400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдеби шығармашылық кеш "Айдай әсем, Мақтаралым" Мұхтар Құралов - 70 жаста!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал Мұхтар Құраловтың 70 жасқа толу мерейтойына арналған. Мұғалімдерге дайын сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы



Әдеби-шығармашылық кездесу

«Айдай әсем, Мақтаралым» Айтыскер,ақын,сазгер Мұхтар Құралов- 70 жаста!

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ауезов Талгат Дуйсенбаевич


Мұғалім: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар мен ана тілін асқақтатар өнер сүйер қауым, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығымен тұспа- тұс келіп отырған елімізге танымал айтыскер, ақын, сазгер Мақтарал аудынының мақтанышы Мұхтар Құралов ағамыз -70 жасқа толуына орай ұйымдастырылып отырған кешімізге қош келіпсіздер!

1-жүргізуші:

Армысыздар, арайлы ел түлектері,

Армысыздар, елімнің тіректері!

Жиырма алты жыл, мінеки, ортамызға

Тәуелсіздік перзенті шыр еткелі.

Аптығамын сіздерді құттықтауға

Құттықтауға, жүрекке жыр еткелі.

Көк байрақтың астында Қазақстан,

Болаттай боп айқасқан білектері.

Бәріміз Қазақстан қарлығашы,

Даламызға ұмтылған гүл еккелі!-деп жырлап жүрген аға, біздің ортамызға қош келіпсіз!

2-жүргізуші : Бүгінгі мерекелік іс шарамызды ашып беру үшін Мақтарал ауданының құрметті азаматы, Бірлік ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, мектебімізді бірнеше жылдар бойы басшысы қызметін атқарған ұлағатты ұстаз Мелдеханов Сейткерім ағайымызға сөз кезегін береміз.

1-жүргізуші: Сіздерге арнап жазылды,

Оқырмандарым-ау, ойы мың.

Түсініп, айтқан назымды,

Куәсі болғын тойымның.

Бұл той жалпымызға ортак той.

Міне, осы той қарсаңында сіздер мен қазақ сөз өнерінің осындай шат-шадыман абыройы асып,мерейі өсетініне өне бойы іштей сеніп,әдебиет дейтін ұлы керуеннің көшіне тек інжу-маржан ой, рухани жиһаз тиеген ақынның бірі-Мұқтар Құралов

1-жургізуші: Мерекеміз бүгінгі құтты болсын! Әрқашан мерекелік көңіл болсын! Кеудеміз күмбірлеген жырға толып, Қане, достар, шаттыкка орта толсын!

Ән: «Ақ тілек» орындайтын Нұрмолда Арайлым

2-жүргізуші 1-ден сүрайды:

Талғат, қалай ойлайсың, бабалар тілімен айтқанда, Қол бастау қиын ба? Жол бастау қиын ба? Әлде, сөз бастау қиын ба?

1-жүргізуші жауап қайтарады:

Ата- бабалар тілімен айтқанда. Қол бастау қиын емес, Көк найзалы ерің болса. Жол бастау қиын емес, Соңыңнан ерген елің болса! Бәрінен де сөз бастау қиын, Тауып айтсаң мереке болады, Таппай айтсаң келеке болады.

Ортамызға қош келіпсіз, ақын ага. Мұқагали ағамыз дегендей, сіздІң «Анкетаңыз», туып-өскен жеріңіз, оқыған мектебіңіз, өмір жолыңыз.

1-жүргізуші: Аға, сіз И. Панфилов атындағы ЖОМ КММ-нің мектеп ұжымымен және оқушыларымен қауышып отырсыз. Өзіңіз білетіндей, біздің бүгінгі көрермендеріңіз,оқырмандарыңыздың ізгі ниеттерін тыңдап
көрелік. Алдымен сөз басы-ел болашағы жастардың қолында демекші оқушыларымызға берсек...

Әдеби монтаж ақын өлеңдеріне.

Ән: «Бұлқынды жүрек» орындайтын мәдениет үйінің қызметкері Ауезова Мадина
Еркін сұрақтар сәті...

1-сұрақ. Мақалаларыңыз туралы айтып берсеңіз.

2-Сұрақ. Жақсы көретін ұстазыңыз туралы айтып беріңізші.

3-сұрақ. «Үш-ақ нәрсе адамның касиеті:ыстық қайрат, нұрлы акыл, жылы жүрек»-деп

Абай атамыз айтқандай, сіз үшін шығармашылық жолбасшысы не

болды:ыстык қайрат па, жылы жүрек пе, нұрлы ақыл ма?

4- сұрақ. Өмірде кімді үлгі тұттыңыз?

Ән: «Туған жер» орындайтын Оралбек Сандуғаш

1-жүргізуші: Жүректен жыр ақтарамын,

Айдай әсем Мақтаралым.

Күнде өзіңнен бақ табамын,

Сол үшін де мақтанамын.

Өзіндейсің Астананың,

Мақтаралым.

2-жүргізуші:

Елбасымыз өзі көрген.

Алтын қолдар алтын терген,

Ертеңіне елі сенген,

Еңбегімен өсіп-өнген.

Айналайын, Мақтаралым.

Күнде өсіп, күнде жайнап,

Бақтарыңда бұлбұл сайрап.

Аптабыңда күліп-ойнап,

Жеңісіңді жүрміз тойлап.

Ән: «Көңіл қымбат» орындайтын: Ауезова Мадина

1-жүргізуші: Алынғанмен асулар жырақ талай,

Тоқмейлесіп жүресің шыдап қалай.

Күйбең-күйбең тірлікпен құбылмалы,

Өмір өтіп барады-ау тұрақтамай.

2-жүргізуші: Жүйкемізді кеткендей қағаз басып,

Үлгереміз кейде әзер амандасып.

Өстіп жүріп, уақыт тауып тағы,

Оқтын-оқтын аламыз араздасып.

Кете алмайсың, кетпейсің елден шығып,

Ертеңіне келесің белден сынып.

Табысамыз, қайтамыз райлардан,

Бәріне кінәлі деп пендешілік-деп кезекте

Әсем ән: «Ауылым» орындайтын: Биология пәнінің мұғалімі Орынбекова Гулжамила апайымыз

2- жүргізуші: Біз ағамызды 1985-1990 жылдар аралығында телеэкраннан түспей, облысымыздың намысын қорғап, шашасына шаң тигізбей жүргенін де, 1990 жылы Ақтөбе қаласында өткен республикалық ақындар айтысында небір дүлділ 34 ақынның ішінен суырылып шығып, Оралдың Ақшолпаны атанған Шолпан Қыдырниязованы жеңіп, ақбозат мініп қайтқанын да білеміз.

1-жүргізуші: О,туған жер, көп көрдім қызығыңды,

Сол күндерге көңілім қызығулы.

Тентек едім, бір үйдің еркесіне

Жуасыттың қосақтап бұзығыңды.

Өткендерді ой-санам тізіп ілді,

Өтіпті ғой көп күндер кіжінулі.

Арман еткем алдыма қызығуды,

Мақсат етіп қоймағам бұзылуды.

2-жүргізуші:

Секілді бар мінезің жақын маған,

Жан сырын жүректегі жасырмаған.

О,аға, тау суы боп ақсаң егер,

Мен сенің бұрқыраған сарқырамаң.

Табиғат қырларыма жайса гүлін,

Өтпейді бір сәтке де жайша күнім,

Бір тумақ бар,бір жүрмек жоқ болса да,

Жас жүрек тыным таппай аңсады мың

1-жүргізуші:

Өзің ең әке орнына қуат берген,

Көңілімнің домбырасын бұрап берген.

Сен бүгін жадырашы, шабыттаншы,

Бұл інің құшағына жыр ап келген.

ақын аға ,біздің өңірдегі Жазушылар Одағының жай-күйі туралы айтсаңыз.

2-жүргізуші: Арамызда ұлағатты абзал ұстаздарымыз көп. Соның бірі- мектебіміздін директоры Маханбетова Гулайм ханымға сөз берсек, өз ықыласын білдірсе.

Ән: «Әке мен Ана» орындайтын Ауезова Мадина апайымыз

1-жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы болғаныңызға , өзіңіздің шығармашылық жолыңыз, тәжірибелеріңізбен, өмір жайлы мына өскелең ұрпаққа берген ақыл-кеңесіңізге шын ықыласпен рахмет айтамыз.Шығармашылық жолда шаршамаңыз. Биіктерден көріне беріңіз, ақын аға!!! Туымен тұғырлы! Елтаңбасымен еңселі! Әнұранымен айбатты! Ақындарымен шабытты !Еңселі Егеменді еліміздің Тәуелсіздігі тұрақты, бейбітшілігіміз мәңгі болсын,қош сау болыңыздар!!!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1226
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі