Материалдар / Әдепті бала - арлы бала ( тәрбие сабақ )
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдепті бала - арлы бала ( тәрбие сабақ )

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Р.Қошқарбаев атындағы 50 ЖББМ» КММ





Әдепті бала - арлы бала

( тәрбие сабақ )




Дайындаған ДТІЖО: Ш.Байбосынова.



2024 жыл


Әдепті бала - арлы бала ( тәрбие сабақ )


Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік әліппесі.

Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі. Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек. «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та бар қалан» - деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың. Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.

1- оқушы: Ата- ананың тілегі- адам болып өскенің, Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің. Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің, Әсемпаздық дегенің- әуре сарсаң әлегің.

2- оқушы: Тәртіпті бала сүйеніш, Төбең бір көкке жетеді. Ұрыншақ бала жанында, Ұрыс пен керіс айқай шу. Ұстамды бала маңынан, Ұнамды қылық байқайсың.

3- оқушы: Кім үлкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса Үлкен болған кезінде Сыйлы болмақ өзі де.

4- оқушы: Сыйла үлкен кісіні Қамқорлыққа ал кішіні. Сақтап көше тәртібін, бағдаршамның ал тілін. Әдет қыл бұл ісіңді, Тазалап жүр тісіңді.

5-оқушы: Қарсы ал ерте күн көзін, Төсегіңді жина өзің. Асықпай іш тамақты, Жалама аяқ-табақты.

6-оқушы: Пышақты ұста оң қолмен, Шанышқыны сол қолмен. Нанды үгітпе, қадірле, Қабығымен бәрін же. Саусағыңды сормағын Салыр салақ болмағын.

7-оқушы: Сыйлап сәлем беремін Көршілерді көргенде. Ізетпен бас иемін, Үйге қонақ келгенде. Әдепсіз деп сөкпесін, Анама айтып өкпесін.

8- оқушы: Атам маған қашан да, Кішіпейіл бол деген. Ата сөзі санамда, Мақтанбауды жөн көрем.

9- оқушы: Өзгелерден өзімді, Санамаймын жоғары. Артық айтып сөзімді, Желпінгенім жоқ әлі.

10- оқушы: Атам маған қашан да, әділетті бол деген. Ата сөзі санамда, Жүрем тура жолменен.

11- оқушы: Қалдыратын ұятқа, Жалған сөзге төзбеймін. Жеткізетін мұратқа, Тек шындықты көздеймін.

12- оқушы: Ізетті бала Ерлан қандай елгезек, Берді ағайға жол кезек: -Ағай ғафу етіңіз! Алға қарай өтіңіз. - Оқасы жоқ, ұланым, Ізетіңмен ұнадың. Деп ағай да Ерланды Жақсы көріп нұрланды.

Ән: «Не деу керек?»

«Жалғастыр» ойыны: «Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.

1. Үлкендердің алдын-

2. Кішкене баланы-

3. Құстарды-

4. Қыз баланы-

5. Сабақтан-


6. Үйге жүгіріп-

7. Үлкен кісіні-

8. Оқу –құралдарын-

9. Сыныпта айғайлауға-

10.Ысқыруға-

11.Құстың ұясын-

Не істеу керек?

- Үлкендерді сыйлау керек

- Ата- аналардың тілін алу керек

- Тәртіпті болу керек

- Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек

- Сабақты жақсы оқу керек.


Мұғалім: Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік. «Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Оқушылар хормен: Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен, Үйренеміз жақсы мінез әдептен.

Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер айту. Әдепті бала- арлы бала, Әдепсіз бала- сорлы бала. Әдептілік белгісі, Иіліп сәлем бергені. Ашу- дұшпан, ақыл- дос, Ақылыңа ақыл қос. Сіз деген- әдеп, Біз деген- көмек.

1. Ұлық болсаң- кішік бол.

2. Кішіден ізет- үлкеннен құрмет

3. Әдепті бала ата- анасын мақтатар, Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.

1. Жақсы адам ай мен күндей Әлемге бірдей.

1. Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп, Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

Сұрақ- жауап: «Сен маған, мен саған»

1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?

2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

4. Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?

5. Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Мұғалім: «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс- әрекетті айтамыз?

1-оқушы: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

2-оқушы: Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек. Жас- кәріге сіз деген Жақсы үлгі іздеген. Дос боламыз біз деген, Ізетті ұл мен қызбенен.

Көрініс: Байлық пен ақыл Ізеттілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ- жауап.

1 Сыйлап үлкен ағаны Сәлем берген баланы Кім дейміз? Әдепті екен бұл дейміз.

2 Кітап, дәптер, қаламы Кір шалмаған баланы Кім дейміз? Ұқыпты екен бұл дейміз.

3 Таудай биік талабы Жақсы оқитын баланы Кім дейміз? Үлгілі екен бұл дейміз.

Әдептілік сөзін топтастыру.

Мұғалім: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!