жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әдеби кеш «Қазақ ғылымы мен мәдениетінің жарық жұлдызы» А.Байтұрсынов 9 сынып
«Қазақ ғылымы мен мәдениетінің жарық жұлдызы»
әдеби кеш
©go.mail.ru
Кештің
мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің
тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Ахмет
Байтұрсыновтың өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз
заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ахмет Байтұрсыновтың суреті,
слайд , видео роликтер, плакаттар, шарлар.
/1-слайд/
1-жүргізуші: -Құрметті ұстаздар,
оқушылар! Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын
алатын, Алаш зиялыларының көсемі,
тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым,
түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ұлы
ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық
дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген- Ахмет
Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл толуына орай
«Қазақ ғылымы мен
мәдениетінің жарық жұлдызы» атты әдеби кешімізге қош
келдіңіздер./2-слайд/
1-оқушы:
Жанын сала ұмтылды.
Болашақтың таңына
Қиялдап қана қойған жоқ.
Май тамызып, от берді.
Ой-сананың шамына.
Иә, қиялдап қана қоймай, жанын салып ұмтылған болашақтың таңы мен ой-сананың шамына май тамызып от берген Торғай қырандарының бірі — Ахмет Байтұрсынұлы.
2-оқушы:
Иә,Ахмет-қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дарынды ақын, өзіндік дара болмысын танытқан мысалшыл,қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы. Ол шын мәніндегі нағыз күрескер-демократтық поэзияның негізін қалап, азаттыққа ұмтылған, азаматтық жыр үлгісін жасаған халқының қалаулы азаматы.
3-оқушы:
" Қазағым, елім!",-деп,өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте бұқараның жүрегіне қозғау салып,ұйқысынан оятты. Қазақ халқының тағдыры, бүгіні мен ертеңгісі Ахмет поэзиясының өзегі болды. Ол өзінің ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халқына поэзия тілімен жеткізуді қалады.
4-оқушы: Ахметтің өз өлеңдер жинағын «Маса» деп атауы да тегін емес еді. Ол ұйқыда, саясаттан тыс жатқан надан халқының құлағына маса боп ызыңдап оятуды ойлады.
Ақын арманы-" адамдық диханшысы" болып халқына қызмет ету. Ахмет бұл арманын орындады. Ол туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етті. Халқының, елінің қалаулы, сәулелі жұлдызына айналды. Шын мәнінде «адамдық диханшысы» атанды.
2-жүргізуші:
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылдың
18 қаңтарында Торғай уезінде Сартүбек деген жерде дүниеге келген.
Ауылдағы молдадан ескіше оқып, сауатын ашады. Ахметтің әкесі
Байтұрсын Шошақұлы қайраттылығымен, ірі мінезділігімен аты шыққан
тілді адам болған. Уезд басшыларының озбырлығына әр жерде қарсылық
білдіріп отырған./3-слайд/
1-жүргізуші:
1885 жыл Ояз бастығы
Яковлевтің басын жарғаны үшін інісі Ақтас екеуі Сібірге 15 жылға
каторглік жұмысқа айдалады. Осы оқиғаны өз көзімен көрген Ахмет 13
жастағы бала екен. Сібірге айдалып бара жатқан сорлы әке «Менің
көзім ашық болса, бұл кепті кимес едім. Мендей болмаймын десең
оқы!»-деп қадала айтқаны бала көкірегінде мәңгі қалды. Аталған
озбырлықтың бала жүрегінде сақталған ызалы кегін есейе бастағанда
жазған „Анама хат“ өлеңінде ол:
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір
жарам,- деген өлең шумағымен білдіреді.
/4-слайд/
2-жүргізуші: Тірі жетім болып қалған Ахметті ағайындары Торғайдағы екі кластық орысша-қазақша мектепте оқытады. Оны бітірген соң 1891 жылы Орынборға келіп, мұғалімдер әзірлейтін қазақ училищесіне оқуға түседі. Оны 1895 жылы тәмәмдап шығады. Бір қызығы, энциклопедиялық білімді меңгерген айтулы ғұламаның бар оқуы осы ғана. Қоғамдық қызмет пен ғылымға сонша биік көтерілген оның өз бетінше оқу арқылы осынша білім жинағанына таңданып, қайран қаласың…
Халқын жайлаған қараңғылықты тым ерте аңғарған Ахмет қызметін Ақтөбеде, Қарқаралы уездерінде, ауылдық, облыстық мектептерде мұғалім болудан бастайды. « Құл халыққа адамшылық тұқымын шаштым» дегенді сол кездері жазған ол ағартушылықтан өз халқының мұқтажын іздеді.Өзін " адамшылық диханшысымын" деп мақтана айтты.
1-жүргізуші:
/5-слайд/Патша отаршылдығына
қарсы күрестегі белсенді
іс-әрекетіне байланысты А.Байтұрсынов 1909 жылы Семей түрмесінде
бір жыл отырып, екі жылға жер аударылады
.1913 жылы Орынборда
"Қазақ" газетін шығара бастады.Газет
қазақ халқының ұлттық санасын оятып, азаттық күреске
шақырды
Көрініс: Сахнаға Ахмет бейнесінде
оқушы шығады. /6-слайд/
2-Жүргізуші:
А. Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы мол.Ендігі кезекте ақын шығармашылығы туралы бейне үзікті тамашалайық ./7-8 слайд/
2-жүргізуші:
Алаш қозғалысы тұсында (1918-1919 жылдың басы) Ахмет Байтұрсынов жаңа өткел, соны өріс іздейді. Ұлт азаттығы жолындағы күрес басшыларының бірі болады. 1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт зиялыларының кейбір өкілдерін өзімен бірге алып, қазақ халқының мүддесі үшін қызмет етеді ./9-слайд/
1-жүргізуші:
Арман ақталмайды. Кеңес өкіметі патшаның отаршылық саясатын жалғастырады. Алаш зиялылары қуғынға түседі.
Ахмет айдаудан 1934 жылы босатылды.Бұдан соң ол ешқандай
мемлекеттік жұмыстарға араластырылмады.1937 жылы 8 қазанда Алматыда
қайтадан тұтқындалып,1937 жылы желтоқсанның 8 күні жазықсыз
атылды./10-слайд/
2-Жүргізуші:
“Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң
түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, “Қырық
мысал”, “Маса” еңбегі, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған
қазақ баласына істелген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы
қажымаған қайраты біз ұмытқанда да тарих ұмытпайтын істер болатын.
Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім дауласпайды”.
(“Ақжол”, 1923, 4 ақпан), – деп жазады
Мұхтар
Әуезов./11-слайд/
1-жүргізуші:
Қазақстан азаттық алғанға
дейінгі Ахмет Байтұрсынов туралы пікірлер жоқтың қасы деуге
болады.Ол кезеңде Ақаң туралы айту қауіпті еді. Қазақстан азаттық
алып Ақаңның атына жағылған кір алынып тасталғаннан кейін күрделі
тұлғаның өмірі, ғылыми, әдеби мұрасы жайлы тілшілер — Ә.Қайдаров,
Т.Қордабаев, Р.Сыздықова, С.Кеңесбаев, әдебиетшілер –
Қ.Мұқамедқанов, Р.Нұрғалиев, тарихшылар – К.Нұрпейісов,
М.Қойгелдиев, С.Өзбеков, жас ғалымдар – А.Мектепов, Ғ.Әнесов,
Б.Байғалиев т.б. еңбектері шыға бастады. Бір томдық шығармалары,
үлкен көлемді “Ақ жол” (құрастырған Р.Нұрғали), “Тіл тағылымы”
(құрастырған Р.Сыздықова) кітаптары
басылды./12-слайд/
(Оқушылар сахнаға шығып, жыр шумақтарын оқиды.)
«Туған жер»
әні
2-жүргізуші:
Ахмет-аудармашы
Орыс классиктерінің мысал
өлеңдерін қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын
байытуға үлес қосты. А.Байтұрсынұлы А.С.Пушкиннің, И.А.Крыловтың
шығармаларын қазақ тіліне аударды.
А.Байтұрсынұлы И.А.Крыловтан 14 мысал
аударған. /13-слайд/ Келесі кезекте ақын
мысалдары туралы бейнеүзік тамашалайық
/14-слайд/
1-жүргізуші: «Бақа мен Өгіз» мысалы
мәнерлеп оқу /15-21слайд/
2-жүргізуші: Ақаңның мысалдары бойынша оқушылардың дайындаған сахналық қойылымдарына кезек берейік. «Егіннің бастары» /22-слайд/
/ Оқушылар өлеңдерін жатқа оқиды/
Қара бұлт
1-жүргізуші: “Ахметтің октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол... Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Бұны пролетариат та бағалайды”, — деп жазды Сәбит Мұқанов.
2-жүргізуші:
Ғаббас Тоқжанов пікірі де
осымен сабақтас. “Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті
қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып
сүйсінеді”.
1-жүргізуші:
Келесі кезекте ...... ән тыңдайық
.
Ән: « Қазақ
....»
2-жүргізуші: Ахмет Байтұрсынов –
қазақ әдебиеттану, тілтану ғылымына өзіндік үлес қосқан ғалым.
Республикада көптеген
мектептер және көшелер Ахмет есімімен
аталады Қостанай қаласында оған
ескерткіш орнатылды. Қостанай педагогика университеті Ахмет
Байтұрсынов есімімен аталады . Өскемендегі № 20 мектепке 2017 жылы
Ахмет Байтұрсынов аты берілді
Ақаңа арналған өлең
1-жүргізуші: Мектебіміздің кішкентай
ақындарын ортаға шақырып, Ақаң аталарына арнаған арнау өлеңдеріне
кезек берейік.
Ақаң атаға хат
Ахмет аға!
Біз, кейінгі ұрпақ, сіздерді ешқашан ұмытпаймыз. Сіздердің өмірлік
жолдарыңызды, халық үшін жасаған игіліктеріңіз жайлы енді
кітаптардан оқып, көзімізге елестетеміз...
... Ел үшін, туған халқы үшін құрбан болған, сіз мәңгі есте
қалмақсыз. Арман еткен тәуелсіздіктің таңы атты. Біз, сол таңның
куәгері, еліміздің бейбіт өмір сүруіне бар күш-жігерімізді саламыз.
Сондықтан жақсы оқып, елжанды азамат болуға
тырысамыз.
/Барлық оқушылар
шығады./
2-жүргізуші:
Жалынды күрескер-патриот, қазақ ғылымы мен мәдениетінің жарық
жұлдызы, ғалым,сегіз қырлы, бір сырлы: ақын, публицист, сыншы,
әдебиеттанушы,тіл ғылымының атасы, мысалшы,аудармашы, педагог,
қоғам және мемлекет қайраткері – Ахмет Байтұрсынов есімі халық
есінде мәңгі сақталады.
1-жүргізуші: Халқымыздың дара
тұлғаларының бірі Міржақып Дулатов «Оян, қазақ»
өлеңдер жинағындағы " Сөз ақыры" атты қорытынды
өлеңінде:
Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей,
Сөзі алтын, мағынасы меруерттей.
Оқыған ғибрат алып жас жігіттін,
Кәмілесі өз халқына қызмет еткей,-
деп ақылшы ағаның, туған халқына қалтықсыз қызмет еткендігін, дарынын үлгі еткеніндей ақынның ой мен сезім астасқан жырларын жаттаған, мысалдарын тұщына оқыған жас қауым да ақын шығармаларын ешқашан естен шығармайды деп сенеміз.
Кітапханашы:
Ахмет- қазақ музыка өнерiне де терең көңiл бөлген ғалым. Әрi өзi композитор да болған. Оның «Аққұм», «Iңкәр» әндерi куә.Ол домбыра тарта бiлген
Сонымен құрметті оқушылар кеңес дәуірінде Ахмет Байтұрсынов есімін атаудың өзі қылмыс саналса, еліміз тәуелсіздік туын тіккеннен кейін халқымыз өзінің ұлы перзентімен қайта табысып отыр.Тау сілеміндей мол мұра оқырман қолына тиді.Қазақстан Республикасының арнаулы қаулысы бойынша республикамыздың әр жерінде шаруашылықтарға, мектептерге, көшелерге және Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Тіл білімі институтына Ахмет Байтұрсынов есімі берілді. Сөйтіп, тарихи әділет, шындық салтанат құрды; халқының бостандығы, тәуелсіздігі, еркіндігі үшін тар заманда жан аямай күрескен ұлы азамат Ахмет Байтұрсынов ұлт күрескерлерінің сапына келіп қосылды.
Құрметтi оқушылар! Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 толуына арналған «Қазақ ғылымы мен мәдениетінің жарық жұлдызы» атты әдеби кешіміз осымен аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
1-оқушы:
Жанын сала ұмтылды.
Болашақтың таңына
Қиялдап қана қойған жоқ.
Май тамызып, от берді.
Ой-сананың шамына.
Иә, қиялдап қана қоймай, жанын салып ұмтылған болашақтың таңы мен ой-сананың шамына май тамызып от берген Торғай қырандарының бірі — Ахмет Байтұрсынұлы.
2-оқушы:
Иә,Ахмет-қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дарынды ақын, өзіндік дара болмысын танытқан мысалшыл,қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы. Ол шын мәніндегі нағыз күрескер-демократтық поэзияның негізін қалап, азаттыққа ұмтылған, азаматтық жыр үлгісін жасаған халқының қалаулы азаматы.
3-оқушы:
" Қазағым, елім!",-деп,өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте бұқараның жүрегіне қозғау салып,ұйқысынан оятты. Қазақ халқының тағдыры, бүгіні мен ертеңгісі Ахмет поэзиясының өзегі болды. Ол өзінің ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халқына поэзия тілімен жеткізуді қалады.
4-оқушы: Ахметтің өз өлеңдер жинағын «Маса» деп атауы да тегін емес еді. Ол ұйқыда, саясаттан тыс жатқан надан халқының құлағына маса боп ызыңдап оятуды ойлады.
Ақын арманы-" адамдық диханшысы" болып халқына қызмет ету. Ахмет бұл арманын орындады. Ол туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етті. Халқының, елінің қалаулы, сәулелі жұлдызына айналды. Шын мәнінде «адамдық диханшысы» атанды.
Ахметтің монологы «Анаға хат»
Қарағым, айналайын, қамқор анам
Арнап хат жазайын деп алдым қалам.
Сенi онда, менi мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай едi хақ тағалам
Бара алмай, өтiрiкшi болып әбден,
Семейдiң түрмесiнде отыр балаң.
Мал ұрлап, кiсi өлтiрген айыбы жоқ,
Өкiмет- өр зорлыққа не бар шараң
«Үмiтсiз шайтан болсын» деген сөз бар,
Жолдар көп жәннетке де тарам-тарам.
Оқ тиiп он үшiмде ой түсiрiп,
Бiтпеген жүрегiмде бар бiр жарам.
Алданып тамағыма, оны ұмытсам,
Болғандай жегенiмнiң бәрi харам.
Адамнан туып, адам iсiн етпей,
Ұялмай не бетiммен көрге барам
Көп айтпай, қысқасынан сездiретiн
Балаңның мiнезi бар сөзге сараң.
Кетер деп «суға құлап, отқа түсiп»
Қайғы жеп, менiң үшiн болма алаң,
Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді,
Жағалап суаты бар жерге келді.
Шілденің сарша тамыз ыстық кезі,
Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.
Су ішіп, көлдің шықты жағасына,
Мал еді көз тоятын қарасына.
Артықша бір көлбақа күншіл екен
Сол көлдің бақасының арасында.
Өгізді суға тойған Бақа көрді,
Секіріп көршісіне жетіп келді.
«Боламын мен де сонау Өгіздей», - деп,
Жел тартып, ісіп-кеуіп, қарнын керді.
Сұрады жолдасынан: «Толдым ба? - деп,
-Өгіздей анау тұрған болдым ба?» - деп.
Өгіз бен екеуіне қарап тұрып,
Жолдасы жауап берді сондай бүй деп:
«Өгіздей болу саған қайда, шырақ,
Араңыз екеуіңіздің тым-ақ жырақ.
Онымен бірдей болып толмақ түгіл,
Қалпыңнан асқан жоқсың артығырақ».
«Қарашы, енді қандай болдым?» - деді, -
Міне, мен жаңа әбден толдым», - деді.
Жолдасы тағы қарап денесіне:
«Қалпында қараң менен формың», - деді.
Дүниеде мұнан күншіл кем-ді Бақа,
Зорланды қарнын керіп енді Бақа.
Шыдамай жұқа қарын керуіне,
Жарылып сол арада өлді Бақа.
Күнәсі күндегеннің жаман қатты,
Күндеме біреуге Алла берген бақты.
Өгізді күндеп, сондай боламын деп,
Көлбақа онан қанша пайда тапты?!
Әуелде Құдай өлшеп берген дене,
Қаншама зорлағанмен артылмапты.
Нақыл сөз «Әлін білмес әлек» деген
Осындай әуре болған жаннан қапты.
Қара бұлт
Даланың күнге күйіп, аптап өткен үстінен
Бұлт шықты қаптап көктен.
Қуанды шаруалар «я, Құдайлап!»,
Жерді бір суарар деп қурап кеткен.
Жауар деп тұрды халық үміт етіп,
Тамбастан өте шықты құр желдетіп.
Теңізге барды да бұлт құя салды,
Далаға қурап тұрған жаумай кетіп.
Теңізге пәрменінше құя салып,
Мақтанды мырзасынып тауға барып.
Тау айтты: «Сен мақтанып келіп тұрсың,
Мен тұрмын бұл ісіңе қайран қалып.
Егер де сол қадарлы жаусаң жерге,
Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге,
Көк шығып, жер отайып, егін өсіп,
Қандай зор тиер еді пайдаң елге!
Не қайыр қазір сенің жауғаныңнан,
Сенсіз де су жетерлік теңіздерде!»
* * *
Жиылып кеңес тындап отырғандар,
Ғибрат мұнан да бар алсаңыздар.
Бұлттай жерге жаумай, суға жауған
Қазақта іс ететін көп адамдар.
Жұмсамай тиісті орынға мал, өнерін
Біреулер жүреді, оған не амал бар?!
Мысалы, қазақ - дала, орыс - теңіз,
Даланы, шама келсе, көгертіңіз.
Мұң десең, мұқтаж десең - қазақта көп,
Емес пе мұны ойламақ міндетіңіз?
Мақал бар: «Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан асса, - деген, - досқа істеңіз».
Мен мұны арнап жаздым замандасқа,
Шаш қойған өзімменен ғамалдасқа.
Бұл сөзді сендерге айтпай, кімге айтамын,
Болады асыл таста, ақыл жаста.
Қарышта өз жұртыңа, барың болса,
өзге елдің өзінде көп бізден
басқа.
Қазақ салты
Қалтылдақ қайық мініп еспесі
жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып кешпесі
жоқ.
Жел соқса, құйын қуса жылжи
беру
Болғандай табан тіреу еш нәрсе
жоқ.
Бұл күйге бүгін емес, көптен
кірдік,
Алды-артын аңдамаған бетпен
кірдік.
Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден
сөз,
Алалық алты бақан дертпен
кірдік.
Бейне бір құдіретті
сынағандай,
«Сақтар деп, сақтар болса» - сертпен
жүрдік.
Жат жақты Жаратқанға
күзеттіріп,
Жақынмен ырылдастық, иттей
үрдік.
Білдірдік елдің сырын, ердің
құнын,
Елеріп ерегіске екі-үш
күндік.
Кіреді тентек есі түстен
кейін,
Мүшкілін халіміздің жаңа
білдік.
Әлі де, саңылаусыз салтын
бағып,
Түрі жоқ іс айтатын пәлен
дерлік.
«Ұлы той көппен
көрген жалғыз мен бе? -
Деп отыр, - не
болса да жұртпен көрдік».
Адамдық диқаншысы
Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!
Жаратқан малды Құдай не керекке-
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?
Есептен алданғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген