жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әдеби тіл нормасының өзіндік ерекшеліктері. Стиль. Фразеологиялық тіркестер, еркін тіркестер.
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі
Тараз қаласы
Пәні: Қазақ әдебиеті
Оқытушы: Оралбаева А.С.
«ҚҰҚЫҚТАНУ» мамандығы
Тобы:1ПВ-19-1
Әдеби тіл нормасының өзіндік ерекшеліктері. Стиль. Фразеологиялық тіркестер, еркін тіркестер.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы: Әдеби тіл нормасының өзіндік ерекшеліктері.
Стиль.Фразеологиялық тіркестер, еркін тіркестер.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
студенттерге әдеби
тіл нормасы, оның өзіндік ерекшеліктері,
белгілері,
стилдің түрлері
туралы білім бере отырып, жаттығу
жұмыстары арқылы білімдерін
шыңдау. Фразеологилық
тіркестер және еркін тіркестер жайында
нақты мәлімет беру.
Дамытушылық:
студенттердің сөздік қорларын, логикалық
ой-өрістерін дамыту, пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік:
тапсырмалар орындау арқылы білімділікке,
ізденімпаздылыққа, тапқырлыққа,
алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
типі: дәстүрлі
сабақ.
Оқыту
әдістері:
түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, тапсырма
орындау,
тест
әдісі.
Оқыту құралдары: компьютер, интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты суреттер, "Ти" кестесі, "Бір сөзбен айтқанда" ойыны, "Қызықты сұрақтар" ойыны.
Оқыту
технологиясы:
Дамыта оқыту технологиясы.
Пәнаралық
байланыс:
Қазақ
әдебиеті
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.
Студенттермен сәлемдесу.
2.
Студенттерді түгендеу.
3.
Назарларын сабаққа аудару.
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру. "Кітаби
тілдің жазбаша және ауызша нормалары.
Орфографиялық және орфоэпиялық
нормалары".
1. Кітаби тіл деген қандай тіл?
2. Кітаби тіл қандай түрде болады? Монологтың мағыналық түрлері
3. Ауызша тілдің анықтамасы.
4. Жазбаша тіл деген қандай тіл?
5. Ауызша және жазбаша тілдің қызметі
6. Орфография қай тілден енген сөз және оның мағынасы нені білдіреді?
7. Орфоэпия деген не? Ол нені қарастырады?
8. Қай ақынның шығармаларында орфографиялық және орфоэпиялық нормалар сақталып отырады?
9. Тілде жазу неше принципке сүйеніп жазылады?
10. Морфологиялық принципте сөздер қалай жазылады?
11. Дәстүрлі және фонетикалық принциптер қалай орындалады?
12.Орфографиялық және орфоэпиялық нормаларға байланысты жазылған мысалдар.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қазақ
тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай,
Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді
ұл - қызың мәңгі сені
Балалығым,
бақытым, қазақ тілім - дей келе сабағымызды
бастаймыз.
Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.
Әдеби тілдің нормасы жазба тіл арқылы қалыптасып, шыңдалып отырады. Ал оның өңделіп жетілуі және халық арасында тарап, жалпыға танылуы ұлттық әдебиеттің дамуымен байланысты , болды. Қазақта тұңғыш жазба әдеби тіл үлгісін жасағандар — Абай мен Ыбырай. Олар жалпы халықтық тіл қорының тек түсінікті формаларын ғана шығармаларында қолданған. Фольклорлық бай мұраны шебер пайдалана білген. Сөйтіп, Абай мен Ыбырай шығар-малары жалпы халықтық тіл қорының бай қазынасының ең тамаша қасиеттерін бойына сіңірген. Сондықтан да, ол шығармалар көркем сөздің ерекше үлгісі ретінде мәңгі жасамақ.
Әрине
тілді бір адам ғана жасамайды, әркім өз
білгенінше сөйлей бермейді. Тіл өзі
қызмет ететін адамдардың бәріне ортақ,
түсінікті болуы керек. Ондай жалпыға
ортақ тілді әдеби тіл дейміз. Әдеби тіл
нормалары арқылы тіл көпшілікке түсінікті
әрі бәріне ортақ болып келеді.
"Қазақ әдеби тілі тарихы" атты
1968 жылғы оқулық авторлары "Әдеби тіл
дегеніміз - жазба әдебиет арқылы жүйелі
қалыпқа түскен, стильдік тармақтары
бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл"
деген анықтама береді де, тілдің әдеби
болуы үшін төмендегі белгілердің болуын
міндетті деп санайды:
1) Әдеби тіл, ең алдымен, жазба тіл болуы керек, ол жазу арқылы ғана қалыптасады;
2) Әдеби тіл нормаланған тіл болуы керек;
3) Әдеби тілдің стильдік тармақтары болуы керек /"тілдің стильдік жүйелерінің саралануы - тілдің әдебилігінің басты белгісінің бірі"/;
4) "Әдеби тіл - қоғамдық қызметі ерекше тіл". "Жазба әдебиет арқылы әдеби тілдің икемділігі, ортақтық қасиеті артып, құрылысы жүйелі қалыпқа түседі", "тілге орамды, жүрекке жылы тиетін" элементтері ұштала түседі.
Әдеби тіл - стильдік тармақтары бар тіл. Әдеби тіл қоғамдық құбылысқа жатады. Ол қоғамның ресми мемлекет тілі болатындықтан, оның қызметі де барынша кең болады. Сол орайда түрлі стильдер пайда болады. Мысалы, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында хандар жарлығының, іс жүргізу стилі, діни әдеби стилі, өлең-жырлар стилі болады. Бірен-саран газет шыққанымен, ол кезде публицистикалық стиль қалыптаспаған болатын.
Қазіргі қазақ әдеби тілінің жұмсалу аясы кеңейді. Өміріміздің қилы-қилы салаларында жұмсалатын әдеби тіліміз түрлі-түрлі стильдік өң алып, дамып келеді. Қазір оның мынадай стильдік тармақтары бар: 1. Ресми іс-қағаздар - кеңсе тілінің стилі; 2. Публицистикалық стиль (газет-журнал тілінің стилі); 3. Ғылыми-техникалық әдебиеттің стилі; 4. Көркем әдебиет тілінің стилі.
Мұндай стильдік тармақтар әдеби тіл қызметінің артуы, тілдің дамуы нәтижесінде жасалады. Ендеше, тілдің стильдік жүйелерінің саралануы - тілдің әдебиеттік басты белгілерінің бірі. Тілдің стильдік тармақтары неғұрлым сараланған болса, әдеби тілдің соғұрлым буыны қатып, бұғанасы берік болады.
Тұрақты сөз тіркестері, еркін тіркестер.
Толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің өзара әрі тұлғалық жағынан, әрі мағыналық жағынан байланысуын сөз тіркесі деп атайды.
Сөйлем ішіндегі сөздер бір-бірімен түрліше байланысып отырады. Соған қарай сөз тіркесінің түрлері де көп. Мысалы: Жаздың көркі енеді жыл құсымен, Жайрандасып жас күлер құрбысымен (Абай) деген сөйлемде мынандай сөз тіркестері бар: жаздың көркі, жыл құсымен енеді, жайраңдасып күлер, құрбысымен жайраңдасып.
Сөздердің тіркесуі екі түрлі болады: бірі — тұрақты сөз тіркесі, екіншісі — еркін сөз тіркесі.
Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі арқылы жасалатын, құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаға ие болатын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер – тұрақты тіркестер – фразеологизм деп аталады. Мысалы, Екі иығына екі кісі мінгендей деген тұрақты сөз тіркесі денелі, тұлғалы, иықты деген бір ғана мағынаны білдірсе, Аяғы аяғына жұқпады тұрақты тіркесі шапшаң, тез жүрді деген ұғымда қолданылып тұр.
Еркін тіркес - кемінде толық мағыналы екі сөздің байланысынан тұратын сөздердің тіркесі. Еркін сөз тіркесінің етістікті сөз тіркесі және есімді сөз тіркесі деп бөлінетін түрлерінің екеуі де Абай шығармаларында жиі кездесіп отырады (жастықтың оты, жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан т. б.).
Сөз тіркестері құрамына қарай: жай сөз тіркесі және күрделі сөз тіркесі болып екі түрге бөлінеді.
Құрамы екі сөзден тұратын сөз тіркесін жай сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: ақылды жігіт, кең дала, мазмұнды әңгіме т. б.
Құрамы үш не одан көп сөзден тұратын сөз тіркесін күрделі сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: он шақты кітап, тақтаға жақындай түсу. Алматы қаласында тұру, ойда жоқта кез болу т. б.
Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін еденица болып қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фразеологизмдер деп атайды.
Тұрақты сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінің өзіне тән айырмашылығы болады:
Тұрақты сөз тіркестері |
Еркін сөз тіркестері |
1. Тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге келмейді. |
Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге болады. |
2. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан алшақ болады. |
Еркін сөз тіркесінің мағынасы сол тіркесті құрайтын сөздермен тікелей байланысты болады. |
3. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір ғана синтаксистік қызмет атқарады. |
Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің әрқайсысының жеке-жеке синтаксистік қызметі болады. |
Ала көзімен атты, аузынан салбырап түскендей, ақ саусақ, жүрегінің түгі бар, тіс жармау, мұрны қанамау, екі көзі төрт болды, аузына құм құйылды, қолы ашық, тас жүрек, тіс қаққан, құлақ қағыс ету, екі көзі шарасынан шығу,аузынан бір елі тастамау, қол ұшын беру, су журек, тісі шыққан, құлаққа ұрған танадай, жүзіктің көзінен өткендей, аузына қақпақ болу, қол қусыру, жүрегі орнына түсу, тісін қайрау, құлағын түру, иненің көзінен өткендей, жұмған аузын ашпау, қолы жүру, жүрегі зу ету, тілін тістеу, құлағын бұрау, көз байлау, аузы-аузына жұқпау, тырнақ астынан кір іздеу, жүрегі шайлығу, тілін табу, көз болу, ауыз бастырық беру, он саусағынан өнер тамған, ақ жүрек, көз жазып қалу, аузымен орақ ору, қол алысу, көз шырымын алу, қой аузынан шөп алмас, көзді ашып-жұмғанша, аузын буған өгіздей, бес саусақтай білу, жүрегі аттай тулады, бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ, иісі мұрнына кірмеу бармақ тістеу, жүрегі аузына тығылды, тілі қышыды, есек құрты мұрнына түсу, журегі алып ұшу, тілі байлану, жаны мұрнының ұшына келу, тілге келмеу, мұрнынан шаншылу, мұрнын шүйіру.
Әдеби тіл нормасына байланысты "Абай жолы" романынан үзінді оқу.
Тапсырма №1. Стильдің түрлеріне байланысты сөйлемдерді ажырату.
Белгілі бір жұмыстың жүзеге асырылу барысы жауапты мекеменің жиындарында қарастырылып, ұйымдастыру комитетінің есебі жарнама агенттілігінде жазылып берілсін.
1
- Бүгін сабақта кім жоқ?
–
Сабақта Данияр жоқ.
–
Жақсы.
2
Қазіргі жарық түннің тыныштығының
ортасында Кеңөзек ұйқыға кеткен сұлудай
болымсыз дымқыл тұманмен бусанып, тыныс
алған сияқты.
3.
Мен, Сұлтанова Әлия Айханқызы, 1964 жылы
20 сәуірде Талдықорған облысы, Ақсу
ауданында дүниеге келдім. Ұлтым –
қазақ.
4.
Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді
сан есім дейміз
5.
Қалған бағаналарды оқушылардың өздері
толтырады.
Ғылыми стиль: Ауа-райының өзгеруі атмосферада өтетін
нақты құбылыстарға байланысты. Атап
айтсақ, Жер осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен
Күнді
айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері ауысып отырады.
Публицистикалық стиль: Күз
келіп, ауа-райы салқындай түсуде. Синоптиктердің
болжауынша аптаның соңына дейін
температура 0-ден төмен деңгейде
сақталады.
Ауызекі сөйлеу стилі: Күн бұзылып
кетті. Енді салқын болады дейді. Жылы
киіну керек еді.
Көркем
әдебиет стилі: Жаздың шуақты күндерін
артта қалдырып, суық қылышын сүйретіп
күз де келді. Аспанға бұлттар
үйіріліп, жаңбыр нөсерлете төкті. Ызғар
жел далада биледі.
Ресми
құжат стилі: Барлық
нысандарда күзгі-қысқы мезгілге дайындық
жұмыстарының жоспарлы шаралары
жүргізілді. Ауа-райының ахуалына
байланысты жабдықтар кезеңмен іске
қосылады.
Тапсырма №2. Бір-біріне антоним болатын тұрақты сөз тіркестер:
Бетінен оты шықты (ұялды) – Беті бүлк етпеді (ұялмады).
Зәресі ұшты (қорықты) – Қуанышы қойнына сыймады (қуанды)
Қолы қолына жұқпады (тез қимылдады) – Саусағының ұшын қимылдатпады (қозғалмады, еш нәрсе істемеді)
Бір-біріне синоним болатын тұрақты сөз тіркестер:
Үріп ауызға салғандай; қыздың жиған жүгіндей – сұлу, әдемі, көрікті, келбетті, әсем;
Ит өлген жер; ит арқасы қиянда – алыс, қашық, шалғай;
Ит терісін басына қаптады; жерден алып, жерге салды – ұрысты, сөкті, балағаттады.
Тапсырма №3. Берілген сөйлемнен тұрақты тіркесті тауып, мағынасын ашу. Сөйлемдерге сатылы кешенді талдау жасау.
Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. Ол әңгімеге араласпай, аузын буған өгіздей тұрды да қойды. Ел аузына қақпақ болып көрші, бірақ ол қолыңнан келмейді. Жаңағы сөздерің төбемді көкке жеткізгендей болды. Бастапқы сөзден беті қайтып қалған үй иесі еш нәрсе де сұрай алмады. Екі ел тонның ішкі бауындай күй кешті. Қасқырды көргенде Жандостың жүрегі тас төбесінен шықты. Канал қазылады дегеннен, Сырбайдың қуанышы қойнына сыймады. Біздің халқымыз табиғатпен етене жақын. Сондықтан баласына қойылатын есімді де табиғаттан алып қойған.
Сондықтан болар біздің тілімізде табиғаттың құбылысына қарап та жасалған тұрақты тіркестер бар. Сол үшін мезгілге қатысты слайдтан суреттер көрсетіледі. Әр мезгілге байланысты тұрақты тіркестер жазуға тапсырма беріледі.
(Интербелсенді
тақтадан жыл мезгілінің суреттері
көрсетіліп, тұрақты тіркестер
жасырылады.)
Қабағынан
қар жауып, ақ қар, көк мұзда, суық көзбен
қарады
Жылауық
күздей, балапанды күзде сана, жүзі
күңгірт тартты, түнере қалды
Көңілі
көктемдей, май тоңғысыз, көгеріп көктеді,
жапырағын жайды.
Аспан
айналып жерге түскендей, жаны жаз, жағасы
жайлау.
Тапсырма №4. Еркін сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз. Сөйлемді сөз тіркесіне талдау
Мысалы: тар заман, қоныс тепті, қонақ асы, бота көз, қоян жүрек, тоң мойын, оймақ ауыз, ала қол, шер көкірек, салқын қанды, көзі тірісінде, көзімдей көр, көзі жоғалды.
Тапсырма №5. «Жасырынбақ»
1. Балақтағы .... басқа шапқан.
2. Мойны ырғайдай, .... торғайдай.
3. Кеудесіне ....піскен.
4. ..... айрылған бақсыдай.
5. .... басына қаптау.
6. Көк ала ....ету.
7. Құрғақ уәдемен .... сүрту.
8. .... шаққан құрлы көрмеу.
9. ...... су көтермеу.
10. ..... тағаладың ба
Қажетті сөздер: бит, жыннан, ит терісін, қойдай, нан, ауыз, бойы, шыбын, шошқа, мойны.
Тапсырма №5. Берілген тұрақты сөз тіркестерінің синонимдері мен антонимдерін табу.
«Ти» кестесі
Синонимдер Антонимдер
_________________ _______________________
Білімді көзі ашық асарын асап, жасарын жасаған
Жас он екіде бір гүлі ашылмаған әліпті таяқ деп білмеу
Батыр қолы ашық ит өлген жер
Алыс жұлдызы жарасқан иненің көзінен өткендей
Момын қой аузынан шөп алмас тиіп тұр
Дос жүрегінің түгі бар сөзі түйеден түскендей
Менсінбеу дүние есігін ашу құрдай жорғалау
Туылу көзге ілмеу дүниеден өту
Ұнату екі езуі екі құлағына жету жаны қас
Тату арасынан қыл өтпеу ала ауыз
Хабарласпау ат ізін салмау зәресі зәр түбіне кету
Қуану жаны құмар ат ізін суытпау
Жомарт су жүрек аузын қу шөппен сүрту
Әдемі сөйлеу сөздің майын тамызу жұлдызы қарсы
Тақтамен жұмыс:
Тапсырма №6. Фразеологиялық тіркестердің синонимін тауып дұрыс орналастыру:
Ереуіл атқа ер салды -жаугершілікте елін қорғауға аттанды;
Жібектей есілген -мінезі биязы, жақсы қылықты;
Жігіт ағасы болды -есейді, орта жасқа келді.
Аршын төс -сұлулыққа тән балама теңеу;
Құралай көз -сүйкімді, әдемі көз;
Мырс етті -кекете күлді;
Сабыр түбі-сары алтын -шыдамдылық, арты жақсылық, игілік.
Ауызша тапсырма №7. "Қызықты сұрақтар" ойыны
1. Адам сары көзімен ата ма? "Ала көзімен атты"
2. Жүрегінің шашы бар ма? "Жүрегінің түгі бар"
3. Екі көзі алты бола ма? "Екі көзі төрт болды"
4. Он саусағынан су тама ма? "Он саусағынан өнер тамған"
5. Адамның қай жеріне нан піседі? "Кейдесіне нан піскен"
Тапсырма
№8.
Тұрақты сөз тіркесімен бейнелеп калай
айтуға болады?
1.
Н. Наушабаев атамыз ақын, әнші, композитор,
саятшы, палуан әрі айтыскер адам
еді.
Бұндай
адамды қалай деп атайды?
2.
Әйгерім мәдениет үйіне концерт көруге
барып еді, бірақ отырарға орын болмады.
Ол үйге келіп не деді?
3.
Жандостың лагерде бірге болған жақсы
досы бар екен. Сол досы туралы үнемі
аузынан тастамай айтып отырады. Үнемі
тастамауды не дейді?
Тапсырма
№9.
Ажыратып жаз.
Төмендегі
сөйлемдердің ішінде қарамен жазылған
сөз тіркестерінің қайсысы жай сөз
тіркесі, қайсысы тұрақты тіркес екенін
ажырат. Тұрақты тіркестің мағынасын
аш.
1.
Бұл қол – сенің қолың емес.
2.
Бұл жұмыс сенің қолың емес.
3.
Тәкежандар кеңесі Абайға екі түрлі
талап қойып, жүк артқан.
4.
Жүк артқан түйе кейін келеді.
5.
Кішкентай Жұмаш бөркін аспанға лақтырып
ойнап жүр.
6.
Емтиханды жақсы тапсырсаң, бөркіңді
аспанға лақтырасың.
Ауызша
тапсырма №10.
«Бір сөзбен айтқанда» ойыны жүргізіледі.
Берілген тұрақты сөздерді бір сөзбен
айту керек.
Бармағын
тістеу -
Көз
аларту –
Ақ
саусақ -
Ит
терісін басына қаптау –
Сойып
қаптағандай –
Сілесі
қату -
Тас
жүрек –
Бетінен
оты шығу -
Беті
шімірікпеу –
Құлақ
аспау -
Арасынан
қыл өтпейді –
Тапсырма
№11.
Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты
“Тарих - ғасырлар куәсі” тақырыбында
тұрақты тіркестерді қолдана отырып
ойтолғау жазу.
ІҮ. Жаңа материалды бекіту.
Тест тапсырмалары арқылы жаңа сабақ бекітіледі.
Ү. Үйге тапсырма беру.
Стильдің
түрлеріне байланысты сөйлемдер жазу.
Көркем әдебиеттен тұрақты тіркестер
қатысқан 10 сөйлем жазу.
ҮІ.
Бағалау
«Тұрақты тіркес» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
1. Қай тұрақты тіркес «әділ» деген мағынаны береді?
А. тонның ішкі бауындай
В.Ала жіпті аттамау
С.Он саусағынан бал тамған
Д.Қара қылды қақ жарған
Е. Мұрнынан шаншылу
2. Антонимдес фразеологизмдерді табыңыз.
А. Су жүрек – жүрек жұтқан
Б. Мойнына су кету- ит өлген жер
С. көз жұмды-жүріп кетті
Д. көзге түртсе көргісіз- тайға таңба басқандай
Е. Шашбауын көтеру- тақиясына тар келу
3. Қай тұрақты тіркестің мағынасы дұрыс көрсетілген?
А. мұрнын шүйіру-дәмелену
Б. Сөз беру- таң қалу
С. зығыры қайнау- өлу
Д. сілесі қату-әбден шаршау
Е. Сүттей ұйыды-келіспеді
4. Мағынасы синонимдес тұрақты тіркестерді табыңыз.
А. Бауыр басу-ақ саусақ
Б. Таяқ тастам жер- сүт қайнатым уақыт
С. Екі езуі құлағында-төбесі көкке жету
Д. Ит арқасы қиянда-маңдайының соры бар
Е. Көз ілмеу- көз шырымын алу
5. Идиомалық тіркесті тап
А. Жазда Асанбай ауылы осы төңіректің сай- саласын мекендейді
Б. Бұл өңірдің ауылдары алты бақан ала ауыз боп біріккен емес
С. Күз келісімен, бұлар қыстауға көшудің амалына кірісті
Д. Данагүл саумалы малдарды сатуға қарсы шықты.
Е. Шаруаның ісі бітпейтінін ол енді түсінгендей болды.
6. Мақал- мәтелден тұрақты тіркесті тап
А. Денсаулық – зор байлық
Б. Ештен кеш жақсы
С. Сабыр түбі сары алтын
Д. Оқу инемен құдық қазғандай
Е. Көп түкірсе, көл болады.
7. «Алыс» мағынасындағы идиомалық тіркесті тап
А. Ит жеккен
Б. Ер қашты
С. Асқар тау
Д. Көз аларту
Е. Ат арытып, тоң тоздырып
8. Бастауыш қызметіндегі тұрақты тіркесті тап.
А. Олар көптен бері қырғи қабақ болып, бір-бірін аңдысып жүр.
Б. Ауызы күйген үрлеп ішер
С. Олар суықта қалып, тісі-тісіне тимей жаурады
Д. Істің насырға шапқанын сезген Оспан сыртқа шығып кетті
Е. Ұяттан кірерге тесік таппаған бала қып- қызыл болып кетті
9. Тұрақты тіркесті тап.
А. Ырыс алды- ынтымақ
Б. Бойшаң кыз
С. Ат ізін салмау
Д. Туған жер
Е: Түйме тағу
10. «Маңдай тер» деген қандай мағына береді?
А. Үлгілі, озат
Б. Шаршау
С. Адал еңбек
Д. Қуану
Е. Бірлігі бұзылмау
11. «Билігі күшті» дегенді тұрақты тіркес түрінде қалай айтады?
А. қолы ашық
Б. Көз салу
С. жұлдызы оңынан туу
Д. құрығы ұзын
Е. Бас имеу
12. «Төбесі көкке жету» тұрақты тіркесінің мағынасын тап.
А. өкіну
Б. Қуану
С. ұйықтау
Д. ұшу
Е ойнау
13. Тұрақты тіркесті тап
А. қоян жүрек
Б. Адамның жүрегі
С. жүрегі соқты
Д. жүрегі лүпілдеді
Е. Жүрек ауруы
14. «Тез» деген сөзді тұрақты сөз тіркесі түрінде қалай айтады?
А. ит өлген жер
Б. Ауызға іліну
С қас пен көздің арасында
Д. дегбір таппау
Е. Еті тірі
15. «Тонның ішкі бауындай» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы
А. мықты
Б. өте жақын, өз адамындай
С. анық
Д. күш көрсету
Е. Оңай, жеңіл
16. «Әліңе қара» дегенді сөз тіркесі түрінде қалай айтады?
А. қаймағы бұзылмау
Б. Қабақ шытысты
С. көрпеңе қарай көсіл
Д. кежегесі кейін тартуЕ. Жер болу

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген