400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдеби монтажды кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшіге, тәлімгерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: "Елбасы кемел көшбасшы"

Мақсаты: Оқушыларға ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың туып-өскен, оқып білім алған, Елбасының еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат беру, Елбасының еңбек жолынан үлгі алып, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, халқын сүюге, білімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасы суреттері, кітаптары, рәміздер, слайд.

Кештің барысы:

- Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың.

Халықпен бірге ашығасың да, халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың, - деп Тұманбай Молдағалиев жырлағандай "Елбасы кемел көшбасшы" атты әдеби монтажды кешіміз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналады.

- Өмір жолы: Тұрмыс құрғанына 3 жыл өтсе де Назарбаевтар шаңырағында іңгәлаған нәресте үні естілмей қапаланады. Қазақ үшін бұдан асқан қасірет бар ма? Әбіш пен Әлжан ата-баба аруағына сыйынып, Алладан бала тілеуді қош көреді. Содан кейін Райымбек бабаның басына барып құрбан шалып, малдың етін жұртқа үлестіріп, моланы 7 рет айналып шығады. Екеуі де Алладан бір ғана ұл тілейді. Құдай шын тілегенге береді деген рас екен. Сол түні Әлжан ана түс көреді. Түсінде үлкен теңіз көреді. Буырқанып, дөңбекшіп жатқан мұндай теңізді бірінші көруі. түсуге жүрексінеді, бірақ бір күш суға қарай дедектете сүйрей жөнеледі. Әуелі су тізесінен келеді. Одан кейін беліне, мойнынан асады. Бір кезде басы көрінбей кетеді. "Тұншықтым-ау" деп қорқады. Бірақ бір ғажабы еркін тыныстап келе жатады. Аяғы теңіз түбіне бір тиіп, бір тимейді. Өстіп келе жатып, теңіз түбінен мылтық тауып алады. Кәдімгі аңшының ұзын мылтығы. "Жақсы болды ғой, Әбішке апарып беріп, қуантайын" дейді де, мылтықты иығына асынып алады. Сол кезде мылтық иіліп, екі басы да жерге тиеді. Әлжан мылтықты тастамай, аршындай басып теңіздің екінші жағынан бір шыққан екен. Бұл түсін еті жақын туыстары "Алла жар болсын, түсің жақсы екен. Құдай ұл береді сендерге " деп жориды. Қате айтпапты. Құдай жарылқап Назарбаевтар әулетіне Нұрсұлтандай ұл беріпті. Сөйтіп, 1940 жылы 6 шілдеде Алматы Облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы , Үшқоңыр жайлауында Н.Ә.Назарбаев дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өткен.

Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсетіп, шөпшек теріп, отын жарған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1991жылы желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғалы бері де жиырма жылдан асты. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды, мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекет қатарына қосылдық.

1 оқушы: Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн,

Артта қалды бодан болған азап күн.

Елім, жерім, қазағым деп тебіренем,

Өйткені мен - тәуелсізбін, азатпын.

Мұғалім: Мемлекеттің жарқырар күні алыс емес.

1 оқушы: Қазақ елі желбіреп көк байрағың,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың.

Нұрсұлтаның биіктерге бастады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

Күй: Дәулеткерей "Қосалқа" орындайтын: Шалқарбаева Ақорын.

1 оқушы: Нұрсұлтанды тудырған заманалар,

Желтоқсан жел. Ұл мен қыз.

Ажал құшқан сондағы,

Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы,

Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.

1 оқушы: Нұрсұлтанға рух берген

Кәрі тарих парағы.

Дара шыңы қазақтың,

Дана басып тудың халық - алыптан.

1 оқушы: Тұратұғын болашақтың үні кеп,

Тартылар күй, айтылатын жыры көп.

Ерекше бір еркіндейік бауырлар,

Басшымыздың бүгін туған күні деп Нұрлы:

Әнге толсын барлық қала, ауыл бар.

Қағылсын бір барабандар, дабылдар,

Елбасының туған күнін ардақтау.

"Ехал казак за Дунай" украин халық әні Әкімбаева Аружан,

Бисенова Фарида

Мұғалім: Бұл бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман - тәуелсіздігімізді орналастыру жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясаты мен сауатты басқаруының нәтижесі. Сондықтан біздің Елбасымыз - өзінің білім-білігімен, тәжіриебесімен, парасатты саясатымен түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақтықта ұстап, береке тұнған құтты мекенге айналдырып, өз Отанының байлыққа кенеліп, гүлденуі үшін елімізді алға бастаған ұлы көшбасшы. Ел Парламенті қабылдығын заңға сәйкес, 1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні - Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді.

"Қилы кезеңде" осындай көшбасшысы болған қазақ ұлты, Қазақстан халқы шын мәнінде бақытты.

Слайд көру.

1 оқушы: Елбасымыз жолдайды.

Халқы оны қолдайды.

Ешкашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Служивая Александра орыс халық әні "Калинка".

1 оқушы: Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті елге сыйлады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

1 оқушы: Ауыр күнді артымызға тастауы -

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп.

Хор: "Атамекен" Ескендір Хасанғалиев.

"Елім, жерім" деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

Серпігенде бодандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім,

Өзің болдың көшбасшысы елімнің.

Ермекбаева Карина "Полька" Глинка

Мұғалім: Ошақтың аяғы үшеу болғанымен ұлт біреу, Ұлт тағдырын ойлауымыз керек. Ұлттық теңгеміз өз бабында. Осы бағытпен өркендей берсе жағдайымыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ. Өз бағымызда бастан теппейік ағайын.

Хор: "Қазақстан"

Мектеп басшысына сөз береміз.

Елбасы күні - елдікті еңселетіп, тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын деп кешімізді аяқтаймыз.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
544
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі