Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ2017 - 2018 оқу жылы
Тақырыбы:
4 – сынып тәрбие сағаты
Кітапхана меңгерушісі: Сисенгалиева А. Т.
Тақырыбы: "Әдптілік - әдемілік"Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбек сүйгіштікке, сыпайылыққа, өз халқының салт - дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, әдеби мантаж.Көрнекілігі: әдептілікке байланысты суреттер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, құпия хат.Барысы. 1. Әдептілік деген не? оны қалай түсінесің .2. Әдепті бала қандай деп ойлайсың?3. Ал әдепсіз бала қандай бала?4. Әдептілікті бізге кім үйретеді? Адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылды болуды, адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілдікті, инабаттылық пен шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ал біздің ата-аналарымыз және ұстаздарымыз адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді өз ортасынанда үйреніп, бойына сіңіре біліп, жаман әдеттерден бойын аулақ салады екен. Әдепті ақылды балалардың қандай болу керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдайық. "Ақыл әліппесі" оқитын Балтабаева АружанАта-ананың тілегі, адам болып өскенің,Адамдықтың тірегі, адал болып өскенің.Әдептілік дегенің, әрқашанда керегің,Әсемпаздық дегенің, әуе сарсаң әлегің.Спортпен айналыс, сұлулық сыйлаған,Сол саған пайдалы іс, сауық пен кинодан.Тәртіпті бала сүйеніш, төбең бір көкке жетеді,Тәртіпсіз бала күйініш, төменднп басың кетеді.Ұрыншақ бала жаныңда, ұрыс пен керіс айқай шуҰстамды бала маңайынан, ұнамды қылықбайқайсың.Шындықты сақтаймыз, шыншылды жақтаймыз.Шаршы топ алдында, шығарып мақтаймыз,Сыйлап сәлем беремін көршілерді көргенде, Ізетпен бас иемін үйге қонақ келгенде,Әдепсіз деп сөкпесін, анам айтып өкпесін."Жалғастыр" ойыны Не істеуге болмайды?
Сұрақ - жауап. Адамгершілік, сыпайылық туралы сұрақтар.1. Ұлкен кісімен қалай сөйлесу керек?2. Қонақ келгенде бала не істеу керек?3. Қонаққа барғанда өзін қалай ұстау керек?4. Мектепте, сынып ішінде қалай жүру керек?5. Автобусқа мінгенде не істеу керек?6. Телефонмен қалай сөйлесу керек?7. Асханада, клубта, көшеде өзін қалай ұстау керек?Әр ұлттың сәлемдесу түрлері. Күншығыс елі Жапондықтар бір-біріне иіліп, екі қолын қусырып, басын шұлғып, белін бүгіп, жимия күледі. Ауғандар алдымен қолын маңдайына тигізіп, иба жасап иіліп сәлем береді. Бұл "басымыз аман болсын" дегені. Ертедегі Қытайлар өз қолын өзі қысып амандасқан. Қазір "бүгін тамақтандыңызба?" , "қарныңыз тоқпа" деп сұраған. Гректер "қуаныңыз" деп сәлемдессе, Тибеттіктер тіптен қызық, бір-бірімен амандасқанда оң қолымен бас киімін алып, сол қолымен құлағының артын ұстап, тілдерін шығарады екен. Мақал - мәтелдерӘдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.Татулық табылмас байлық.Әдепті елдің баласы, алыстан сәлем береді.Жаманға айтқан ақылың, далаға атқан оқпен тең.Әдептілік ар ұят, адамдықтың белгісі.Аға әдепті болса, сіңлі әдепті, сіңлі әдепті болса, іні әдепті.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.Ақылды адам елге қарайды, ақылсыз адам жерге қарайды.Ақыл көпке жеткізер, өнер қөкке жеткізер.Ақыл серік болса, тәртіп берік болады."Құпия хаттар"Оқушылар ортаға шығап, құпия хаттарды алып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Қорытынды: "Сәлем сөздің анасы" демекші сәлемдесу әдептілікке жатады. Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік. Сәлем беру - амандық, инабаттылық, көрегенділік және мәдениеттілік белгісі. Соңғы қалыптасқан дәстүр бойынша сәлемдесуші не сәлем беруші қол алысып амандасады.Ұзақ уақыт көріспегенде қауышы, құшақтасып амандасады. Біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. Әр адам өзін кез келген жерде тәртіпті ұстап, әдемі сөйлей білу керек. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білу қажет.