Әдебиеттік оқу 4 сынып Ашық сабақ "Халқымыздың салт-дәстүрі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдебиеттік оқу 4 сынып Ашық сабақ "Халқымыздың салт-дәстүрі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиеттік оқу 4 сынып "Халқымыздың салт-дәстүрі" тақырыбына ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі:

Мәдени мұра

Педагогтің аты-жөні:

Съез Ж

Күні:

11.11.24

Сыныбы: 4 сынып әдебиеттік оқу

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Халқымыздың салт-дәстүрі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

4.1.4.2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, таныстырылым, бейнежазба жасау

4.2.1.2* Шығарманы іштей көз жүгіртіп шолып, түртіп алып,

сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу

4.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзету

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Оқушылар оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Кітапхана ережесін құрады

Көптеген оқушылар: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Тақырыпты болжайды, анықтамалық

Кейбір оқушылар: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. Анықтаманың бірнеше нұсқасын табады.

Бағалау критерийлері

Сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолданады. Оқу түрлерін қолданады.

Құндылықтары

Отансүйгіштік, құрмет және ашықтық құндылықтары дарытылады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

Ұжымдық жұмыс.

3 мин.


Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2.Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Генератор көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру


(Ұ) “Кездесу” әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырады.

Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Тамаша! Керемет! Өте жақсы! Талпын!»

Random Group Generator (split list of names into teams)

(Генератор топқа бөлу)


Миға шабуыл. «Ширату» әдісі.

Ұжымдық жұмыс.


5 мин.


Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында экранда көрсетілген тапсырманы мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап береді.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім экраннан құрастылған сурет арқылы сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын таныстырады.

«Мақал мен мәтелді ажырат» пазл

Мақал:

1.Оқу — білім азығы,

Білім — ырыс қазығы.

2. Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

3. Ақыл — тозбайтын тон,

Білім — таусылмайтын кен.

4. Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкен жоқ болса кішіден сұра.

Мәтел:

1. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

2. Күлме досыңа – келер басыңа

3.Білегіңе сенбе, біліміңе сен.

4. Ине өткен жерден жіп өтер.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.

Дескриптор:

Мақал ажыратады-1балл.;

Мәтел ажыратады -1балл;

Жалпы-2балл.

Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!»

«Керемет»

«Сенің қолыңнан келеді» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сұрақтар топтамасы https://learningapps.org/display?v=prrq2qu9j24

(Эл.тақта ойын пазл)

.


Оқулық 4-сынып.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

Айтылым

Топтық жұмыс.

14 мин.


«Зертте» әдісі.

Оқушыларға тақырыпқа байланысты тапсырма QR куб түрінде беріледі.

1 топ: Салт-дәстүр дегеніміз не?

2 топ: Шілдехана

3 топ: Тұсау кесер



1 -тапсырма: -Салт – дәстүр дегеніміз не?

-Салт –дәстүріміздің маңыздылығы? Ойыңды түсіндір. Т.б .

(Әр топқа QR куб түрінде салт-дәстүрлер беріледі)

Топта талқылап, салт-дәстүрдің мағыздылығын түсіндіреді

Дескриптор:

- Салт- дәстүрлер жайлы айтады;

- Өміріміздегі мағынасын анықтайды

Жалпы-2 балл.

4-сынып оқулығы


Сағатбек Медеубекұлы — филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің деканы. 

1984 жылдан бастап «Өнер» баспасында редактор болып жұмыс істеді. 1991 жылдан 1995 жылға дейін ҚР ҰҒА М.Әуезов атында Әдебиет және өнер институтында лаборант, аға лаборант және кіші ғылыми қызметкер болып қызмет етті. 

Қазіргі уақытта Қазақстанның ең танымал ақын-өнер қайраткерлерімен, соның ішінде әнші-күйші Рахманқұл Бердібаевпен, Жетісудың күйшілері мен орындаушыларымен өнер көрсетеді

М.Беспаевтің «Бесік жыры» әнін тыңдап, талдайды, салт-дәстүрді атайды.


Келесі тапсырмадағы өлең автырымен танысып, топтастыру жасайды.


ДК экраны

4-сынып оқулығы.

https://yandex.kz/video/preview/1670027643841090806


(бесік жыры М.Беспаев)

Топтық жұмыс.

7 мин.



3-тапсырма:

Өлеңді мәнерлеп оқу

Мақсаты: Өлеңге қатысты сөздерді ажырата алу, мағынасын ашу

Тиімділігі: Тыңдалым мен оқылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қолдану» тәсілі көрініс табады.

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп, керек ақпаратты түртіп алады.

Дескриптор:

- Өлеңді мұқият тыңдайды;

- Өлеңнің мазмұны не туралы екенін анықтайды сипаттайды;

Жалпы-2 балл.

4-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері


(видео d-id)

Жеке жұмыс.

3 мин

«Түртіп алу» әдісі.

Оқулықтағы «Тілдік бағдар» айдарының тапсырмасы беріледі.

Керекті нақыл сөздермен танысып, өз дәптерлеріне тапсырманы орындайды.

Мұғалім сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды «От шашу» әдісі арқылы бағалайды:

4-сынып оқулығы.


Жұптық жұмыс.

8 мин..


Жазылым.

Жұмыс дәптердегі Кестені толтыр.

Мақсаты: Берілген сөздердің атқаратын қызметін жазу арқылы бір-бірінен айырмашылығын ажыратады.

Тиімділігі: Оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысы мен жазылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрініс табады.

Төменде берілген сөздердің атқаратын қызметін жазады.

1.Салт - дәстүр

2.Термин сөздер

3.Кәсіби сөздер


Дескриптор:

- Өлеңге қатысты сөздерге мысал жазады-1б.

-Салт – дәстүр сөздеріне ереже мен мысал жазады-1б.

- Кәсіби сөздерге ереже мен мысал жазады-1б.

ДК экраны

4-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

https://learningapps.org/13436463


Сабақтың соңы.

Ой толғаныс.

Рефлексия



Жеке жұмыс:

5 мин.

«Интсаграм» әдәсі

-Сабақ ұнады

- Сабақ туралы айтарым бар?

- Достарыммен бөлісем

- Есімде сақтадым

Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, зерделегенін сөйлемдер арқылы тұжырымдайды.

Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.

Тиімділігі: Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрініс табады.


Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалайды.


4-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.



https://learningapps.org/27485127

https://classroomscreen.com/app/screen/w/a3763b82-8053-4faf-88af-d94b752aa410/g/4e66e62e-f21f-4279-95be-7c2bbffe9748/s/caf1b913-f784-463d-ba21-55f047feed2b

(шумамері, сауалнама)












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.11.2024
188
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі