жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әдеби-сазды кеш "Жырлайды жүрек" 7-сынып
«Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш өтті.
«Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби- сазды кеш.
Кештің мақсаты:
Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу.
М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Кештің көрнекілігі:
М.Мақатаевтың суреті мен «Жырлайды жүрек» тақырыбы, шарлар, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Сазды музыка.Слайд.
1 жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қадірменді жыр сүйер қауым.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің
түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың
махаббатына бөленген Қазақ поэзиясының Хантәңірі- Мұқағали Мақатаев
шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-жыр кешімізге
қош келдіңіздер!
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, – деп жырлаған ақын биыл тірі болса
ақпан айының тоғызында жасқа толар еді.
2-жүргізуші: Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.
1-жүргізуші: Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан толы нәр алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
2-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар,оқушылар! Ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-жыр кешімізді бастаймыз.
Бүгінгі кешіміз үш бөлімнен тұрады.
І бөлім «Поэзия - жүрек тілі» М.Мақатаевтың өлеңдері мәнерлеп оқу сайысы
ІІ бөлім «Ән-көңілдің ажары» М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерді орындау байқауы
ІІІ бөлім «Жас ақындар арнауы» оқушылардың өлеңдері
Бүгінгі кешімізге қатысушы оқушыларға әділ бағасын беретін қазылар мүшесімен таныс болайық:
1.
2.
3.
1-жүргізуші:
Аламан бәйгеге оза шауып, өлең-жырда шамасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали ағаның өмір жолынан деректерге назар аударайық.
/Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді/
2-жүргізуші
Ақиық ақын 1931 жылдың
9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол)
ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі
Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта
мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген
кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі
қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді.
Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді.
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа
бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ
мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және
Мәскеудегі
М.
Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім
алады.
1-жүргізуші
Мұнан соң
«Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің
(1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі
«Парасат»),
(1963-1965 жж), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының
редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет
атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары
шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара
үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене
білді. Көзінің тірісінде жариялап үлгерген жыр жинақтары:
«Ильич» (1964ж), «Армысыңдар достар» (1966ж), «Қарлығашым келдің
бе?», «Мавр» (1970ж), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің»
(1975ж)
2-жүргізуші:
Түзу-түзу жыртылған
аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан тамызбаймын,- деп өзі жырлағандай, кезекті І бөлім ақын өлеңдеріне берейік.
Ортаға бастауыш сынып оқушыларын шақырамыз.
Келесі кезекті 5,6 сынып оқушыларына берейік.
Алдарыңызда 7-8 сынып оқушылары
Сахнаға 9-11 сынып оқушыларын шақырамыз
1-жүргізуші:
Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Ендеше, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен шашу шашсын деген ниетте кезекті оқушыларға береміз.
«Ән-көңілдің ажары» демекші келесі бөлімімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
«Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
Неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім,» – деп жырлаған Мұқағали ақын
шындығында да поэзиямен егіз дүниеге келген
сияқты.
1-жүргізуші
Ақын мұрасы, маржан поэзиясы –
мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін
қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың
Мұқағалиға арнаған
лебіздері.
2-жүргізуші: Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?
Әр әні толы ғой армандарға
Шерте білген мұңдарын жас қайынға
Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?
1-жүргізуші:Бүгінгі тартысты додамыздың шешімін шығару үшін сөз кезегін қазылар алқасына береміз
2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар деп ойлаймыз.
1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!
2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!
1-жүргізуші: Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-жыр кешіміз аяқталды.
2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген