Тақырыбы: «Тәуелсіздік
таңы-мәңгілік»
Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіз Қазақстан
Республикасының өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар
бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге,
қастерлеуге үйрету. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйспеншілігін
арттыру. Өз ана тілін , әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін сақтауды
оқушылардың бойына дарыту.
Ұраны: Тәуелсіздіктің тура жолы
білімде.
Көрнекілігі:Тақырыпқа байланысты слайдтар,
шарлар, банер және «Рухани жаңғыру-заман
талабы» виртуалды кітап
көрмесі.
Алғы сөз:
Кітапханашы:Армысыздар, құрметті ұстаздар,
тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Еліміздің тәуелсіздік күні
баршамызға құтты болсын!Биыл Тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл.
Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі-қазақ елінің
жетістігі, сондықтан бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне
арналған «Тәуелсіздік
таңы-мәңгілік» атты әдеби-музыкалық кешімізді
ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші:
Бақыт, тірлік- күн талабы
Тоқтамайды шаттық әні
Мәңгі бақи шырқалады
Тәуелсіз Қазақстанымның ән
ұраны.
Хор
«Әнұран.
2-жүргізуші:
Қазақ дейтін бастау үшін бар
көшті
Ел
үшін жорық жасап қан кешті
Бөгенбай да , Қабанбай да,
Абылай
Тәуелсіздік жолын іздеп жан
кешті
Кітапханашы:«Тәуелсіздік – халқымыздың
бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының
нәтижесі»
деп президентіміз Н.Ә.
Назарбаев айтқандай , тәуелсіздік оңай келген жоқ.Егемендік!
Тәуелсіздік! Осыдан 26 жыл бұрын бұл сөздердің қаншалықты мағыналы
екенін біз қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығармыз.Ешкімге тәуелді
болмауды арман еткен Кенесары секілді айбарлы ханымыз ,
Наурызбайдай айбынды батырларымыз найзаның ұшымен , білектің
күшімен күресіп құрбан болса, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді дуалы
ауыз билеріміз ел тыныштығын сақтады.Сол заманнан бері азаттық ,
егемендік елімнің арманы болды.Халқының қамын жеген
ата-бабаларымыздың қайсар ұрпағы 1986 жылы арман еткен
тәуелсіздіктің , азаттықтың туын көтерді .
1-жүргізуші:
Атыңнан айналайын Егеменді ел
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерекең құтты болсын,
Тәуелсіздік
Ғасырдың тойы болшы келе берер
Биікте желбірсін , туың
көкте
Әкелсін арайлы таң болашағын
Қошеметпен қол соғып шақырайық
Мың бұралған бишімізді
ортамызға
Ержан Мирнаның орындауында «Қазақ
биі».
Кітапханашы:Тәуелсіз ел тарихы-
Отанымыздың , ерліктің , елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры
терең бай-тарих.Елім, Отаным ,жерім деген қасиетті ұғымдар әр
адамзаттың өз табалдырығынан, өз шаңырағынан басталады.Біздің
тәуелсіздігіміз бізге қымбат.
2-жүргізуші. Неге дейсіз
ғой?
1-жүргізуші. Ол бізге қымбат, ата-бабаның
рухын көтергені үшін.
2-жүргізуші.Неге дейсіз
ғой?
1-жүргізуші. Ол бізге қымбат , сөнген
мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны
үшін.
2-жүргізуші. Неге дейсіз
ғой?
1-жүргізуші. Ол бізге қымбат,
ата-тарихымыздың , ана тілімізді, дінімізді, қаз-қаз тұрғызып
«ҚАЗАҚ» деген атауға қан мен жан кіргізгені
үшін.
2-жүргізуші.
Тәуелсіз қазағымның таңы атты
Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам
Тәуелсіздікті сақтау үшін жауапты
Көрініс «Тәуелсіздік деген
не?» 6 клсс
оушылары
1-жүргізуші:
Тәуелсізбін!
Тәуелсізбін мен бүгін.
Келді, міне, азаттығым,
теңдігім
Тәуелсізбін-
Өзіме өзім құдаймын
Тәуелсізбін-
Нұрлы-сынды Күн,Айдың
Құласам да емін-еркін құлаймын,
Жыласам да емін-еркін жылаймын
Тәуелсізбін!
Тәуелсізбін мен бүгін
Кітапханашы: Тәуелсіздік алған жылдағы
еліміздің жеткен жетістіктері тізбектелген бейне-роликке назар
аударайық.
2-жүргізуші:
Пай,пай,пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын
Тағзым жасамай өтпеңдер – деп ақиық ақын Мұқағали атамыз
жырлағандай келесі кезекті Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына
өздерінің жүректен шыққан өлеңдерін тарту ететін 6 кластың
ақындарына кезек берсек.
1-жүргізуші:
Шабыттарыңыз шарықтай берсін, ақындар! Енді тәуелсіздік туралы
өлеңдерімен Әзизаны,Гүлдәуренді, Әділетті ортаға
шақырамыз:
2-жүргізуші:
Қазақстан –туған Отан , алтын
бақ
Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап
Қазақстан- біздің туған ұлы Отан
Жайнай бер, жайнай бер сен
мәңгілік.
«Атамекен» әні. орындайтындар
Айдынғалиева Таңнұр , Сағынтайқызы
Фатима.
1-жүргізуші:
Жаса, Тәуелсіз Қазақстан! Сен
бағындыратын абыройлы белестер әлі де жарқын болашақтың еншісінде.
«Қазақстан-2050» стратегиясымен ұштасып, «Азия барысымен»
байланысып жатыр.Жоспарымыз айқын, бағытымыз анық. Батыр
бабаларымыз аманаттап кеткен азаттық, Тәуелсіздік бүгінгі ұрпақтың
жадында мәңгілік жатталып, санасында қастерлі ұғым ретінде сақталуы
тиіс.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл
елдің
Тәуелсіздік құтты болсын, нұр елім
Осы жылда шықтық талай белеске
Қазақстан жасай берші, гүл елім
«Жаса ,Қазақстан»
Флешмоб.
Кітапханашы:
Біз әлі жас мемлекетпіз. Солай
бола тұрса да 26 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әліде
асар асуымыз, алар белесіміз алда.Бүгінгі
кешімізді «Тәуелсіз Қазақстанға ақ
тілек» деп жүректен шыққан жақсы
тілектерімізбен жалғастырайық.Тәуелсіз Қазақстанымыздың шаңырағына
жүректен шыққан тілектерімізбен бір-бір уық болып қадалайық.Қазақ
халқында Атамекенді ардақтау ананың ақ сүтімен, әкенің
ақыл-өсиетімен тараған.
Тәуелсіздік- бабалардың
ұраны
Бейуақытта бойға таққан тұмары
Тәуелсіздік – қуанышты ұлы той
Көңілді көтеретін әсем әніміз ғой. Хор:
«Туған
жер» 6 клас.с
оқушылары.
1-жүргізуші:
Тәуелсіз елдің ұлы өжет,
Қызы – қайратты,
Халқы – қаһарман.
Тәуелсіздікті анаңдай ардақта,
Баландай мәпеле,
Құдайдай құрметте!
Тәуелсіздік үшін ,
Қаныңды да,
Жаныңды да аяма!
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік бабалардың ұраны
Бейуақытта бойға таққан тұмары
Тәуелсіздік – жүректерде тұншығып
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы!
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге еркін өмір сыйлады.
1-жүргізуші: «Рухани
жаңғыру-заман талабы» виртуалды кітап
көрмесі.
Кітапханашы: Құрметті ұстаздар, оқушылар, елімізде
бейбітшілік, тыныштық болып, егеменді еліміздің көк байрағы биікте
желбірей берсін! Қазақстан әлі жас
мемлекет. Солай бола тұрса да 26 жылда біраз жақсылыққа куә болып
үлгердік. Әліде асар асуымыз, алар белесіміз алда. Елімізде
бейбітшілік, тыныштық болып, егеменді еліміздің көк байрағы биікте
желбірей берсін! Егеменді елдің болашағы-сіздерсіздер! Сіздерге зор
денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың
арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін,
Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай деген тілекпен бүгінгі
«Тәуелсіздік таңы-мәңгілік»
атты әдеби-музыкалық кешімізді
аяқтаймыз.
Сау болыңыздар!