жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әдептілік – адамгершілік бастауы
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: КММ «Степное негізгі мектебі-балабақша кешені» Мерзiм:7.02.17
Мұғалiм : Карымбаева Б.Т.
Сынып: 9А
Оқушылар саны: 10
Тақырып: Әдептілік – адамгершілік бастауы
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: адалдық,қарапайымдылық, шынайылық
|
Сабақ мақсаты: Оқушылардың әдептілік, инабаттылық сыйластық туралы түсініктерін кеңейту арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: -әдептілік, сыйластықтың адами қарым-қатынастағы мәнін ашу ақиқат құндылығымен байланыстыра отырып түсіндіру; Дамытушылық: - ізетті, сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; Тәрбиелік: - әдептілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: (слайд, музыка, бейнежазба, мәлiметтер) |
|
Сабақ барысы:
-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! -Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. - Көңіл-күйлеріңіз қалай?
Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын алып, шұғыла шаша бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын...» Осындай нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
102 бет. «Мен оны пір тұтамын» әңгімесін оқып келу.
|
Ескерту: 102 бет мәтінді оқу |
«Әдептілік, ар – ұят – адамдықтың белгісі». Сұрақтар:
Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, қорытынды жасаймын. |
Дәйексөзді дәптерге жазғызу. |
Өсиет әңгіме: Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып,оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді. Оқымысты басын одан да төменірек иіліп сәлемдеседі. Қасындағы бай:
Сонда ғалым тұрып:
деген екен. Оқушыларға сұрақтар:
|
Бейнежазба көрсету |
1-топ «Әдептілік-адамгершілік бастауы» тақырыбын сахыналау(бастарынан өткен бір оқиғаны көрініс түрінде ортаға салу) 2-топ Әдептілік ережесін жаз.
|
|
Дуние керуен (Жігіттер тобы) Ей, дүние базарсың. Пенделік пейілден Жүрегім тазарсын. Қайырмасы:Адамға бақ берер тек қана Аллам екен, Өмірдің қызығы біреуге арман екен. Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен? Бес күндік бұл дүние расында жалған екен!
Бәрі де бітеді. Бұл дүние таусылса, Шын дүние күтеді. Қайырмасы:Адамға бақ берер тек қана Аллам екен, Өмірдің қызығы біреуге арман екен. Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен? Бес күндік бұл дүние расында жалған екен!
Иманның жолында. Бәрі де, бәрі де, Алланың қолында. Қайырмасы:Адамға бақ берер тек қана Аллам екен, Өмірдің қызығы біреуге арман екен. Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен? Бес күндік бұл дүние расында жалған екен! |
|
|
|
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көздерін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен:
|
|
1
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген