400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдеби тіл және стильдік тармақтары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал колледждің білім алушыларына, мектеп оқушыларына керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдеби тіл және стильдік тармақтары.

Әдеби тіл және оның стильдік тармақтары. Ресми-іс қағаздар стилі, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ауызекі сөйлеу тілінің стилі. Тілдік стильдердің дамуы мен қалыптасуынаәсер етуші сыртқы факторлар. Тіл - адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы. Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық тілі. Қазіргі қазақ тілі - қазіргі өмір сүріп отырған ұрпақ тілі. Қазіргі қазақ тілі - бұл көркем әдебиет тілі, ғылым тілі, іс қағаздар тілі, публицистикалық және ақпараттың ерекшеліктері бар газет-журнал тілі, біз күнделікті қарым-қатынаста қолданатын ауызекі сөйлеу тілі. Бұлардың барлығында қолданылатын тіл қазақ тілі болғанымен, ол барлық қолданыста бірдей емес. Көркем әдебиет тілі ғылым тілінен өзгеше, ресми-іс қағаздар тілі ауызекі сөйлеу тілімен бірдей емес, газет-журнал тілі өз алдына ерекше. Нені айтуымызға байланысты, мәселенің не жайлы екендігіне байланысты, қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты тіл ерекшеленіп, өзгеріп отырады. Ғылым тілі - қатаң түрде баяндау, сипаттау, ойды негіздеп жеткізумен ерекшеленсе, көркем әдебиет тілі мәнерлілігімен, бейнелілігімен, ал ресми-іс қағаздар тілі дәлдігімен, анықтығымен, ресмилігімен ерекшеленеді. Яғни тіл, белгілі бір мақсатқа қарай жұмсалу, белгілі бір талаптарды орындау барысында түрленіп, ерекшеленіп отырады. Белгілі бір сөздер грамматикалық құрылымдар ғылым тілінде ғана қолданылса, енді бірі тек көркем әдебиетте, енді бірі тек ресми-іс қағаздар тілінде қолданылады. Яғни бір тілдің негізінде түрлі тілдік арналар, нақтылай айтсақ, түрлі тілдер қалыптасады. Бірақ бұл жерде тіл сөзі шартты түрде алынады. Себебі мәселе әр түрлі тілдер туралы емес, бір қазақ тілінің түрлі арналары, ерекшеліктері, түрлері туралы. Лингвистикада бүл стиль терминімен де аталады. Әрине ол стильдердің айырмашылықтары өте елеулі, маңызды. Тілді терең білу -оның барлық стильдерін игеру. Тілдегі осындай стильдердің қызметінің арқасында тіл байып, мәнерленіп, түрленіп отырады. Егер жазушы да, публицист те, ғалым да ортақ бір ғана мәнермен, бірдей құрылымдар мен тіл байлықтарын қолдана отырып жазса әрине тілдің өзіндік көркемдігі, ерекшелігі, мәнері, байлығы көрінбес еді. Тіл стильдері тілдің байлығы ғана емес, оның өзіндік заңдылығы да. Себебі тіл стильдері тіл дамуымен бірге, жүздеген жылдар бойы қалыптасады. Олар тілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіншілігін анықтайды. Тілдік стильдерді зерттеп, танып-білумен стилистика айналысады. Стилистиканың негізгі аспектісі стильдерді зерттеу болса, стилистиканың негізгі аспектісінің көрінісі - тілдің дәлдігі мен дұрыс қолданысы болып табылады. Стильдер шығу тегі, қалыптасу негізіне қарай жинақталып, ресми-іс қағаздар, публицистикалық, ғылыми, көркемәдебиет стильдері топтастырылып кітаби-жазба стильдер деп аталып келді. Қазіргі тіл білімінде бұлфункционалдық стильдер деген жалпы атпен аталады. Мүндағы функционалдық сөзі стильдердің қай салада жұмсалатындығын аңғартады. Мысалы, іс қағаздар - кеңседе, басқару саласында, көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургиялық шығармаларда, публицистикалық стиль - газет-журнал, радио, телевизия, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылады. Бұлардың сөз қолданысының мәтін құрылымының өзіндік ерекшелігі бар. Әр сөздің негізгі мағынасымен қоса қай стильде қолданылып тұрғанына қарай қосымша стилистикалық реңкі болады. Нанәкелейін. Сүтке барып келем., т.б. формада айтылады. Яғни, әр қолданыс,әр форма, әр сөз өз орайына қарай, өз орнында қолданылғанда ғана өзінің негізгі мақсат-міндетін, қызметін атқарып, тілге өң бере алады. Белгілі бір функционалдық стильдің қалыптасуына, оның жеке стильдік тармақ ретінде танылуына интралингвистикалық факторлар ғана емес қоғамдағы, мемлекеттегі түрлі жағдайлар даәсер етеді. Бүл тілдік емес сипаттағы, яғни тілден тыс фактор болғанымен тілдік құралдардың сол стиль аясында қолданылу, жұмсалу ерекшеліктерін калыптастыруға, функционалдық стильге тән белгілерінің айқындалуына барынша ықпал етеді. Бұл құбылыс тіл білімінде экстралингвистикалық факторлар деп аталады. Қазақ тіл білімінде функционалдық стильдердің қалыптасуынаәсер етуші тілден тысқұбылыстардың табиғатын ашып корсетуге, олардың стиль түзуші қызметіне, алатын орнына қарай саралауға, белгілерін атап көрсетуге арналған еңбектер жоқтың қасы. Қазіргі қазақ тіл білімі мұндай бағыттағы зерттеулерге зәру екендігі сөзсіз.

Орыс тіл білімінде әр функционалдық стиль жеке-жеке монографиялық, диссертациялық еңбек түрінде әлдеқайда кең, терең, жан-жақты зерттелгендіктен бүл мәселе бірқатар ғалымдар еңбектерінде сөз болады, атап айтсақ, В.П. Мурат, П.Ф. Филин, В.М. Жирмунский, М.Н. Кожина, М.П. Котюрова т.б. Әдебиет Дүйсембекова JI. Қазақ ресми-іс қагаздары. - Алматы, 2005. Дүйсембекова JI. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. - Алматы, 2004. Сыздықова Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. -Астана,2001 Балақаев М., Сыздықова P., Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы. -Алматы, 1968. * * * Әдеби тілдің стильдік тармақтарының пайда болуы, қалыптасып кемелденуі халықтың қоғамдық, әлеуметтік өміріне, саяси-экономикалық жағдайына тікелей байланысты. XX ғасырдың аяғыменXXIғасырдың басына қарай әдеби тілдің стильдік тармақтары ішіндедоминантстилькөркем әдебиет стилі емес бірте-біртепублицистикалық стиль бола бастады. Себебі,қазіргі заман ақпараттар заманы. Публицистикалық стильдің қоғам өмірінде маңызды қызмет аткаруына орай, бұқаралық ақпарат құралдарының тарихы, тілі, стилі, рөлі, жанрлары т.б. мәселелері лингвистикалық, философиялық, практикалық, тарихи т.б. аспектіде терең зерттеле бастады. Кандидаттық, доктордык диссертациялар қорғалды.Қазақтіл біліміндегі баспасөз тіліне байланысты жасалған зерттеулер жаңабағыттағы жаңа еңбектермен толыға түсті. Қазақстан тәуелсіздік алып, өркениет көшіне дербес мемлекет ретінде ілескелі еліміздіәлем таныды, әлемді біз таныдық. Бізқайшылығы мол, идеяларқақтығысына толы, әр мемлекеі өз бет-бейнесін сақтап қалу жолында арпалыскан, дамуы мен тежеуі қатар қабысқан заманда өмір сүріп отырмыз. Сондыктан да біз керек етейік, керексінбейік бәрібір бүгінгі күннін ауасымен тыныстап,қазіргі ғаламдағы ахуалдың ауанымен санасуымызға тура келеді.Қазіргі тарихтың кестесі мейлінше тығыз десе де болады. Бұрындары онжылдықтар мен жүзжылдықтарға созылатын іс қазір қас-қағымда атқарылып жатады. Бұрындары мемлекет басшыларымен президенттері бір-бірімен ешқашан кездеспесе немесе белгілі бір тарихи оқиғағабайланысты ғана кездесетін болса, бұл күнде күн сайын дерлік мемлекет басшыларының кездесулері, түрлі ресми бас қосулар, тарихи оқиғалар болып жатады. Мұндай алмағайып кезеңде әрине ақпарат тасқыны шексіз. Бұкаралық ақпарат құралдарының рөлі өте жоғарыXX ғасырдың 80 жылдарына дейін адамдарға идеялық ықпал етуде, адамзат жасаған руханиқазына мен мәдени мұраны адам санасына сіңіруде, адам тәрбиелеуде,қоғам азаматынқалыптастыруда жалпықоғамдық сана қалыптастыруда негізгі кызметті көркем әдебиет атқарып көркем әдебиет стилі әрқашан доминант стиль ретінде көрініп отырса, бүгін қоғамдық санақалыптастыруда негізгіқызмет атқарушы —бұқаралық ақпарат құралдары болып, публицистикалык стиль доминант стиль ретінде көрініп отыр. Осыдан 20-30 жыл бұрын, одан бұрынғы кезеңде де классик жазушылардың шығармаларын оқымайтын, жаңа көркем шығармамен дер кезінде таныспайтын зиялықауым өкілі кездеспейтін болса, көпшілік жаппай кітап оқитын болса, қазір оның орнын ақпарат құралдары, оның ішінде теледидар басып отыр. Бұрын жанпай көркем әдебиет оқитын көпшілік қазір жаппай теледидарға денқойды. Қоғамдық сананыңқай түрін болсын, әсіресе мәдени, саяси, азаматгық,құқықтық сана қалыптастыруда негізгі рөл ойнап отырған бұкаралық ақпарат құралдары болса, оның негізгі тетігі —бүгінгі теледидар. Ақпарат — ашық қоғамның генераторы десек, олбірінші кезектетеледидарға тән. Өйткені, оның пәрменділігі өте жоғары, ол әр санаға ыкпал ететін толайым күш. Телевизия жедел акпарат тарату, мемлекеттікұстанымдарды насихатгау мен жүзеге асырудың ғана емес қоғамдық сана,қоғамдык пікірқалыптастырудың да козғаушы күші болып отыр. Бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде теледидардың рөлі неше ғасыр бой жетекші орында келген көркем әдебиеттің рөлінен де күшті болып отыр. Себебі, біріншіден, ол бүгін әр үйде бар, екіншіден теледидарды, әлеуметтік, жас, жыныс ерекшелігіне қарамастан барлық адам көреді. Осыдан 20-30 жыл бұрын, көркем әдебиет оқымайтын, үйінде әдеби кітапұстамайтын адамды кездестіру мүмкін емес болатын болса, қазір теледидар көрмейтін үйінде теледидар жоқ адамды кездестіру мүмкін емес. Қазіргі интернет желісі аркылы келіп жатқан түрлі ақпараттар, әлемдік ірі ақпарат агенттіктері тарататын мәліметтер, дүниежүзілік алпауыт телерадиокомпаниялардың хабарлары, айта берсең толып жатыр, қазір елімізді ақпараттықкеңістігіндегі ақпарат ауқымы адамқабілеті қорыта алар мүмкіндіктен де асып кетіп отыр.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
4522
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі