жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әдебиеттік оқу пәнінен тесттік жұмысы
-
Ер Тарғын жырындағы шайқас немен аяқталады.
-
Ер Тарғынның жеңілісімен
-
Ер Тарғынның өкінішімен
-
Ер Тарғынның жеңісімен
-
Тарлан аттың өлімімен
-
Ғ.Қайырбековтың өлеңі
-
Кел, балалар, оқылық
-
Ана тілі
-
Балама айтар бір ақыл
-
Күйші әжей
-
«Қазына көтерген бала » мәтінінің авторы
-
А.Байтұрсынов
-
Ы.Алтынсарин
-
Ә.Нұрпейісов
-
Ә.Жапаров
-
Өз тарихында сұрапыл соғыстан үш рет қирап, үш рет қайта тірілген қала
-
Астана
-
Түркістан
-
Отырар
-
Тараз
-
Қайсысы ауыз әдебиетіне жатады
-
Роман
-
Батырлар жыры
-
Автобиография
-
Автор өлеңлері
-
«Қобыланды батыр» - ауыз әдебиетінің қай үлгісіне жатады
-
Ертегі
-
Батырлар жыры
-
Айтыс
-
Аңыз
-
Айтыс дегеніміз –
-
Адамның қиялынан туындаған шығарма
-
Батырлар туралы ауызша шығарылған жыр үлгісі
-
Екі ақынның арасындағы сөз жарысы
-
Тарихта болған адамның басынан шын өткен жайттар
-
«Қазына көтерген бала» әңгімесіндегі басты кейіпкер
-
Ш.Құдайбердиев
-
Қ.Сәтбаев
-
Балуан Шолақ
-
А.Құнанбаев
-
Есімі Отырар қаласымен байланысты ғұлама
-
Әбу Насыр әл – Фараби
-
Жүсіп Баласаеғүни
-
Махмұд Қашқари
-
Қожа Ахмет Йассауи
Нұсқау: « Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
Сиқырлы күрек
Ертеде бір шаруа болады. Оның үрерге иті де болмайды. Байдың қойын бағып, отымен кіріп, күлімен шығып, адал еңбегімен күнелтеді. Бар сүйеніші жалғыз ұлы екен.
Ұлы он екі жасқа толғанда, шаруа кенеттен ауырып қалады.
Ойнап жүрген баласын шақырып алып, былай дейді: - Балам, мен енді көп ұзамаймын, дегенмен құр қол да емеспін. Саған бір сиқырлы күрек қалдырып барамын.Ол күрек кебеженің ішінде жатыр. Күректі мен өткеннен соң ал да, Мүктікөлде тұратын бағбан қартқа бар. Ол күректі жақсылап саптап береді. Сол күректен сен бақытыңды табасың.
Шаруа дүниеден өтеді. Уақыты келе баласы ескі кебеженің түбінде жатқан, тот басқан күректің басын тауып алады. Оны Мүктікөлдегі қартқа алып келеді. Әкесінің дүниеден озғанын естіртіп, өсиетін айтады. Қарт баланың күрегін жақсылап саптап беріп тұрып: Әкеңнің маған келіп күрегіңді саптатып ал деп айтқаны, сені маған тапсырып кеткені екен. Сен енді менің ақылымды тыңда. Мына күрекпен жер қазып, мен нені ек десем, соны ек, нені отырғыз десем, соны отырғыз, - дейді.
Бала ерінбей күні – түні жер қазып, түрлі жеміс отырғызады. Сол жылы жаз жаңбырлы болып, жемісі бітік шығады. Бала алған мол өнімін көрші қаладағы базарға апарып сатып, басына үй тігіп, алдына мал салады.
-
Ертегінің негізгі ойын айқындайтын мақал – мәтел
-
Еріншектің ертеңі бітпес,
Жеңілтектің селтеңі бітпес
-
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей
-
Мал баққанға бітеді
-
Ұлық болсаң, кішік бол
-
Күрек арқылы әкесінің перзентіне өсиет еткісі келгені
-
Аудару
-
Қазу
-
Күреу
-
Еңбектену
-
Әкесінің баласына қалдырған құрал – сайманы
-
Кетпен
-
Күрек
-
Балта
-
Тырма
Нұсқау: « Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
Тату бауырлар
Баяғы өткен заманда ағайынды екі бауыр тату – тәтті өмір сүріпті. Үйлері таудың екі жағында орналасқанымен, біріне – бірі көмектесіп, тату ғұмыр кешіпті.
Күндердің бір күнінде қоңыр күзде, бауырлар жиын- терінін аяқтап, астықты тең бөліп алыпты.
Сол түні бауырлардың үлкені ойға батты: «Біз астықты тең бөлңп алдық. Бірақ мұнымыз дұрыс емес. Інім шаруасын енді ғана жөнге қоя бастады. Менен гөрі оған өнім көбірек керек».
Сөйтіп ағасы тұрады да, түнделетіп, інісіне өз үлесінің бір қабын апарып тастады.
Сол уақытта бауыры да төсегінде жатып, ойға батады: « Жоқ астықты дұрыс бөліспедік. Ағамның отбасында жан көп, әрі менен үлкен ғой. Оған молырақ астық қажет».
Таң алдында кіші бауыр да бір қап дәнді ағасына білдірмей, апарып тастады. Таңертең бауырлар өздерінің қамбаларына қарап, аң – таң болды: «Бұл қалай?»Кеше бір қапты бауырыма апарғаным есімиде, ал астық азаймаған. Қаптарын әлденеше мәрте қайталап санап шығып, таңдайларын таңдана қақты: «Міне, керемет...»
Қараңғы түсіп, түн қоюланғаннан кейін бауырлар, ағасы мен інісі, бір – бір қаптап арқалап алып, бір – біріне қарама – қарсы жолға шықты. Жол ортасында ағайынды екеудің жолы түйісіп, кездесті.
Олар бір – біріне қарап тұрып, сәл ойланды да, мәселені түсіне қойды.
Сол оқиғадан кейін олар бірін – бірі бұрынғыдан да жақсырақ көріп кетті.
-
Ертегінің мағынасын ашатын мақал – мәтел
-
Достығы күшті жерде
Дұшпан дірілдецйді
-
Ынтымақтың түбі – игілік
Тірлік түбі – бірлік
-
Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті
-
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл
-
Бауырларды мазалаған ортақ ой
-
Бұл маған аздау сияқты
-
Тең бөлгеніміз дұрыс болды
-
Көбірек алуым керек еді
-
Астықты дұрыс бөліспедік
-
Ағалы – ініге тәр қасиет
-
Бауырмалдық
-
Білгірлік
-
Іскерлік
-
Табандылық
-
«Тайбурылдың шабысы» әңгімесіндегі басты кейіпкер
-
Құртқа
-
Қара Бұқан
-
Қобыланды
-
Аққозы
-
Ғ.Қайырбековтың өлеңі
-
Ана тілі э
-
Кел, балалар, оқылық
-
Күйші әжей
-
Балама айтар бір ақыл
-
«Фараби туралы баллада» өлеңінің авторы
-
Ө.Тұрманжанов
-
Ы.Алтынсарин
-
Қ.Мұқашев
-
М.Дулатов
-
«Қазына көтерген бала» әңгімесі кім туралы
-
Ы.Алтынсарин
-
Қажымұқан
-
А.Байтұрсынов
-
М.Дулатов
-
Мақалдың жалғасын тап
Жаңбыр жауса – жер ырысы, ....
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген