400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдеби кеш.Абай мұрасы-халық ұлағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне Абай ақынды өткенде пайдаланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Абай мұрасы-халық ұлағаты»

Мақсаты:

-Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмақ әлемінің тылсым сырларына үңілту сөз патшасы –өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларын сіңірту, ой қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;
-Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерын, философиялық ой-толғауларын насихаттау.

1.Сакен. Армысыздар, қадірмелі ұстаздар , әдебиет сүйер қауым,

Білім нәріне құмар оқушылар!

Аида:Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы,сазгер, дана, дара тұлға А. Құнанбаевтың шығармашылығына арналған

«Абай мұрасы-халық ұлағаты» атты тағылымды кешке қош келдіңздер.

Сәкен: Айтылғанда көк аспанның астында

Тік тұрыңдар естілгенде әнұран.

Бар қазақтың үніндей боп шарықта,

Менің елім-Қазақстан әнұраным қалықта.

ҚР-ның мемлекеттік әнұраны орындалсын.

Аида:Абай мұрасы-қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазына.

Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесі не терең бойлап, оның ұлылығының тың қарыларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі.Абай өзінің туған халқынмен мәңгі-бірге жасайды,ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге,асқар асуларға шақыра береді.

Сәкен:Ұлы Абайдың шығармалары бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп,жыл өткен сайын жаңғырып,ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлесін қосып келеді.

Слайд:Абайдың балалық және жастық шағы.

Аида:Ақын шығармалары-оның қазақ әдебиеті тарихында ерекше орны бар,классик ақын екендігін дәлелдейді.М.Әуезов Абайды «Қазақтың классик әдебиетінің атасы,қазақ поэзиясының күн шуақты асқар тау биігі»деп те атауы жайдан жай емес.

Өмірбаян:Айгерім,Ерасыл.

Сәкен:80-жылдардың орта кезінен бастап Абай ақындық жолға біржола бет бұра бет бастады.Бұл кездегі өлеңдері-толысқан ой сананың жемісі.

Рахман:« Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

Аида:Абай жас ұрпаққа айтар ақылы да,уағызы да аз болмаған.Ол халық тәжірибесін танытқан шындықты айта отырып,жастарды адамгершілік жолға,адал достыққа үгіттейді.

Музыкалық номер:Абайдың «Көзімнің қарасы» әні.

Сәкен:Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерді,әдеби тілді дамытып,қалыптастыруда аса үлкен еңбек сіңірді.

«Көркем сөздің асылы-поэзия» деп жоғары бағалай отырып,ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты жайлы жаңа көзқарасын білдіреді.

Томирис:«Ауру жүрек ақырын соғады жәй».

Қазақша Би « »

Аида:Абай-сазгер.Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған 30-дан аса әні бар,3 күйі бар.Бүгінгі таңда нотаға түскен,орындалып жүрген классикалық туындылар.

Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні.

Сәкен:Абай-данышпан,Абай-кемеңгер.Ол орыс әдебиеті классиктерінің,Еуропаның бірталай ақындары мен ғалымдарының,ежелгі заман даналарының туындыларымен танысады.Солар арқылы әдеби білімін,дүниетанымын кеңейте түседі.

Нұрсұлтан: « »

Индира:«Жүректе қайрат болмаса»

Аида:Абай-әдебиеттегі шебер аударма жасаудың үлгісін көрсетеді.70-80 шақты аудармалары өзге тілден дәл,нақ аударылған.

Альбина:«Жүрегім менің 40 жамау»

Томирис:«Татьянаның Онегенге жазған хаты»

Сәкен:Абайдың поэмалары: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».Бұл поэмалары қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған.Шығыстық оқиғалар сарынында жазылған.Идеясы-ұстаздық,тәрбиелік ой-мақсаттарға бейімдеп,көпке үлгі көрсету.

Аяжан: «Қалың елім қазағым,қайран жұртым»

Әйгерім: «Ескендір» поэмасы.

Аида:Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі-ол Абайдың қара сөздері.Абайдың қара сөздері-көркем шығарма түрінде емес,ақынның өмір сабақтары туралы ойларын,содан туындайтын даналық,.философиялық түйіндері жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл-өнеге өсиет,ғибрат сөздер.Жалпы қара сөздер саны-46.Оның 46-сы аяқталмаған.Абайдың қара сөздері өз кезі үшін де,бүгінде бағасы зор.

Абайдың 17-ші қара сөзі «Көрініс»

Сәкен:Абайдың шығармашылығын аса жоғары бағалаған А.Байтұрсынов: «Абай-қазақтың бас ақыны».ОНан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласына біз білетін ақын болған жоқ деп жазды.

«Заман ақыр дастары»-Оралбек

«Ғашықтық құмарлық пен бұл екі жол»-Алтынай

Аида:Парасатты болып туған,

Шыңғыс таудың Абайы.

Ән мен жырын мұра қылған,

Сарыарқаның Абайы.

Нақылы мен сана құйған,

Қазағымның Абайы.

Ақылымен дана болған,

Бүкіл әлем Абайы!

Сәкен:Келесі сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі Мошқал Сұлтанбек ағайға және мектеп психологы Пазылова Айнұр апайға береміз.

Құрметті әдебиет сүйер қауым!Абайдың шығармашылығына арналған тағылымды кеш соңына жетті.Поэзия әлемінде келесі кездескенше.Қош сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.04.2019
1038
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі