400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Әдебиет көшбасшысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 9-11 сынып оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Әдебиет көшбасшысы»
Мақсаты: Білім алушылардың әдебиет пәнінен өтілген материалдарды меңгеруін, білім деңгейін тексеру.
Міндеттері: 1) Білім алушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыру; 2) ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу; 3) оқулық пен қосымша материалдар деректерін пайдаланып, ғылыми - танымдық әрекеттерін жетілдіру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, саңдық белгі.

Сайыстың өту барысы.
1. Сайысқа қатушыларды қазылар алқасымен, сайыс шарттарымен таныстыру.
1 - кезең: «Бәйге»
10 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 4 жауап келтірілген. Дұрыс жауапты бірінші болып айтқан оқушыға 10 ұпайдан беріледі. Ең төмен ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.
2 - кезең: «Дода»
4 тақырып беріледі. Әр тақырыпқа 5 сұрақтан бар. Оқушы таңдаған тақырыбының 5 сұрағына жауап беруі керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Ең төмен ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.
3 - кезең: «Жорға»
3 тақырып беріледі. Әр тақырыпқа 20, 30, 40 ұпайлық 3 сұрақтан бар. Оқушы өзі қалаған сұрағына жауап береді. Сайыс соңында ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз болып саналады.
І кезең: «Бәйге»
1. Абай өлеңі:
А) «Өгіз бен бақа»
* Ә) «Ғылыми таппай мақтанба»
Б) «Қысқа жолда»
В) «Ақсақ киік»
2. Мұқағали өлеңі:
*А) «Фантазия» Ә) «Отырар»
Б) «Сен ақылды болсаң екен» В) «Толағай»
3. Әдеби ертегіні тап.
А) «Қырық өтірік»
Ә) «Ер Төстік»
Б) «Аяз би»
* В) «Толағай»
4. Ахмет Байтұрсынұлының туған жылы:
А) 1893 жылы *Ә) 1873 жылы
Б) 1846 жылы В) 1889 жылы
5. Жамбылдың «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі кімге арналған?
А) Немересіне Ә) Әйеліне
Б) Баласына В) Келініне
6. Мұхтар Әуезовтің туған жылы:
*А) 1897 жылы Ә) 1900 жылы
Б) 1911 жылы В) 1894 жылы
7. «Бандыны қуған Хамит» әңгімесінің авторы кім?
А) Мұхтар Әуезов Ә) Мағжан Жұмабаев
Б) Сәбит Мұқанов В) Сәкен Сейфуллин
8. Абайдың туған жері:
А) Қостанай облысы * Ә) Семей облысы
Б) Қызылорда облысы В) Ақтөбе облысы
9. «Көксерек» повесінің авторы кім?
А) Абай Ә) Ыбырай Алтынсарин
*Б) Мұхтар Әуезов В) Ахмет Байтұрсынұлы
10. Көркем әдебиеттегі табиғат көркін суреттеу не деп аталады?
*А) Пейзаж Ә) Портрет
Б) Кейіптеу В) Әсірелеу

ІІ кезең: «Дода»
1. Халық ауыз әдебиеті
1. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата.
2. Қаз - қаз, балам, қаз, балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауынды кесейін.
Қандай жыр?
3.«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» қандай жырға жатады?
4. Елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері.
5. «Ер Төстік» ертегісіндегі кейіпкерлерді ата.
2. ХІХ ғасыр әдебиеті
1. «Аягөз, қайда барасың?» кімнің өлеңі?
2. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінің авторы кім?
3. Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Кімнің өлеңі?
4. Махамбет Өтемісұлының «Тарланым» өлеңі кімге арналған?
5. «Өзен» өлеңінің авторы кім?
3. ХХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет
1. «Шәкірт ойы» өлеңінің авторы кім?
2. «Өгіз бен Бақа» мысалының авторы кім?
3. Адамдық борышың -
Халқыңа ең қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, өзін біл. Кімнің өлеңі?
4. Жүсіпбек Аймауытұлының «Әнші» әңгімесі кім туралы жазылған?
5. «Өтеген батыр» дастанының авторы кім?
4. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет
1. «Ананың анасы» әңгімесінің авторы кім?
2. «Даңқың қайда төске өрлеген?
Екі жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кіп-кішкентай Отырарды ала алмау....
... Тек жеңіспен көзін ашқан
Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба...»
Кімнің өлеңі?
3 «Сен ақылды болсаң екен» өлеңінің авторы кім?
4. Сәбит Мұқановтың автобиографиялық романын ата.
5. Білем сені, сүйем сені,
Сыр сұлуы қарт анам!
Сенсің мені әлдилеген,
Туған сенен - мен балаң! Кімнің өлеңі?

ІІІ кезең: «Жорға»
1. Әдебиет теориясы
1. 20 ұпай. Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін - кейпін, жүріс - тұрысын суреттеуді не деп атайды? (портрет)
2. 30 ұпай. Табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейпінде суреттеу тәсілін не деп атайды? (Кейіптеу)
3. 40 ұпай. Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлеуі не деп аталады? (Диалог)
2. «Өлең - сөздің патшасы»
1. 20 ұпай. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы - ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Кімнің қандай өлеңінен үзінді?
2. 30 ұпай. Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім, жалын атқан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді
Тербетіп, тулатын бір қозғайын да...
Кімнің қандай өлеңінен үзінді?
3. 40 ұпай. Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар!...»
Кімнің қандай өлеңінен үзінді?
3. Кейіпкерлер әлемі
1. 20 ұпай. «- Уәзірлерім! Сендер қырқың да асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманы, құстың жаманын және шөптің жаманын тауып әкеліңдер». Қай ертегідегі кімнің сөзі?
2. 30 ұпай. «Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін?! Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар - жоғары идеялы есімдер». Кімнің қай шығармасындағы кейіпкердің сөзі?
3. 40 ұпай. «Биыл оның жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол - аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет - бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала - бозбаланың қалпына бейімделген». Қай кейіпкердің портреті?

4. Сайысты қорытындылау:
1. Сайыс жеңімпазын анықтау. 2. Марапаттау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 тамыз
887
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі