Сабақтықтың
тақырыбы: Әдептілік - тәрбие
бастауы
Мақсаты:
1.Түзету
білімділігі: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман
әдеттерден аулақ болуға баулу;
2 . Түзету дамытушылығы: Адам
бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін
бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
3. Түзету тәрбиелігі Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар:
Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет -
нақылдар
( әдептілік туралы), құпия хаттар
т.б.
І. Ұйымдастыру
бөлімі.
Оқушылармен
амандасу.
Оқушылар мұқият тыңдаңдар,
дұрыс анық айтыңдар.
-Оқушылар, көңіл күйлерің
қалай? Қазір, ортаға шығып,шаттық шеңберіне тұрыңдар.Тағы да көңіл
күйімізді көтеріп алайық.
Психологиялық
дайындық. Шаттық шеңбері
- Балалар, «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей,
қане, бәріміз бір - бірімізге иіліп амандасайық. ( Бәрі осылайша
сәлемдеседі)
II. Тіл дамыту
жаттығуы.
ІІІ. Кезекші дыбыстармен
жұмыс.
- Оқушылар,кезекші дыбыстарды
кім айтады? ( к,г дыбыстары )
-Қане балалар ойын ойнап
жіберейік.
Ойынның аты «Мені таңда»
(түстерді таңдау арқылы балалар кезекші дыбыстармен жұмыс
жасайды.)
ІV. Жаңа
сабақ.
- Бүгін біз әдептілік,
адамгершілік туралы әңгімелесеміз.
Әңгімелесу
• Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
• Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келе
ме?
• Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай
болады?
• Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Түйіндеу
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен.
Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті,
инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата -
анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен
үйретеді. Біз
оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын
бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден,
ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

Әдептілік
ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады,
көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда
қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға
өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу
кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге
көмектеседі.
Ойын «Бестік алуға
мүмкіндік бар»
«Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып
көрсетіледі.Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып
айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау
керек.)
Шығармашылық жұмыс.
«Әдептілік ережелері»
Мұғалім балалармен түрлі
суреттер арқылы «Әдептілік ережелерін» құрып, ватманға
жапсырады.
Қорытындылау
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы
сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды,
сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен
адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы
сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдет қалыптарды
ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету
дағдыларын үйрендік.