жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әдептен озбайық
Ахметова Жаннат Акбарқызы
Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Тақырып: Әдептен озбайық
Құндылық: Дұрыс іс-әрекет
Қасиеттер: әдептілік, адалдық, шыншылдық, ар-ұят тазалығы
Сынып:_6
|
Сабақтың мақсаты: - оқушылардың бойындағы ажырата білу және ар-ожданының үнін ести білу қабілетін ояту; - күнделікті өмірде дұрыс мінез – құлық қасиеттерін дамытып, жүзеге асыратын ойлар мен іс – әрекеттерді бекіту. Сабақтың міндеттері:
|
Ресурстар: оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні |
|
Сабақтың барысы:
Үйге оқып келуге берілген «Тістелген алма» (Ел аузынан) мәтіні бойынша сұрақтар: Мәтінде қандай оқиға баяндалған? Жігітке қандай қасиеттер тән еді? Ол неліктен алманың иесін іздейді? Балалар, қалай ойлайсыңдар, алманың иесі көріп тұрмаса да, неліктен жігіт одан кешірім сұрамақшы болды? Оның істегені дұрыс па? Жігіт бақ иесіне қандай қасиеттерімен ұнады? Қыз бен жігіттің қандай ортақ қасиеттері бар? Жігіттің бойынан өткен сабақта айтылған қандай сүйіспеншілікті көре алдыңдар? Ал сен сондай егесіз нәрсені көрсең не істер едің? Неліктен? |
Сабақ барысын талдау |
Адамда жақсы қасиет болмаса, Оған бақ та, бақыт та қонбайды. Ж.Баласағұни
Сұрақтар: Қандай жақсы қасиеттер болмаса, адам бақытты бола алмайды? Бақыт дегеніміз не? Жақсы қасиеттер адамды қалайша бақытты етеді? |
|
«Ұстаз сынағы» өсиетнамасы. Шәкірт неліктен қайтып келді? Оның менің «менім» деп тұрғаны не деп ойлайсыңдар? Шәкіртте қандай қасиеттерді байқадыңдар? Ар – ұятымыздың, жүрегіміздің үнін тыңдау дегенді қалай түсінесіңдер? Адам ар – ұяты бойынша, нені болса да алдымен жүрегінен өткізіп өмір сүрсе, қандай болады? |
|
Адамның мінез – құлқы жақсы болу үшін, онда қандай қасиеттер болу керек? Топтарда талқылай отырып, жақсы қасиеттер тізімін жасайды. Әр топ жақсы мінез – құлықтың өмірден бір мысалын келтіреді. |
|
«Жас дәуірдің түлегіміз» әні. Сөзі: Е.Өтетілеуов Әні: И.Нүсіпбаев
|
|
Эссе. «Әдепті болу үшін мен не істер едім?» Оқулықтың 40- бетіндегі М.Мақатаевтың «Көшеде» өлеңін оқып келу.
|
|
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады» |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген