Тақырып бойынша 24 материал табылды

Әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу

Биболова Гулнара Сайлауовна

Жоғарғы санатты бастуыш сынып мұғалімі

Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша КММ

Әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгертуге ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру-жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Әдебиеттік оқу сабағы-оқушының жан дүниесін, адамгершілік қасиетін, ойлау, сөйлеу, шығармашылық әрекетін дамытып, жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуында ерекше орын алатын пән. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, әдістемелік тұрғыда зерттеуші- ғалымдар әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» деп жатады. Әлбетте бір пікірден бір пікір өз үндесін тауып жатқандай. Үндес пікірлердің түйіні-әдебиет пәні жеке тұлғаның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады./1,70/ Әрине, бала тілі оқу, әңгімелеу, пікірлесу арқылы дамиды. Ой дамыса ізденеді, сөйлеседі, біреуге әңгімелейді, пікір алмасады. Бүгінгі таңда мұғалімнің ең басты міндеті де дайын білімді, дағдыларды меңгертіп, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр.

Сондықтан мұғалім өз жұмысын оқушының өздігінен білім алуына бағыттауы қажет. Оқытуда осы мүддеден шығатын жаңа технология түрлері көп. Жаңа оқыту технологиясының түрін әр мұғалім оқушының жас ерекшелігіне қарай таңдап қодануы керек. Жаңа технология талабы оқушы арқылы орындалатын болғандықтан, олардың шығармашылық қабілеттері мен бейімділігі анықталатын әдістемелік жолдарды пән, тақырып, тарау бойынша анықтау керек.

Әдебиеттік оқу пәні бойынша оқушының шығармашылық деңгейін дамыту, білімді жүйелі меңгерту үшін «Дамыта оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы және «Модульдік оқыту технологиясы» тиімді екен. Бұл жаңа технологиялардағы қолданылатын әдіс-тәсілдер бір-біріне ұқсас. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты роль атқарады. Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытуда сыни тұрғысынан оқу мен жазу технологиясы өз тиімділігін нақтылауда. Яғни, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, танымдық, шығармашылық қабілеттерін де дамытады.

Көрнекті психолог Л. С. Выготский шығармашылық деп жаңа дүниелер жасауды түсіндірген. Ғалымның зерттеулерінде «шығармашылық» ұғымы «жаңалық», «жаңа дүние жасау», «жаңалық ашу» ұғымдарына жақын қолданылып жүр.

Әдіскер –ғалым М. Р. Львов шығармашылыққа оқушылардың жазған өлеңі мен прозасы, шығарған газеттері мен журналдары, сондай-ақ, жеке күнделіктері мен хаттарды т.б. жатқызады.

Ғалым С. Рахметова шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстардың (шығарманың баяндау түрін өзгертіп әңгімелеу, әңгіме бірінші жақпен баяндалатын болса, оны үшінші жаққа айналдыру, әңгімедегі оқиғаға ұқсас өз жандарынан әңгіме құрастыру, т.с.с.) барлығын да баланың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың жолдары деп көрсетеді./2,13/

Демек, шығармашылық-өздігінен жаңа дүниелер жасау, яғни бұл жерде оқушылардың өз ойынан ойлап шығарған, ешкімдікіне ұқсамайтын дүниесі, оның ойлау мүмкіндігінің жемісі  және соған жеткізетін әрекеті деген мағынаны білдіреді.



Әрине, өздігінен ізденіп, зерттеу жұмыстарын жүргізген, жинаған материалын талдай білген оқушының әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуіне, оның идеялық-эстетикалық мән-мағынасын терең ойлап, тебірене қабылдауына мүмкіндіктер туатыны сөзсіз. Сонымен қатар оқушының оқырмандық, ізденімпаздық белсенділіктерін де арттырады.

Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту, білімді қарапайымнан күрделіге қарай жүйелі меңгерту сабақтың үш сатысында жүргізіледі: қызығушылықты ояту сатысында айтылған сөз, істелінген әрекет бүкіл сабақтың сыр сандығын ашатын кілті десем, мағынаны тану сатысын- білімнің нағыз шыңдалар шағы дер едім, ал ой толғау сатысында нәтижені көру, яғни еңбектің жемісін тату іске асырылады.

Сөзім дәлелді болу үшін әдебиеттік оқу пәнінен өткізілген сабақтарымнан үзінді ұсынамын. Төмендегі сабақтарымды сын тұрғысынан ойлау технологиясына негіздедім. Осы технология қолданылған сабақтарымда оқушыларды шығармашылық жұмыс жасауға қалай үйретіп жүргенім туралы тоқталғым келеді.

3-сынып М. Әуезов «Көксерек»

1-топ: «5 жолды өлең» стратегиясы

  1. Көксерек.

  2. Ашқарақ, азулы.

  3. Ұрлайды, ызаланады, ұлиды.

  4. Көксерек-құла түздің тағысы.

  5. Көкжал.

2-топ: «Топтастыру» стратегиясы. Асыранды бөлтірік, оның мінезі.



3топ: «Семантикалық карта» стратегиясы.

4-топ: «Венн» диаграммасы

Сонымен қатар әр бөлімді аяқтағаннан соң рефераттар және эссе жазу, өлең құрастыру, альбом және газет шығаруға тапсырмалар беріп отырамын.          Мысалы: «Туған елім, туған жерім» атты бөлімді аяқтағаннан кейін оқушыларға өзінің туған жері туралы эссе жазу, өлең құрастыру беріледі.

Оқушы шығармашылығы:

Жүрегім сен деп соғады, туған елім,

Бойыма қуат берген,

Туған жерім.

Есейіп төл перзентін ер жеткенде

Жайнауың үшін аянбай төгеді терін.   (  Булатова Альбина)

Эссе

Туған ел.

Мен Орал қаласының кішкентай тұрғынымын. Орал қаласы әдемі де сұлу. Бұл қалада әдемі көшелер, зәулім үйлер, кең байтақ жерлер бар. Орал қаласы Ақжайықтың жағасында орналасқан. Ағаштары көп, халықтары кең пейілді. Қазақ халқы қашанда туған жерін қадірлеген. Менелімді сүйемін.

Келесі сабақта шығармашылық  жұмыстар мен ізденістер, пікір алысулар бір-бірімен сабақтаса түседі. Жұмыс нәтижесі бастауыш білім сатысын аяқтағанда байқалуға тиіс деп ойлаймын.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері арқылы оқушының алған білімдерін нығайтуға әбден болады. Тек әдіс-тәсілдерді тиімді, орынды пайдалану керек.

Қорыта айтқанда, оқытуда жаңа технологияларды қолданудың ұстаздар  және оқушылар үшін маңызы өте зор.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Тәжіғалиева З. Әдебиет сабақтарында оқушыны шығармашылыққа баулудың тиімді технологиясы. //Ғалым-ұстаз С. Шарабасов және қазақ филологиясы мәселелері.  Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Орал, 2007-70 б.

2. Жаманқұл П. Қ., Муфтибекова З., Орынбаева Н. Н. Оқулықтағы көркем шығармаларды оқытудың әдіс-тәсілдері. //Әдебиеттік оқу әдістемесі. 3-сынып. Алматыкітап баспасы, 2010.-13 б.

3. Иманбекова Б. И., Жаманқұл П. Қ., Муфтибекова З. Әдебиеттік оқу. 3-сынып. Алматыкітап баспасы, 2010.-121, 137 б.



 






















































































































































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2021
827
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12