Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аденозинүшфосфорқышқылының құрылысы мен қызметі(АТФ). Аденозинүшфосфорқышқылының синтезі.

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сыныптағы биология пәнінің сабағы,АТФ жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Аденозинүшфосфорқышқылының құрылысы мен қызметі(АТФ). Аденозинүшфосфорқышқылының синтезі.

Негізгі материал:

АТФ классикалық нуклеотид заттар типіне жатады. Кез келген басқа да нуклеотидтер сияқты бұл да үш құрамбөлік: азотты негіз, бесатомды көмірсу және фосфор қышқылының қалдығынан тұратын күрделі зат. АТФ – бұл бір нуклеотидті аденозинүшфосфор қышқылы.

  1. ДНҚ және РНҚ-дан айырмашылығы АТФ-тың азотты негізі тек А-аденин болуы мүмкін. Естеріңде болса, кез келген нуклеотидтердегі барлық азотты негіздер, әдетте, бас әріптермен белгіленеді, мысалы, Г-гуанин, Ц-цитозин, Т-тимин, У-урацил. Бірақ, егер де энергетикалық нуклеотидтің құрамына адениннің орнында, мысалы, гуанин болса оны ГТФ гуанинүшфосфор қышқылы деп атайды. Азотты негіз – құрамында міндетті түрде азот болатын циклдік құрылысты күрделі химиялық зат.

  2. АТФ-на тән бескөміртекатомды қант – ол пентоза-рибоза.

  3. АТФ молекуласындағы фосфор қышқылы басқа кез келген қосылыстағы сияқты болады. Кез келген нуклеотидтердің құрамын сутегісін жоғалтқан фосфорқышқылының қалдығы кіреді.

Сонымен АТФ нуклеотидінде бескөміртекті қант – рибоза, азотты негіз – аденинмен және үшфосфор қышқылының қалдығымен байланысады.

Кез келген тірі жасушада АТФ негізгі биологиялық энергия көзі болып табылады. Барлық тірі ағзалар үшін АТФ рөлі ДНҚ және РНҚ рөлі тәрізді әмбебап. Тірі ағзалардың ішінде жасушасыз тіршілік иесі – вирустарда ғана АТФ болмайды. Басқа жасушалардың барлығында әр түрлі мөлшерде АТФ молекуласы болады.

Тірі ағзалар үнемі энергия жинақтау және алуға міндетті. Аккумулятордың бұл қызметін АТФ молекуласы атқара алады. Бұны фосфор қышқылының арасындағы макроэргиялық байланыстар атқарады. Егер жасушаға энергия керек болса, АТФ ыдырап АДФ-қа, одан кейін АМФ-қа айналады. Бұл үдерістің нәтижесінде түзілген энергия биосинтезге, бұлшық еттердің жиырылуына, дененің жылумен қамтамасыз етілуіне және т.б. үдерістерге жұмсалады.

АТФ арқылы ағзаға қажетті барлық пайдалы энергия өтеді. Тәулігіне бір молекула АТФ 2-3 мың рет ыдырап, қайта түзіледі, сондықтан АТФ молекуласын «жасушаның энергетикалық валютасы» деп атайды.



Бекіту сұрақтары:

  1. АТФ деген не?

АТФ (Аденозинүшфосфорқышқылы) — энергитикалық нуклеотид. Бұл – тірі жасушадағы негізгі энергия заты. Оның рөлі мен қасиетін ақырына дейін түсіну үшін АТФ молекуласының құрылысын білу керек. Бұл – жалғыз нуклеотид.

  1. Неліктен АТФ-та фосфор қышқылының қалдығы үшеу болатынын түсіндіріңдер?

АТФ-та фосфор қышқылының бір қалдығының орнына рибозаға бірінен соң бірі үш қалдық қосылады, сондықтан «үш-фосфат» деп аталған. АТФ негізгі биологиялық энергия жинақтау.Фосфор қышқылының ең көп дегенде үш қалдығы рибозға қосыла алады. Егер олар екеу немесе біреу болса, онда сәйкесінше АДФ (дифосфат) немесе АМФ (монофосфат) деп аталады.

  1. Энергетикалық нуклоеотидтің атқаратын қызметін сипаттаңдар?

Нуклеотидтердің ең басты және ең маңызды биологиялық қызметі-дезоксирибонуклеин (ДНҚ) және рибонуклеин (РНҚ) қышқылдары деп аталатын полимерлердің түзілу қабілеті. Бірақ жасуша өмірінде ДНҚ мен РНҚ-ның үлкен молекулалары ғана емес, сонымен бірге жеке бос нуклеотидтер де маңызды рөл атқарады. Нуклеотидтер нуклеин қышқылдарының және көптеген коферменттердің құрамдас бөлігі болып табылады. Еркін нуклеотидтер, атап айтқанда АТФ, цАМФ, АДФ, жасушаішілік процестерде маңызды рөл атқарады.

  1. АТФ, АДФ және АМФ қасиеттерін салыстырыңдар?

Әрбір фосфат байланысы энергияға ие.Осылайша, ең аз энергиялы молекула-АМФ, содан кейін АДФ және соңында АТФ-организмдегі энергия тасымалдаушысы. Тағайындалған жерге энергия бере отырып, АТФ АДФ-қа айналады, ал митохондрияда қалпына келеді.

Аденозиндифосфат (АДФ) - аденозиннен және фосфор қышқылының 2 қалдығынан тұратын нуклеотид. АДФ органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде бөлінген бос химиялық қуатты (энергияны) пайдаланып, бейорганикалық фосфатпен фосфорлану реакциясына түсіп, аденозинтрифосфатты — АТФ-ті (бос энергияны жинақтаушы қосылыс) түзеді. Фосфорлану реакциясы жасушаның жалпы органеллаларының бірі — митохондрияларда жүреді. 

Аденозинмонофосфат (АМФ) — айналымдық (циклдік) нуклеотид. АМФ - организмдегі маңызды биохимиялық реттегіштердің бірі. Ол көптеген гормондар әсерлерінің молекулалық механизміне, жүйке қозуының берілуі, бұлшықеттердің жиырылуы және осы сияқты т.б. процестерге қатысады.

Аденозинүшфосфорқышқылы (АТФ) — энергитикалық нуклеотид.Бұл – тірі жасушадағы негізгі энергия заты.АТФ негізгі биологиялық энергия жинақтау қызметін атқаруға фосфор қалдықтарының арасындағы химиялық байланысқа мүмкіндік жасайды. Ол молекуладан «үзілген» кезде энергия бөлінеді.Сонымен бірге бөлінген энергия тірілік үдерістеріне - бұлшықет жиырылуына , зат синтездеу немесе жүйке серпінділігіне пайдаланылады. Егер жасушада энергия (құнарлы заттардың ыдырау үдерісінде) пайда болса, онда АТФ-ты оңай қалпына келтірудің қайтымды үдерісі жүреді.



Рефлексия:

Білдім

Білемін

Білгім келеді

АТФ, АДФ және АМФ қасиеттерінің айырмашылығын,Энергетикалық нуклоеотидтің атқаратын қызметін,Неліктен АТФ-та фосфор қышқылының қалдығы үшеу болатынын білдім.

АТФ анықтамасын және қызметін білемін.

АТФ қалай пайда болатынын білгім келеді.



Үйге тапсырма: Тақырып мазмұны

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.12.2020
2282
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11