жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әдебиеттік оқу ТЖБ тапсырмалары
«Әдебиеттік оқу» пәнінен
1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
-
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Қатқан нан
Арманның әкесі наубайшы болып істейді. Ол он жыл бойы үздіксіз нан пісіріп келеді. Таңертең ерте, күн шықпастан тұрып жұмысына кетеді. Түс кезінде дүкендерге жаңа ғана пештен шыққан ыстық нан жеткізіледі. Мектеп асханасына да сондай нан әкелінеді.
Бүгін Арманның әкесі ауырып қалды. Он жыл ішінде ол алғаш рет жұмысына барған жоқ. Оның төсегінің жанында шешесі отыр.
-
Арман, оқушылар бүгін жаңа піскен нан жемейді... – деді анасы жай ғана.
Түсте балалар асханаға келді. Үстел үстінде кешеден қалған нан тіліктері қойылған.
-
Бүгін неге қатқан нан берілген? – деп сұрады балалар.
-
Менің әкем ауырып қалды, сондықтан бүгін қатқан нан жейміз, – деді Арман.
Балалар қатқан нанның қиқымын еденге түсірмеуге тырысып, сақтықпен алып жеп отыр.
Мәтінде нақты жауабы бар сұрақты анықта:
А) Арманның шешесі қандай адам?
В) Жаңа піскен нанды асханаға кім әкеледі? С) Арманның әкесі неліктен ауырып қалды? D) Арманның әкесі кім болып жұмыс істейді?
-
Мәтінге сәйкес ақпаратты тап:
А) Үстел үстіне ыстық нан қойылған.
В) Балалар қатқан нанды жемей отыр.
С) Бүгін Арманның әкесі ауырып қалды.
-
Арманның әкесі жұмыстан көп қалады.
3.Айтылым. Берілген жоспарға сүйеніп, мәтіннің бір бөлігінің мазмұнын айтып бер.
Жоспар:
-
Арманның әкесі
-
Қатқан нан тіліктері
Оқылым
-
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Ерік пен Серік – ағайынды балалар. Олар ауылда тұрады. Екеуі ауыл шетіндегі тоғайға барып ойнайды. Тоғайда әнші торғайлар көп. Олар құстардың сайрағанын тыңдап, қызықтайды.
Бір жолы Серік шөп арасынан құстың жұмыртқасын көріп қалды. Оны тақиясына салып, үйіне әкелді. Әкесі оған:
-
Балам-ау, бұл бозторғайдың жұмыртқасы ғой. Оны неге әкелдің? Бозторғай – пайдалы құс. Олар дән жемейді. Егінге түскен зиянды құрт-құмырсқаларды жейді, - деді.
Балалар өз қателігін түсінді. Ертеңіне жұмыртқаны орнына апарып қойды.
-
Мәтіннен сұрақтарға жауап беретін сөйлемді тауып, қоршап сыз.
-
Балалар қайда тұрады?
-
Тоғайда нелер көп?
-
Бозторғай қандай құс?
-
-
Мәтінге ат қой ____________________________________
-
Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың? _____________________
_____________________________________________________________________
Жазылым
-
Берілген тірек сөздерді тиісті орнына қойып, өлеңді толықтырып жаз.
Тірек сөздер:
![]()
|
шығамыз |
біргеміз |
аулаймыз |
жүреміз |
күлеміз |
|
|
|
Достар бірге жүреміз, |
|
Орман, көлге, шыңға біз, |
|
|||
|
|
|
|||||
|
Бірге ойнаймыз, ______________________. |
Саяхатқа _____________________ . |
|
||||
|
Бірге балық __________________________, |
Тату-тәтті ____________________ , |
|
||||
|
Міне, біздер қандаймыз! |
|
Бөлінбейді іргеміз, |
|
|||
|
|
|
|
Әрқашанда __________ ! |
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқушының аты-жөні:
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
|
Тапсырма№ |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
|
1 |
D) |
1 |
|
|
2. |
С) |
1 |
|
|
3. |
Білім алушының ықтимал жауабы: |
1 |
Оқиғаның желісін сақтай |
|
||||
|
|
Арманның әкесі - наубайшы. |
Оның |
|
отырып, мәтінді жоспарға |
|
|||
|
|
пісірген |
ыстық нанын |
мектептің |
|
сай жүйелі мазмұндайды. |
|
||
|
|
асханасына да әкеледі. Бүгін ол кісі |
|
|
|
||||
|
1 |
Лексикалық нормаларды |
|
||||||
|
|
ауырып қалды. Мектептің асханасына |
|
||||||
|
|
ыстық |
нан |
әкелінбеді. |
Түсте |
|
(сөздерді қайталамау, |
|
|
|
|
оқушылар асханаға келді. Олар |
|
диалект сөздерді қолданбау, |
|
||||
|
|
үстелдегі |
қатып қалған нан тіліктерін |
|
сөздерді мағынасына қарай |
|
|||
|
|
көрді. Оның себебін сұрады. |
|
|
|
қолдану) сақтайды. |
|
||
|
|
- Менің |
әкем ауырып |
қалды, |
|
|
|
||
|
1 |
Грамматикалық нормаларды |
|
||||||
|
|
сондықтан бүгін қатқан нан жейміз, – |
|
||||||
|
|
деді Арман. |
|
|
|
|
(жалғаулар, сөйлемнің |
|
|
|
|
Балалар қатқан нанды жерге түсіріп |
|
құрылымы) сақтайды. |
|
||||
|
|
алмауға тырысып жеді. |
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқылым
|
Тапсырма |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
|
|
№ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
Білім алушының |
|
|
|
|
|
сөйлемнің астын |
|
|
|
|
3 |
сызғаны, дәптерге |
|
|
|
|
|
көшіріп жазғаны да |
|
|
|
|
|
қабылданады. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тоғайда/ Бозторғайдың жұмыртқасы/ |
1 |
Мәтіннің мазмұнына |
|
|
|
Балалардың кателігі/ Құстардың |
|
қатысты берілген |
|
|
|
пайдасы. |
|
барлық дұрыс |
|
|
|
|
|
жауаптар |
|
|
|
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 20.10.2020 927
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 |



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген