Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдептен озбайық

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдептен озбайық туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ахметова Жаннат Акбарқызы


Өзін – өзі тану сабағының жоспары



Тақырып: Әдептен озбайық


Құндылық: Дұрыс іс-әрекет


Қасиеттер: әдептілік, адалдық, шыншылдық, ар-ұят тазалығы


Сынып:_6


Сабақтың мақсаты:

- оқушылардың бойындағы ажырата білу және ар-ожданының үнін ести білу қабілетін ояту;


- күнделікті өмірде дұрыс мінез – құлық қасиеттерін дамытып, жүзеге асыратын ойлар мен іс – әрекеттерді бекіту.


Сабақтың міндеттері:


  • оқушыларды қарым – қатынас мәдениетіне үйрету;


  • олардың әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;


  • оқушыларды дұрыс мінез – құлыққа, әдептілікке, адалдыққа, шыншылдыққа, ар – ұят тазалығына тәрбиелеу.


Ресурстар: оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)


  1. Тыныштық сәті. Жарық. (3-5 мин)


  1. Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)

Үйге оқып келуге берілген «Тістелген алма» (Ел аузынан) мәтіні бойынша сұрақтар:

Мәтінде қандай оқиға баяндалған?

Жігітке қандай қасиеттер тән еді?

Ол неліктен алманың иесін іздейді?

Балалар, қалай ойлайсыңдар, алманың иесі көріп тұрмаса да, неліктен жігіт одан кешірім сұрамақшы болды?

Оның істегені дұрыс па?

Жігіт бақ иесіне қандай қасиеттерімен ұнады?

Қыз бен жігіттің қандай ортақ қасиеттері бар?

Жігіттің бойынан өткен сабақта айтылған қандай сүйіспеншілікті көре алдыңдар?

Ал сен сондай егесіз нәрсені көрсең не істер едің?

Неліктен?

Сабақ барысын талдау

  1. Дәйексөз. (5 мин)


Адамда жақсы қасиет болмаса,

Оған бақ та, бақыт та қонбайды.

Ж.Баласағұни


Сұрақтар:

Қандай жақсы қасиеттер болмаса, адам бақытты бола алмайды?

Бақыт дегеніміз не?

Жақсы қасиеттер адамды қалайша бақытты етеді?



  1. Әңгімелеу (сұқбат). (9 мин)

«Ұстаз сынағы» өсиетнамасы.

Шәкірт неліктен қайтып келді?

Оның менің «менім» деп тұрғаны не деп ойлайсыңдар?

Шәкіртте қандай қасиеттерді байқадыңдар?

Ар – ұятымыздың, жүрегіміздің үнін тыңдау дегенді қалай түсінесіңдер?

Адам ар – ұяты бойынша, нені болса да алдымен жүрегінен өткізіп өмір сүрсе, қандай болады?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (10 мин)

Адамның мінез – құлқы жақсы болу үшін, онда қандай қасиеттер болу керек? Топтарда талқылай отырып, жақсы қасиеттер тізімін жасайды. Әр топ жақсы мінез – құлықтың өмірден бір мысалын келтіреді.


  1. Топпен ән айту. (3 мин)

«Жас дәуірдің түлегіміз» әні.

Сөзі: Е.Өтетілеуов

Әні: И.Нүсіпбаев



  1. Үй тапсырмасы. (1 мин)

Эссе. «Әдепті болу үшін мен не істер едім?»

Оқулықтың 40- бетіндегі М.Мақатаевтың «Көшеде» өлеңін оқып келу.



  1. Сабақ соңындағы тыныштық сәті. (2 мин)


Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
459
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12