Материалдар / адеситемааааа
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

адеситемааааа

Материал туралы қысқаша түсінік
ааааааааааааааааааааааааа
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2018
459
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1




















Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар

Әдебиеттік оқу

3-сынып







Page 2

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні
бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде
құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-
4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта
білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды
өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)
сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен
балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық
бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім
беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік
үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді
ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.


2


Page 3

МАЗМҰНЫ

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ............. 4
«Тірі табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .................................................... 4
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ............. 7
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 10
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 17
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ............................................................ 17
«Ғимараттар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ................................................... 20
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 23
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 29
«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .............................................................. 29
«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .......................................... 32
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 35
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 42
«Су-тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ........................................... 42
«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ................. 45
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 48

3


Page 4

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Тірі табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін
ашық сұрақтар қою және жауап беру
3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған
жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына
қарай мазмұндау/ сахналау
Бағалау критерийі




Білім алушы
• Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап береді
• Мәтіннің мазмұнын өз сөзімен баяндайды
Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану
Орындау уақыты 20 минут

1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннен суреттегі жануарлар туралы қандай маңызды
ақпарат алдың? Кестеге жаз.

















• Мәтін бойынша маңызды ақпаратты анықтайтын 1сұрақ құрастыр және жауап бер.
_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
2-тапсырма
Кестеге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт.
Жануарлар – табиғаттың тамаша жаратылысы. Олар туралы таңқаларлық
деректерге көптеген мысал келтіруге болады. Мысалы, құмырсқалар өзінің салмағынан
60 есе ауыр жүкті көтере алады. Оларды палуан құмырсқалар деп атайды.
Қолтырауындар тас жейді. Осының арқасында асқорыту жүйесін күшейтеді, суда тепе-
теңдікті ұстайды. Ал пілдердің сурет сала алатынын білесің бе? Пілдер - дүниедегі ең
ақылды жануарлар. Оның миының салмағы - 5кг. Көбелектер гүлдердің иісін ондаған
шақырым қашықтықтан сезе алады. Олар иісті қанаттарының көмегімен сезеді. Ғалымдар
тотықұстардың сөйлей алғанымен қоса, үлкен мен кіші, ұқсас және бөлек заттарды
ажырата алатындығын дәлелдеген. Жануарлар дүниесінде мұндай қызықты мәліметтер
өте көп.
4


Page 5

Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығарманың
мазмұны бойынша
сұрақтар қойып,
жауап береді



1

мәтіннен маңызды ақпаратты анықтайды:
1-ақпарат
2-ақпарат
3-ақпарат

1
1
1
мәтін бойынша маңызды ақпаратты
анықтауға бағытталған сұрақ құрастырады;
1
сұраққа жауап береді; 1
Мәтіннің мазмұнын
өз сөзімен баяндайды

2
мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды; 1
мәтіндегі маңызды ақпараттарды қамтиды; 1
сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды.
1
Барлығы 8

5


Page 6


«Тірі табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға ақпарат ұсынуға арналған
рубрика

Білім алушының аты- жөні _________________________________________________


Бағалау
критерийі
Тапсырма


Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шығарманың мазмұны
бойынша сұрақтар қойып, жауап береді


1
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтар құрастыруда және сұрақтарға жауап беруде қиналады.

Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтар құрастыруда /
сұраққа жауап беруде/ мәтіннен маңызды
ақпараттарды анықтауда қателіктер
жібереді.
Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді.

Мәтіннің мазмұнын өз
сөзімен баяндайды

2
Мәтіннің мазмұнын өз сөзімен
баяндауда қиналады.

Баяндау барысында мәтіннің
жүйесін сақтауда/ мәтіндегі
ақпараттарды қамтуда қателіктер жібереді.

Мәтіннің мазмұнын өз
сөзімен жүйелі
баяндайды.





Page 7

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым

Оқу мақсаты 3.2.3.1Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды
білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық
бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

Бағалау критерийі


Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды білдіретін
сөйлемді анықтайды
• Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құра ды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.













• Мәтіннің кейіпкерлерін жаз. ____________________________________________
• Мәтінге ат қой. ______________________________________________________
• Мәтіннің негізгі ойын білдіріп тұрған сөйлем ді тауып, көшіріп жаз.
__________________________________________________________________ 2-тапсырма
Сұрақтардың көмегімен мәтінді үш бөлікке бөліп, қоршап сыз . Әр бөлікке ат қой.



Желдің қандай ойы
болды?
1)_______________
_________________
_________________
Оны қандай жолдармен
жасағысы келді?
2)______________________
_______________________ _______________________

Емен желге қалай
жауап берді?
3)_________________
__________________ __________________
Биік таудың беткейінде үлкен емен ағашы өсіп тұратын.
Бірде өтіп бара жатқан жел еменді құлатпақ болып, бар күшімен үрлей бастады.
Ол қанша күшенсе де, емен былқ етпеді. Керісінше жапырақтарын қимылдатып, желді
мазақ қылғандай болды.
Ызаланған жел найзағай мен жаңбырды көмекке шақырды. Аспанды қап-қара
бұлт басып, күн күркіреді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауды. Емен одан сайын құлпыра
түсті. Ем енді құлата алмайтынын түсінген жел оның сырын сұрады.
- Мен туған жерімде өсемін, тамырларыммен туған топырағыма мықтап
бекінгенмін. Менің күшті болуымның сыры осында, - деді емен.
(Л.М. Жариковтан аударылып, бейімделген)
7


Page 8


Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің тақырыбын
және негізгі ойды
білдіретін сөйлемді
анықтайды

1
мәтіннің кейіпкерлерін атайды (екіден кем
емес);
1
мәтіннің тақырыбын анықтайды; 1
мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді
тауып жазады;
1
Мәтінді бөліктерге
бөліп, жоспар құрады


2
мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады; 1
мәтін бөліктеріне сәйкес ат қояды:
1-бөлік
2-бөлік
3-бөлік.

1 1 1
Барлығы 7
8


Page 9

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _________________________________



Бағалау критерийі

Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің тақырыбын
және негізгі ойды
білдіретін сөйлемді
анықтайды

1
Мәтінге ат қоюда және
мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді анықтауда
қиналады.

Мәтінге ат қоюда / мәтіннің
негізгі ойын білдіретін сөйлемді анықтауда
қателеседі.
Мәтінге сәйкес ат қояды
және мәтіннің негізгі ойын
білдіретін сөйлемді
анықтайды.
Мәтінді бөліктерге
бөліп, жоспар құрады



2
Мәтіннің құрылымдық
бөліктерін ажыратуда және
мәтінге жоспар құруда
қиналады.

Мәтіннің құрылымдық
бөліктерін ажыратуда/
мәтінге жоспар құруда
қателіктер жібереді.

Мәтіннің құрылымдық
бөліктерін анықтап, мәтінге жоспар құрады.




Page 10

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық
бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Әдебиеттік оқу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында),
бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).

3. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 16
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.

3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық
жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан
дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі – оқылым, үшінші және
төртінші тапсырмалар жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.



Page 11

Тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының сипаттамасы

№ Сөйлеу
әрекетінің
түрлері
Ортақ
тақырып
Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма
саны
Жалпы
балл
1 Тыңдалым
және
айтылым
Тірі табиғат
Жақсыдан
үйрен,
жаманнан
жирен
3.1.3.1 Шығармадағы
кейіпкерлердің мінез-құлқы мен
іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға
сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау
3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-
бейнелі сөздерді қолдана отырып
жеткізу
3.1.1.1 Шығарманың маңызды
тұстарын анықтау үшін ашық
сұрақтар қою және жауап беру
Білім алушы ашық түрдегі толық
жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.


1


6
2 Оқылым 3.2.2.1 Шығарма мазмұны бойынша
қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.2.6.1 Кейіпкердің портретін сипаттау,
оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру
себептерін мәтіннен тауып, бағалау
3.2.3.1 Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп
тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
Білім алушы ашық түрдегі қысқа
жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.


1


5
3-4 Жазылым 3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған
шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру


Білім алушы ашық түрдегі қысқа
жауапты қажет ететін тапсырмаларды орындайды.

2


5
Барлығы 4 16
11


Page 12


4. Тапсырмалар үлгісі және балл қою кестесі

«Әдебиеттік оқу» пәнінен
1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Тыңдалым және айтылым

1. Берілген үзіндіні мұқият тыңда. Әрі қарай не болады деп ойлайсың? Табиғат
ананың керемет күйге түсуінің себебі неде болуы мүмкін? Көркем сөздерді
қолданып, оқиғаны жалғастырып айт.













• Анасы балаларына қандай уәде берді? Жаз. __________________________________
• Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ құрастыр және
жауап бер.
__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

[6]



Табиғат ананың Жер, Су, Ағаш, Ауа деген ұлдары болыпты. Бір күні
Табиғат-ана ұлдарын шақырып алып:
-Адамдарға адал қызмет еткен балама үлкен сый тартамын, - деп уәде береді.
Ұлдары адамдарға жақсылық жасауға қуана келіседі. Олар жан-жаққа кетіп,
адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде еліне қайтып оралған ұлдары
аналарының бұрынғыдан да ажарлана түскенін көріп:
- Апатай, сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде? – деп
сұрайды...
12


Page 13

Балл қою кестесі

Тапсы
рма №
Жауап Балл Қосымша ақпарат













1

Білім алушының ықтимал жауабы:
- Аяулы ұлдарым менің, мұның сыры
сендердің адамзатқа жасаған
қайырымдылықтарыңда,- деп жауап беріпті
анасы. Табиғат ана берген уәдесін
орындап, балаларына күннің жарығы мен жылуын сыйлапты. Содан бері ұлдары да айдай аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға адал қызмет етіп келеді
екен.
1 Берілген оқиғаға сәйкес
болжам жасай отырып,
мәтінді жалғастырады.
1 Оқиғаның логикалық
жүйесін сақтайды.
1 Сөйлеу барысында көркем-
бейнелі сөздерді қолданады.
Адамдарға адал қызмет еткен баласына
сыйлық беретінін айтты/ Сыйлық беруге
уәде берді/...
1 Мәтіннің мазмұнына
қатысты баламалы
сұрақтар мен жауаптар қабылданады.
Табиғат ана балаларына неліктен мұндай
талап қойды деп ойлайсың?/ Табиғат ананың ұлдары қандай игі істер жасауы мүмкін?/ Табиған ананың сұлуланып
кетуіне не себеп болды деп ойлайсың?/ ..
1
Адамдардың жақсы өмір сүруіне ықпал
еткісі келген болар/ Балаларын қайырымдылыққа тәрбиелеу үшін/ Адамдардың тіршілігіне қажетті заттарды тауып беруі мүмкін/ Балаларының адамдарға жасаған жақсылығы әсер етті/...
1
Барлығы 6
Оқылым
2. Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

Арсылдаған ит ызалана тап-тап береді. Шарбақтың басында бір кішкентай мысық
бүрісіп отыр. Иттен қорыққанынан арқасын күжірейтіп, ысылдаған дыбыс шығарады.
Анадай жерде оқиғаның соңын күткен екі бала состиып қарап тұр. Оны терезеден
көрген бір әйел сыртқа жүгіріп шықты.
– Ұялмайсыңдар ма! – деген зілді дауыстан екі бала селк етіп, арттарына қарады. Әйел
қолындағы таяғымен итті қуып жіберді.
– Біз не істедік? –деп таңданды екі бала. – жай ғана қарап тұрмыз ғой.
– Міне, ең жаманы осы, – деді әйел зілденіп.
(В.А. Осеевадан аударылып, бейімделген


13


Page 14

• Бейтаныс әйел балаларға неліктен ашуланды? __________________________________
• Балалар неліктен қарап тұрды деп ойлайсың? __________________________________
• Кейіпкерлердің қайсысының іс-әрекетін дұрыс деп санайсың? Неліктен?





Cебебі, __________________________________________________________________

• Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың?
________________________________________________________________________

• Мәтінге ат қой. ___________________________________________________________

[5]
Балл қою кестесі

Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат


2

Білім алушының ықтимал жауабы:
Мысыққа араша түспегендері үшін/итті қуып жібермегені
үшін/мысыққа көмектеспей, босқа
қарап тұрғандары үшін/...
1 Сұрақтардың мазмұнына
сәйкес болатын баламалы, қысқа және толық жауаптар
қабылданады.
Соңында не боларын күтті/қызықтап
тұрды/ немқұрайлы болды/
әуесқойлық танытты/
1
Себебі, ол мысықты иттен арашалап алды/ Мысыққа көмектесті/ Балалардың қателігін түсіндірді/
Балаларға өнеге көретті/...
1
Әлсізге көмектесу керек/
жануарларға қамқор болу керек/
қиын сәттерде қол ұшын беру керек/
1
Араша/ Жаман әдет/Жаман... 1
Барлығы 5


бейтаныс әйелдің балалардың

14


Page 15

Жазылым

3. Берілген сұрақтардың көмегімен оқыған мәтінді 3 бөлікке бөл. Әр бөлікке ат қой.

Мәтіннің бөліктері Сұрақтар Жоспар/тақырып
1) Оқиға неден басталды?

Мәтін не туралы?
Ит пен мысық не істеді?


1) _______________________
2) Әрі қарай не болды? Балалар не істеді?
Мысықты кім құтқарды?

2)_______________________
3) Оқиға қалай аяқталды? Балалар неге таңқалды?
Бейтаныс әйел не деді?


3) _______________________

[3]
4. Әйелдің сөзінен кейін балалар не істейді деп ойлайсың? Балаларға қатысты
1 сөйлем құрап жаз.
________________________________________________________________________________

[2]


Балл қою кестесі

Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат
3 Білім алушының ықтимал жауаптары:
Ит пен мысық/ Араздық/
1 Мәтіннің құрылымдық
бөліктеріне сәйкес
баламалы жауаптар
қабылданады. Әуесқойлық/ Араша/ Мысықты құтқару 1
Таңдану/ Жаман қылық/ ... 1
4 Білім алушының ықтимал жауаптары:
Балалар өздерінің қателігін түсініп,
әйелден кешірім сұрады/ Балалар
ұялып, төмен қарады/ ...
1 Сұрақтың мазмұнына
сәйкес сөйлем
құрастырып жазады.
1 Сөйлемнің құрылымын
сақтай отырып, қатесіз
жазады.
Барлығы 5

15


Page 16

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынш а жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
16


Page 17

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің
түрлері

Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 3.1.3.1 Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-
әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау
3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық
сұрақтар қою және жауап беру

Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарманың мазмұнына сүйеніп, оқиғаның дамуын
болжайды
• Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап
береді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 20 минут

1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.



• Балалардың сабаққа кешігуіне не себеп болды?
• Ораз уақыт туралы қандай ой айтты?
• Балалар өз уақытын бағалай алды ма? Уақытты бағалау дегенді қалай түсінесің?

2-тапсырма
Мәтіндегі оқиға қалай аяқталады деп ойлайсың? Мәтінді «уақытты бағалау керек» деген
тұжырыммен сәйкестендіріп, жалғастырып айт.

Екі бала көше бойындағы бағанада ілініп тұрған сағаттың қасында әңгімелесіп тұр.
– Жақшалы өрнек болғандықтан есепті шығара алмадым, - деді Нұрлан.
– Ал мен көп таңбалы сандарды дұрыс есептей алмадым,- деді Ораз.
– Ендеше екеулеп шығарып тастайық. Әлі уақытымыз бар ғой, - деді Нұрлан. Бұл кезде
бағана басындағы сағат бір жарымды көрсетіп тұрған.
– Әлі жарты сағат уақыт бар екен. Бұл уақытта ұшқыш жолаушыларды бір қаладан екінші
қалаға жеткізе алады, - деді Ораз келіскенін білдіріп.
– Ал менің капитан ағам жиырма минутта апатты кемедегі жолаушыларды қайыққа
отырғызып үлгерген.
– Жиырма минут дейсің бе? Кейде он минуттың өзінде біраз шаруа тындыруға болады. Тек
әр минутты ескеру керек, - деді Ораз маңғазданып.
Осылайша балалар біраз қызықты оқиғаларды еске түсірді. Бір кезде Ораздың көзі
сағатқа түсіп кетті. Тұп- тура екі болыпты.
– Жүгірейік!- деді Ораз. – Біз сабаққа кешіктік!
– Ал есеп ше? - деді Нұрлан сасқалақтап.
(В.А. Осеевадан аударылып, бейімделген)



17


Page 18

Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығарманың
мазмұны бойынша
сұрақтар қойып,
жауап береді

1
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді:
1-сұрақ
2-сұрақ


1
1
берілген сұраққа қатысты көзқарасын айтады; 1
Шығарманың
мазмұнына сүйеніп, оқиғаның дамуын
болжайды


2
оқиғаның соңын мәтінмен жүйелі
байланыстырады;
1
оқиғаның мазмұнын берілген тақырыппен
сәйкестендіреді;
1
тақырыпқа сәйкес қорытынды жасайды; 1
ойын жүйелі, еркін жеткізеді; 1
сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды.
1
Барлығы 8
18


Page 19


«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _________________________________________________


Бағалау
критерийі
Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шығарманың мазмұны
бойынша сұрақтар қойып, жауап береді


1


Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтарға жауап беруде және сұраққа
қатысты өз ойын айтуда қиналады.

Мәтіннің мазмұны бойынша
бірінші/екінші сұрақтарға
жауап беруде қателеседі.
Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді және сұраққа
қатысты өз көзқарасын
білдіреді.
Шығарманың
мазмұнына сүйеніп, оқиғаның дамуын болжайды

2 Мәтіндегі оқиғаның соңын
болжап айтуда қиналады.

Оқиғаны берілген тақырыппен
байланыстыруда/ тақырыпқа сәйкес қорытынды жасауда қателіктер жібереді.

Мәтіндегі оқиғаның соңын
болжап айтады.



19


Page 20


«Ғимараттар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз
жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/
белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу,
соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны,
көргені бойынша) жазу

Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, белгілейді
• Оқығаны/көргені бойынша мәтін құрап жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты

20 минут
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.



• Сәйкестендір.



• Тұрғын үй кешенінің қандай ерекшелігі бар? Мәтіннен тауып, қоршап сыз.
2-тапсырма
Берілген суреттер мен тірек сөздерді пайдаланып, Қазақстанның танымал
ғимараттары туралы мәтін құрап жаз.

Тірек сөздер: сәулетті, зәулім, көрікті, көз тартады, сәулет өнері, бірегей туындылар.
Астана қаласы жылдан-жылға көркейіп келеді. Оның жаңадан салынған
ғимараттары мен әдемі алаңдары көз тартады. Қалада биіктігі 100 метрден асатын
ғимараттар көп. Мысалы, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының бас
ғимараты заманауи үлгіде жасалған зәулім мекеме. Биіктіг і – 175 метр. «Меруертті
мекен» - әртүрлі биіктіктегі көп қабатты тұрғын үй кешені. Арасындағы ең биігі 210
метрге жуықтайды. Ғимараттың соңғы қабатының аумағы бірінші қабаттан 15 метрге
артықтығымен ерекшеленеді.
Қазір мұндай ғимараттар Астананың мақтанышына айналған.
«Меруертті мекен»
«Қазақстан Темір Жолы»
мекеме ғимараты
ойын-сауық орталығы
тұрғын үй кешені
20


Page 21



«Бәйтерек» монументі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі



«Медеу» мұз айдыны Бейбітшілік пен келісім сарайы




Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннен қажетті
ақпаратты тауып, белгілейді


1
ғимарат атауларын қолданыс саласымен
сәйкестендіреді:
1-ғимарат
2-ғимарат


1
1
аталған ғимараттың ерекшелігін анықтайды; 1
Оқығаны/көргені
бойынша мәтін құрап жазады

2
тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады; 1
мәтіннің құрылымын сақтайды; 1
тірек сөздерді орынды қолданады; 1
ойын жүйелі, еркін жеткізеді; 1
жазу барысында лексика-
грамматикалық,пунктуациялық нормаларды
сақтайды.
1
Барлығы 8
21


Page 22



«Ғимараттар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға ақпарат ұсынуға арналған
рубрика

Білім алушының аты- жөні _________________________________



Бағалау критерийі

Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннен қажетті
ақпаратты тауып, белгілейді


1


Мәтіннен қажетті
ақпараттарды анықтауда
қиналады.

Мәтіннен қажетті ақпараттарды
анықтауда қателіктер жібереді.

Мәтіннен қажетті
ақпараттарды дұрыс
анықтайды.
Оқығаны/көргені бойынша
мәтін құрап жазады

2

Тақырыпқа сәйкес мәтін
құрап жазуда қиналады.

Тақырыпқа сәйкес мәтін
құрастырады, тірек сөздерді
қолдануда/ лексика-
грамматикалық нормаларды сақтауда қателеседі.

Тақырыпқа сәйкес мәтін
құрап жазады.

22


Page 23


2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық
бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Әдебиеттік оқу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында),
Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).

1. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 16 балл
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.

1.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық
жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан
дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі – оқылым, үшінші
тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.


23


Page 24

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

№ Сөйлеу
әрекетінің
түрлері
Ортақ
тақырып
Оқу мақсаты Тапсырманың
сипаттамасы
Тапсырма
саны
Жалпы
балл
1 Тыңдалым және
айтылым
Уақыт
Ғимараттар
3.1.1.1 Шығарманың маңызды
тұстарын анықтау үшін ашық
сұрақтар қою және жауап беру
3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-
бейнелі сөздерді қолдана отырып
жеткізу
Білім алушы ашық түрдегі
толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

6
2 Оқылым 3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы
түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/
түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.2.2.1 Қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою
және жауап беру
Білім алушы ашық түрдегі
қысқа жауапты қажет ететін
тапсырманы орындайды.


1


5
3 Жазылым 3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған
шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
3.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық
қателерді табу және түзету
Білім алушы ашық түрдегі
толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

5
Барлығы 3 16

24


Page 25


4. Тапсырмалар үлгісі және балл қою кестесі

«Әдебиеттік оқу» пәнінен
2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.















• Болат қандай сөзді естіп, таң қалды?
• Ағасы «жоғалған күн» дегенді қалай түсіндірді?
• Болат нені әдетке айналдырды?
• Болат күн сайын өзіне қандай сұрақ қоятын? Осы сұрақты өзіңе қой және жауап бер.
[6]


Балл қою кестесі

Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат


1
Білім алушының ықтимал жауаптары:
Бір күнді босқа жоғалттым/Жоғалған
күн/...
1 Білім алушының
сұрақтардың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптары
қабылданады.
Адамның пайдалы іс жасамай, ештеңе
үйренбей өткізген күні/Ешқандай пайда
келтірмей, жаңа нәрсе үйренбеген күнді
жоғалған күн дейді/...
1
Ағасына күні бойы жасаған әрекеттерін
айтуды/ Ағасына сұрақ қоюды/...
1
Мен өз күнімді жоғалтқан жоқпын деп
ойлаймын. Себебі сабаққа ынталана
қатыстым, өзім үшін көп жаңа нәрсе үйрендім. Үйде анама көмектестім, өз заттарымды жинастырып қойдым/...
1 Сұраққа сәйкес
дәлелді ой айтады.
1

Өз ойын жүйелі
жеткізеді.
1 Сөйлеу барысында
тілдік нормаларды
сақтайды.
Барлығы 6
Бірде Болаттың үйіне ағасының жолдасы келді. Ол бас киімін үстелдің үстіне
қойып жатып:
– Бүгін бір күнімді босқа жоғалттым, - деді. Болат оның сөзіне таңданып қалды. Қонақ
кеткен соң ол ағасынан:
– Күнді қалай жоғалтуға болады? Барлық күндер бірдей емес пе?- деп сұрады.
– Уақыты жағынан барлық күндер бірдей, ал жұмысына қарай әртүрлі болады, – деді
ағасы. – Адамның ешқандай пайдалы іс жасамаған және кешегі білгенінен басқа
ешқандай жаңа нәрсе үйренбеген күні «жоғалған күн» болып саналады.
Содан бері Болат ұйықтар алдында ағасына күні бойы істеген әрекеттерін айтып
беретін болды. Сондай-ақ, ол күн сайын:
– Менің күнім жоғалған жоқ па? - деп сұрауды әдетке айналдырды.
(В.А. Осеевадан аударылып, бейімделген)

25


Page 26

Оқылым

2. Мәтінді түсініп оқы. Мәтін бойынша кестені толтыр.













Қаланың орналасқан жері Халқының кәсібі Тарихы




• Отырар қаласына басқаларды ң назары неліктен көп түсетін?
_____________________________________________________________________

• Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.
_____________________________________________________________________
[5]

Балл қою кестесі

Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат



2
Білім алушының ықтимал жауаптары:
Арыс өзенінің жағасында/Арыс өзенінің
оң жағында/...
1 Тапсырманың
мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар
қабылданады.
Саудамен шұғылданған/
отырықшылықпен айналысқан/ күріш, тары, бидай, мақта, жүзім өсірумен
шұғылданды/...
1
Қайырханның әскері алты ай бойы
жаудан қорғаған/ Жаулар қаланы толық өртеп жіберген/Қазір
қаланың орны ғана бар/
1
Отырар сауда жолының ортасында
тұрған қала болды/ Ол ірі сауда
орталығы болды/
1
Отырар қаласының орнында қазір не
бар?/Моңғолдар Отырарды неліктен
басып алғысы келді деп ойлайсың? /...
1 Мәтіннің
мазмұнына сәйкес баламалы сұрақтар
қабылданады.
Барлығы 5

Көне Отырар
Отырар – Арыс өзенінің оң жақ жиегінде орналасқан көне қала. Көне Отырар
арқылы көшпенді қазақтар саудамен шұғылданып, отырықшылықпен танысып, басқа
халықтармен қатынаса бастады. Отырар тұрғындары күріш, тары, бидай, мақта, жүзім
өсірумен шұғылданды. Қалада жақсы су жүйесі болған.
Отырар қаласы сауда жолдарының ортасында тұрғандықтан оған басқалардың
назары көп түскен. Отырарды Қайырхан басқарған әскерлер алты ай бойы
моңғолдардан қорғаған. Басып алғаннан кейін жаулар қаланы түгел өртеп жіберген.
Қазір Отырар қаласының орны ғана бар.
26


Page 27

Жазылым

3. Құрылымы қате берілген мәтіннің негізгі бөліктерін (басы, ортасы, соңы)
анықтап, 1,2, 3 сандарымен белгіле. Мәтінді ретке келтіріп жаз. Мәтіннің әр
бөлігіне ат қой.










1. ___________________________
2. ___________________________
3. ___________________________

[5]
Балл қою кестесі

Тапсыр
ма №
Жауап Балл Қосымша ақпарат
3

1 Мәтіннің құрылымдық
бөліктерін анықтайды.

1 Мәтінді ретке келтіріп
жазады.
Білім алушының ықтимал жауабы:
1) Египетке саяхат
2) Алып пирамидалар
3) Естелік сурет


3
Тапсырманың мазмұнына
сәйкес баламалы
жауаптар қабылданады.
Әр бөлікке сәйкес атауға
1 балл қойылады.
Барлығы 5

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
Әкесі Сәкенді осы үлкен пирамиданың қасына суретке түсірді. Ежелгі египеттіктер
пирамидаларды үлкен-үлкен тастардан салған екен. Оның ішіне өздерінің басшыларын
жерлеген. Оларды «перғауындар» деп атайды. Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынға арнап салынған. Оның биіктігі қазіргі заманғы қырық қабатты үйден де биік!
Өткен күзде Сәкен ата- анасымен бірге Египетке демалуға барды. Ол алып
пирамидаларды көріп, қатты таңғалды.
27


Page 28

жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
28


Page 29

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛ АР
«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің
түрлері

Тыңдалым және айтылым
Жазылым
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған
жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына
қарай мазмұндау/ сахналау
3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді
қолдана отырып жеткізу

Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінге жоспар құрады
• Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айтады
• Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.














• Мәтін кім туралы? _______________________________________________

• Сұрақтардың көмегімен мәтінге жоспар құр. Кестеге жаз.

Сұрақтар Жоспар
Сахнаға кім шықты? Ол не істеді? 1)

Тыңдаушылар қандай күйде болды? 2)

Халық әншіге қандай қошемет көрсетті? 3)

2-тапсырма
Көркем сөздерді қолданып, жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айт.

Қоңырау соғылды. Шымылдық ашылды. Сахнаға әнші Әміре шықты. Басында
оюлы тақия, үстінде жеңіл шапан, қолында домбыра. Өзге шығушылардан оның киімі
де, түрі де, жүріс-тұрысы да өзгеше еді. Ол әуелі халыққа ізет көрсетіп, басын иді. Шеті
түпсіз көрінген кең залға қарады. Домбырасын күйлеп алды да, «Қанапия» әнін айтты.
Зал тым-тырыс болды. Әміре кісіге емес, әнге айналды. Ән салса ол өзін-өзі
ұмытады, әннің әуеніне беріледі. Оның ерекше күшті, ашық даусы Еуропа
тыңдаушыларын қатты таңдандырды. Әннің аяғын созып барып, домбыраны
желпіндіре бітіргенде, тілдің керектігі болмады. Ән аяқталғанда, сүйсініп отырғандар
қайран қалысты. Ән тым тез біткендей.
Ұйып тыңдаған халық әнші орнынан тұрып, бас игенде ғана ду қол
шапалақтады. Залдан «бис…бис…» деген дауыстар жамырай естіліп жатты.
29


Page 30

Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтінге жоспар
құрады
Мәтіннің мазмұнын
жоспар бойынша
айтады


1

мәтіннің тақырыбын анықтайды; 1
мәтіннің кіріспе бөліміне сәйкес ат қояды; 1
мәтіннің негізгі бөліміне сәйкес ат қояды; 1
мәтіннің қорытынды бөліміне сәйкес ат
қояды;
1

Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады


2

мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес,
жүйелі баяндайды;
1
сөйлеу барысында көркем сөздерді
қолданады.
1
сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды.
1
Барлығы 7
30


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!