Әдеби
сайыс
Тақырыбы:
Дауылпаз
ақын-ел мақтаны Махамбет
Мақсаты.
1.Білімділік: Бүгінгі өскелең ұрпаққа
ақынның кім
екендігін,оның
шығармаларының
тақырыбын,мақсатын,тарихын
аша отырып,
ақынды
тағы да жаңа қырынан таныту,өлеңге
талдау
жасатуды үйрету,өмірге,тарихқа
жаңаша
көзқарас қалыптастыру,ақын өміріндегі
ұлтжандылықты
ұғындыру;
2.
Дамытушылығы: Оқулық пен қосымша
деректерді
пайдалануға,өз
ойларын еркін айтуға,өз пікірлерін
қорғап,ақын
поэзиясын насихаттап,әдеби тілмен
сөйлеуге
дағдыландыру;
3.Тәрбиелігі:
Ұлтжандылыққа,батылдыққа,бірлікке,
туған
жерін,елін,сүюге,қорғауға тәрбиелеу;
1-жүргізуші:
Құрметті
ұстаздар,оқушылар! Бүгін қазақ елін дүр
сілкіндірген дауылпаз ақын Махамбет
Өтемісұлының шығармашылығы
мен
өмірін сөз етеміз.
2-жүргізуші:
Махамбет-халық арасындағы келеңсіз
құбылыстарды,келелі істерді өлеңіне
арқау еткен өр рухты ақын.Оның шындықты
бүкпей жырлаған батыл ақын екені
бәрімізге белгілі. Жәңгірге,Баймағанбет
сұлтан атты өлеңдерінде халық зарын
сөзбен өрнектеп үстем-тап өкілдерін
шенеуніктердің дұрыс бағытын өлеңмен
түземекші болады.
1-жүргізуші:
Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы ішкі Бөкей
Ордасы,Бекетай аймағында қазіргі Батыс
Қазақстан облысы Жәнібек ауданының
Нарын құмының Жасқұс деген жерінде
дүниеге келді.Жастайынан ақындық өнерге
құмартып өскен.Асқан ақындығына қалың
жұртшылық бас иген.
1-жүргізуші:
Махамбет поэзиясы – ұлтына ұран болған,
рухы биік поэзия. Ол – өз дәуірінің үні.
1-жүргізуші: Ханнан
қырық туғанша,
Қарадан
бір -ақ тусайшы
Халықтың
кегін қусайшы
Артымыздан
біздердің
Ақырып
теңдік сұрарға...-деп ақ алмастай жарқылдап
өткен Махамбеттің жырларын жатқа оқу
кезеңін бастаймыз.
1-кезең
2-жүргізуші:
Міне, Махамбет ақынның осындай рухты,
алмастай өткір жырлары халық санасына
сахара тұрмысының мәңгілік алауындай
шуақ беріп, жігерлендіреді, намысын
оятады.
2-жүргізуші:Махамбет
ақынға арнап жазылған көптеген шығармалар
бар: алдымен қазақ поэзиясындағы
Ы.Шөрековтің «Исатай-Махамбет» дастаны,
Ж.Молдағалиевтің «Кек», Ж.Нəжімеденовтің
«Жаңғырық», Ə.Кекілбаевтың «Махамбет»,
М.Шахановтың «Нарынқұм трагедиясы»,
Ф.Оңғарсынованың «Алмас қылыш немесе
Махамбетпен қалай кездестім», М.Неталиевтің
«Арыстан еді-ау Исатай» поэмалары,
Қ.Бекқожиннің «Махамбет қабірінің
басындағы тебіреніс» атты толғауы.
1-жүргізуші:Қазақ
əдебиетінің барлық жанрларында арынды
ақын, алдаспан жырдың дарабозы əрі
батыр, əрі ту ұстаған қолбасшы Махамбет
Өтемісұлы туралы шығармалар аз жазылған
жоқ. Сонау ақын Ығылман Шөрековтен
бастап бүгінгі суреткер қаламгер
Зейнолла Қабдоловқа дейінгі қалам
ұстаған дарындардың барлығы бұл қасиетті
тақырыпқа ат басын бұрмай өте алмаған.
2-жүргізуші:
Дауылпаз ақынның өмірі мен шығармашылығы
туралы сұрақ-жауап кезеңімізді бастаймыз.
2-кезең
1-жүргізуші:
Махамбет аңсаған азаттыққа қол жеткізген
халқымыз ушін енді ақын мұрат еткен
азат ойдың биігіне ұмтылу, шынайы
демократиялық қоғам орнату парызызымыз.
Махамбет – ғасырдан-ғасырға жалғаса
беретін, уақыт өткен сайын қын түбінде
жатпас алмас қылыштай жарқырай беретін
тұғырлы тұлға. Махамбетті білмейтін
қазақ жоқ. Бірақ, бұл оның адами болмысы
мен айбалта-жырын көзге елестетіп, тілге
оралтумен шектелмейді.
2-жүргізуші:
Ақ жұмыртқа сары
уыз
Әлпештеп қолдан
өсірген
Туған
ұлдан не пайда-
Қолына
найза алмаса,
Атаның
жолын қумаса,-деп,
болашаққа
зор үмітпен қарайды. Қолына қару алып,
ата жауға қарсы тұратын ұлдарға үміт
артады. Енді
ше 3 кезеңіміз Сахналық қойылымға кезек
берсек.
3-кезең
1-жүргізуші:
Махамбет ұлттық тұлға оның батырлығын
ақындығын күйшілігін азаттық жолындағы
күрескерлігін болашақ ұрпақтың санасына
сіңетіндей етіп дəріптеу керек. Махамбет
сияқты батыр да ақын бабаларымызды
ешкашан жадымыздан шығармауымыз керек.
2-жүргізуші:
Біздің болашағымыз үшін күрескен
Махамбет атамыздын рухына басымызды
иіп, еліміз үшін курескені үшін елімізді
одан əрі көркейту керек. Батыр
бабаларымыздың аңсаған арманы еліміздің
азаттығын алу болған еді,соны жадымыздан
шығармай, əрқашан мақтан тұтып, болашақта
елімізді көркейту – бізге парыз.
1-жүргізуші:
Бүгінгі кешіміз ұнады деген үміттеміз.Келесі
кездескенше қош сау болыңыздар!