400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдебиет 5 сынып «Тәрбиенің қайнар бұлағы» атты бөлім бойынша жиынтық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге арналған, «Тәрбиенің қайнар бұлағы» атты бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып

5

Тақырыбы

Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»


Бөлім

«Тәрбиенің қайнар бұлағы»

Оқу мақсаты

5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу


Бағалау критерийі

Білім алушы

Кейіпкер бейнесін портреті мен іс-әрекеті арқылы ашады

Шығармадан алған әсерін өз пікірі арқылы жазбаша (авторға хат, өлең жазу) жеткізеді


Ойлау дағдыларының деңгейі


Жоғары деңгейлер

Орындау уақыты

20 минут


Тапсырма 1

Тірек сөздер мен өлең үзінділерін сәйкестендіре отырып, кейіпкер бейнесін ашатын коментарий жазыңыз. Оқулықтағы өлең жолдарына сүйеніңіз.


Өлең үзінділері

Тірек сөздер

Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?

Бозбала шақ, ғашықтық


Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?

Ел қорғаны

Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?

Жетімдік

Күрек тісін қасқайтып
Сұлу сүйер ме екенсің?

Орындалған арман

Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі жетерсің.

Тоқшылық

Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?


Үміт


Тапсырма 2. Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің берілген үзіндісінен қарама-қарсы суреттеулер мен салыстыра суреттеулерді тауып, екі бағанға тотырыңдар


Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобрымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды. Сауда етуге мал жоқ, барымтамен мал алсам, бір күндерде жау да бізден қуып алады, ақырында бұрынғылардың айтып кетуінше, жортуыл басы жолда қалса керек. Соның бәрін де шамалап қарап, ақыр бір қыялға түсіп, Сейітқұл әуелі мекен еткендей бір орын іздеді. Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төресіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады. Мына жақта Үргеніш, Қоқаннан, мына жақта қалмақтан шетірек және жаманшылық болса, қалың Қыпшақ деген руға жақынырақ екен деп, сол жерді ұнатып қайтқан соң, қысты өткізіп, жаздың жылы уақытында кедейлерді жалаңаш-жалпы көшіріп, Қабырға бойына алып келді. Сейітқұлдың бір ағасы бар еді, жол жүріп, ұрлық, барымтаны әдет еткен; інісінің қанша айтқан ақылына болмай, үш-төрт үймен жалғыз-ақ сол көшпей, ескі орны Түркістан жағында қалды. 




Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл


Білім алушы

Шығармадағы кейіпкер портреті мен іс-әрекетін ашады


1

1 үзіндіні сәйкестендіріп, кейіпкер бейнесін ашады

2 үзіндіні сәйкестендіріп, кейіпкер бейнесін ашады 3үзіндіні сәйкестендіріп, кейіпкер бейнесін ашады 4үзіндіні сәйкестендіріп, кейіпкер бейнесін ашады 5үзіндіні сәйкестендіріп, кейіпкер бейнесін ашады 5үзіндіні сәйкестендіріп, кейіпкер бейнесін ашады


1


1


1


1


1


1

Қарама-қарсы суреттеуді салыстыра суреттеуден ажырата алады..

2

1 қарама-қарсы суреттеуді табады

2 қарама-қарсы суреттеуді табады

1салыстыра суреттеуді табады;

2 салыстыра суреттеуді табады


1


1


1


1

Барлығы

10







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
8581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі