Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдебиетті оқытудың әдістемесі мен қазақ әдебиетнің маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада әдітменің не екендігіне жанөжақты анықтама берілген. Содан кейін ғана әдебитті оқытудың маңызы мен әдістемесіне байланысты автор пікірі мен ғылыми мәліметтер келтірілген. Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың қоғамдық маңызы сипатталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиетті оқытудың әдістемесі мен қазақ әдебиетнің маңызы

(Өмірзақ Сезім Бахытжанқызы Алматы қаласы, Бостандық ауданы №73 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі)

XXI ғасыр – инновация ғасыры. Техника дамыған сайын қоғамда мәлімет алудың жылдамдығы еселеп артып келеді. Осындай жылдамдықта дамып, қалыптасып, білім алатын оқушыларға білімді игертуден бұрын, сол салаға назарын аудартудың өзі маңызды дүниеге айналуда. Ғаламның баса назары техникалық бағытқа ауып отырғанда, біздерге, мұғалімдерге, оқушының гуманитарлық пәндерге деген қызығушылығын ояту аса қажет. Баланың бойына техникалық білім мен гуманитарлық білімді қатар сіңіре алсақ, елдің болашағы жарқын болары сөзсіз. Техниканың дамуымен қоса кез-келген тілде білім алу, шығарма оқу мүмкін болып отырған уақытта қазақ әдебиетінің төл туындыларын, төл шығармаларын оқушыға таныстыру, оқыту және қызығушылығын оятуда жай сабақ өтумен ғана шектелмей, мұғалім дұрыс оқыту әдістерін меңгеруі қажет.

Оқыту әдістемесі – оқушыларға білім беру, танымын арттыру және дамыту, дағдыландыру мақсатында оқытушылардың қолданатын тәсіл-амалдары мен құралдарының жиынтығы. Бұл ұғымның анықтамасы мен әдістерді жіктеу турасында педагог ғалымдар арасында ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, И.Ф. Харламов оқыту әдістемесіне оқу материалын игеруге бағытталған түрлі дидактикалық міндетті шешу мақсатындағы оқытушы жұмысының және оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру тәсілдерінің жүйесі деген анықтама береді. Ю.К. Бабанскийдің пікірінше, ол оқу міндеттерін орындауға бағытталған оқытушы мен оқушылардың тәртіпке келтірілген өзара байланысты қызметі. Т.А. Ильина оқыту әдістемесін оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру жолдары деп біледі. Оқыту әдістері оқу құралдарының көмегімен іске асады. Оқу құралдарына оқу кітаптары (оқулық, анықтама, есептер жинағы, сөздіктер), көрнекі құралдар (кесте, сызба, сурет, альбом, фотосурет, карталар) және техникалық құралдар (үнтаспа, бейнетаспа, компьютер) жатады. Бүгіндері oқыту әдістемесі атауын оқыту технологиясы атауы ығыстырып келеді.

Барлық ғылыми пәндер дүние тануға, адамның таным білігін қалыптастырудағы әсер-ықпалымен белгіленеді. Әр ғылым бұл міндетті ӛзінің материалының көлеміне, зерттеу тәсіліне байланысты шешеді. Ал әдебиеттің әдістемесі үлкен материалмен, яғни адамға қатысты жұмыс істейді. Адамды оқыту және тәрбиелеу – қай ғасырда болсын ең маңызды міндеттің бірі. Сонымен қоса, тек тәрбиелеп қоймай, бәсекеге қабілеттілігін қатар қалыптасытру қазіргі білім беру саласының негізгі міндетіне айналған.

Әдебиет мұғалімі жұмысының мазмұны, мақсаты мен міндеттері негізінен әдебиет пәніне арналған бағдарламаларда белгіленген. Әр бір мұғалім оқу жылының басында жұмысына баланы оқыту жұмысына кіріспес бұрын өзі сабақ беретін пәннің міндеттерімен, бағдарламасы мен мазмұнымен, әдістемелік нұсқаулықтармен танысып шығуы керек. Соның ішінде әдебиетті оқыту тек дайын нұсқаулықтармен танысумен ғана шектелмейді. Сол материалған сын көзімен қарай отырып, тиімді тұстарын саралап алынуы қажет. Әдебиет әдістемесінің негізгі міндеті – мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдерін ұстанымдық жолмен негіздеп беру болып табылады.

Методика — әдістеме, метод — әдіс жеткізу жүйесі. Әдебиет әдістемесі – қазақ әдебиетінің оқыту заңдылықтарын зерттейтін педагогикалық ғылым. Әдістеме әдістерден тұрады. Әдіс – «танымның одан әрі дами түсуіне қызмет ететін, танылған заңдылықтардың негізінде жасалған ережелер», мақсатқа жетудің белгілі бір жүйеге түскен жолы, зерттеліп отырған нысанаға сай келетін таным құралы. Әдіс әдебиетті талдау мен бағалау ісінде жинақталған ілімдер мен тәжірибелерге, қағидаларға, амалдарға, тәсілдерге негізделеді. Әдіссіз танып-білу мүмкін емес. Ал тәсіл болса оқушыларға тірек сигналдары арқылы жеткізу жүйесі. Олар: образды сөз өрнегі, көркем бейнелі сурет, графикалық көрнекіліктер.

Қазақ әдебиеті әдістемесі – жан-жақты дамыған, жетілген, теориялық, тәжірибелік негізі қалыптасқан. Оның зерттейтін нысанысы (обьектісі), мақсаты, зерттеу әдістері жүйеленген. Әдебиет әдістемесінің нысанасы – оқыту мәселесі. Әдебиеттегі көркем шығармаларды оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім мен халықтық даналық тәрбие беру жөніндегі туатын заңдылықтарды қарастырады. Бұл міндетті жүзеге асыруда педагогика ғылымының, оның теориясының жалпы қағидаларына, ережелеріне сүйенеді.

Әдебиет — өнер пәні, адамтану пәні, сонымен қатар, әдебиет — жан-жақты да терең ойлантудың пәні. Оқушы танымы мен логикасын дамытуда әдебиет пәні жаратылыстану пәндерінен кем түспейді. Жаратылыстану пәндері сияқты тұрақты бір формула мен қағидалар, заңылықтармен шектелмей, әдебиет пәні еркін ойдың, қиялдың дамуына жол басшы бола алады. Әдебиет пәнінде дәлелдеуді қажет ететін тұрақты формула, элементтердің бұлжымас ережелері жоқ. Белгілі бір шығарманы әр қырынан тануға, талдауға болады. Көркем шығарманы қабылдауда әртүрлі болуының бірнеше себебі бар: біріншіден, сол шығарманы қабылдау жолындағы оқушының ой, өресі, дүниетанымы, бұған дейінгі жинақтаған білім қоры, яғни әдебиеттану ғылымынан алған білімі ықпал етеді, екіншіден, әдебиетте сӛздің қасиеті ақпарат жеткізуші қызметтен әлдеқайда терең мазмұнда, бірнеше функцияда танылады, сөз адамның сана-сезіміне әсер ете отырып, белгілі көңіл-күй, сезім, сурет, көрініс өмір бейнесін жасап, адамның эмоциялық қабылдауына түрткі болады. Эмоциялық қабылдау да әр адамда әр түрлі. Бір шығармадағы бір көріністің, бір сәттің өзін әр адам әр түрлі сезіммен қабылдайды. Әдебиеттанудан білім дәрежесі бірдей адамның өзінің сезімі мен түйсінуі әртүрлі. Бірнеше адамның оқуындағы бір ғана үзінді әр санада бірнеше сурет құрайды. Бұл адамның ішкі сезім мен сезіне білу мәдениетіне, қасиетіне байланысты. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі әдебиеттану ғылымымен, тіл білімімен, тарих ғылымымен, психологиямен, педагогиканың теориясымен, таным теориясымен, эстетикамен тығыз байланысты.

Әдебиеттану ғылымынсыз әдебиетші мұғалімдер әдебиетті ғылымның әрі өнердің бір саласы ретінде оқыту мүмкін емес. Бұл пәнді оқытудың күрделілігі де қызықтығы да осында. Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркемсөз табиғатын ашатын заңдылықтарды білуі керек, көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс.

Әдебиет ғылымының үнемі дамуының арқасында әдебиет әдістері жүйеленіп, байып отырады. Мектепте оқылатын әдебиет пәні қазақ әдебиеті әдебиет тану ғылымына енген теориялар мен әдістер арқылы дамиды. Қазақ әдебиетін оқыту – ғылым ретінде дамуын мына бағытта зерттейді: ғылыми-әдеби эксперимент, жаңартылған сабақтың түрлері, шығармашылықпен оқыту жүйесі, дидактикалық ұстанымдар.

Мектепте әдебиет сабағы оқытудың білім берудің жүйелі, жалғаспалы, бірізділік принциптерін басшылыққа ала отырып, жүргізілуі керек. Ол төмендегідей кезеңдерден тұрады:1-кезең: 1-4 сыныптар, 2-кезең: 5-8 сыныптар, 3-кезең: 9-14 сыныптар.

1-кезеңнің негізгі мақсаты – оқуға, жаза білуге, мазмұндауға үйрету, көркем туындыға деген оқушы ынтасын қалыптастыру.

2-кезеңде көркем сөздің көркем шығармадағы ролі, маңызын танып-білу жұмыстары жүргізіледі. Оқу бағдарламасында талдауға ұсынылатын шығармалар жанрлық жағынан қамтылады. Көркем туынды туралы өз пікірлерін, ойларын айта білуге дағдыландыру.

3-кезеңге әдебиетті оқыту ауыз әдебиетін байытып, әдебиет тарихымен жалғастырылады. Оқушы өз беттерімен көркем туындыны оқытуға, талдауға баулу, әдебиет тарихы, сыны, әдебиеттік ғылымнан білім беру, ақын-жазушы стилі, тілі, әдеби әдістер туралы үйрету. Әдеби білімнің алғашқы сатысы бастауыштан басталады. Бастауыш сыныптарда оқитын ана тілі сабақтары көркем шығарманың танымдық бағытын негізге алады. Жыл мезгілдері, оның қоршаған орта табиғатына, адамдар тіршілігіне әкелетін өзгерістері, туған өлке табиғатының ерекшеліктері, ата-ана, адамдық ізгі қасиеттер т.б. ұғымдарды жас шәкірт санасына сіңіруде ақын, жазушылардың шығармалары оқу материалы ретінде жұмсалады да, әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру басты мақсат етілмейді. Әдебиет жеке пән ретінде 5-сыныптан басталады. Яғни 5-9 сыныптар базалық негізгі білім мазмұнын құрайды. Бастауыш сыныпта оқу дағдысы қалыптасып келген көркем мәтіндерді жүргізіп, мақамдап оқуға дағдыланады.

Жалпы оқыту, тәрбие берудің қашанда баланы жетілдіру, дамытуға арналғандығы кімге де болса мәлім. Солай бола тұра, әдістемелік тұрғыдан білім беру, дамыту, жетілдіру ерекше тиімді болу үшін әдебиетті, соның ішінде қазақ әдебиетін балаға оқытуда аталған пәнге тек жұмыс тұрғысынан ғана қарамай, түптеп келгенде ұрпақты, ұлтты оқытумен, тәрбиелеумен пара-пар дүние деп қарағанымыз абзалырақ болады. Себебі, әдебиет –асыл сөз. Онда бабалардың қадір-қасиеті, тарихтың тылсым сырлары, дәстүрдің мол мұрасы мен ұлттық тәрбие, рухани байлық сақталып тұр.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2021
624
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12