400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әділ бағалау оқушының оқу үлгеріміне маңыздылығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Көптеген мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың өткен тәжірибелеріне сүйенсек, бағалау оқыту және оқудан кейін болатын үдеріс деп айтуға болады. Бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болуы мүмкін екендігі идеясын түсіну біздің көзқарасымызға едәуір өзгерістер енгізуді талап етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімдерге арналған коучинг жоспары


Күні:

Мұғалім: Мулкибаева Айгерим Рахатовна


Сабақтың тақырыбы:

Әділ бағалау оқушының оқу үлгеріміне маңыздылығы.

Жалпы мақсаты:

Бағалау мақсатын зерделеу және оқу үдерісін жетілдіру үшін қолдану.

Оқу нәтижелері:

Оқу үшін бағалау үдерісінің мәнін және оны сынып тәжірибесінде қолдану әдістемесін білу.

Түйінді идеялар:

Көптеген мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың өткен тәжірибелеріне сүйенсек, бағалау  оқыту және оқудан кейін болатын үдеріс деп айтуға болады. Бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болуы мүмкін екендігі идеясын түсіну біздің көзқарасымызға едәуір өзгерістер енгізуді талап етеді.

Уақыты / кезеңі

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімніңіс-әрекеті

ресурстар

Ұйымдастыру (10 мин.)

Мұғалімдерге түрлі түсті қағаз таратылады, сыйлық ретінде алғысы келетін қандай да бір гүлдің суретін салуға тапсырма беріледі. Салған гүлдерін қиып алып, тақтаға жапсыру ұсынылады.

Бұл тапсырманың мақсаты мұғалімдердің назарын өз жұмысының сапасына аудару, басқа жұмыстармен салыстыруға және жақсартуға болатын жақтарын талдауға көмектесу болып табылады.

Табыс критерилері:

  1. Гүлдің түпнұсқасына ұқсастығы;

  2. Гүлдің сабағы және жапырақтарының болуы;

  3. Эстетикаға сай болуы.

Берілетін критерийлер бойынша тақтаға жапсырылған гүлдерді бірлесіп бағалайды.

Орындалған тапсырманың сапасы, басқа тапсырмалармен салыстырылуы, болашақта жақсы нәтижеге жету үшін мақсаттар қоюға болатынын ескеріп, қалыптастырушы бағалаудың негізімен танысады.

Үлестірме материал,

3-апта,73 бет

Мұғалімге арналған нұсқаулық,

89 бет, А 4 форматтағы қағаз, түрлі-түсті маркер, қайшы

Ой шақыру (10 мин).

Мұғалімдер әдістемелік бірлестік бойынша үш топқа бөлініп , бірінші топқа оқушының жазған шығармасы, екінші топқа математика пәнінен жазылған бақылау жұмысы, үшінші топқа оқушының салған суреті беріледі, жұмыстарды бағалау ұсынылады .

Әр топқа берілген тапсырмаға бағалау стратегиялары ұсынылып, оқушы жұмыстары бағаланады.







Венн диаграммасы бойынша екі тапсырманы тексеру барысында бағалаудың ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату көзделеді.


Мұғалімдер топпен оқушылардың жұмыстарын тексеріп, бағаларын береді.



Постерлер таратылып, бірінші топ критерийлік бағалауды, екінші топ екі жұлдыз -бір тілек стратегиясын, үшінші топ бутерброд стратегиясын пайлдаланып бағалайды.

Бағалау барысында топтарда диалогтық оқытудың зерттеушілік әңгіме түрі қолданылады.

Мұғалімдер постермен жұмыс жасайды

Үлестірме матиериал, 2- апта, 11 бет

Мұғалімге арналған нұсқаулық, 84 бет

Постер, маркер

Мағынаны тану (10 мин).

Негізгі тұжырымдамалармен таныстыру мақсатында презентация ұсынылады.

Бағалау екі аспектіні көздейді.

  • 1-қалыптастырушы бағалау немесе оқу үшін бағалау

  • 2-жиынтық бағалау немесе оқуды бағалау

Оқуды жақсарту мүмкіндіктерін, осы мүмкіндіктерді іске асыру әдістері мен түрлерін анықтауға бағытталған бағалау қалыптастырушы бағалау болып табылады.

  • Бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық бағалау болып табылады.

Қалыптастырушы бағалау

  • Қалыптастырушы бағалау - «оқыту үшін бағалау».

  • Қалыптастырушы бағалау тоқсан ішінде кездесетін іріктелген оқу мақсаттарына негізделіп жасалады.

  • Оқытудағы оқу жетістіктерін бағалау критерийлерге сай жүргізіледі.

  • Мұғалім оқушының қандай да бір оқу мақсатына қол жеткізгендігін немесе талпынып жатқандығын бағалай алады.

  • Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргізіледі.

Бағалау стратегияларын ұсыну:

Бағдаршам сигналдары, екі жұлдыз бір тілек, оқушыларды баға қоюға тарту, топтарда баға қою, жеке бағалау парағы, соңғы бес минут.


“Түртіп алу” әдісін қолданады. Бағалау стратегиялар бойынша тиісті белгілер (“” – бұрыннан білемін, “+” – енді білдім, “?” – түсіне алмадым, “-” – келісе алмаймын) қояды. отырып, әр мұғалім мәтінмен алдымен жеке, сонан соң жұптасып жұмыс жасайды. Жұптық және топтық жұмыс барысында жаңадан білген мәліметтер мен түсініксіз жайлар талқыланады. Соңынан сол мәселелер тақтаға жазылады да, жауабы бірлесе ізделінеді.


Интерактивті тақта, Бағдарлама, 45 бет,

Мұғалімге арналған нұсқаулық,

88 бет,

А.Гиннің “Сабақ конструкторы”

Қорытынды (5 мин).

Сізге бәрінен бұрын не ұнады?

Сіз бағалаудың қандай аспектісін таңдар едіңіз?

Сіз оқушыларды бағалауда қандай стратегия қолданар едіңіз?

Не себепті ол стратегияны таңдадыңыз?


Мұғалім оқушыларды оқыту үдерісін жақсартудағы өзін-өзі және өзара бағалаудың рөлін түсінеді, оқушылармен жұмыс жүргізу үшін өзін өзі бағалаудың және өзара бағалаудың бір немесе бірнеше стратегиясын әзірлейді, осы стратегияларды қолдануды жоспарлай білетін болады.


Үлестірме материал, 2-апта, 12 бет

Рефлексия (5 мин).

“Жыланша” ойыны


Қатысушылар айнала отырады. Сосын бірі бастап келесі адамнан бастап кезекпен қолын алып, «Мені қызықтырған-...» деп ойларын жалғастырады. Мұғалімдер өз ойларымен бөліседі

А.Гиннің “Сабақ конструкторы”









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
318
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі