тұлғалана бастайды.Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали табиғатына айнымай тартып туған ақын.
2-жүргізуші:
Бүгін менің туған күнім, ой,пәлі-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірімнің жаратпай-ақ қойғаны-ай!-деп маңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды.
Бүгінде сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз.Бірақ арамызда ақынның өзі емес,ақынның албыр жырлары мен жансыз суреттері.
1-жүргізуші:Сайыстың кезеңдері:1-кезең»Ғасырда бір туған дарабоз» деп аталады.Мұнда ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу 11-кезең»Жырлайды жүрек»Мұқағали
Мақатаев сөзіне жазылған әндерді орындау.111-кезең»Әлі талай жыр болып жазыларсың...» Бұл кезеңде оқушылар Мұқағали ақынға арналған өз шығармаларын
оқиды.
2-жүргізуші:М.Мақатаев Алматы облысы,Райымбек ауданы,Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген . Мұқағалидың азан шақырып қойған толық аты - Мұхаметқали . «Пайғамбардың толық атын айту балаға ауыр болады » , -деп еркелетіп қысқартып Мұқағали атап кеткен . Ақын 10 – жасынан бастап өлең жаза бастайды . (Слайд көрсетіледі )
-
Жүргізуші:
Поэзия менімен егіз бе едің ?!
Сен мені сезесің бе ? Неге іздедедім ?
Алабұртқан таңнан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім, - деп жырлағандай , саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқадай талай болашақтарға көшеді . Ендеше , сол бір мәңгіліктің көштің сырлы әуеніне , жадымызда жаңғырған жыр жолдарында құлақ салайық (Ортаға ақын өлеңдерін жатқа айтуға оқушылар шығады ) 2- жүргізуші : I кезең «Ғасырда бір туатын дарабоз » ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.Ортаға сайысқа қатысушыларды
шақырамыз.
1-жүргізуші:Мұқағали-ғажайып,ақиық,сыршыл,гуманист ақын.Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан,бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.
Қалқам,мен Лермонтов,Пушкин де емес,
Есенинмін демедім ешкімге мен,
Қазақтың қара өлеңі-құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген ,-деген ақын өлеңінің сырларын суреттеп,бояумен өрнектеген .
2-жүргізуші:Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманның тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сияқты дастандары бар.Ақынның өлеңдеріне ән жазылып , қазіргі эстрада қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алған,
II КЕЗЕҢ «Жырлайды жүрек». Мұқағали Мақатаев сөзіне жазылған әндерді орындау.Ендеше ,әнге кезек берейік .Қатысушыларды ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:Жақындадық сеземін ,
Жерден де ,аспаннан,
Жылылық сезінем
Мұздардан,тастардан.
Өмірім ,сірә да,
Арыдан басталған,
Әріден басталып,мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін шығармын,
Сәл ғана мызғып ап ,қайтадан тұрамын,-деген өлең жолдары бір көрегендікпен, сезімталдықпен жазылғандай.Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі де тірі екеніне бүгінгі кеш, оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып , өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйер елі куә.
2-жүргізуші:III КЕЗЕҢ «Әлі талай жыр болып жазыларсың».Бұл кезеңде оқушылар Мұқағали ақынға арнаған өз шығармаларын оқиды.Қатысушыларды ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы»
Иә, ақын туралы есткліктер де жазылып,лебіздер айтылуда.
2-жүргізуші:Отан!Отан!
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгіліке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем,
Жалғыз Отан –мекенім,-деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары,
бүгінгі,болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл –өсиет.Отанды сүюудің,оған қалай берілудің -асқақ үлгісі.
1-жүргізуші:
Жазылар естеліктер нешеленген,
Көрерміз оның бәрі пешенеден.
Әйтеуір,білетінім бір-ақ нәрсе
Көшеді өлең немесе өшеді өлең!
Қулары» таудың қызыл түлкісі «дер,
Момындар «біздің үйдің кірпіші» дер
Мәңгілікке өзімен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер?-деп қалайша дәл айтып кеткеніне еріксіз таңданамыз.
2-жүргізуші: Мұқағалиын ел-жұрты шын құрметтейді,шын қадірлейді.
құрметтейді .Жырларын жатқа айтады жер –жерде»Мұқағали оқуларын»,еске алу кештерін өткізеді.Жалпы халықтық көлемде мерекеленетін бірден-бір той Мұқағали тойы.
1-жүргізуші: Ия,өлең өлмейді.Ендеше өлеңді жазған ақын да өлмейді.
Мұқағали Мақатаев көз жұмған жоқ.
2-жүргізуші: Осымен ақиық ақын М.Мақатаев арнаған кешіміз аяқталды. Жыр әлемінде кездескенше аман сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген