Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдебиеттік оқу сабақтарында дәстүрлі емес сабақтардың мүмкіндіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚТАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ


Тілеуберді Гүлжанар

Ғылыми жетекшісі: Мукушева Каракоз Сериковна

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі


Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты: жан-жақты дамыған алдыңғы қатарлы елдермен теңдесу, ал оған жетудің басты жолдарының бірі- әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Осыған орай Қазақтан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» -деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту көзделеді. Жалпы білім берудің мақсаты- терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Осыған орай, бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін яғни, жан-жақты озат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденіс арқылы барлық жаналықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа қарым-қатынасқа ену қажеттігі туындайды. Оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі- бастауыш саты. Сондықтан, бастауыш мектеп- оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғащқы баспалдағы. Жоғарыда аталған міндеттерге байланысты бастауыш мектептің де оқыту мен тәрбие беру процесінде ізденістер артты. Бұл оқу-тәрбие процесіндегі өзгерістерден байқалады. Онда қазіргі білім беру бейімдейтін жаңа оқыту әдістері кеңінен қолданыс табуда. Бұл оқыту әдістер жалпы білім берудің стандартына сай әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту шарттарын бағытқа ұстайды. Ғылыми жұмыстың міндеттері:

  • Бастауыш сынып оқушысы бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Әдебиеттік оқыту пәні арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту;

  • Қолданылған әдістер арқылы баланы шығармашылыққа баулу.


Ғылыми жұмыстың зерттеу объектісі: Әдебиеттік оқу пәнін оқыту барасында оқушылардың оқу танымдық қызығушылығын арттыру мәселелері.
Ғылыми жұмыстың зерттеу әдістері: Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді сараптау, талдау, бақылау.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Оқыту – екi жақты процесс, сондықтан оның сапасы өткiзiлетiн сабаққа деген оқушылардың көзқарасына, олалдың таным белсендiлiктерiнiң деңгейiне, оқытушы еңбегiнiң дидиктикалық тұрғыдан жетiлдiрiлуiне тiкелей байланысты.Қазiргi жаңа технологияның басты мақсаты – баланы оқыта отырып, оның еркiндiгiн, белсендiлiгiн қалыптастыру, өз бетiнше шешiм қабылдауға дағдыландыру. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушының танымдық белсендiлiгiн, сабаққа қызығушылығын аттыруға көмектеседi.
Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Білім беруде жаңашылдықты іздеуде мен де Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының үшінші деңгейлік оқуын аяқтап, бағдарламаның жеті модулін теория жүзінде меңгердім. Осы бағдарлама арқылы игерген білімімді оқушыларыма үйретіп жатырмын. Тәжірибе кезінде өзіме жинақтаған кейбір ой-түйіндерімді ортаға салғым келді. Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс - тәсілдер деген не? Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе - мұғалім оқытуы, екінші мәселе - оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері - кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы болып келеді. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс немесе репродуктивті әдіс, эвристикалық (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше. Бастауыш сынып оқушыларының ой шапшаңдығын дамытып, оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін сабақ барысында мынадай жұмыс түрлерін орындатуға болады:

  1. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру, мәтін мазмұнын өңдеу т/б).

  2. Арнаулы тақырыптарда пікірталас тудыру.

  3. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, мазмұндық бөліктерге топтастыру, тақырыпшалар беру, мақал-мәтелдермен әрлендіру;

  4. Қиялдау арқылы әңгімелер құрастыру, рөлге бөліп әңгімелеу

  5. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру

  6. Мәтін, ертегі құрастыру.

  7. Оқыған мәтін бойынша кітапшалар жасату, жарнамалату.

Ал сыныптан тыс уақытта орталық кітапханаға, мұражайларға апаруға, әртүрлі кездесулер, сайыс, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма, эссе жаздыруға болады.

Сыныптық сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың өзара ықпалдастығы оқушылардың әрекеттік қызмет нәтижелеріне оң ықпалын тигізері анық. Олар шығармашылық жұмыстарға қатысу арқылы барлығы бірдей әрекеттенуге үйренеді. Оқуға, жазуға, ізденуге, сараптауға, ақпараттарды іріктеуге, салыстыру, жүйелеу сияқты логикалық операцияларды жасауға машықтанады.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі кездегі қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында мектеп мұғалімдері өз үлестерін қосып отыр. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі таңда заман сұранысын болашақ талаптарымен ұштастыра отырып, қазіргі жаһандану жағдайында жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған. Қазрігі кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісінде сабақтан басқа сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше.Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны - оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

    1. Қазақ тілі терминдерінің салалық  ғылыми түсіндірме сөздігі. Экология және табиғат қорғау. А., 2002, 321 б13.

    2. Мектептен тыс ұйымдар туралы  ереже. - Алматы, 2002.

    3. Бахишева С.М. «Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы. –Алматы, 2011. – 188-198 бб.


ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ

Автордың толық аты-жөні

Тилеуберди Гулжанар

Оқу орнының толық атауы

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі

Оқу орнының байланыс телефоны

87162329242

Оқу орнының электронды поштасы

kazped@mail.ru

Мамандығы, курсы, тобы

Бастауыш білім беру, 4 курс, БМ-42 ҚБ

Ғылыми жетекшісінің аты-жөні

Мукушева Каракоз Сериковна

Ғылыми бағыты

Филология

Мақаланың тақырыбы

Әдебиеттік оқу сабақтарында дәстүрлі емес сабақтардың мүмкіндіктері

Байланыс телефоны

8-778-066-39-27 87757952644

Қатысу формасы

Онлайн





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.06.2021
391
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12