жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әдебиет 7сынып қазақ әдебиеті тақырыбы Жүсіпбек Аймауытов
Қостанай ауданы әкімдігінң білім бөлімнің «Давыденов негізгі мектебі» ММ
Қазақ әдебиет пәнінен сабақ жоспары
Тақырып: Жүспбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі.
Пән мұғалімі: Нұриева Айжамал Хамитқызы
Давыденов ауылы
2011ж.
Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов «Әнші»
Сабақтың мақсаты;
1.Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау,шығармасымен
таныстыру,әңгімедегі Әмірқан - өмірі мен өнері аңызға айналған әнші Әмре
Қашаубаевтың әдеби прообразы екенін түсіндіру, осы әнші туралы мағлұматтар беру.
Оқушыларды сол кездегі қаладағы жастардың өмірімен таныстыру.
2.Түсініп оқуды,шығармаға талдау жасауды дамыту; ойлау белсенділігін, ой-өрісін,сөздік
қорын молайту,мәнерлеп оқи білуге баулу.
3.Оқушылардың тілге, қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, мәтін арқылы
адамгершілікке, достыққа, ізеттілікке тәрбиелеу, өнерге деген сүйіспеншілігін
арттыру,өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ игерту
Сабақтың әдісі мен тәсілдері:сұрақ – жауап,түсіндіру,іздендіру, топпен жұмыс, өзара
жұмыс.
Сабақтың өту түрі: интеграциялық сабақ
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих, ән-күй
Сабақтың көрнекілігі: Ж.Аймауытовтың портреті,жазушының шығармалырының кітап
көрмесі,Әмре Қашаубаевтың бейнесі, топ атау карточкалар.
Сабақтың техникалық жабдықтандыруы: күй сандық, домра, күй таспа.
Сабақтың айдары: «Өнер,білім бәрі де оқуменен табылар»
(мақал).
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
-
Оқушылармен амандасу
-
Кезекшімен сұхбаттасу (оқушыларды түгендеу: сыныпта кім - кім жоқ)
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.
-
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту, сабақтың өту барысымен таныстыру.
Мұғалім: балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың таұқырыбы: Жүсіпбек Аймауытов. «Әнші», деп аталады.
Бүгін сабақта сендер Ж.Аймаутовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер аласыңдар,сонымен қатар кітап көрмесі арқылы жазушының шығармаларымен танысасыңдар, қазақтың ұлы әншісі Әмре Қашаубаевтың өнері туралы мәліметтер аласыңдар, әншінің әндерімен танысасыңдар.Мәтінге берілген жаңа сөздермен танысу арқылы сөздік қорларыңды молайтып, мәтінді оқи отырып, ауызекі сөйлеу, топпен жұмыс істеу қабілеттеріңді дамытып, жетілдіресіңдер. Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше түрде өтеді, яғни бұл сабақты бір емес бірнеше мұғалім өткізіп, осы тақырыпқа байланысты, өз пәндері арқылы сабақтың мақсатын ашуға бізге көмектеседі.
Бүгін сабақта үш топ болып бөлініп жұмыс істейміз:
1 топ – тарихшылар тобы
2 топ - әдебиеттанушылар
3 топ – сазгерлер, мәдениет - өнер зерттеушілері.
- балалар, сендер алдын-ала берілген тапсырмалар бойынша дайындалып келдіңдер,
бүгін сабақ барысында әр топ өздеріне берілген сала бойынша ізденіп,зерттеп
келгендерін ортаға салу арқылы жаңа сабақты игереді.
Сабақтың айдары: « Өнер, білім бәрі де оқуменен табылар» осы сөздердің мәнін сабақ
соңында дәлелдейміз.
II.Жаңа сабақ.
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- «Күміс көздік қап түбінде жатпайды» дейді халық даналығы. Бұл ой мен сөздің түпкісі сырына ден қойсақ,шын асыл,қымбат қазына қилы кезең,шытырман уақытта да сыны мен сипатын өзгертпейді. Біз мұны қоғамдық – саяси,мәдени-рухани өмірімізде демократиялық бағыт кең өріс алған бүгінгі шақта айқын аңғарамыз.
Бүгін төл әдебиетіміздің барлық жанрында өнімді еңбек еткен, «ел үшін күйген» Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы жан-жақты дәлел.
Ал,ендеше іске сәттеп сабақ тақырыбын ашуға кірісейік.
2.Сөз кезегін тарих пәнінің мұғалімі алады.
- балалар, жаңа ғана кірспе сөзінде менің әріптесім мынадай пікір айтты «қазіргі біздің өмірімізде демократиялық бағыт кең өріс алғанын айқын аңғарып отырмыз»,-деді.
Бірақ мұндай заман әр дәйім бола берген жоқ. Оған дәлел Ж.Аймауытовтың өмірі. Қазір тарихшылар тобы Ж.Аймауытов қандай тарихи заманда туып-өскені, қандай заман кешендерінен өткені туралы әңгімелеп береді.
«Тарихшы» тобы:
Ж.Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Қызылтау болысының бірінші ауылында туған.Өлеңді 13 жасынан бастап жаза бастаған.Әуелі ауыл модасынан сауат ашып,кейін орыс мектебіне түседі. 1911 жылы Керекуге келіп, екі сыныптық орыс-қазақ мектебіне орналасады. 1914 жылдан 1919 жылға дейін Семйдегі мұғалімдер семинариясында оқып, бітіреді, 1919-1929 жылға дейін «Қазақ тілі» газетінің редакторы,Шымкент педагогтік техникумының директоры болып қызмет етеді, т.б. қызметтерде болады.
1931 жылы репрессияға ұшырап,атылады.
* «тарихшылар» тобының бір оқушысы «репрессия» деген сөздің түсінігін береді.
Мұғалім: міне,балалар, «репрессия» ұшырап деген сөз Ж.Аймауытовтың қилы кезең, шытырман уақытта өмір сүргеніне көздерің жетіп отырғаншығар, -деп ойлаймын.
Мұғалім:заманның қиыншылығына қарамай жазушы өз қаламгерлік ісіне берік те батыл болды. Осыған дәлел келесі әдебиеттанушылардың ізденіп-зерттеп келген мәлімметтері.
«Әдебиеттанушылар» тобы.
1 оқушы:
Ж.Аймауытовтың қаламынан туған өлеңдеррі,прозалық,драмалық шығармалары,аудармалары мен тәлім-тәрбие тақырыбындағы еңбектері идеялық-көркемдік дәрежесі биік,көтерген мәселелері маңызды туындылар болып табылады.
Жүсіпбектің тағдыры ауыр,өмірі қысқа болғанымен,шығармашылық мұрасы өте бай.
Шығармашылығы әр жанрды қамтығанымен, дені прозалық еңбектеріден тұрады. Бұлардан басқа қаламгер балаларға арнап шығармалар,сондай-ақ әдеби-сын мақалалар жазды.
Ғылыми-педагогикалық ой-пікірлері Қазан төңкерісінен кейін өріс алды. Бұл ретте тәлім-тәрбиелік тақырыбы, оқу жүйесін жетілдіру мақсатындағы әдістеме,оқулық үлгілері кітап түрінде жарыққа шықты.Бұл тақырыпты Ж.Аймаыутұлы жекелеген мақалаларында көтеріп,ұлт тілі,сауатсыздықты жою сияқты мәселелрді,тәрбие-тағылымдарын жан-жақты баяндайды. Бұған қоса жастар тәрбиесіне саяси-ағарту үйірмесіннің ережесін жасайды. («Жас қазақ» журналы 1924ж., №5,6,7,8) ел арасында кездесетін ұлттық психологияға,
әдет- дағдыға жат құбылыстарды сын тезіне салады. Сөйтіп қоғамда бел алған,адам санасына ұялай бастаған жат қылықтарға рухани тұрғыдағы соққы береді.
2 оқушы: Ж.Аймауытұлының әр жылдардағы ұстаздық қызметі «Тәрбие жетекші» (1924ж.), «Психология» (1926ж.), «Жан жүйесі мен өнер таңдау» (1926ж.), «Комплекспен оқыту жолдары» (1929ж.), «Жаңа ауыл» (1929ж.,1930ж.) атты тәлім-тәрбиелік мәні жоғары еңбектерін жазуға септігін тигізді. Қаламгер аударма саласында да жемісті еңбек етті. Негізінен алғанда, Ж. Аймауытоұлының ағартушылық,жазушылық,ғалымдық қырлары – бірінен – бірін бөліп қарауға келмейтін өзара тығыз байланысты,біртүтас әлем. Қаламгердің ұстаздық жолы да үйренерлік,үлгі аралық ғибрат мектебі болады.
Тарих мұғалімі: балалар, қазақ әдебиетіндегі жекелеген қаламгерлер өмірі мен шығармашылығы әр кез сөз етіліп,зерттеу нысанасы болғаны белгілі.Осы орайда, Ж.Аймауытұлының есімі мен еңбегі 1920-1930 жылдары әр қилы сөз етіліп,бағаланғалы болмаса арнайы зерттеу жүйесіне айналмаған еді. Бұл түсінікті де «халық жауы» атанып,атылып кете барған асыл ердің шығармалары сөрелерінде жатты.
Ал бүгінгі таңда еліміз тәуелсіздік алып, қоғамдық-саяси,мәдени-рухани өмірімізде демократиялық бағыт кеңінен өріс алып жатқанды сендерге осы қазақ әдебиетіміздегі осыдай нақты зерттелмеген салаларды зерттеуге мүмкіншілік туып жатыр. Ізденіңдер,зерттеңдер танылмағанды өсіп келе жатқан ұрпаққа танытыңдар!
«Әдебиеттанушылар» тобы.
1 оқушы: Ж.Аймауытұлының қалған әдеби мұрасы өте бай. Міне мына шағын кітап көрмесінде сендерді таныстырып кетейін деген мақсатпен жазушының мынадай шығармаларын атайын: «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, «Рабиға», «Мансапқорлар», «Ел қорғаны», «Қанапия-Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы.
Сонымен қатар балаларға арналған ертегі кітапшалары,сын мақалалары мен көптеген аудармалары,оқулықтары бар.
III.Жаңа сабақты пысықтау.
Әдебиетпәні мұғалімі:
- балалар,бүгінгі сабағымызда біз Ж.Аймауытұлының «Әнші» деген әңгімесіне талдау жүргіземіз. Сендер алдын-ала үйге берілген тапсырма бойынша осы әңгімені оқып келдіңдер. Сондықтан сендергі ең бірінші сұрақ мұндай:
(тақтада мәтіннің маазмұнын ашуға байланысты сұрақтар ілулі тұрады)
1.Жетішатыр қандай қала?
2.Бұл қала қазір қалай аталады?
3.Шәкет кім?
4.Студенттер әншіні қандай мейрамға шақырды?
5.Әншінің аты кім?
(оқушылар қысқша осы сұрақтарға жауап береді)
Әдебиет мұғалімі:
- Әңгіменің бас кейіпкері Әмірқанның прототипі кім деп ойлайсыңдар?
Оқушы: қазақтың белгілі әншісі,күміс көмей Әмре Қашаубаев.
Ән-күй пәні мұғалімі:
- жақсы,отыра ғой дұрыс айттың.
- ал, балалар, осы күміс көмей Әмре Қашаубаев туралы сендер не айталасыңдар?
«Мәдениет-өнер зерттеушілер» тобы.
1 оқушы: Әмре Қашаубаев – қазақтың атақты әншісі (1888 – 1934ж.) өмір сүрген. Туған жері - Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең алабы. Шыққан тегі – Орта жүз, тарақты руы.Кедей шаруа жанұясында туып-өскен. Жастайынан әншілік өнерпаздармен жұрт аузына ілігіп,ел аралап ән салып, қараөткелдік Сәтмағамбет,Ғазиз, баянауылдық Жаяу Мұса,Қали Байжанов, кереуілік Майра Уәлиқызы сияқты арқылы әншілермен танысып,өнері одан әрі шындай түседі.
2 оқушы: 1924 жылы Семейде өткен өнерпаздар байқауында Қалимен бірге бас жүлдеге ие болады.. Мұнан соң оның даңқы алысқа жайылып,1925 жылы парижде өткен Дүниежүзілік көрмеде болған этнографиялық концертте екінші орын алып, күміс мадальге иеленеді.Содан соң Москвада,Герамния қалаларында қойылған коцерттерге қатысып,ерекше көзге түседі, қазақтың өресі биік әншілік өнеріне әлем тыңдаушыларының көзін жеткізеді.
Әдебиет пәні мұғалімі:
- балалар,осы сөзді дәледеу үшін «Әнші» мәтінінен Әмірқанның ән айтқандағы бейнесін тауып оқып беріңдер. (оқушы 57б. мәтіннен үзінді оқиды)
3 оқушы: Әмре 1925 жылы Қызылордада ашылған жаң театр труппасына қабылданады.Өмірінің соңына дейін театрда әнші-артис болған. Әмре «Еңлік-Кебекте» Жапалдың, «Айман-Шолпанда» Жарастың рөлін ойнайды..Концерттерге жиі-жиі шығып,халықтың ән өнерін насихаттауға айрықша үлес қосады.
Ән-күй пәні мұғалімі: иә,балалар,Әміренің әншілік өнері А.В.Луначарский,А.В. Затаевич,Г.Любимов сияқты өнердің парқын терең білетін мамандар тарапынан жоғары баға алған.
Ән-күй пәні мұғалімі: Әмре Қашаубаевтың әншілік өнерін, репертуарын әр қарай жалғастырған қазіргі кезеңде қандай әншілерді білесіңдер?
Оқушы: қазақтың «Ағаш аяқ», «Үш дос», «Қос барабан», «Қызыл бидай» сияқты классикалық әндері Әмре айтқан үлгі-өнегемен орнығып,кейінгі әншілердің репертуарларынада жалғасын тауып келеді.Бұл ретте Ж.Елебеков,М.Ержанов,Ж.Кәрімов,Қ.Байбосынов,М.Ешекеев,Б.Тілеуханов сияқты жез таңдай әншілердің Әмре өнерін жалгастырушы лайықты ізбасар болғанын атап айтқан жөн.
Ән-күй пәні мұғалімі:
- ендеше,балалр,кезекті осы Әмренің ізбсарлары берейік.Қазір біз күй-таспадан Қ.Байбосыновтың орындауында «Қызыл бидай» әнін тыңдап, тамашалайық. (күй таспа ойнайды).
Қазақ тілі пәні мұғалімі: мәтінде тілге байланысты да тапсырмалар бар осы тапсырмаларды орындайық.
* Өздік жұмыс.
1.59б. 6-шы тапсырма. Әр топ мәтіннен үш қос сөзден тауып дәптерлеріне жазады.
2.59-60 б. 7-ші тапсырма. Мәтінді пайдаланып «Тарихшылар» тобы – 1,2
«Әдебиеттанушылар» тобы – 3,4
«Мәдениет - өнер зерттеушілер» тобы – 5,6 сөйлемдерді аяқтап
жазады.
IV.Сабақты қорытындау:
1.Ж.Аймауытұлы туралы не білдіңдер?
2.Негізгі шығармаларын атап беріңдер
3.Әңгіменің негізгі кейіпкерлерін атаңдар.
Мұғалім сөзі. Балалр,сабақ басында мен сендерді сабақтың айдарымен (эпиграф)
таныстырап кеткенмін. Ал енді сабағымызды аяқтай келе қазақ халқының
даналық сөзінің жан тіршілігі бар екеніне көздерің жетті ме?
Оқушы: әрине, жетті. Оқусыз өнер де білім де болмайды. Әмре Қашаубаевта
консерватория бітірмесе де, өз заманының ұлағатты ұстаздарынан тәлім-тәрбие
алып атақты әнші болды.
V.Бағалау.
VI.Үйге тапсырма: «Ән көңілдің ажары» деген тақырыпқа шағын эссе жазып келіңдер.
VII. Рефлексия: (тақтадағы сұрақтарға жауап беру)
1.Сабақ маған ұнады (немен?), ұнаған жоқ (неге?)
2.Сабақ тақырыбының маған немен әсер етті? – пікір алмасу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген