1-жүргізуші:Құрметті жиналған қауым! Біз бүгін сіздермен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің туғанына 86 жыл толуына байланысты « Есіңе мені алғайсың» атты поэзия кешінде бас қосып отырмыз.
Қарасаз, Қара шалғын өлеңде өстім
Жақсы жыр жазсам, халқым елеңдестің
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!
2- жүргізуші: Дорогие друзья! Мы рады приветствовать Вас в этом зале! Мы хотим рассказать Вам о жизни и творчестве неповторимого, выдающегося поэта М. Макатаева. Это поэт современник поэтому нам кажется, что те кто сегодня к нам пришли на праздник чуточку знает, кто такой поэт М. Макатаев, что представляет его творчество.
3- жүргізуші;
Dear students and teachers. Welcome to the culture-musical party on the theme “Makataiev is our proud» Mukagaly Makataiev Suleimenuly was born on the Ninth of February in 1931, in Almaty region, Raimbek district, Karasaz village. His born name was Mukhametkaly.
1- жүргізуші: Қазақ поэзия әлеміне шетсіз - шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік әкелген ақын. Кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын. Ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 86 жыл толып отыр. Ендеше, бүгінгі поэзия кешіміз атынан танылып тұрғандай, Хан тәңірінің мұзбалағы атанып, өлең өлкесінде шашасына шаң жұқтырмаған дарын иесі, ақын Мұқағали Мақатаевқа арналмақшы.
2- жүргізуші: Макатаев родился 9 февраля 1931 года в селе Карасаз Алма - Атинской области. Красота родного, счастливого края стала источником его поэтического дара. Полное имя поэта — Мухаметкали, но его с детства ласково называли Мукагали, считая, что бремя ответственностии (нелегко носить имя Пророка) может осложнить жизнь маленького ребенка. У молодых родителей Макатаевых, Сулеймена и Нагиман, он был первым из троих детей. Отец поэта, скромный и работящий человек, за год до войны стал председателем колхоза. В 1941 году началась ВОВ и его отец Сулеймен ушел на войну. Тогда 10 летний Мукагали скучая по отцу написал стихи. Из - за тяжелой жизни Мукагали быстро повзрослел. Мукагали закончил среднюю школу - интернат, работал секретарем сельсовета, заведующим красной избой, комсомольским работником, учителем семилетней школы.
3- жүргізуші: Mukagaly Makataiev was a popular,kazakh liric poet and he wasn’t marked in his period but now his creation is very high and was given State prize aft Ақынның өз даусын тыңдаймыз.
1-жүргізуші.
Жайлап жатыр ақырын,
Зал толы жырдың достары
Тыңдамақ абзал ақыны,
Ардақты оның ел-жұрты
Ақын ше? Ақын келмеді.
Бос күтті төрде бір орын
Күмбірлеп залды кернеді
Сөз алып сонда жыры оның
2- жүргізуші.
Бұл ақынның ақын туралы толғанысы еді.Арамызда ақын жоқ, бірақ жыры, шығармалары қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары қалды.Енді сөз кезегін соларға берейік.
1.«Пай-пай өмір» - Сүндет Т
2.«Қара өлең » - Мәлік Ж
3.«Жарайсыңдар, жігіттер» - Жұмабек Е
4. «Кетер ме екем» - Таран М
5. «Жүрек неге зат болып жаралмаған»- Кенжебай Ж
3-жүргізуші.
Мұқағалиды ақын еткен де, мәртебесін биіктеткен де, ақындық ғарышқа самғатқан да- осы қазақтың қара өлеңі.Ақын осы қара өлеңді бағалайды, бас иеді, тағзым жасайды.
1-жүргізуші:
Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы, — деп Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрейік.
1.«Мен –дағы өлең жазбаймын » -Дәуір А
2. . «Өлең керек» - Сүндет Т
2-жүргізуші.
Табиғат!
Жанымды алсаң, алшы менің
Бір үзік жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса не істер дейсің,
Артымда қалсын елім, қалсын жерім.
Осынау қарапайым қара өлеңде қанша құндылық, қанша ұлылық жатыр десеңші. Сірә, ақын «Елім, маған не берді деп емес, мен еліме не бердім» деп өмір сүрген сияқты.
Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға, оның сылдырап аққан суына, самал желіне, мақпал түніне бала кезден-ақ ғашық болып өссе керек.
Көрініс . «Аққулар ұйықтағанда»
Ән «Саржайлау»
1-жүргізуші: Өткенде түс көрдім. Шешем басында ақ жаулығы бар Абай атамыздың қасынан қуана басып маған қарай күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп ұзақ толғаныстан соң «Шеше сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келді.
1.«Шеше сен бақыттысың» - Сүндет Т
2.«Ақ кимешек көрінсе » - Дүйсенбай А
Ән. «Сөнбейді әже шырағың»
2-жүргізуші: Досым, саған сенемін, сеніп өтем.
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген- адамның көрігі екен,
Достық деген- ақылдың серігі екен,- деп Мұқағали ағамыз бар сырын досы Шәмілге айтқан екен.
1.«Шәмілге хат»- Ахмедия Ш, Дәуір А, Жұмабек Е
2. «Сүрініп кетпе » - Дүйсенбай А
Ән «Фаризаға»
3-жүргізуші:
Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ, әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.
1-жүргізуші:
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің!?
Көзімнен ғайып болған күнім едің
Гүлім едің
Елтіген түнім едің.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің? – деп жырлаған Мұқағали ақын. Ендеше, ақынның махаббат тақырыбына жазылған жырларын назарларыңызға ұсынамыз.
2-жүргізуші:
Шын зергерлік өнермен өлшенетін ақындық жолында жүрекпен құлаш ұрған Мұқағали Мақатаев та өшпес мәңгілік тақырып махаббатқа қалам тартқан.
-
« Сен менің» - Нұрғалиева А
-
« Көзің нұрсыз дейсің сен » - Сүндет Т
-
«Ғашықпын» - Кенжебай Ж
-
«Қыз сыры» - Нұрғалиева А, «Көрсем деймін» -Ахмедия Ш
Ән. «Сенің көзің»
3- жүргізуші: Дара ақын М. Мақатаев жөніндегі естеліктерді оқи отырып, бірде қуанасың, бірде мұңаясың, естеліктерде айтылған ойлардың, бәрі жөн, бәрі дұрыс деп те айта алмайсың. Бірақ естелікті әркім өз деңгейіне сай жазады. М. Мақатаев- өмірдің рахатын мейлінше сезініп кеткен аса бақытты ақын. «Жазылар естеліктер мен туралы»-деп ақынның өзі жайдан-жай айтпаған ғой.
1-жүргізуші:
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрман.
Аламан бәйге оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жутпайтын ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан
1. «Менің анкетам» – Таран М ,Мухатова А
2. «Бақытым менің алыста» - Дүйсенбай А
3. «Менің ғасырым» – Жақсылық Т
4. «Құрметтеңдер жиырмасыншы ғасырды» – Сағит А
5. «Жаманның ақылы» – Абдуллина А
6. «Сені азамат дегенге» – Кенжебай Н
7. «Жоқ, дәрігер» - Мәлік Ж
8. «Өкінбеймін» - Дүйсенбай А
Ән. «Көнеміз»
1- жүргізуші:
Мұқағалидың да аяғын көп шалдырғаны рас. «Артына өлмейтұғын сөз қалдырғаны да ақиқат». Қазір ол ең көп оқылатын ақын. Мұқағали мұрасы мәңгілік. Нағыз халық жазушысы осындай ақ болар.
Абай сөзімен айтқанда:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
2- жүргізуші: Мукагали Макатаев своими произведениями обогатил казахскую поэзию новым содержанием, поднял ее на небывалую высоту. Произведения Мукагали волнуют, вызывают душевный трепет у современных молодых людей также, как когда - то у их отцов. С песнями Мукагали люди укладывают детей в колыбели, стихи, песни Мукагали сопровождают людей на празднествах и торжествах. Произведения выдающегося, талантливого поэта Мукагали Макатаева будут вечно с народом.
Ән. «Есіңе мені алғайсың»
1- жүргізуші:
Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!
«Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған, Сен айт менің ойымды, айта алмаған» — деп болашақ ұрпаққа жол сілтеген Мақатаев жырлары, бүгінгі кеш барысында оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдеміз.
Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби-музыкалық кешін осымен аяқтаймыз. Келесі жүздескенше күн жақсы болсын! Тілім, елім деп жүрегі соққан жастар көп болсын!
2- жүргізуші: До скорых встреч!
3- жүргізуші: So the party of Mukagaly Makataiev’s burthday is over. Meet you soon!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әдеби сазды кеш "Есіңе мені алғайсың"

шағым қалдыра аласыз