Материалдар / "Әдептілік-әдемілік"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Әдептілік-әдемілік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға әдепті сыпайы болуды қалыптастыру. Сыпайы сөйлеуге дағдыландыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2019
465
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың мақсаты: Балалардың әдептілік, мәдениеттілік

                                      туралы білімін кеңейту.

                                      Баланың силастық туралы ақыл-ойын  

                                      ояту.

                                      Үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге

                                       тәрбиелеу,  имандылыққа баулу.

 

                                 Сабақтың барысы:

                                   Шаттық шеңбері

 

                     Арайлап таң атты,

                     Алтын сәуле таратты.

                     Жарқырайды қаламыз,

                     Жарқырайды балабақшамыз.

                     Қайырлы таң, балалар!

                     Қайырлы таң, апайлар!

                     Біз ерекше баламыз,

                     Айтқан тілді аламыз

                     Досымызды көргенде

                     Қуана қарсы аламыз!

 

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біз бүгін күнделікті өмірде кездесіп жүрген сөздерді ерекше ықыласпен әдемі жеткізіп бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлаймыз.

«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» - деген тақырыпта бүгінгі сабағымызды өткіземіз.

-       Балалар, үйлеріңде үлкен кісілер бар ма?

Балалар:-  Иә, бар - анам, әкем, әжем, ағам.

Тәрбиеші: Өте жақсы, ендеше сендер оларға қалай құрмет көрсету керек екенін білетін боларсыңдар.

 

Сурет бойынша әңгімелесу, сұрақ-жауап әдісі. Балалармен жеке жұмыс.

 

Есік қағылады, ауыр сөмкемен әже кіреді:

-       Сәлеметсіңдер ме, балалар?!

 

Балалар: - Сәлеметсіз бе, әже?! Төрлетіңіз. Сөмкеңізді беріңіз біз апарып қояйық.

 

Әже: - Рахмет, құлыншақтарым. Сендер қандай әдепті балаларсыңдар, шаршап келген едім, мына істеріңе қатты риза болып қуанып отырмын.

 

Тәрбиеші: - Балалар, бізге кім келді?

Әжеге арналған тақпақтарымыз бар еді ғой, қанек-ей кім айтады?

 

Інкәр:  Әжем өрнек тереді

              Сырмақ сырып оюлап,

              Басы ауыра береді

              Шай ішпесе қоюлап.

 

Тәрбиеші: Өте жақсы, ал енді әдептілік, туралы үлкендер тақпақтарымызды кім айтады екен?

 

Али-Мансұр:  Атаменен әжемнің

                          Айтқан тілін аламын

                          Үлкен кісі жұмсаса

                           Қайда болса барамын.

Андрей:  Кім үлкенді тыңдаса,

                Кім үлкенді сыйласа

                Үлкен болған кезінде

                Сыйлы болмақ өзі де.

Мерей: Тату өскен баламыз

              Айтқан тілді аламыз

              Нанға кетсе анамыз

              Терезені ашпаймыз

 

Яна:  Ең жақын адамдар

          Әкем мен анам бар

          Әкемнің әкесі-

          Ақ басты атам бар

          Әкемнің шешесі-

          Ақ шашты әжем бар.

 

Юра: Ұлдардың үлкені

          Бір туған ағам бар

          Қыздардың үлкені

          Бір туған әпкем бар

 

Таир: Атың жақсы болса

          Ер жігіттің қырағы

          Балаң жақсы болса

          Жан мен тәннің шырағы.

 

Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар, енді үлкендер туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

 

Інкәр: Үлкенге құрмет-кішіге ізет.

           Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.

 

Мерей: Жақсы сөз жарым ырыс.

             Әжеден- ақыл, анадан мейір.

 

Әмір: Жақсыны арман оздырар,

          Жаманды құлқын тоздырар.

Әлішер: Жақсы өз басынан көреді,

               Жаман жолдасынан көреді.

 

Али: Ата-балаға сыншы.

         Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

         Ата сөзі-бата сөзі, ата сөзі-ақылдың көзі.

 

Марлен: Әке- бәйтерек, ана-жапырақ

                бала жағасындағы құрақ

 

Тимур: Әдептілік, ар-ұят адалдықтың белгісі.

             Бастаған істі  аяқтамай тастама.

             Әдепті бала-арлы бала.

 

                            Сергіту сәті:

 

                         Өс-өс деп керіле,

                         Бір адым солға

                         Бір адым оңға,

                         Бір адым алға,

                         Бір адым артқа

                         Иіліп құрмет көрсетейік.

 

               Бейнекөрініс көрсету. Әңгімелеу.

 

Саша: Ешкімдіде ұрмаймын,

            Ешкім маған тимейді

            Мен де бәрін силаймын

            Аға ақылын тыңдаймын.

Юра: Ұлдардың үлкені

          Бір туған ағам бар

          Қыздардың үлкені

          Бір туған әпкем бар.

 

Тәрбиеші: Балалар, жалпы қазақ ертеден үлкендерді силап, яғни үлкендерге- құрмет кішіге-ізет көрсеткен.  

Бейнекөріністің қорытындысына көмек.

 

Сабақ қорытындысы:

-       Бүгінгі сабағымызда біз үлкендерге құрмет көрсетуге, кішіге ізет көрсетуге үйрендік. Үлкендерге көмегімізді, құрметімізді, істеген істеріміз, қылықтарымызбен, инабаттылығымызбен көрсетуі екенбіз.

 

    Әже ризашылығын білдіріп сөз сөйлейді.

 

     Балалар тұрып келген тәрбиеші қонақтарға гүлдерін таратады. Келе жатқан 8-Наурыз мерекесімен құттықтайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!