Әдептілікке баулу бастауы – балабақша.
Әдеп пен эстетика – әрбір адам бойынан табылуға тиісті мінез-құлыққа
қойылатын этикалық талап десе болады. Ендеше баланың қарым-қатынасында
ізгілік нормаларын мүлтіксіз орындауына,
халқымыздың
әдет-ғұрпында
тұрақтанып қалыптасқан этикалық тәртіп, тәрбие, ізеттілік, сыпайылық,
ибалылықты өнеге тұтып, бойына сіңіруі - балабақшадан бастау алатыныы сөзсіз.
Әдеп пен эстетика қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық
талаптарды білдіреді. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды
адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты. Әдептілік
адамның рухани байлығы болса, эстетика сыртқы келбеті. Қазіргі кезде білім
саласында функционалдық сауаттылыққа көбірек мән берілуде, яғни әр баланы
өмірге икемді етіп тәрбиелеуіміз керек. Ең бастысы қоғамдағы мәдениетке баулу
маңызды.
Мәселен, қоғамда әртүрлі адамдар бар. Бәріне бірдей кінә да таға
алмайсың. Бірақ кейбіреулері мәдениетті сақтай бермейді. Дөрекі сөйлейді, әдеп
сақтамайды. Әрине, көпке топырақ шашпайсың, өзгелерге әркез жақсылық тілеп,
қуанышына марқайып жүретін адамдар да бар. Олардың еңбектерін жоққа
шығаруға болмас. Дегенмен, қоғамдық мәдениеттілік мәселесінде әлі де ойланатын
тұстарымыз бар. Соны балабақша қабырғасынан жолға қойып көрсек қандай
ұтымды болар еді. Шындығына келгенде, қоғамдық мәдениет бірден қалыптасып,
бірден орнығып кетпейді. Ол күнделікті ізденіс, күнделікті жұмыс негізінде іске
асады. Жұмыстың ең үлкені, ең биігі бұл, әрине, әр адамның өз-өзін тәрбиелей
білуге ұмтылуы. Ал адам өзін өзі тәрбиелеуіне бір бағыт, жол көрсетілуі тиіс,
бақша тәрбиешісі сол бағытты көрсетуге үлкен көмек бола алатын, жан жақты
білімді, тәрбиелі адам болғаны орынды деп ойлаймын.
Жалпы эстетика мен әдеп өнер мен өнегелік қалай байланысты болса солай
тығыз байланысты, өйткені, өнер сезімге әсер ете отырып, адамгершілік, ізгілікке
тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөліну
барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы – ар тазалығы. Олай болса,
эстетикалық тәрбие имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы.
Эстетикалық талғамның жетілуі оның өмір мен өнердің эстетикалық
игіліктерді қаншалықты терең және жан-жақты танып білумен сипатталады.
Дамыған эстетикалық тәрбиенің аса маңызды міндеттерінің бірі. Эстетика ілімінің
атқаратын көптеген қызметтерінің ішіндегі эстетикалық дүниетанымды тәрбиел еу
қызметіне тоқталатын болсақ, онда эстетикалық тәрбиенің мәні оның
шығармашылыққа тәнті жасампаз тұлға тәрбиелеуінде болып тұр. Эстетикалық
тәрбиенің өзіндік ерекшелігі оның тұлғаға тікелей емес, жанама түрде әсер етуінде.
Мысалы, егер адамгершілік тәрбиесінде тікелей тәлімдік басым ғой, ал
эстетикалық тәрбиеде тұлға көркемөнер туындыларынан ой түйіп, солардан алған
эстетикалық әсер нәтижесінде таза өзінің қалауымен жол таңдайды. Эстетикалық
тәрбие бүлдіршіндердің
эстетикалық талғамын, эстетикалық мұратын,
эстетикалық ұстанымдарын қалыптастыру нәтижесінде эстетикалық санасын
сомдайды. Эстетикалық тәрбие алған адам өзінің адамсүйгіштігмен,
бекзаттылығымен, сыртқы кейпінің, мәнерлерінің, өзін-өзі ортада ұстай білуінің
жоғары әсемдік талғамға сай келуімен танылады. Эстетикалы тәрбиелі жан қалай
болса солай жүріп тұрмайды, не болса соны киіп шықпайды, жөнді жосықсыз
әрекеттерге бармайды. Эстетикалық тәрбиелі бала бойына талғампаздық қасиетін
дарытады. Егеменді еліміздің қарқынды дамып, үлкен жетістіктеріне жол салуды
бастап кетті. Соның бірі мен негізгісі – мәдениетті өркениет. Осы өркениетке жету
үшін Қазақ елі ешкімге ұқсамайтын дәстүрі мен мәдениеті дамыған халқының
әдебі мен әдемілігі ерекше көзге ұратын заманның туғанын білдірегін ерекше ел
болуы – заман талабы. Сол себепті бүгінгі күні мектеп табалдырығынан бастап, әр
бала, оның ішінде қоғамдағы ерекше жаратылыс иелері әдеп пен эстетика жайлы
сауатты болуы тиіс. Сол кезде ғана олар өздерін толыққанды сезіне алады.
Меніңше, әдеп сбақтарын балабақшадан кіргізу арқылы біз жас бүлдіршіндерге
әдептілік пен талғампаздықтың мәні мен мағынасын түсіндіре аламыз. Сол
арқылы әдептілік ережелері, адамгершілік қасиеттері, денсаулықтың қадірі, жақсы
қарым-қатынас, тазалықтың маңыздылығы, отбасы ғұрыптарының өзіндік орны
туралы білетін болады. Сондай-ақ, олардың жан-жақты дамуына, халқымыздың
салт-дәстүрін сақтауға және құрметтеуге баулиды. Мұндай сабақтардың
ерекшелігі: оқушының өзіне деген сенімділігін арттырады, өзін еркін ұстай білуге
баулиды, оларды шығармашылық жұмысқа бағыттайды, қызығушылығы мен
қабілетін арттырады, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Сабақтың
қызықты, тартымды өтуі оның дұрыс ұйымдастырылуына, жоспарлануына
байланысты. Болашақ азаматтарды жан-жақты, қабілетті адам етіп тәрбиелеуде
халықтың салт-дәстүрлерінің тәрбиелік, танымдық маңызы зор.
Болаева Назгуль Кантаевна