400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Әдебиет көшбасшысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйірме мүшелерін шапшаңдыққа, білімділікке, тапқырлыққа баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сайыстың мерзімі: 19.11.2024ж


Сайыстың тақырыбы: «Әдебиет көшбасшысы»сайыс сабақ

  • Сайыстың мақсаты: Үйірме мүшелерін шапшаңдыққа, білімділікке, тапқырлыққа баулу. Ой-өрісін ,ойлау қабілетін дамыту. 
    Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар 
    Сайыстың барысы: І.Ұйымдастыру 
    Кіріспе сөз : Құрметті ұстаздар, үйірме мүшелері! Бүгін сыныпта«Әдебиет әлемі» атты сайысымыз болады. Сайысқа қатысатын үйірме мүшелерін ортаға шақырамыз.
    Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады.

1 - кезең: «Бәйге»
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
3 - кезең: мақалдардың жалғасын табу
4 - кезең: «Адасқан әріптер


 І - кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа жауап беріледі I топ«Бірлік»
1. 16 желтоқсан қандай мереке?
2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім?
3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар?
4. Тудың авторы кім?
5. «Кел балалар оқылық» өлеңін жазған жазушы?
6. Екі тәулікте неше сағат бар?
7. Қазақтың ұлы ақыны?
8. Қазақ әліпбиінің жиындығын не деп атайды?
9. Қазақ ханы кім? ( Абылай хан )
10. Атақты қазақ күйшісі кім? ( Құрманғазы )


IIтоп«Достық»

  1. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар
2. Абылайдың шын аты кім?
3. Абайдың анасы кім?
4. Жаңа әнұранның әнін жазған кім?
5. Қ.Р. тәуелсіздігі қашан жарияланды
6. Түнде аспанда не жарқырайды?
7. Мақалды аяқта   Жүз теңгең болғанша,.....
8. Алғаш мектеп ашқан қазақтың ағартушы 9.Алфавитте қанша дыбыс қанша әріп бар? 10. Абай Құнанбаеватың шын аты кім?
I топ«Бірлік»
II кезең.Жеті жұрттың тілін біл сайысы. «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл»кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет.

1. Қабат – қабат қаттама
Ақылың болса аттама.
2. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын.

3. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады.
4. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.

IIтоп«Достық»


1. Әй, керемет бір ит бар

Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді.

2. Жеті қазынаның бірі –
Адамды қорып жүретін досы.

3.Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен.

4. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы.


III - кезең: Бұл ойында мақалдардың жалғасын табу керек.Егерде дұрыс жауап бере алмаса ұпай саны есептелмейді.Бұл ойында да 10 мақал беріледі.

I топ«Бірлік»

1 Өнер алды-бірлік,ырыс алды-........ (тірлік)
2. Ата-баланың ...... (қорғаны)
3. Көппен көрген-...... (ұлы той)
4. Талабы жоқ жас-...... (қанаты жоқ құс)
5. Ерінбеген елекпен ...... (су ішер)
6. Досы жоқ адам -...... (тұзы жоқ тағам)
7. Еңбексіз өмір-...... (сөнген көмір)
8. Еге білсең,егін...... (тасқа да бітеді)
9. Білекті бірді жығады ......
(білімді мыңды жығады)
10. Өнер алды ...... (қызыл тіл)

IIтоп«Достық»


  • 1 Мектеп кеме, білім ………..(теңіз, море, sea)
    2. Қорада малың болсын, көше……….(талың, дерево, tree)
    3. Адам көркі шүберек, ағаш көркі………….(жапырақ, лист, foliage)
    4. Өнер ағып жатқан бұлақ…………жанып тұрған шырақ.(білім, знание)
    5. Жалғыз кірпіш қорған болмас, жалғыз ағаш…….. болмас.(орман, лес, forest)
    6. Бабалар еккен шынарды,…………. саялар(балалары, дети, children)
    7. Қыз өссе елдің көркі, ………. өссе жердің көркі.(гүл, цветок, flower)
    8.
    Біреуге мал қайғы, біреуге……… қайғы.(жан, душа, soul)
    9. Мақтаның анасы жер, атасы -………..(су, вода, water)
    10. Жақсыменен жолдас болсаң жетерсің.......жаманменен жолдас болсаң

    шм IV - кезең: «Адасқан әріптер» бұл кезеңде үйірме мүшелері берілген әріптерден сөйлем құрастырады.-0i

  • Қорытынды. Бүгінгі «ӘДЕБИЕТ КӨШБАСШЫСЫ» атты сайысымыз аяқталды.Ендігі сөз қазылар алқасына береміз.Үйірме мүшелерінің белсенді атанғанын марапаттау



















ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Сайыс сабақ

Тақырыбы:«Әдебиет көшбасшысы»сайысы







«Жас қаламгер» үйірмесінің жетекшісі: Мырзамұратова Р Ө














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.02.2025
222
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі