«Әдіскер тәжірибесінде қазақтың ұлттық ойындарын оқу-тәрбие процесіне енгізу жолдары»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Әдіскер тәжірибесінде қазақтың ұлттық ойындарын оқу-тәрбие процесіне енгізу жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды топқа арналған «Әдіскер тәжірибесінде қазақтың ұлттық ойындарын оқу-тәрбие процесіне енгізу жолдары» ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балаларға ұлттық тәрбие әдістерін жобалар арқылы меңгерту ұсынады; мазмұны қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыру, оның маңызы, оларды ажырату, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын байытып, тілін дамыту, көркемдік эстетикалық талғамын дамытуға, халықтың тұрмыс-салт дәстүріне қызығушылықтарын ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімінің «Мирас» бөбекжай-бақшасы МКҚК












«Әдіскер тәжірибесінде қазақтың ұлттық ойындарын оқу-тәрбие процесіне енгізу жолдары»


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ







Авторы: әдіскер Абдрахманова Алия Турабаевна











Қаратау қаласы, 2025 жыл


Түсінік хат


Ұлттық ойындар – қазақ халқының ғасырлар бойы сақталған рухани және мәдени қазынасы. Олар баланың жан-жақты дамуына зор ықпал етеді. Осы әдістемелік нұсқаулық ұлттық ойындарды мектепке дейінгі тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы балалардың физикалық, интеллектуалдық және әлеуметтік қабілеттерін дамытуға бағытталған. Ұлттық ойындар арқылы біз баланың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оған ұлттық сана мен мәдениетті тереңірек сезінуге мүмкіндік береміз. Бұл жинақ тәрбиеленушілердің ойлау, шығармашылық және еңбекке қабілеттілігін арттыруға қызмет етеді деп сенеміз.

Қазақ халқының ұлттық ойындары – ұрпақ тәрбиесінің ажырамас бөлігі. Бұл ойындар балалардың денесін шынықтырып, ойлау қабілетін дамытып, рухани құндылықтарды бойына сіңіруге мүмкіндік береді. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие процесінде қолдану баланың тұлғалық дамуын жан-жақты қамтамасыз етеді.

Қазақ халқының ұлттық ойындары – ата-бабаларымыздан қалған баға жетпес рухани мұра, тәрбиенің қайнар көзі. Бұл ойындар арқылы ұрпақ бойына ерлік, тапқырлық, ептілік, достық, әділдік, сыйластық сияқты адамгершілік қасиеттер сіңіріліп отырған. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ұлттық ойындар – тек көңілді қимыл-қозғалыс қана емес, сонымен қатар ойлау, есте сақтау, тілдік қорды дамыту, дене шынықтыру және әлеуметтену құралы болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әркетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай-ақ заман ағымына да белсене қатысады.

Аса көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бал организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады.Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз.

Ұлттық ойындар балаларға да, ересектерге де арналған. Ерте заманда қазақ жеріне келген зерттеушілер мен саяхатшылар қазақтардың атқа шабу өнеріне тәнті болған. Ертеде әрбір қазақ жігіті аттың құлағында ойнаған. Қазақтың ат үстінде ойналатын ұлттық ойындары өте көп. Мәселен, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, бәйге, қыз қуу, теңге ілу, тымақ ұру.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде ұлттық тәрбиеге басымдық беру маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Осыған байланысты ұлттық ойындарды оқу-тәрбие процесіне тиімді кіріктіру – жас ұрпақты елжанды, мәдениеті жоғары, рухани бай тұлға етіп қалыптастырудың бір жолы.

Бұл әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналып, оқу қызметінде ұлттық ойындарды қолдану жолдарын көрсетеді.

Мақсаты:

Мектепке дейінгі білім беру процесінде ұлттық ойындарды тиімді пайдалану арқылы балалардың физикалық, зияткерлік, әлеуметтік және эмоционалдық дағдыларын дамыту.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процесінде қазақтың ұлттық ойындарын тиімді пайдалану арқылы балалардың танымдық, физикалық және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Қазақтың ұлттық ойын түрлерімен таныстыру және оларды жүйелеу.

2. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіру жолдарын көрсету.

3. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай ойындарды іріктеу және қолдану әдістемесін ұсыну.

4. Ұлттық ойындар арқылы балалардың қимыл-қозғалыс, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту.

5. Тәрбиешілерге ұлттық ойындарды қолдану арқылы шығармашылық жұмыс жүргізуге әдістемелік көмек беру.

Басқа даму дағдыларымен сабақтастығы:

Қазақ халқының ұлттық ойындарын оқу-тәрбие процесіне енгізу келесі білім беру салаларымен тығыз байланыста жүзеге асады:

1. Танымдық және зияткерлік дағдыларды(математика, экология негіздері):

- Сандармен әрекет ету, кеңістікті бағдарлау, табиғат құбылыстарын тану ойын арқылы меңгеріледі.

2. Коммуникативті дағдыларды дамыту (тіл дамыту, көркем әдебиет):

- Ұлттық ойындар арқылы балалардың сөздік қоры, сөйлеу мәдениеті дамиды, халқымыздың мақал-мәтелдері мен жұмбақтары кеңінен пайдаланылады.

3. Шығармашылық дағдылар (музыка, бейнелеу өнері, құрастыру):

- Ойын барысында ән-күй, домбыра үні, ұлттық нақыштар қосылып, шығармашылық қабілеттері дамиды.

4. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру:

- Ойындар арқылы баланың әлеуметтік қарым-қатынасы, бір-бірімен тіл табысуы, үлкенді сыйлау, дәстүрге құрметпен қарауы қалыптасады.

5. Физикалық қасиеттерді дамыту:

- Қимыл-қозғалыс ойындары дене дайындығын арттырып, салауатты өмір салтына тәрбиелейді.

Бұл әдістемелік нұсқаулықтың жаңашылдығы – қазақтың ұлттық ойындарын қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларымен интеграциялай отырып қолдануында. Нақты жаңалықтар мыналар:

- Ұлттық ойындарды баланың жас ерекшелігіне бейімдеп, әр білім беру саласымен (таным, тіл дамыту, дене шынықтыру, көркем шығармашылық, әлеуметтік орта) кіріктіру;

- Заманауи педагогикалық технологиялармен (Steam, TRIZ, дамыта оқыту, құзыреттілік тәсіл) үйлестіру арқылы ұлттық ойындардың мазмұнын байыту;

- Балалардың функционалдық сауаттылығын арттыруда ұлттық ойындарды қолдану жолдарын ұсыну;

- Ойындарды заманауи жабдықтар мен дидактикалық материалдар арқылы түрлендіріп, ойын кеңістігін жаңаша ұйымдастыру;

- Тәрбиешілерге арналған нақты әдістемелік нұсқаулар мен рефлексия жүргізу үлгілерін енгізу.

Яғни, ұлттық мұраны жаңашыл әдіспен ұсыну арқылы білім беру үдерісін қызықты, тиімді және тәрбиелік мәні жоғары ету көзделген.

Практикалық маңыздылығы:

«Қазақ халқының ұлттық ойындарын оқу-тәрбие процесіне енгізу» әдістемелік нұсқаулығының практикалық маңыздылығы мынада:

- Тәрбиешілерге ұлттық ойындарды күнделікті оқу қызметінде тиімді қолдануға нақты бағыт-бағдар береді;

- Баланың дене дамуын, танымдық қабілетін, тілдік қорын, қарым-қатынас мәдениетін ұлттық негізде жетілдіруге ықпал етеді;

- Ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, патриоттық тәрбие беру жұмысына қолдау болады;

- Ашық сабақтар, тәрбиелік іс-шаралар, мерекелік бағдарламаларда кеңінен қолдануға болады;

- Бала мен тәрбиеші арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтады, эмоционалдық орта қалыптастырады;

- Ата-аналармен жұмыста да қолданыс табады, өйткені ұлттық ойындар арқылы отбасы мен балабақша ынтымақтастығын күшейтуге мүмкіндік береді.

Осылайша, бұл нұсқаулық тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігін арттырып, ұлттық тәрбиенің жүйелі жүзеге асуына нақты практикалық көмекші құрал болады.

Ақпараттылығы:

«Қазақ халқының ұлттық ойындарын оқу-тәрбие процесіне енгізу» әдістемелік нұсқаулығы өз мазмұны жағынан білім берудің түрлі салаларына қатысты жан-жақты мәліметтерді қамтиды. Атап айтқанда:

- Ұлттық ойындардың түрлері, мазмұны мен ерекшеліктері туралы теориялық негіздер беріледі;

- Әр жастағы балалардың даму ерекшеліктеріне сәйкес ойындарды іріктеу жолдары түсіндіріледі;

- Ойындардың тәрбиелік, дамытушылық, сауықтырушылық мәні талданады;

- Тәрбиешілерге арналған нақты ұсыныстар, үлгі жоспарлар, ойын түрлерінің сипаттамасы қамтылған;

- Ұлттық ойындарды оқу іс-әрекетіне кіріктірудің әдіс-тәсілдері мен тиімді жолдары көрсетіледі.

Нұсқаулық өзінің мазмұны арқылы тәрбиешілерге әдістемелік және тәжірибелік жағынан қолдау көрсетіп, оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнын байыта түседі.

Өзектілігі:

Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарды сақтап, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сіңіру — білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі. Осы тұрғыда, қазақ халқының ұлттық ойындарын оқу-тәрбие процесіне енгізу – заман талабына сай, өзекті мәселе болып отыр.

Ұлттық ойындар арқылы баланың дене қимылы ғана емес, ақыл-ойы, ойлау қабілеті, тапқырлығы, ептілігі, қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады. Сонымен қатар, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту үдерісін ұлттық негізде ұйымдастыру — тұлға қалыптасуының алғашқы сатысы ретінде маңызға ие.

Сондықтан бұл әдістемелік нұсқаулық қазіргі мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық тәрбие мен заманауи педагогиканы ұштастырудың маңызды құралы ретінде өте өзекті.

Инновациялық жаңашылдығы:

Бұл әдістемелік нұсқаулықта ұлттық ойындарды заманауи педагогикалық тәсілдермен үйлестіру көзделген. Оған мыналар жатады:

- Балалардың танымдық, эмоционалдық және дене даму аспектілерін кешенді түрде дамытуға бағытталған ойындар жүйесін енгізу.

- Ойындарды интерактивті технологиялар мен мультимедиялық құралдар арқылы байыту.

- Ұлттық ойындардың білім беру бағдарламасына кіріктірілуі, яғни пәндер аралық байланыс арқылы олардың маңыздылығын арттыру.

- Балалар мен тәрбиешілер үшін арнайы әдістемелік материалдар мен нұсқауларды әзірлеу.

- Ойындарды өткізуде дидактикалық және психологиялық әдістерді қолдану арқылы оқыту тиімділігін арттыру.

Осы арқылы ұлттық ойындар оқу-тәрбие үдерісінде тек ойын емес, кешенді даму құралы ретінде инновациялық рөл атқарады.

Әдіснамасы:

Бұл әдістемелік нұсқаулық ұлттық ойындарды мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие процесіне енгізудің ғылыми негізделген әдістерін қамтиды. Әдіснама ретінде қолданылған негізгі тәсілдер:

- Ойын әдісі: Балалардың жас ерекшеліктеріне сай ойын арқылы оқыту және тәрбиелеу, ұлттық ойындарды таным мен дағдыларды дамыту құралы ретінде пайдалану.

- Жүйелік тәсіл: Ұлттық ойындарды басқа пәндер мен тәрбиелік бағыттармен интеграциялау арқылы кешенді білім беру жүйесін қалыптастыру.

- Теориялық-эмпирикалық әдістер: Ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік бақылауларға сүйене отырып, ұлттық ойындардың тиімділігін дәлелдеу.

- Педагогикалық эксперимент: Ұлттық ойындарды енгізу барысында педагогикалық әдістердің тиімділігін тексеру және жетілдіру.

- Интерактивті және дидактикалық құралдарды қолдану: Балалардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Әдістемелік нұсқаулықтың әдіснамасы баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін ұлттық ойындардың педагогикалық потенциалын толық пайдалану мақсатында құрылды.

Ұлттық құндылықпен байланысы:

Бұл әдістемелік нұсқаулық қазақ халқының ұлттық ойындарын оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы балаларға ұлттық мәдениетті, дәстүрлерді және әдет-ғұрыптарды танытуға бағытталған. Ұлттық ойындар арқылы баланың рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасып, патриоттық сезім дамиды.

Сонымен қатар, ұлттық құндылықтар:

- Ұрпақтан ұрпаққа берілетін мәдени мұра ретінде сақталады;

- Тіл мен ұлттық өзіндік сананы нығайтады;

- Әлеуметтік қарым-қатынас, ынтымақтастық, достық сияқты ұғымдарды тәрбиелейді;

- Балалардың бойында ұлттық бірегейлік пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Осылайша, ұлттық ойындар оқу-тәрбие үдерісіне енгізілуі арқылы ұлттық құндылықтар балаларға ерте жастан меңгертіледі және ұлттық болмысты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Ұлттық ойындардың бала дамуына пайдасы:

1. Денсаулықты нығайту – қозғалысқа негізделген ойындар балалардың дене бітімін, күш-қуатын арттырады.

2. Психологиялық дамуы – ойындар баланың эмоциялық жағдайын жақсартып, стресті төмендетеді.

3. Әлеуметтік дағдыларды дамыту – топтық ойындарда балалар өзара қарым-қатынас жасап, достық пен ынтымақтастықты үйренеді.

4. Зияткерлік қабілеттерді жетілдіру – стратегия мен тактика талап ететін ұлттық ойындар ойлау, есте сақтау және зейінді дамытуға септігін тигізеді.

5. Ұлттық тәрбие беру – балалар өз мәдениетін, салт-дәстүрін түсініп, мақтаныш сезімін қалыптастырады.

6. Қол моторикасын дамыту – кейбір ұлттық ойындар ұсақ моториканы жетілдіреді, бұл баланың жалпы дамуына оң ықпал етеді.

Осылайша, ұлттық ойындар балалардың дене, рухани, әлеуметтік және зияткерлік дамуына маңызды үлес қосады.






Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие процесіне енгізудің тиімділігі:

1. Тәрбиелік мәні жоғары – Балаларға отансүйгіштік, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болу, әділдік, батылдық, ептілік сияқты ұлттық құндылықтарды сіңіреді.

2. Ой-өрісті дамытуға ықпал етеді – Логикалық ойлау, есте сақтау, зейінділік, байқағыштық қасиеттері дамиды (мысалы, «Тоғызқұмалақ», «Хан талапай» ойындарында).

3. Қозғалыс белсенділігін арттырады – Денсаулығын нығайтуға, бұлшық ет жүйесін жетілдіруге көмектеседі (мысалы, «Асық ату», «Сақина салу»).

4. Ұйымдастырылған іс-әрекетке қызығушылықты оятады – Балалар еркін ойнап жүріп, білім алады. Ұйымдастырылған іс-әрекет процесі жанданады, ойнай отырып оқытуда тартымды болады.

5. Коммуникативтік дағдыларды дамытады – Қарым-қатынас орнату, бір-бірін тыңдау, топта жұмыс істеу қабілеті қалыптасады.

6. Тілдік қорды байытады – Ұлттық ойындарда жиі қолданылатын сөздер арқылы балалардың сөздік қоры артады, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

7. Ұрпақтар сабақтастығын сақтайды – Ұлттық мұраларды меңгеру арқылы салт-дәстүрді сақтап, мәдениетті жалғастыруға үйретеді.

Яғни, ұлттық ойындарды оқу-тәрбие жұмысына тиімді енгізу — баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін қуатты құрал.

Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие процесіне енгізудің күтілетін нәтижелері:

1. Балалардың ұлттық ойындар туралы түсінігі кеңейеді, олардың түрлерін ажырата біледі.

2. Ойын арқылы тәрбие мен оқыту сапасы артады, балалардың сабаққа қызығушылығы мен белсенділігі күшейеді.

3. Қимыл-қозғалыс дағдылары дамиды, денсаулығы нығаяды.

4. Зияткерлік және логикалық ойлауы жетіледі (мысалы, «Тоғызқұмалақ» арқылы).

5. Коммуникативтік қабілеттері жақсарады, бірлесіп жұмыс істеу, ережеге бағыну, әділдік пен сыйластықты түсінеді.

6. Тілдік қорлары молаяды, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

7. Ұлттық құндылықтарды құрметтейді, салт-дәстүрге, тарихқа қызығушылығы оянады.

8. Шығармашылық және дербестік қабілеттері дамиды — ойындар арқылы өз ойын еркін жеткізе біледі, жаңа тәсілдер ойлап табады.

9. Педагогтардың әдістемелік шеберлігі артады, оқу процесіне жаңашыл тәсілдерді енгізу дағдылары қалыптасады.

10. Ұлттық ойындар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнына сәтті бейімделіп, жүйелі қолданылатын болады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. «Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар
Алма-Ата  «Жалын» 1987 г.

2. «Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 2005 ж.

3. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев
Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.

4. «Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев.
Алматы «Балауса» 1992 ж.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі