Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдебиеттік оқу. 2 сынып "Қош келдің, Наурыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні: 19.02.2021 ж.

СЫНЫП: 2 «A»


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Наурыз  және  қазақ  халқының басқа да ұлттық  мерекелер, ойындар және тағамдары туралы оқушыларға  мәлімет бере отырып, тақырыптың  мәнін ашып түсіндіру;

«Наурыз мерекесі» туралы әңгімелей отырып, ондағы салт-дәстүрлер туралы мұғалім көмегімен қарапайым және нақты сұрақтар қоюға, өз ойларын жеткізе білуге үйрету; Сөйлеу дағдыларын қалыптасытыру;

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды.

Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбі орындай алады:  Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, слайд, кеспе қағаздар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, рефлексия.

Алдыңғы оқу

Бесік жыры

Тілдік құзыреттілік

Мереке – праздник - holiday

Сабақтың жоспары

Жоспарланған

уақыт

Сабақ барысы :


Үй тапсырмасын пысықтау

Бесік жырын сұрау


Жаңа білім







  • Кіріспе.

1. Қазір  қай  мезгіл? (Қыс  мезгілі)

2. Қыс  мезгілінен  кейін  қандай  мезгіл  келеді? (Көктем)

3. Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді? (Ауа райымен, табиғатымен,

    мерекелермен)

4. Көктем  айларын  ата? (Наурыз, сәуір, мамыр)

  • Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

  • Қош келдің, Наурыз!

  • Наурыз мерекесі.

  • Наурыздағы тілек

  • Ұзынсары

  • Авторы Қабдеш Жұмаділов туралы қысқаша мағұлмат беру;

  • Мәтінді дауыстап оқып беру.

  • Сөздік жұмысын жүргізу.

Тошала- қыста ет сақтайтын жеке үй.

Атағаш- ат байлау үшін орнатылған түбірік.

  • Мәтін мағынасын ашу.

- Сонымен ұзынсары деген не екен?

- Сен қалай түсіндің?

«Ұзынсары» – көктемгі күн мен түннің теңелуінен кейінгі күннің ұзара бастайтын уақыты. Үш ай бойғы қыстың суық ызғары кетіп, жер-дүние жаңарады. Халық арасында жылдың бұл мезгілін көкөзек шақ, деп те атайды. Әжелеріміз бен аналарымыз «ұзынсарыға», деп, сүрленген соғымның етін сақтап қояды.

  • Мәтінді тізбектете оқыту.



  • Наурыз  айында  қандай  мерекелер  бар? (8 наурыз, 22 наурыз)

  • Наурыз мерекесі қалай тойланады? (слайд)

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.

Наурыздың 22 күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Наурыз сөзі  парсы тілінде «жаңа күн» дегенді білдіреді.  Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күресқыз қуу, тең көтеру, т.б.) ойналады.


  • Сергіту сәті "Қара жорға" биінің қимылдары.





  • Әр қатарға тапсырмалар беріледі.

1-қатар. «Наурыз дастарқаны» ойыны. (сурет салу)

2-қатар. Наурызға құттықтау тілек. (ашық хат дайындау)

3-қатар. Наурыз   мерекесіне жарнама жасау.(дәптермен жұмыс)



Сабақтың соңы. Бекіту



  • «Орамал тастау» ойыны.

Қорытынды сұрақтар қойылады.

  • Ұзынсары дегеніміз не?

  • Наурыз мерекесі қай күні тойланады?

  • Наурызда дайындалатын негізгі тағам не, қалай дайындалады?

  • Қандай ұлттық ойындар ойналады?



Кері байланыс

Бағалау

Кері байланыс «Бәйшешек»


  • Егер, сабақ сіз үшін қызықты, көңілді болды және осы сабақта өзіңізді белсенді болдым деп санасаңыз жасыл түске,

  • Егер, сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаңыз, не тақырып бойынша сұрақтарыңыз болса, сары түске,

  • Егер, сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, сабақта белсенді болмай, сабақты түсінбесеңіз қызыл түске бояңыз.


Үйге тапсырма: оқу, мазмұндау, дәптермен жұмыс.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.04.2021
1717
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11