Тақырып бойынша 11 материал табылды

әдеп

Материал туралы қысқаша түсінік
111
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қай –қай мамандықтың да айрықша белгісі болады.Ол адамның үйреншікті әдетінен,сөйлеген сөзінен,тіпті киім киісінен да байқалуы мүмкін.Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогикалықәдебіне жатады.Бұл орайда тілге тиек болатыны,педагогтардың шәкірттермен арадағы педагогикалық әдептілік негіздері қарым-қатынастардың қажырлығы және оның барлық уақытта сақтала бермеуі.Сондықтан мұғалімге тән педагогтық қарым-қатынас әрекетінің мәні мен мазмұнын ашып,ұстаздарға оның негізгі сапаларын қалыптастыруымыз қажет сияқты.

Жалпы мектептегі сабақтың тиімділігін арттыру барысында педагогтардың әдістемелік озық тәжірбиесінің шыңдалып дамуының ғана емес,оның жеке басының,өзі-өзі ұстауының,мінез-құлқының атқарар ролі өте зор..Себебеі мұғалім мен шәкір арасындағы ынтымақтастықтың жағымды қалыптасуына әсер етеді.Жасөспірімдерді тәрбиелеуде әрбір педагог педагогикалық этика талаптарына сүйеніп,ұстаздар мен оқушылар қарым-қатынасында жағымды моральдық психологиялық ахуалдың орнығуы үшін ықпал жасауы керек.Жалпы оқу-тәрбие жұмысы емес,жеке сабақтың тиімді отуіне де мұндай ахуалдың әсері бар.Осы орайда үлкен маңызы бар жағдай-педагогтың оқушылар алдындағы беделі.Оқушылардың сенімінен шығу үшін педагогке тән принциптерден ауытқымау керек.Өйткені ,педагогтың алдында отырған оқушы-педагогтың психологиясын зерттеуші,байқағыш жан.Мұны педагогтер де бір сәт естен шығармауы тиіс Кейбір педагог мамандар бұған жеткілікті көңіл бөле бермейді.бұл дұрыс емес.Ең бастысы шәкірті мұғаліміне қалтысыз сенуі керек.Сондықтан да педагог үшін маңызды нәрсе-оқушыны алдамау,айткан сөзіне берік болу.Педагогтар қауымы көп оқитын көп білетін қауым болып саналады.Көп білемін деп мақтанатындары да болады.Ондай көріністі оқушылар тез аңғарады.Кейде мұғалімнің теріс пікірін қостай жөнелетін оқушылар да табылады.Болғпн жайды ой елегіне салмаған бала бірте-бірте екіжүзді мінез жетегінде кетіп,жағымсыз бола бастайды.Ондай оқушыны ұжымда жек көреді.Сондықтан да оқушының білім деңгейіне ғана емес,оның мінезінің қалыптасуына да педагогтың көп әсері бар екенін көруге болады. Оқушылармен қарым-қатынаста педагогтың өзін салмақты ұстай білуінің улкен мәні бар және де әдептілік пен сыпайлылықтың үстем болғаны жөн .







І тарау. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру



2.2. Педагогикалық әдеп және оны меңгеру жолдары 

Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан педаготық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімін, жүріс-тұрыс мәдениетінің, жалпы және арнаулы білімнің, мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорынынң жиынтығы іспетті. Шебер педагог болмай тұрып, әдепті педагог болмақ жоқ. Педагогтық әдеп жаттау, еске сақтау және жаттығу жолымен жасалмайды. Ол мұгалім ізденісінің нәтижесі, ол оның ақыл-ойының көрінісі болып табылады.

Педагогтық әдеп әр мұғалімде әр түрлі және әр қалай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас мөлшеріне, темпераментіне, мінез-қулқына, тағы басқа да ерекшеліктеріне байланысты.педагогтық әдеп әр мұғалімнің дара қасиеті.

Педагогтық әдепті дамытуга септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогтық жайттарды бөліп көрсетуге болады:

а) Байқағыштық Бұл педагог мамандығының маңызды белгілерінің бірі. Байқағыш мұғалім шәкірттерінің ішкі әлеміне терең үңіліп, көңіл — күйлерін қабақтарынан танып, әр қайсысының мінез-құлық ерекшеліктерімен санаса біледі. Мұның бәрі оған әрбір оқушының тілін табуға, әрбір оқушының оның сезімдері мен ойларына өз сезімдеріндей қуанып, өз ой, сезімдеріндей күйіп-жанып қабылдауына мүмкіндітер береді. 

Байқағыш мұғалім шәкірттері талап-тілектерін қалай орындайды, қарсыласу бола ма, жоқ па, бәрі-бәрін тап басып анықтайды. Байқағыш мұғалім мәселен, сабақ үстінде, оқушылардың қайсысы орындаған жоқ, жаңа материалды қайсысы құлықпен тыңдап, қайсысы құлықсыз тыңдап отыр - бәрін қалт жібермейді.

Байқағыштық педагогтық мамандық сияқты аңғару, сезу арқылы жүре бара қалыптасады. Адамның жан-дүниесіне жол табу тәсілдері қалай іздестірілсе, сезімталдық - байқағыштық тәсілдері де соған ұқсайды.

ә) Ілтипаттылық. Әдетте, оқушылар, өте жақсы көретін мұғалімдері өздеріне дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғырту, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдері көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім-бардым тыңдаса да, ең болмағанда қастарына жақындап жай - жапсар білмесе де олардың көңілдеріне келеді.

Ілтипатты мұғалім оқушыларға жаңа материалды түсіндірумен қатар оларға назар аудара да білуі керек. Бұл да педагогтық әдеп саласына жатады.

Әдебі шамалы мұғалімдер оқушыларды тыңдай білмейді. Кейбіреулер сабақты жай іске салғандай қып айтып, өз ойларын жеткізе алмай, оқушылардың мейірімдерін қандырмай қойса, екінші біреулері сұрақтың оған бәлендей қатысы жоқпай сыңай танытуға тырысып, жауабынан жалтарып, үндемей бағады. Мұндай мұғалімдердің оқушылармен тіл табысуы қиын.

б) Сенім. Педагогтық әдеп мұғалімнің оқушыларға сенім арта білу қабілетін де қамтиды. Әрбір оқушы өзінің оқудағы табысының ынтаға, тырысуға байлансыты екеніне сене білуі тиіс.

Оқушыға сенім арту тәлім-тәрбие жұмысының принципі деп Макаренко әдемі айтқан.

«¥стаздық дастан» - адамның адамға сенімі жайында жазылған шежіре.

Сенімсіз жұмыс өнімсіз де көңілсіз. Өнімсіз де көңілсіз болатыны - тиімсіз. Демек, оқушыларды өз шамалары мен мүмкіншілшктеріне деген сапалы сенімге тәрбиелеу керек. Сенім дегеніміз, былайынша алып қарасақ, істеген істің жартысы деген сөз.

в) Әділдік Мұғалімдеріңіздің қандай қасиеттерін көбірек бағалайсыздар деген сауалға оқушылар көбіне көп: әділдігін деп жауап қатады.

Әділ мұғалімнің оқушылар кейбір ресімшілдігін, біртоғалығын, тіпті дөрекілеу кеткен жерлерін де кешіре алады. Егер мұғалім әділ болғанның үстіне әдебі мол, көңілді, жайдары болса, мектепте одан беделді адам қайсы !

г) Төзім және сабыр сақтау. Мұғалімнің педагогтық әдеп әлемі үшін төзім мен сабыр сақтау сияқты қасиеттердің үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар. Бұл, әрине, өртеніп жатсын, күйіп жатсын, мұғалім еш нәрсеге ашуланбауы тиіс деген сөз емес. А. С. Макаренко айтқандай, мұғалімнің кейде әлде неге шыдамай, тұтеп, жарылып кете жаздайтын да реттері бар. Сондай жағдайларда оған өзін ақылға жеңдірмей болмайды. Өйткені, ашу тасыса ақыл төгілетіні белгілі.

Мысал келтірмей-ақ қояйын, бақылаудан айырылып қалып, өздерін өздері ұстай алмай ыңғайсыз мінез танытып жүрген мұғалімдер аз ба? Бұл жерде өздерін өздері ұстай білмейтін педагогтардың кебісінің беделден де, тіпті мамандықтарынан да айырылып қалатынын айтпасақ та жеткілікті.

Ашу үстінде ешқандай да шешім қабылдауға болмайды. ондай жағдайда мү_ғалімнің асығыс шешім қабылдамауы үшін: «Мен сенімен жеке әңгімелесемін», «Сенімен айналысуға қазір уақытын болмай тұр» — деген сияқты кінәлау түрлерін іздестіргені жөн. Ашуы басылған соң мұғалім басқашалау ойлайды, шешімі ақылға сыйымды болады, ол шешімін оқушыларға, яғни класқа бір қапысын тауып жеткізеді.

Педагогикалық әдеп оқушылардың жүректеріне жол табу. Бұл тым жалпылама ұғым. Педагогтық әдеп дегеніміздің өзі не екенін талдамай болмайды.

Әуелі, жалпы, әдеп жайында бірер ауыз сөз. «Әдеп» (такт) сөзі (латынша tactus) «жұғысу», «адамдар арақатынасының түрі» мағынасында қолданылады. Әдеп — адамдардың езара жақсы қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай. Әдепті адамдарға басқаларға барынша жақсылык жасауды, куаныш әкелуді тілеп тұру тән. Басқа адамдармен карым-қатынаста әдепті адам сақ та сергек. Ол өзің коллективте оған сөзімен, жеңілтек мінезімен ешкімнің көңіл-күйін бұзбауға тырысады.

Көңіл-күй жайында менің көбірек қазып айтып отырған себебім, оқу ісі барысында да, тәрбие жұмысы кезінде де — оны ескермеуге болмайды. Қайсы бір арсы-гүрсі мінезді мұғалімдер қайдағы бір орынсыз әзіл, тұрпайы түхпал, естіген кұлақка ерсі сөздермсн шәкірттерінің жанды жеріне тиеді. Ондай мұғалімдерді оқушылардың суқаны сүймейді. Олар өз әріптестерімен де сиыспайды. Ондайлармен тіл табысу өте қиын. Осындайлардың кесірінен коллективтерде көпшілікті шаршаткан қаншама жанжалдар болып жатады.

Әдепсіз адамдар біреуге жақсылык жасап отырып та оның жанын жарақаттауы мүмкін.

Әдептен алыс мұғалімдер шәкірттеріне де, қызметтес әріптестсріне де аз күйініш әкелмейді.

Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кіріктіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып есептеледі. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайлылық, тапкырлык, елгезектік, өзгенің пікіріне кулак асушылық, ұстамдылық, байсалдылық, әзілкештік сияқты мінез-кулық белгілеріне қарап тануға болады екен. Мұндай айрықша белгілер әдепті мүгалімнін бойында да болуы тиіс. Әдепті мұғалім ересек адамдармен қалай сыпайы және ілтипатпен сейлессе, оқушылармен де солай, тек ересектерден гөрі сақ және ықыласпен сөйлесуі керек. Мен мұны әлде де баса айтқым келеді, өйткені, әлдекімдердік ойынша әр адамның өзін ересектердің арасында ұстауы — бір басқа әңгіме, әңгіме де, оқушылардың ішінде ұстауы — мүлдем басқа әңгіме көрінеді.

Алайда, зер салып байқасак, жалпы әдеп бар да, педагогтық әдеп бар ғой. Кез келген тәрбиелі де мәдениетті адамның бойынан педагогтық әдеп табыла бермейді. Педагогтық әдеп — медицина қызметкерлерінің дәрігерлік этикасы сиякты мұғалімнің кәсіптік сапасы.

Педагогтық әдептің негізі оқушыларға деген шын ықыласта және олардың адамдық ар-ұятына деген адалдықта жатыр.

Оқушылардың тиетін нәрселер адамның ар-ожданын кемсітушілік әрекеттер. Рас, кейде олар әдеп сактамайды, дөрекілік көрсетеді, тәртіпті бұзады. Ол үшін оларға ақырын-жекірудін кажеті жоқ, кайта өз ар-намыстарын қорғап қана коймай, басқалардың ар-намыстарын қорғау үшін де күресуте көмектесу керек. Солай етудің орынына біз кейде оқушылардың сағын сыидыруға, олардың өз ар-намыстарын қорғау жолындағы ынта-ықыластарын тұншықтыруға тырысамыз, сөйтіп тәрбиеге үлкен зиян келтіремді.

Педагогтык әдептің анықтамаларын талдауға көшейік.

Педагог атауы түгел құптарлықтай аныктамаларын талдауға өкінішке орай, сіздерге ұсына аамаймыз. Педагогтардын кейбіреулері педагогтық әдеп —мұғалімнің оқушыны баурап алатын табиғи кабілеті десе, енді береулері —
мұгалімнің жалпы мәдениетінің кұрамдас бөлігі; үшініші біреулері—пәнді
жетік білу және оның методикасын жақсы менгеру деп ессптейді. Бұл
айтылгандардың қай-қайсысында да педагогтык әдептің азды-көпті белгілері
бар. Педагогтық әдепті меңгеру кейбір мұғалімдерге қарағанда екінші бір
мұғалімдерге жеңілдеу соғатыны күмәнсіз, бірак мұны іштен туа пайда
болатын қабілет деу қате. Сол сияқты, педагогтық әдепті мұғалімнін жалпы
мәдени тәртібі, немесе оның жалпы методикалык сауаттылығымен қатар қою
да қате. Педагогтық әдеп әрине, мұғалімнің барлық жақсы қасиеттерімен жымдасып жататыны рас, бірак өзіндік ерекшеліктері болады. Сезім сияқты (шынайы, мақсатты сезім т. с. с.) онын анықтамасы айкын. Педагогтык әдеп дегеніміздін өзі, шын мәнінде, психологиялық әдеп деген К. Д. Ушинскийден бері келе жаткан анықтама.

Педагогтык әдеп көбіне-көп оқушылармен бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында үхтанатын және лайық шара ретінде анықталады. Жөнсіздікке жол беру — педагогтык әдептен айырады. Тәжірибелі педагогтардың да кейде шамдануы мүмкін, бірақ олар шектен шықпайды. Педагогикада шектен тыс шара қолдану, кашанда педагогтық әдептің бұзылуына апарып соқпай қоймайды. Оқушыларға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді сараларда шек-шаманы шамалау, сөз жоқ педагогтық әдептің маңызды шарттарының бірі боп табылады. Педагогика тәжірибесінен бірер мысалдар.

Тақта алдында сенімсіздеу және қателеу жауап беріп түрған оқушыны жетелеп, мүгалім сұрақтар қояды. Әуелгі сұрақтарында оқушыға көмектесіп, оны көңілдендіріп, ойын бір арнаға бағыттайды. Жаңағыдай емес, оқушы сарт-сұрт, үсті-үстіне жауап бере бастайды. Келесі су-рактар алғашқылардан тиімсіздеу болады, ал сонғылары оқушыны тіпті састырып, жаңылыстырып, аяғында ауа жайылтып жібереді. Бұл жерде мұғалімнің әдептен озып кеткен себебі — оның қосымша сұрақтарды тым жиілетіп жібергендігі.

Басқа мысал. Мұғалім жана материалды түсіндіріп, оқушылар ұйын тыңдап отыр. Қызық такырып болса керек. Бірақ мұғалім өзімен өзі болып, оқушылардың бәрін де ұғып алгандарымен санаспай, әрмен қарай ежіктеп кете берді. Оқушылар шаршап, жалыға бастады. Сөйтіп, әп-әдемі басталған сабақ оқушыларды шаршатып-қалжыратып әрең аякталды. Мұғалім ша-мадан тыс әрекет етіп, жөнсіздік жасады.

Қандай да болмасын, оқушылармен жұмыс барысында артық кетудің кері әсері болады. Артық талап — немқұрайдылыққа, артык байсалдылық жеңілтектікке жетектеп, артық шафқат — тұрпайылыкка апармай коймайды. Мұғалім неғұрлым көп ашуланса, оқушылардың солғұрлым көп күлетінін кім білмейді? Тіпті сіз, егер, оқушылар алдында өз беделеңізді шамадан тыс қор-ғаштайтын болсаңыз, бұрынғы беделіңізден де айрыласыз. «Еш жерде ештемені былыктырмауды» Макаренко педагогтық іскерлікке жатқызған.

Педагогикалық әдеп-творчество, ақыл-ой әрекеті, айрықша іскерлік. Әдепті мұғалім педагогтық әр түрлі әдіс-тәсілдердің мол арсеналын меңгеріп қана қоймай, срнымен қатар олардыақыл таразысына салып елщеп, орнымен пайдалана да біледі. Бір қарағанда көмекші құрал ретінде елеусіздеу көргенімен, әдепті мұғалімнің бойындағы іскерлік оқушыларға қорғау салатын әдіс-тәсілдерді іріктеу үстінде көрініс береді, жалпы жұмыс барысында тік мінезді, көрген-білгені шамалылау мұғаліммен салыстырғанда оның артықшьілығы байқалмай қоймайды. Дәнекерлік қызмет аткаратын мүлдай айла-тәсілдер айналаға жылу беріп, мұғалім мен шәкірттердің ара қатыстарын жүмсартады. Жеңіл әзіл мен мұғалімнің тапкырлығы осының ішінде

Оқушылардың мінез-күлықтарының кыр-сырын нәзік түсінетін әдепті мұғалім дөрекі, добал мұғалімге карағанда өзін көтеріңкі сезінеді. Әдепті мұғалімге оқушылардан көз айырмаудың қажеті жоқ. Онын оқушылармен байланысы сенім мен өзара сыйластыкка кұрылады. Сондықтан да, ондай мұғалім оқушыларымен ара-тұра жеңіл әзілдесіп, қайсы біреулеріне мыскылмен ескерту жасай алады. Әдепті мұғалімнің мінез-күлкы түгелдей (дауысы, жүріс-тұрысы, қалпы) табиғи болады. Оқушыларымен әдепті қарым-қатыста болу әдетіне, мінезінің ажырамас бір бөлігінс айналады. Бойына осындай әдет-дағдылар сіңген үхтаз ғана шәкірттерінің жүрегіне жол табады. Буған әр педагог ие болуы қажет.

2. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан педаготық әдеп мү^алімнін жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің жалпы және арнаулы білімінің мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорының жынтығы іспетті. Шебер педагог болмай тұрып, әдепті педагог болмак жоқ. Педагогтық әдеп жаттау, еске сақтау және жаттығу жолымен жасалмайды. Ол мұғалім ізденісінін нәтижесі, ол оның акыл-ойынын көрінісі болып табылады. Мұғалімнің педагогтық әдебінде еліктеу деген болмайды.

Педагогтық әдеп әр мұғалімде әр тұрлі және әр кдлай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас мөлшеріне, темпераментіне, мінез-кұлқына, тағы басқа да ерекшеліктеріне байланысты. Педагогтық әдеп әр мұғалімнің дара қасиеті. Накты математикалық есеп бір тәсілмен шығарылады, бірнеше тәсілмен шығатыны сирек, ал оқушылардың жұрегіне жол табудын тәсілдері екі бастан саналуан. Әр мұғалімнің педагогтык әдебі бірқатар ұқсас жайттарды шешуге жарамды белгілі бір схемаға және формулаға сыиыспайды. Мұғалімнін оқушылармен тіл табысуы көбіне оның жағдайға ой көзімен карай білуіне, оған басқа жағдайлардан да гөрі айрықша маңыз беруіне байланысты. Әрбір нақты жағдайға оқушылардың қалай қарайтынын анғара білу де мұғалімнің біраз білігін танытады. Ал, оқушыларлың нақты жағдайга қалай карайтыны көбінесе олардың мұғалімдермен ара қатынасына байланысты.

Бірақ бұған қарамай, әр мұғлімнің дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогтык әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогтық жайттарды бөліп көрсетуге болады. Аталған жағдайлардан баска сергсктік, сезімталдық сенім, әділдік, байсалдылық үхтамдылык сйяқты қасиеттерді бөліп алып қарауға болады.

3. Байсалдылық- Бұл педагог мамандығының маңызды белгілерінің бірі. Байкағыш мү_ғалім шәкірттерінін ішкі әлеміне терең үңіліп, кеңіл-күйлерін кабақтарынан танып, әр қайсысынын мінез-құлык ерекшеліктерімен санаса біледі. Мұның бәрі оған әрбір оқушының тілін табуға, әрбір оқушының оның сезімдері мен ойларына өз сезімдеріңдей куанып, өз ой, сезімдеріңдей күйін-жайын қабылдауына мүмкіндіктер береді.

Байкағыштық педагогтық мамандық сияқты аңғару, сезу аркылы жүре бара калыптасады. Адамның жан-дүниесіне жол табу тәсілдері қалай іздестірілсе, сезімталдык-байқағыштықтәсілдері де соған ұксайды.

Ілтипаттылык. Әдетте, оқушылар, өте жаксы көретін мұғлімдері өздеріне дауыс көтеріп сөйлесе дс көңілдеріне ауыр алып калады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ койылмаған баға ғана емес, мұғалімдері көзгс ілмей, өтініштерін күлықсыз, жүрдім-бардым тындаса да, ен болмағанда қастарына жақындап жай-жапсар білмесе де олардың көңілдеріне келеді. Өздеріне мұғалімнің назарын аудару үшін әдейі тәртіп бұзатын бірді-екілі балалардың да бар екені өтірік емес.

Қандай түрде болмасын мұғалімдер тарапынан оқушыларға ілтипат болмаса, мұның өзі олардын араларына түбі сызат-жарықшақ түсірмей коймайды.

Сенім. Педаготық эдсп мұғалімнің оқушыларға сенім арта білу кабілетін де қамтиды. Әрбір оқушы өзінің оқудағы табысының ынтаға, тырысуға байланысты екеніне сене білуі тиіс.

Оқушыға сенім арту тәлім-тәрбие жұмысының принципі деп Макаренко әдемі айтқан. Шәкірттерге сенім арту мәселесі Макаренко еңбектерінде тиісті орын алған. Демек, бұл жұрттың бәріне әлімсактан белгілі нәрсе. Сол себепті де мысал келтірмедім. «¥стаздық дастан» — адамның адамға сенімі жайында жазылған шежіре. Колониядағыларға Макаренконың ең ащы шындыкты батыра айтуына болатын еді ғой, бірак ол ешқашанда сенімсіздік білдіріп, ешкімнің жанын жараламады.

Тәжірибелі мұғалімдерде кездесетін оқушыларға деген сенім оларды еңбекке қатыстыру да маңызы зор көптеген тәсілдердің бірінен саналады. Әдепті мү.ғалім оқушыларының біреуінен түбі ештеме шықпайтынына көзі жетсе де сыр бермейді.

Сенімсіз жұмыс өнімсіз де көңілсіз. Өнімсіз де көңілсіз болатын — тиімсіз. Демек, оқушыларды өз шамалары мен мүмкіншіліктеріне деген саналы сенімге тәрбиелеу керек. Сенім дегеніміз, былайынша алып қарасак істеген істің жартысы деген сөз.

Тәжірибелі мүталімдер кейбір оқушылардын өз шамаларына деген сенімін колдап, күшейту үшін олардың алғашкы жетістіктерін өсіріп көрсетуге саналы түрде барады.

Оқушыларға шындықты айтудың кажеті бар ма, жоқ па деп сұрағанда мен еріксізден дәрігерлік этикажайын ойлап кетемін.

4. Төзім және сабыр сақтау. Мұғалімнің педагогтық әдеп әлемі үшін төзім мен сабыр сактау сияқты қасиеттердің үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар.

Ашу үстніде ешкдндай да шешім қабылдауға болмайды. Ондай жағдайда мұғалімнін асығыс шешім қабылдамауы үшін: «Мен сенімен жеке әңгімелесемін», «Сенімен айналысуға кәзір уакытым болмай түр» — деген сияқты кінәлау түрлерін іздестіргені жөн. Ашуы басылған соң мұғалім басқашалау ойлайды, шешімі ақылға сыйымды болады, ол шешімін оқушыларға, яғни класқа бір қапысын тауып жеткізеді.

Сабырлылық өзін өзі ұстай білушілік сиякты касиеттср ұстаздың белсенді кұралы болуы қажет. Тәжірнбесі аз, жас мүталімдер көп ретте ездерін ыңғайсыз жағдайға қалдыратын лап етпе мінездерін нерв жүйесі жағдайларынан көреді. Нерв жүйелері жастарға карағанда әлде кайда осал байырғы мұғалімдер, әдетте, ұстамдырақ келеді. Демек, мәселе нервте емес, керісінше, ол әркімнің өзіне тапсырылған іске жауапкершілігі мен өзін-өізі ұстай білу дағдысына байланысты. Олай болса, ұстамдылық пен сабырлылық іскерлік пен дағдыға үдсас болды. Өзін өзі ұстай білуге тәрбиелемеген мұғалім педагогтык әдепке қарадүрсіндеу келеді.

Басқа мамандық иелері сияқты педагог та жұмыс бабында кездесетін киыншылықтарды күні бұрын көре білуге және оларды жеңе білуге дайын болуы тиіс. Педагогтық оптимизмді кең пейілділікпен, баланын психикалық күрделілігіне мән бермеумен алмастыруга болмайды. Инженер, мәселен, әрдайым өзі жұмыс істейтім материалдар кедергісін есепке алып отырады. Сол сиякты, педагог та неше түрлі кедергілерге кездесетінін жадынан шығармай, ұшырасады-ау деген кедергілерді есепке алып отыруы тиіс.

Мұғалім — өмір тасын калаушы. Оның негізгі міндеті балаларға өз пәнін үйрету. Одан да үлкен міндеті — балаларды адамгершілігі кұшті азамат етіп шығару.

Қиын жағдайларда оқушыларға ықпал ететін бір жаксы тәсіл — сабыр мен төзімділік.

Жоғарыда аталған педагогтық әдеп алғышарттарының бәрі, бір-бірімен тығыз байланысты болса ғана күшті. Біреуі жетіспей тұрса, соның өзі педагогтық әдепке едәуір нұсқан.

Педагогтык әдепті әңгіме еткенде, онын іскерлік сияқты өзіндік ерекшелігін есте сақтау керек. Әдепті болу үшін педагогтік бірер ереже мен әдіс-тәсілді білу аз. Педагогтық әдеп — мұғалімнің тұрақты шығармасы.

Қай оқушыға қандай ескерту жасалып, қандай баға, қандай талап қойылады, оны оқушылар капай қабылдайды — әдепті педагог соның бәрін іштей сезеді. Белгілі бір шара колданбас бұрын әр педагогтың өз шәкірттерінің хал-жағдайларын сұрап, олардың көңіл-күйлерімен санасқаны дұрыс. Ересек адамдарды қалай кұрметтеп, қалай сақ аралассақ балаларды да солай, одан да гөрі құрметтеп, сақ қарым-қатыста болуга тиіспіз. Әлетте, педагогтык әдепке кайшы келетіндер көбіне-көп: сөзіме кұлак аспады, дауыс көтерді, өзін қалай болса солай ұстады дегенді ұлататын, кінамшіл мұғалімдер.

Енді педагогтық әдепті меңгеруде психологиялық білімнің мән-мағынасы жайында бір-екі ауыз сөз.

Педагогтық әдеп адаммен бірге туатын сапа емес екенін жоғарыда айтқан болатынбыз. Ол адамның басқа санасы сияқты жүре бара пайда болады. Бірак бұл ешқандай теориялык дайындықсыз өзінен өзі келеді деген сөз емес.

Педагогтык әдеп мү.ғалімнің психологиялық білімін алдын ала қарастырады. Тәжірибе жинақтамас бұрын,—педагог көп окып, көздеген максаты, пәні және өз еңбегінің кілті жайында жатпай-тұрмай ойлануы керек.

1. Педагогикалық әдеп - мұғалімнің кәсіптік сапасы

Педагогтык әдеп, кең мағынасында алғанда — мұғалімнің әрбір нақгы іс үстінде тәрбие мәселесінің ең үлымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Оқушыларға біздің тарапымыздан болатын әрбір педагогтық әдіс-тәсіл, әрбір ескертпе мұғалімнің беделін жоғары көтеретіндей, не болмаса оған нүксан келтірмейтіндей болуы керек. Мұғалімдер өз талаптарын оқушылардың қалай орындайтынына маңыз беріп қана қоймай, сонымен қатар, реніш тумау жағын да ойластырганы жөн.

Ешкашанда не болса соған ез көзқарасын таңбайтын, оқушыларының теріс мінез-кылықтарына көз жү-мып қарамайтын, олардың кез келгеніне қатты ескерту жасаудан каймықпайтын, бірақ оқушыларына да, өзінің мұғалім атына да ақылмен, құрметпен қарайтын, педагогтық әдептен хабары мол оқытушы, менінше, үхтамды, бірак талап қойғыш мұғалім, қайсар және өз дегенінен қайтпайтын адам.

Әр нәрседен хабары мол әдепті мұғалім оқушылардың жүрегіне жол таба біледі. Жол таба білудің нәзік жолдары: ерік-жігер, ұстамдылық, ілтипаттылық, дәйектілік, талап қоя білушілік, зейінділік, қалжыңдай білушілік, орынды мысқыл, ептілік, әзіл-оспаққа үйірсектік, көзқарас және дауыс ырғағының мол болуы.

Қөптеген ықпал-әсер әдіс-тәсілдерінен санаулысын ғана пайдаланатын мұғалімдер оқушылармен байланыс жасау мүмкіншіліктерінің біразын жоғалтып алады. Оқушылармен жұмыс барысында ешқандай ымыраны мойындамайтын мұғалімдер де бар. Ондайлардын көбісі көтеріңкі дауыспен сөйлейді. Сабағын түсінбегенде, күлкі буғанда, класта тақта сүртілмегенде... ондайі мұғалімдер шәкірттеріне өктем сөйлейді.


  • Сонда калай, мұндай жәйттерге мән бермеу керек пе?


  • Мән беру керек, бірак түрліше мән беру керек. Белсенді емес деп
    оқушыларды кыран жапқандай қылудың кажеті қанша? Одан да олардың
    белсенділігін көтеріңіз. Оқушылар айтқанды ұғып алмаса, айқайдан пайда
    жоқ. Сол материалды қайтадан түсіндіру керек. Күлді екен деп мен өзім, мысалы, оқушыларға айқайламаған болар ем. Күлетіндей жағдай болса, олар күлкілерін бәрібір жасыра алмайды. Мү-ғалім ашуланса, олардың күлкісі тіпті қозып кетеді. Одан да оқушылардың күлуіне мүмкіндік беріп, өзің де қосылып күліп, содан кейін құлаққа жағымды үнмен бір қызық әңгіме бастап, сөйтіп барып жоспарланғаи материалдың мазмұнына көшу керек. Мысалы, такта кір болса, оқушыларға реніш білдіруге де болады немесе тақтаны үн-түнсіз сүрте бастап, сәлден соң оларға естірте: «Егер сіздерге такта сүрту қиын болса, мен-ақ сүртейіи» — десе де жеткілікті. Келесі жолы тақта айнадай жалтырап тұрады. Оны, әрине мұғалімнің беделі біледі.


Оқушыларға ықпал-әсер ететін әдіс-тәсіл қорының молдығы кажетті нәрсе саналмағанымен, мұғалімің педагогтық әдепке ие екенін білдірмейді. Оған қоса, әрбір ықпал-әсер әдіс-тәсілін нақты іс-қимыл мен нақгы жағдайға сәйкес колдана білу талап етіледі.

Әрбір әдіс-тәсілдің орынды қолданылғаны жақсы. Орынымен айтылса, әзіл-қалжың ашу-ызаның бетін қайтарады.

Педагогтык әдеп — творчество, ақыл-ой әрекеті, айрықша іскерлік. Әдепті мұғалім педагогтық әр түрлі әдіс-тәсілдердің мол арсеналын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды ақыл таразысына салып өлшеп, орынымен пайдалана да біледі. Бір қарағанда көмекші кұрал ретінде елеусіздеу көрінгенімен, әдепті мұғалімнің бойындағы іскерлік оқушыларға козғау салатын әдіс-тәсілдерді іріктеу үстінде көрініс береді, жалпы жұмыс барысында тік мінезді, көрген-білгені шамалылау мұғаліммен салыстырғанда онын артықшылығы байкалмай коймайды. Дэнекерлік қызмет аткаратын мұндай айла-тәсілдер айналаға жылу беріп, мұгалім мен шәкірттердің ара қатыстарын жұмсартады. Жеңіл әзіл мен мү_ғалімнің тапқырлығы осының ішінде.

Оқушылардың мінез-құлықтарының қыр-сырын нәзік түсінетін әдепті мұғалім дөрекі, добал мұғалімге қарағанда өзін көтеріңкі сезінеді. Әдепті мұғалімге оқушылардан көз айырмаудың қажеті жоқ, Оның оқушылармен байланысы сенім мен өзара сыйластыққа күрылады. Сондықтан да, ондай мұғалім оқушыларымен ара-тұра жеңіл әзілдесіп, кайсыбіреулеріне мысқылмен

ескерту жасай алады. Әдепті мұғалімнің мінез-құлқы түгелдей (дауысы, жүріс-тұрысы, калпы) табиғи болады. Оқушыларымен әдепті карым-қатыста болу әдетіне, мінезінің ажырамас бір бөлігіне айналады. Бойына осындай әдет-дағдылар сіңген ұстаз ғана шәкірттерінің жүрегіне жол табады. Бұған әр педагог ие болуы қажет. Ол үшіи не істеу керек — оны келесі кездескенде әңгімелерміз.

Қорытынды.


Қорыта келгенде, педагогтық әдеп – бұл мұғалімнің оқушылар алдындағы абыройы болып табылады. Ал, абырой әсіресе қазіргі заман оқушыларының алдында мұғалімге бірден бір қажет болып табылады.

Педагогтық әдеп әр мұғалімде әр түрлі жэне әр калай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас мөлшеріне, темпераментіне, мінез-құлқына, тағы басқа да ерекшеліктерне байланысты. Педагогтық әдеп әр мұғалімнің дара қасиеті, нақты математикалық есеп бір тәсілмен шығарылады, бірнеше тәсілмен шығатыны сирек, ал оқушылардың жүрегіне жол табудың тәсілдері екі бастан сан алуан. Әр мұғалімнің педагогтық әдебі бірқатар ұқсас жайтгарды шешуге жарамды белгілі бір схемаға және формулаға сыйыспайды. Мұғалімнің окушылармен тіл табысуы көбіне оның жағдайға ой көзімен карай білуіне, оған басқа жағдайлардан да гөрі айрықша маңыз беруіне байланысты. Әрбір нақты жағдайға окушылардың қалай қарайтынын аңғара білу де мұғалімнің біраз білігін танытады. Ал, окушылардың нақты жағдайға қалай қарайтыны көбінесе олардың мұғалімдермен ара катынасына байланысты.

Кей мұғалімнің оқушыларға бірыңғай әдіс-тәсілдермен ықпал-әсер етуі тәп-тәуір нәтиже берсе, екінші бір мұғалімдерде оның керісінше болатын жайттері жоқ емес. Тіпті, бір мұғалімнің айтқан мәні шамалы, елеусіздеу сөзінің өзі кейде оқушыларға жеңіл әзілдей әсер етсе, екінші мұғалімнің айтқан сөзі ерсілеу естілуі мүмкін. Бірақ, бұған қарамай, әр мұғалімнің дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогтық әдепті дамытуға септігін тнгізетін жекелеген пспхологиялық және педагогтық жайттарды бөліп көрсетуге болады.


Пайдаланылған әдебиеттер


1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1986ж.


2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдияров Н. Педагогика. Алматы, 2004ж.


3. Біржанұлы Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1986ж.


4. Сағындықұлы Е. Педагогика. Алматы, 1999ж.


5. Савин Н.В. Методика преподавания педагогики. М., 1987ж.


6. Подласый И.А. Педагогика. М., 1998ж.


7. Тілеуова С.С., Әліпбек А. Педагогика. Ш., 2006ж.


8. Тілеуова С.С. Жоғары мектеп педагогикасы. Ш., 2005ж


9. Педагогикалық ізденіс. А., 1990ж.


10. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.


11. Асылов Ұ. Педагогикалық әдеп. 2004ж.


12. Синица И.Е. Педагогикалық әдеп шеберлігі.



Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастырумен көкейкесті мәселе болып отыр. Біздің ең басты мақсатымыз сапалы білім, саналы тәрбие беру. Мұғалім өзіне жүктелген осы абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданатын қарым-қатынас, амал-тәсіл, әдістер құрамынан этика елеулі орын алады.

ЭТИКА- әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым. Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады. Педагогикалық әдеп – мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деген анықтама беруге болады. Оны оқушылардың сыртынан бақылау жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі, К.Д.Ушинскийдің айтқанындай, - түптеп келген психологиялық әдеп.

Педагогикалық әдепке анықтама беру үш түрлі көзқарасқа негізделеді.

оқушылармен қарым-қатынасқа жалпы адамзаттың әдептілігін сіңіру;

мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі;

мұғалім шеберлігінің бір бөлігі;

Осы анықтаманың біріншісі яғни мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, педагогикалық этика жайлы айта кетсек;

Ұстаз этикасы – мұғалім мен бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық этика – ұжым ішінде, мұғалім-

дер арасында басталып, өзінің заңды жал-ғасын сыныптарда табуы тиіс.

Педагогикалық әдепке әрбір нақты жағдайда оқушыларға әсер етудің тиімді құралы педагогикалық тактика деп аталады. Барлық жағдайда, барлық педагогтар қолдана алатын нұсқаулар:

Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу. (оқушының сөзбен де, көзбен де оның қадір-қасиетін қорламау, керісінше оларды сүйемелдеу, көтермелеу, дамыту);

Ықпал жасау шамасы. (ол шамалап кінәлайды, шамалап мақтайды; Кейісті тоқтатады, әзілді тежейді, әр сөзді қашан айтады дөп басып біледі).

Шешімге келу. ( Ең жақсы шешім – байсалды шешім; Ашу –нашар кеңесші).

Көңіл қалдырмау. (көңіл қалдыру мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық кедергі).

Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез-құлық. (оқушымен жеке сөйлесу– мұғалім шеберлігінің көрсеткіші, ондай әңгімеге сабақтан кем дайындалмау керек)

Оралымды жолдар. (әдепті мұғалім талап қойғыш, бірақ қазымыр болмайды).

Білімді бағалау. (жақсы баға –обьективті (оқушылар сөзімен айтқанда-әділ) баға.

Көңіл-күйі. (Егер көңіл күйіңіз нашар болса, оны табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Оқушылар алдында мұғалім қалай болғанда да тек қана жайдары, қайратты және көңілі көтеріңкі болуы тиіс. Педагогтық кәсіп сыры осында.)

Әзіл. Тапқыр сөз. (өзі әзілді сүйетін, тапқыр сөзді мұғаліммен оқушылар ықыласты араласады, тіпті оның қателіктерін де кешіреді).

Педагогтық тактика. (Сөз тіркесін сан құбылтып айтатын алуан түрлі дауыс ырғағы, күлімсіреу, әсерлі көзқарас, ым қимылдардың жинақталған шоғыры, тұрақты сөз нұсқаларының, мәтелдердің айтарлықтай қоры, сондай-ақ, бірқатар артистік қимыл қозғалыс-

тар және шешендік тәсілдердің қоры болуы тиіс).

Педагогикалық бірінші принцип: дұрыс амандасу. Сәлем сөздің анасы-деп бекер айтылмаса керек, кім болса да ең алдымен амандасу, ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мәдениеттілігін көрсетеді.

Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде, достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмосфера тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанына сендіре білу, көңіл күйін айтқызбай-ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние. Ондай болса тілдесу өнеріне келейік.

ҚАТЫНАС ЖАСАУ, ТІЛДЕСУ ӨНЕРІ:

Өз мінез-құлқын, сезімдерін басқара алу;

Бақылай, қадағалай алу;

Назарды басқа жаққа аудара алу;

Тәрбиеленушілердің ішкі жан дүниесін түсіне білу және оны ескере білу;

«жүзіне қарап оқи алу»;

Оқушылармен байланыс жасай алу;

Педагогикалық іс-әрекетте қарым-қатынас жасаудың барлық түрлерін қолдану керек (ақпарат алмасу; өзара әрекеттестікті ұйымдастыру; баланың тұлғалық қасиеттерін аша білу; оған ықпал ету және т.б.)

Педагогтың көңіл күйі – оның тәрбиелейтін зор күш-қуаты. Кімде – кім мұғалім көңілін бұзса, ол оқушыларымыздың тәрбиесіне зиянын тигізеді. Сондықтан өзіңіздің де, өз әріптестеріңіздің де көңіл күйіне абай болған жөн.

Педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешенін – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА дейміз.

Педагогикалық техника:

Столдың артында тұрып сабақ түсіндіруге болмайды;

Отырып сабақ түсіндіруге мүлдем болмайды;

Қол айқастыруға мүлдем болмайды;

Әр оқушының көзіне қарап сабақ түсіндіру керек;

Дұрыс және мәнерлі сөйлеу икемдігі (сөйлеу мәдениеті, оның эмоционалдық мінездемесі);

Жест және мимика, пантомимиканы дұрыс қолдана білу;

Өзінің психикалық жағдайын-сезімдерін, көңіл-күйін басқара алу икемдігі;

Өзін-өзі сырттай көре алу икемдігі;

болуы тиіс және педагогикалық техниканы қатаң сақтау керек, сол кезде алдымызда отырған оқушылардың бәрі түсіндіріліп жатқан сабақты жақсы меңгеретіні сөзсіз.

Педагогикалық этиканың маңыздылығын сонау ғасырларда білген Аль Фараби - «Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында он екі тума қасиет болу керек» деп, педагоикалық әдептің қыр-сырына тоқталып кеткен:

Өнер білімге құштар;

Мүшелері мүлдем мінсіз;

Жаратылысынан өзіне айтқанның бәрін жете түсінетін;

Өзі естіген, көрген, түсінген және аңғар-ған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын алғыр да аңғарымпаз;

Өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық бере алатын;

Тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұқбат құруға қанағатшыл;

Жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын;

Жаратылысынан игі істерге ынтызар;

Әділеттілігі мен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін;

Жақындарына да, жат адамдарға да әділ, пасық адамдарға мүлдем рақымсыз,

Қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек;

Бойына туа біткен 12 қасиетке ие болатын, бұларды бір-бірімен сәтті ұштастыратын адам нағыз ұстаз;

Педагогикалық этика деген кең ауқымды мағына. ҰСТАЗ деген абыройлы атаққа лайықты болу үшін – мұғалім жан-жақты білімді болып қана қоймай, сондай-ақ әділ де әдепті, қарапайым да кішіпейіл, бауырмал да қайырымды, қысқасы, жоғары саналы азамат болуы тиіс деген сөз. Әрине, бұл әбден орынды, солай болуымыз абыройлы міндет.

«Құбыр жасау» жаттығуы



Барлық қатысушыларды ортаға шақыру. Біз тендр ұтып алдық. Тендрде бізге құбыр жасау жұмысы бекітіліпті. Ол құбырды біз қазір мына қағаздар арқылы жасаймыз. Қағаздарды екіге бүктеп, бір–біріне айқастыра қойып, қатысушыларды жақындастыру. Жасалған жұмыс нәтижесін тексеру барысында су жіберіледі, яғни кіші көлемдегі доп.

Бұл жаттығудың да мақсаты бір бірімізге деген ыстық ықылас пен ұйымшылдықты көру, қарым қатынасымыз қаншалықты беріктігін анықтау. Яғни бұл қатынас этикасы деп білеміз.

Бүгінгі талқыға түсетін тақырып педагогикалық эитка.

Этика - әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым.

Этика (грек. Ethos – дағды, әдет, ғұрып) деген мағынаны білдірсе керек.

Педагогикалық этика - педагогтың әріптестерімен, ата-аналарымен және тәрбиеленушілерімен қарым-қатынас жасауда жалпы әдептік нормаларды басшылыққа алуы.

Қандайда бір мамандықтың да айрықша белгісі болады. Ол адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Әнші үшін үн, музыкант үшін музыканы ұғу маңызды болса, мұғалім үшін педагогтық әдеп сондай қажет. Педагогтық әдеп адаммен бірге туатын нәрсе емес, ол жүре бара пайда болады, яғни бұл ұзтаздың тұрақты творчествасы.

Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше, педагог ұстаздық шеберлікке қолы жетпейді.

«Көп сөйлеп, созбайын, әдептен озбайын» деп Абай атамыз әдеппен (қысқа-нұсқа) сөйлеудің өзі әдептілік екенін тіктеп айтады. Әдеппен сөйлеу, артық сөз айтпау, дөрекі сөздерді айтпау, қысқа да нұсқа сөз айту – әдептіліктің белгісі.

Әдепті болу әр адамның міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті.

Педагогикалық этика – адамның сырт көрінісі, жүріс тұрысы, сөйлеу мәдениеті, өзін дұрыс  ұстауы әрі өз ортасына (барған жеріне лайықты киіну: жұмысқа, қыдыруға, тойға, т.б) байланысты киім-киісі, сөйлеу мәнері, мимика, жесть, дене қимылы жатады.

Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы этикалық сұлулықтың белгісі. А.П.Чеховтың сөзімен айтқанда адамда: бет, киім, жан, ой – бәрі сұлу болу керек. Әрқашан сұлу болып жүрейік.

Балалық өмірдің ең қызықты кезеңдері білім ордасында өтеді. Сол білім ордасының тұлғасы – ұстаз. Ұстаз шәкірттің жан сұлулығын зерделей зерттеп, оның адамдық асыл қасиеттерінің жақсара түсуін қадағалайды, қамқорлық жасайды, өз баласындай көреді. Шәкірт ата-анасынан гөрі ұстаздардан көбірек тәлім-тәрбие алады. Балаға адам ретінде қадірің болу, ол үшін киім киісің, сөйлеу мәнерің, жүріс тұрысың, қарым – қатынасың үлгі болатындай болу керек.

  1. Сонымен қазіргі заман талабына сай ұстаз қандай болуы тиіс?



  1. Педагогтың киім киісі қандай болу керек?

Педагогтың шаш үлгісі де, киген киімі де, таққан әшекейлері де балаға ықпал ететіндей киіну керек.



Педагогтың киімі эстетикалық жағынан әсерлі, әдемі, жарасымды болу керек



Педагогтың шаш үлгісі де, киген киімі де, таққан әшекейлері де балаға ықпал ету мақсатында таңдалу керек



Педагогтың жүзі жайдарлы, қозғалыстары жинақы болғаны дұрыс.Педагог өзіне-өзі сенімді

болуы керек

  1. Педагогтың бойында қандай этикалық қасиеттер болу керек?





Педагогтың бойында қандай қасиеттер болу керек?



  1. Мейірімділік

  2. Балаларға деген шынайы махаббат

  3. Эмоционалдық байсалдылық

  4. Әділдік

  5. Балаларға деген зейін

  6. Қайырымдылық

  7. Сергектік

  8. Өмірді сүйгіштік

  9. Тіл табыса білу, бәрімен араласа білу

  10. Жігер

  11. Қарапайымдылық, сабырлық көрсетуі, өзін-өзі басқарып ұстамдылық жасауы, жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы, қарым-қатынас жасай алу ептілігі, ол бала үшін құрметті адам.





Педагогтың бойында болмау керек қасиеттер

  1. Дөрекілік

  2. Баланы жеке тұлға ретінде қабылдамау,

сыйламау

3. Әділетсіздік

4. Өзін-өзі ұстай білмеу

5. Әдепсіздік

6. Балаларға немқұрайлы қарау

7. Өзінің мамандығына немқұрайлы қарау



«Тығырықтан шығу» ойыны

Ойынның шарты: Қатысушылар шеңбер құрап тұрады. Жаттықтырушы бір-бірінің қолдарынан ұстап тұруын сұрайды. Бір мезгілде бардығы қолдарын бірге көтеріп, арада пайда болған аралықтан өтіп, әбден бір жерге арасынан адам өте алмайтындай болып жатасып жиналады, тығырыққа тіреледі. Кейін осы шатасудан қолдарын жібермей жазылулары керек.

Шарт: қандай жағдай болмасын бір-бірінің қолдарын босатпауы қажет. Әбден жазылғанда тығырықтан шығады.

Сұрақ: шатасу кезінде кім не сезінді?



Педагогикалық жағдаяттар

  1. Сіз балаларды тынышталдырып, оқу қызметін бастадыңыз. Бір уақытта бір баланың қатты күлкісі естілді. Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей, оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тіке қарап: «Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап күлкім келеді»,-деді. Сіз қандай шешім қабылдайсыз?

  2. Топтағы тәртіпті бір бала аяқ астынан сізге: «Меніңі ойымша, сіз ұстаз ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз»,-деді? Сіз қалай жауап берер едіңіз?

  3. Сіз балалардың барлығына бірдей тапсырма бердіңіз. Бір бала «Тапсырманы орындағым келмейді»,- деді. Сіздің әрекетіңіз?

  4. Тобыңызда бір бала ойламаған жерден «Сіздің маған басқа балаларға қарағанда жақсырақ көңіл бөлгеніңізді қалаймын»,- десе, оның мұндай ұсынысына сіз қалай жауап бересіз?

  5. Сізді әріптестеріңіз қандай деп есептейді?

  6. Егер сіздің әріптестеріңіздің біреуі сіздің затыңызды рұқсатсыз алса өзіңізді қалай ұстайсыз?

  7. Ебедейсіз жүретін бір балаңыз абайсызда сіздің стол үстінде тұрған телефоныңызға қолы тиіп, сындырып алды. Сол кінәсі үшін сіз оған мықтап ұрысып алдыңыз. Ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп арыз айтты. Ертесіне ата-анасы келді. Сіздің әрекетіңіз қандай?

  8. Балалар түскі аста. Досымен ойнап отырған Бағдаулет ыдысты сындырды. Сіз әрине мықтап ұрыстыңыз. Сізді сол күні кешке қонаққа шақырады, Бағдәулетте сол үйге атасымен еріп келген. «Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты» деп есіктен кірер кірместен айқайлап жіберді. Сіз өзіңізді қалай ұстар едіңіз?



«Жылы алақан» жаттығуы

Барлығымыз ортаға келейік. Қазір бір бірімізге қарама қарсы тұрып, біріміз жұдырығызды түйіп, екіншіміз алақанымызды ашып тұрамыз. Алақанын ашып тұрған кісі жұмулы тұрған жұдырықты жылы сөздер айтып ашуымыз керек.

Бұдан біздің қарым қатынас этикамыз байқалады. Егер сізге айтылған жылы сөздер әсер етпесе алақаныңызды ашпаңыз.



Қандай әсер алдыңыз?

Мен бүгінгі тақырыпты аша алдым ба?

Маған айтар ұсыныстарыңыз?

. Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары

      5. Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
      1) адалдық:
      Педагог адалдығы олардың оқыту мен тәрбиелеу нәтижесіне, өз қызметіндегі түзетулерді жүзеге асыра білуіне, сынға және рефлексияға қабілетін дамытуға, оқушылардың, ата-аналардың, әріптестердің кез келген пікірі үшін ашықтығына жауапкершілігін білдіреді;
      2) әділдік:
      Педагог әділдігі оның бағалау кызметінің ашықтығын, олардың құрған білім беру ортасының айқындылығын білдіреді. Әділдік педагогке окушының, оның ата-анасының (заңды өкілдерінің), әріптестерінің құқығын бұзуға тыйым салады;
      3) өзінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу:
      Педагог өзінің кәсіби назарындағы объектілер болып табылатын окушының, ата-ананың, адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, олармен қарым-қатынас жасауда өнегелі. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп, білім алушының жетістігін (жетіспеушілігін) бағалауда әдептілік танытады.
      Білім беру процесін қатысушыларына қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға мүлдем жол бермейді;
      4) жалпы адами құндылықтарды құрметтеу:
      педагог жалпы адами құндылықтардың басымдылығын мойындай отырып, әрбір ұлт мәдениетін ерекшелігіне, құндылығына және қадір-қасиетіне құрметпен қарайды.
      Педагог ұлтаралық қатынастар мәдениетін тәрбиелейді, білім алушыларды жасына, жынысына, тіліне, ұлтына, діни көзқарасына, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына немесе өзге де кез келген жағдайларға қарамастан барлық ұлттар мен барлық адамдардың құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеуге үйретеді;
      Педагог мектеп ұжымында сенім білдіру және құрметтеу ахуалын жасауға мүмкіндік туғызады;
      5) кәсіби ынтымақтастық:
      педагог мамандық мәртебесі туралы ойлайды, әріптестерінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтейді, мұғалім беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермейді.
      Педагог, қандай да бір дұрыс емес нәрселерді жасауға, өз әріптестерінің сеніміне нұқсан келтіруге, олардың кәсіби міндеттерін атқаруына кедергі жасауға, оларға қандай да бір шығын келтіруге жол бермейді. Педагог өз әріптестерінің теориялық және әдістемелік шеберлік деңгейін арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға, қиын жағдайға тап болған әріптестеріне көмек беруге жәрдем көрсетеді. Кәсіби ынтымақтастық жалғандық пен әділетсіздікті ақтауға қызмет етпейді;
      6) үздіксіз кәсіби даму.
      Педагог өзінің кәсіби шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін жетілдіреді.

3. Педагогикалық әдептің негізгі нормалары

      6. Педагог қызметкер өз қызметінде:
      1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;
      2) Қазақстан Республикасы педагог қызметкерінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;
      3) өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;
      4) өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады;
      5) еңбектәртібін бұлжытпай сақтайды;
      6) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
      7) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 
шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады;
      8) қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
      9) өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;
      10) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болады.
      7. Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:
      1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
      2) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттерді болдырмау үшін күш салады;
      3) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;
      4) білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді.
      8. Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:
      1) жалпы қабылданған адамгершілік-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
      2) баска педагог қызметкердің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

Базаның жай-күйі

  • Барлық құжат: 219503

  • Қазақ тілінде: 110216

  • Орыс тілінде: 108906

  • Ағылшын тілінде: 381

  • Жаңартылған күні: 09.11.2017

  • 06.11.2017 күннің жағдайына құжаттар

Қолдау қызметі

Құқықтық ақпараттық қызметі

  • Қалалық телефондардан тегін қоңырау
    119 Қазақстан бойынша
    58-00-58 Астана, Алматы қ. үшін

Соңғы құжаттар

барлық соңғы құжаттар

Кеңінен таралған құжаттар

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
751
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12