Батыс Қазақстан
облысы
Қаратөбе ауданы
Жамбыл
ЖОББМ
Олжатаева Камшат Хамзақызы
Тақырыбы: Әдебиет
білгірлері
Мақсаты: көркем әдебиетке
деген оқушылардың сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру, әдеби
кейіпкерлер дүниесімен тереңірек танысу, оқушыларды ұлтжандылық
рухқа, ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу, ой ұшқырлығына
баулу.
Көрнекілігі: слайдтар,
қанатты сөздер
Техникалық құрал-жабдығы:
компьютер, интерактивті тақта
Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн,
қадірменді ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушылар! Бүгінгі
сайысымызға қош келдіңіздер!
«Әдебиет-сөз өнері». «Әдебиет-әсемдік әлемі». Әдебиетті
ұлағатты адамдар адамтану құралы» десе, біз «адам тәрбиелеу құралы»
дер едік. Өйткені әдеби шығармаларды оқи отырып, сөз маржанының
қыр-сырын игеріп қана қоймай, өмірдің ең қымбаттысы, ең
асылы-жақсылық пен ізгілікті үйренеміз. Әдебиет-еш уақытта көзге
көрінбейтін сезім қырлары арқылы ақыл иесі-адамды өз ырқына жетелей
алатын қасиетті дүние. Біздің бүгінгі ойынымызда осынау қасиетті де
киелі әдебиетке жаны құмар жандар бақ сынағалы отыр.
Ойыншыларымызға әділ төрелік ететін әділқазылармен таныс
болыңыздар.
-
Қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Мейрамгүл Нұрымғалиқызы
2.Тәлімгер Гүлім Жасұланқызы
Сайысқа «Жалын» және «Болашақ» тобы қатысқалы отыр.
-Қазір біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп,
өлеңдермен, мақал мәтелдермен өрнектеп өнерімізді ортаға
салайық.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл
бәйге ойдың бәйгесі
Кім
жүйрік ойға, сол алда,-дей отырып ойынымызды бастаймыз. Алдымен
жоспармен таныс болыңыздар.
Жоспары:
І. “Таныстыру”
ІІ.Бәйге
ІІІ. .”Ұтқыр болсаң, тауып көр”
ІV. “Шешендік сайыс”
V. Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы
VІ. Сиқырлы ұяшықтар
VІІ. “Жүйрік болсаң, озып көр”
Ендеше І бөлім
«Таныстыру». Әр топ өздерін
таныстырып, ұрандарын айтады.
Әділқазылардан бағасын сұраймыз.
ІІ кезең «Бәйге» деп
аталады.Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан
беріледі.
Әділқазылардан осы кезең бойынша бағасын сұраймыз.
ІІІ кезең «Ұтқыр болсаң, тауып
көр!»
Көркем шығарманы оқу бар, оны зердеңе тоқу да
бар. Дәл қазір ойыншыларымыздың әдебиет сабағынан оқыған көркем
шығармаларды қаншалықты көңілге тоқығандарын сынамақшымыз. Ендеше
ұтқыр болсаңыздар, тауып көріңіздер.
Әділқазылардан бағасын сұраймыз.
ІV. “Шешендік сайыс
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де,
Ғабит мүсірепов айтқандай «Батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына
қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын бізге
жеткізуде». Ендеше сендердің де шешендіктеріңді тамашалайтын
боламыз. Бұл сайыста, берілген өлеңнің бір жолын оқимын, ары қарай
жалғастырып, және авторын табуларыңыз керек.
Әділқазылардан бағасын сұраймыз.Әр өлеңге 10
ұпайдан беріледі.
V. Өлеңге әркімнің-ақ
бар таласы
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»
Сонда
да солардың бар таңдамасы
Іші
–алтын, сырты-күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы»-деген екен. Олай
болса сөз жақсысын келістіру кезегі сіздерге келіп отыр. Абай
атамыз айтқан талапқа сай бір шумақ өлең құрастыруды сіздердің
шеберліктеріңіз шешеді.
Әділқазылардан бағасын сұраймыз.
VІ. Сиқырлы ұяшықтар
Бұл кезеңде 4 бағыт берілген.Әрқайсысында 5
сұрақтан 20 сұрақ бар.Қай ұяшықты таңдайтындарың еріктеріңде.Дұрыс
жауапқа сол ұяшықтағы санның балы қосылады.
Ауыз Әдебиеті
10-Бата дегеніміз не? Оны кім береді? Қайда
беріледі? (ақ ниетпен айтылған жақсы тілек, жылы лебіз.Көпті көрген
ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер, кемеңгер даналар, аузы дуалы
би-шешендер,, молдалар береді.Дастарханда, Сапарға аттанарда
т.б)
20-Айтыстың түрлерін ата? (Жар-жар айтысы, бәдік айтысы, жануар мен
адам айтысы, өлі мен тірі айтысы, жұмбақ айтыс, салт айтыс, осы
күнгі айтыстар.)
30-Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде? (Мақалда ой нақты, ал
мәтелде ым, ишара түрінде тұспалдап жеткізіледі.)
40-Аңыз –әңгіме кейіпкерлерін ата? (Асан қайғы, Жиренше, Алдар
көсе, Қожанасыр, Қорқыт, Жошы хан)
50-Шешендік сөздің жанрлық түрлері (Шешендік арнау, Шешендік
толғау, Шешендік дау)
ХІХ ғасыр әдебиеті
10-1803-1846 жылдары өмір сүрген 1836-1838 ж шаруалар көтерілісінің
басшыларының бірі?(М.Өтемісұлы)
20-«ХІХ ғасырдағы Жетісі ақындарының алтын
діңгегі» атанған ақын.(С.Аронұлы)
30-1864 жылы Торғайда өзінің мектебін ашып, 14 бала қабылдаған
жазушы, ақын, ағартушы –ұстаз? (Б.Майлин)
40-
«Қалқаман-Мамыр», «Ләйлі-Мәжнүн», «Еңлік-Кебек» поэмасының авторы?
(Ш.Құдайбердиев)
50-1913-1918 жж «Қазақ» газетінің бас редакторы қызметін атқарған
ғалым, ақын,қоғам қайраткері, түркітанушы? (А.Байтұрсынов)
ХХ
ғасыр әдебиеті
10-Оқиғасы жарты ғасырды қамтитын, әлемнің 30 тіліне аударылған
еңбегі бар жазушы кім? (М.Әуезов)
20-БҚ
облысының Ақжайық ауданында дүниеге келген «Ақ Жайық»
триллогиясының авторы? (Х.Есенжанов)
30-Ж.Молдағалиевтің «Кісен ашқан» поэмасы кім
туралы? (Құрманғазы )
40-Қадыр Мырза Әлидің айтуынша қай сан қасиетті? (7)
50-Б.Бұлқышев «Шығыс ұлына хат» атты шығармасын қай стильмен
жазған? (публицистикалық)
Салт-дәстүр
10-Бесік жыры дегеніміз не?
Бір шумағын айтып бер. (бесіктегі нәрестеге
айтылатын тәрбиелік мәндегі өлең.)
20- Үш арысты ата
Сәкен,
Бейімбет, Ілияс.
30-
Наурыз көженің құрамын ата.
1.
Тұз.
2.
Су.
3.
Ақ. (Құрт, қатық, айран).
4.
Ет (Соғымнан қалған).
5.
Кеспе.
6.
Бидай (келіге түйген).
7.
Күріш не тары.
40-
Үш кемдікті ата
1.
Надандық.
2.
Еріншектік.
3.
Зұлымдық.
50- Жеті жетімді атап
бер.
Тыңдамаған сөз жетім.
Киюсіз
тозған бөз жетім.
Иесіз
қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім. Аққу, қазсыз көл жетім.
Жерінен айрылған ел жетім.
Замандасы қалмаса
Бәрінен де сол жетім.
Әділқазылардан бағасын сұраймыз
Соңғы шартымызға да келіп жеттік.
VІІ. “Жүйрік болсаң, озып көр”
Бұл кезеңнің ережесі бағандағы берілген төрт
сөздің бірін алып, берілген сөзге сәйкес жұбын табуы шарт,
нәтижесінде мақал-мәтел шығуы тиіс.Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан
беріледі.
Сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін Мейрамгүл
Нұрымғалиқызына береміз.
Қорытынды.
Бүгін әдебиетті шын сүйетін жандармен шын жарыс
өтті.Бәйгеде оза шапқан топты шын жүрегімізден құттықтаймыз.
Сіздерді де құрметті көрермен, осы ойын алаңының төрінде асыға
күтеміз. Келесі ойынға қатысушы , мүмкін, сіз боларсыз.
Сау-саламатта болыңыздар!