
Әдебиет сабағында
оқушыларды шығармашылыққа баулу.
Ұстаз болу-жүректің
батырлығы,
Ұстаз болу- сезімнің
ақындығы.
Ұстаз болу-мініздің күн
шуағы,
Азбайтұғын адамның
алтындығы-
деп, Ғафур Қайырбеков ағамыз
жырлап өткендей, мен шәкірттер алдына әр сабағыма кіргенде өзімді
сондай бақытты сезінемін. Себебі, мен өмірде мамандық таңдаудан
адаспаған жанмын.
Оқушылар шығармашылығын
дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Оқушыларды шығармашылық
жұмыстарға жетелеуде әдебиет пәнінің атқарар рөлі ерекше. Қолына
қаламын алып, жүрегіндегі сырларын,айтар ойларын жазып, «апай,
мынаны көріңізші»- дейтін оқушылар өте көп
кездеседі.
Өлеңге әркімнің-ақ бар
таласы,
Сонда да солардың бар
таңдамасы,
Іші алтын, сырты күміс сөз
жақсысын,
Қазақтың келістірер қай
баласы- деп,
Абай атамыз айтпақшы,
оқушылардың жазған дүниелерін сеніңкі өлең емес, сенен ақын
шықпайды-деп айтуымыз дұрыс емес.
Талаптың тұлпарына мінген
оқушылардың жігерін құм етпей, тек алға қарай қамшылау-біздің алға
қойған негізгі мақсатымыз деп білемін. Осы орайда, оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамытуда,ақындық дарынын ашу барысында,
әрбір оқушының сөз байлығын молайту, өлеңдерді мәнерлеп дұрыс айта
білу, көп оқып, көп іздендіру, өлең мағынасына, ұйқасына көңіл
бөлу, өз ойларын ашық жаза білуде көбірек жұмыс істеп, оның
нәтижесін оқушылардың жазған дүниелерінен көріп жүрмін десем
қателеспеймін.
Барлығы бірдей ақын жанды
болмаса да талпынған шәкірттерден әжептеуір өлең жолдары шығады.
Жаңа сабақта «Апай мен әжеммен қосылып жазып келдім, әкем
көмектесті»-деп қуанған шәкірттер жүзінде сондай бақытты сезімдерді
байқадым.
Оларды поэзия әлемінің нәріне
сусындату барысында ұйқас құрауға машықтандыра отырып, өлең
өлкесіне жетелей беруіміз керек.
Болмасаң да ұқсап бақ-деп ұлы
Абай атамыз айтқандай, бір оқушым «Ақын болғым келеді» деген кітап
шығарсам бола ма?- деп, сұрақ қойғаны да бар. Неге болмасқа?
Талпынған еңбек пен талаптың арқасында дарынды оқушыдан ертеңгі
күні үлкен нәтиже шығатынын оқушыларыма түсіндіріп
келемін.
Қорыта айтқанда, оқушылардың
шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда әр түрлі
шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп
шығармашылық ой-өрісін дамытуда алатын орны ерекше. Сондықтан әр
пән мұғалімі әр сабағында өзіндік мақсат қойып, сол арқылы
шәкірттердің пәнге деген қызығушылғын арттыру мәселесіне көңіл
бөлгеніміз артық болмас.
Поэзияны жанындай жақсы
көретін, қадірлейтін, жүрегімен жатқа әрі мәнерлеп жақсы оқи
білетін ұрпақ тәрбиелеп шығаруда ешқашан шаршамай қызмет ете
берейік.
ОҚО Мақтарал ауданы,
Асықата кенті «Н.Төреқұлов атындағы
№121 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Тультаева Перуза Альмахановна
Оқушыларымның әр түрлі
тақырыпта жазған өлеңдерін сіздерге ұсынып
отырмын.
Эльмира
апайға.
Ұстазым менің Эльмира
апай
Білімі көп, мінезі көркіне
сай.
Баласындай бізді
аялаған
Ұстазым әрқашан аман
болғай.
Нақып Әсел 5 «Б» сынып
оқушысы
Анашым.
Ақ сүт беріп, аялаған
анашым,
Бар жақсыны аямаған
анашым.
Еңбек етіп тәрбиелеп
өсірген,
Осы күнге жеткіздің сен
анашым.
Бұзық болсам кешірген
мейірімді анашым,
Күлімдеген көздерінен нұр
жаудырған анашым.
Аитимова Аружан 5 «Б» сынып
оқушысы
Достығымыз ешқашан
арылмасын.
Достығымыз ешқашан
арылмасын,
Пейіліміз кеңейсін
тарылмасын.
Жиі – жиі бас қосып сыр
шертіссек
Жүрегіміз қалайша
жарылмасын
Күніміз күлкілі бола
берсін,
Қуанышқа көңіліміз тола
берсін
Нұрлы аспан астында
аясында
Басымызға бақ келіп қона
берсін.
5 «Б» сынып оқушысы Өскенов
Нұрдәулет
«№121 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәні
мұғалімі Төлтаева Перуза