жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әдістемелік әзірлеме "Қолданбалы курс-оқушы тұлғасын қалыптастырушы құралдың бірі"
«Қолданбалы курс – оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі құралы»
«Қолданбалы курс – оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі құралы» атты педагогикалық жобаның ТЕЗИСЫ
Тәжірибені жүргізген: математика пәнінің мұғалімі Адарыш Бахытгуль
Жобаның жетекші идеясы: Оқыту үдерісінің бір бөлігі қолданбалы курстарда математикалық есептерді шығару үшін оқушылардың мектеп бағдарламасына сәйкес математикалық білімдерін блок бойынша оқып, теориялық-практикалық білімдерін жүйелі түрде қайталап, теориялық-тұжырымдамалық карталар әзірлеп, блок соңында анықтамалық модельдер құрастыру олардың тұлғалық қасиетін дамытуға бейімдейтіндігін көрсету.
Қолданбалы н/е таңдау курстарының ұйымдастырылуы: Қолданбалы және таңдау курстары мектептің базистік оқу жоспарының мектеп компоненті мен оқушы компонентін жүзеге асыруды көздейтін бағдарлы оқыту процесінде маңызды орын алатыны белгілі. Аталған курстар бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың басты құралы ретінде қарастырылады. Қолданбалы курстар бағдарлы пән бойынша берілетін теориялық білімнің қолданбалы сипатын ашып көрсетуге бағытталғандықтан оған оқушылардың барлығы қатысуға міндетті. Таңдау курстары оқыту бағдары аясынан тыс жүзеге асырылатындықтан, оларға бір сынып оқушыларының қатысуы міндетті емес. 10-11 сыныптар бағыты бойынша (қ/г, ж/м) бөлінгеннен кейін, әрбір сыныптың бағдары айқындалуы керек. Сыныптардың бағдарын айқындауда негізінен оқушылардың таңдау пәндері, ҰБТ тапсыратын негізгі пәндерді ескерген дұрыс. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы сыныптардың бағдары: математика, физика, математика-физика, физика–химия, химия, биология-химия, география т.с.с
Қолданбалы немесе таңдау курстарындағы қайшылықтар: Қолданбалы курстардың мазмұны пән тұрғысынан емес, оның практикалық пайдалылығы тұрғысынан құрылады. Қолданбалы және таңдау курстарына бөлінген уақыт оқу бағдарламасы бойынша меңгеріп үлгермеген материалды оқуға жұмсалуы тиіс. Сондықтан қолданбалы және таңдау курстарына қажетті материалдарды таңдауда мұғалімдер өздерінің бағдарламаларын құру жұмыстарын «Оқушыға қолданбалы және таңдау курстары несімен пайдалы және оны оқып үйренуге қалай қызықтыруға болады» деген сұраққа жауап бере алатындай етіп жүргізу қажет.
Алайда қолданбалы және таңдау курстарын ұйымдастырудың өзіндік әдістемелік ерекшеліктері бар және ол өте күрделі.
Жоғарыда айтылған сұраққа жауап бере алатындай етіп бағдарламаны құру және оны жүргізу, яғни жүзеге асыру тіпті тәжірибелі мұғалімдер үшін де оңай шаруа емес. Сондықтан аталған курстардың тақырыптарын таңдауда, оның бағдарламаларын талапқа сай құруда, оны жүзеге асыруда, бір сөзбен айтқанда қолданбалы және таңдау курстарын ұйымдастыруда пән мұғалімдеріне бағыт – бағдар беру, оның әдістемелік ерекшеліктерін түсінуге оқу ісі меңгерушілерінің көмегіне жүгінген абзал.
Қолданбалы курс бағдарламаларын әзірлеудегі қайшылықтарды жою мен шығармашылық ізденіс кезінде мыналар анықталды: оқушының да, мұғалімнің де өзара тығыз байланыста болу қажеттігін, оқушылардың тұлғалық қабілетін қалыптастырып алуын көздейді.
Гипотеза:қолданбалы курс (бұдан былай ҚК) –мұғалім мен оқушы жұмысының тиімділігін арттырады; ҚК-оқушының теориялық-практикалық білімін жүйелі шыңдайды; ҚК-оқушыны дербестікке үйретеді, ҚК-тұлғалық касиеттері мен қабілеттерін қалыптастырады.
Жоба обьектісі: оқыту урдісіндегі оқушы іс-әрекеті.
Жоба құралы: қолданбалы курс
Педагогикалық жобаның мақсаты: Кез-келген оқушының кәсіби тұлғасын қалыптастыруда, функционалдық және математикалық сауаттылықтарын қолданбалы есептер мен логикалық есептер арқылы дамыту.
Педагогикалық жобаның міндеттері:
Оқушының теориялық және практикалық бөлімдерді орындау;
Оқушы шығармашылық қабілетін арттыруда жоғары деңгейлік тапсырмалар орындау;
Математикалық есептеулерді оқушының тұлғалық қасиетіне бағыттай беру
Әр блокта жобалық тұжырымдамалық карта жасап, соңында анықтамалық модель құрастыру;
Талдау, сараптау, модельдеу біліктіліктерін қалыптастыру.
Тәжірибенің практикалық іске асырылуы туралы іс-шаралар:
№ |
Іс-шара мазмұны |
Нәтижесі |
Мерзімі |
Өтілу белгісі |
1 |
Ақпараттық- әдістемелік ізденіс |
Жинаған ақпаратты жүйелеу |
2019, қаңтар |
+ |
2 |
Ашық сабақ |
Әдістемелік жұмыс жоспары |
2019, наурыз |
+
|
3 |
Шеберлік сағаты |
Әдістемелік жұмыс жоспары, презентация |
2019, мамыр |
+ |
4 |
Шеберлік сағаты |
Әдістемелік жұмыс жоспары, презентация |
2019, қараша |
+ |
5 |
Шығармашылық топта жұмыс |
Коучинг |
2020, ақпан |
- |
6 |
БАҚ-на жариялау |
Баяндама, мақала |
2020, сәуір |
- |
7 |
Ашық сабақ |
Тәжірибелік модельдер жинағы |
2020, мамыр |
- |
8 |
Әдістемелік толықтырулар мен өзгертулер |
Жоспар жаңарту |
2020, тамыз |
- |
Қолданбалы қурстар мен сабақтар кезінде көбінесе, АКТ мүмкіндіктерін пайдаланамын, жұптық және топтық жұмыстар көп жүргіземін. Бұл оқушылардың бірлескен түрде теориялық жобалар жасауға септігін тигізеді.
Биылғы 10-сынып жаңартылған оқыту бағдарламасына бойынша оқытылып бастады. Сабақты да, сыныптан тыс шараларды да жаңартылған мазмұнға сәйкестендіріп оқыту – оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру мен дамытуда улкен септігін тигізуде. Себебі, оқушылар уақыттарын тиімді пайдаланады.
Микротоптардағы жұмыс мүмкіншіліктері қандай? Оқушылар шағын топта жұмыс істей отырып, бірі-біріне, өз-өзіне көмектеседі; ұйымшылдақтары мен достықтары артады; өз кемшіліктері мен артықшылықтарын байқайды; шынайы бағалау мен сыни пікірлер айта алады; жауапкершілікті сезінеді; жұмыс істеу жылдамдықтары артады; дербестік яғни тұлғалық қасиеттері дамиды.
Практикалық жұмыстардың артықшылықтары қандай? Жұмыстың тұтастығы мен бөлшектерін айқын сезінеді; мағыналарды ажыратады; шығармашылық қабілеттері артады; көбірек теориялық мағлұмат алады, практикалық жұмыстар жүйелі атқарылады, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасады, сұрақтар қойып білімдерін шыңдайды.
Тәжіребеде оқушылар математикалық есептеулер, теориялық карталар, анықтамалық жинақтар, сұрыптаулар мен тұжырымдаулар жасап үйренеді. Бұл, біздің тәжірибемімізге қойған гипотезаның жүзеге асырылуын әбден растайды.
Оқушылар, қолданбалы курс барысындағы үйренген білім, білік, дағдыларын математика сабақтарында бөлім бойынша немесе тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларында тиімді қолданады. Ашық сабақтарында өздерін сенімді және еркін ұстайды.
Менің ойымша қойылған гипотеза алдағы уақытта өзінің оң нәтижесін көрсетеді деп ойлаймын. Математикадан қолданбалы курстарға қатыса отырып, оқу бағдарламасы бойынша меңгеріп үлгермеген материалды оқуға жұмсайды. Сонымен қатар, оқушылар:
Ақпаратты өңдеуге дағдыланады;
Туындаған пәндік мәселелерді, қиындықтарды оңтайлы шешу жолдарын табуға әрекеттенеді;
Пәнге, курсқа қызығушылықтары артады;
Оқушының математикалық , функционалдық сауаттылықтары артады;
Құзырлық қабілеттері, тұлға болып қалыптасу дағдылары дамиды;
Оқытушымен немесе өзара тығыз қарым-қатынас орнатады.
Бұл жерде, оқушының ғана емес, мұғалімнің де жұмысы жеңілдейді:
Оқытушының кәсіби деңгейі өседі;
Уақытын үнемді әрі ұтымды пайдаланады;
Кері байланыс алады, рефлексия жасайды;
Алдағы жоспарларын жүйелейді.
Педагогикалық жоба негіздемесі
«Адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беруі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»,-деп болашаққа көрегенді көзбен қарап, Әл-Фараби бабамыз жөн сілтеген екен.
Данышпан ақын Абай атаыз, «Адам мінезін түзетуге болмайды дегеннің тілін кесер едім»,- деп бала тәрбиесіне атүсті қарамауға шақырады. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары мектептердегі оқушылардың тәртібі мен жүріс-тұрысы, білім жүйесіндегілерді ғана емес, қоғам мүшелерінің барлығын алаңдатып отыр. Қазіргі таңда біздің сөздік қорымызға «тәрбиесінде ауытқысы бар оқушы», «қиын оқушы», «көше баласы» деген ұғымдар енді. Бұндай проблема еліміздің барлық мектептерінде бар екені сөзсіз.
Бүгінгі мақсатымыз әрбір жеке тұлғаға түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін беру және оның дамып қалыптасуына қолайлы жағдай жасау. Адам бойындағы игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан мектепте оқыту үрдісін тиімді етіп ұйымдастыру - мұғалімнің шеберлігі. Оқушы тұлғасын қалыптастыруда сапалы білім беру – бүгінгі күннің заманауи талабы. Жаһандану заманында оқушылардың білікті тұлға болып шығуы – бүгінгі күнде біздердің, яғни мұғалімдердің құзырында. Сондықтан да белгілі ағылшын ғалымы Уорд былай деген екен:
Жай мұғалім – хабарлайды.
Жақсы мұғалім- түсіндіреді.
Керемет мұғалім – көрсетеді.
Ұлы мұғалім – шабыттандырады.
Осы орайда, бүгінгі жобаның тақырыбын «Қолданбалы курс – оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізі құралы» деп алдым. Себебі, сабақ оқуға берілген 40 минут жаңа тақырыпты меңгертуге, тақырыпты тиянақтауға ғана жұмсалады. Ал, оқушының шығармашылығын арттыру, түсінбеген тақырыптарын жүйелі қайталау, меңгерген білімдерін тереңдету қолданбалы курстар арқылы жүзеге асырылады. Және осындай курстарда оқушы шабыттанып, жауапкершілікті сезініп, жеке дербес тұлға болып қалыптасу мүмкіндігіне ие болады.
Мен математика пәнінен 10-сыныпқа арналған қолданбалы курсын блок бойынша оқытуды жөн көрдім. Себебі, 10-сынып биыл жаңартылған бағдарламаға көшті. Демек, таңдау курстары да жаңартылған оқу мазмұнына сәйкес ұйымдастырылу керек екендігі түсінікті жайт. Бұл жоба, мен үшін – старттық жоба. 1-тоқсан енді ғана бітсе де, оқушылар қызығушылықпен сабаққа келеді, тапсырмаларды белсенділікпен орындайды. Қиындықтарды жеңуге талпынады.
Бұл біріншіден, қолданбалы курстағы алға қойған мақсат-міндеттеріміздің айқындығын көрсетсе, екіншіден оқушылар өз бағыттарын дұрыс таңдаған деп білем. Ал, дұрыс таңдау жасаған адам оқуда да, жұмыста да белсенді қарқынды әрекеттер жасайды.
Блок бойынша оқытуда алдымен оқушыны: сабақ мақсатын түсінуге; қойылған талаптарды ажырата алуға; әр блокта теориялық карталар жасауға; өз ойын ашық жеткізуге; тақырып бойынша қорытнды жасауға; тұжырымдай білуге үйретіп алғанымыз жөн. Немесе, әр сабақта осы талаптарды орындауға дағдыландырып отырған абзал.
Оқушы, тақырыптарды топтарға бөліп оқуда кері байланысты міндетті түрде жүргіземін, «БББ» әдісі өте ыңғайлы. Осы кері байланыс арқылы келесі сабақты жоспарлауға өзгертулер мен толықтырулар енгіземін. Бұл курста оқушылар көбінесе жеке, дербес жұмысты үй жұмысы ретінде орындайды: клстер құрады, ментальды карта жасайды, теорияны қайталайды. Ал, жұптық жұмыстарда оқушылар бір-біріне көмектеседі; бірінің айтқанынан 2-сі білімін толықтырады немесе жұбының нені білмей тұрғандығын анықтайды.
Ал топтық жұмыстарда оқушылар бар білген білімдерін ортаға салып, үлкен бір анықтамалар топтамасын қорытып шығарады. Бұл жерде оқушылар көбінесе, жасаған кластерлерді біріктіреді.
Қолданбалы курста, оқушылар таңертеңгі сабақта түсінбеген тақырыптармен жұмыс жасайды немесе тақырыпты тереңірек оқиды, есептер шығарады, практикалық бөліммен жұмыс атқарады.
Осы жерде бұрыңғы дәстүрлі оқыту жүйесіндегідей дайын материалды бермедім. Керісінше олардың өздері оқып.талдауына, қорытныд шығаруға бағыт бағдар беріп отырамын. Ол үшін, мен:
Жұмыс папкаларын;
Анықтамалық материалдарды;
Дидақтикалық материалдарды;
АКТ мүмкіндіктерін пайдалану: электронды оқулықтар, сандық білім ресурстары, интернет желісі, интербелсенді тақта, қолднбалы математикалық сайттарды;
Бейіндік пән бойынша тапсырмаларды қолданамын. Бұл, өз кезегінде болашақ мамандықтарына байланысты жағдаяттарды талдай отырып, соған ұқсас есептеулер жүргізуге, тақырыптық мазмұнды есептер шығаруға, алгоритмдер құруға, қорытнды жасауға септігін тигізеді.
1.Теориялық бөлім
1.1. Қолданбалы курс құрылымы
Қолданбалы немесе таңдау курстарының ұйымдастырылуы: Қолданбалы және таңдау курстары мектептің базистік оқу жоспарының мектеп компоненті мен оқушы компонентін жүзеге асыруды көздейтін бағдарлы оқыту процесінде маңызды орын алатыны белгілі. Аталған курстар бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың басты құралы ретінде қарастырылады. Қолданбалы курстар бағдарлы пән бойынша берілетін теориялық білімнің қолданбалы сипатын ашып көрсетуге бағытталғандықтан оған оқушылардың барлығы қатысуға міндетті. Таңдау курстары оқыту бағдары аясынан тыс жүзеге асырылатындықтан, оларға бір сынып оқушыларының қатысуы міндетті емес. 10-11 сыныптар бағыты бойынша (қ/г, ж/м) бөлінгеннен кейін, әрбір сыныптың бағдары айқындалуы керек.
Қолданбалы курстардың мазмұны пән тұрғысынан емес, оның практикалық пайдалылығы тұрғысынан құрылады. Қолданбалы және таңдау курстарына бөлінген уақыт оқу бағдарламасы бойынша меңгеріп үлгермеген материалды оқуға жұмсалуы тиіс.
Жоба тақырыбын «Қолданбалы курс – оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізі құралы» деп алдым. Себебі, сабақ оқуға берілген 40 минут жаңа тақырыпты меңгертуге, тақырыпты тиянақтауға ғана жұмсалады. Ал, оқушының шығармашылығын арттыру, түсінбеген тақырыптарын жүйелі қайталау, меңгерген білімдерін тереңдету қолданбалы курстар арқылы жүзеге асырылады. Және осындай курстарда оқушы шабыттанып, жауапкершілікті сезініп, жеке дербес тұлға болып қалыптасу мүмкіндігіне ие болады.
Едеше, ең алдымен пән мұғалімдеріне бағдарлы оқыту мақсаты мен міндеттерінен туындайтын қолданбалы немесе таңдау курстары бағдарламасын жасауда басшылыққа алынатын негізгі талаптарды тұжырымдайық.
Бағдарлама құрылымы 4 бөлімнен тұрады:
Түсінік хат
Мазмұндық бөлім
Нормативті бөлім
Ақпараттық – әдістемелік бөлім.
Түсінік хатта:
Курстың мақсаты мен міндеттерін;
Берілген бағдарлама өзектілігінің негіздемесін (оның маңыздылығы және қажеттілігі);
Оқу әдістерінің жалпы сипаттамасын;
Курс мазмұнының бағдарлы пән мазмұнына сәйкестілігін қамтиды.
Мазмұндық бөлімде : курстың құрлымы мен мазмұны сипаталады, яғни:
тараулар мен тақырыптар ерекшеленеді және олрдың көлемі анықталады;
оқушы меңгеруі тиіс білім мазмұнына сипаттама беріледі;
тиянақты меңгеруді талап ететін мәселелер ерешеленіп көрсетіледі
курстың негізгі міндеті және қосымша мазмұны нақты көрсетіледі;
іс - әрекет түрлері мен тәсілдері, оқушылардың өзіндік және шығармашылық жұмыстарының деңгейі міндетті түрде сипаталады (мұнда оқушылар орындауға қажетті барлық практикалық жұмыстар, серуен, жобалар, мини зерттеулер және т.б).
Нормативті бөлімде :
жекелеген тақырыптарды меңгеруге бөлінетін уақыт (күнтізбелік жоспарлау)
оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар (білім,білік,
дағдылар)
білім ,білік дағдыларды қандай іс-әрекет түрлерімен беруге болатыны
оқушылар қандай салаларды игеруі тиіс екені сипаталуы тиіс.
Ақпараттық әдістемелік бөлімде: Оқушылардың білімін бағалау түрі көрсетіледі. Курс бағдарламасында бағалаудың оқушыларға түсінікті нақты критерийлері көрсетілуі қажет. Мұндай критерийлер мұғалім мен оқушының оқыту кезіндегі өз ара қарым – қатынасын анықтайды. Соған сәйкес оларға төмендегідей талаптар қойылады.
бағалау құралдары мен әдістеріне сипттама берілуі (әсіресе шығармашылық сипаттағы тапсырмалар үшін);
оқушылардың білімін бағалауға олардың тұлғалық қасиеті мен дамуындағы өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік беретін бақылау құралдарының әр түрлі болуы;
бақылау құралдарының курстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкесуі;
бағдарламаның міндетті мазмұны элементерінің дәл бағалануы;
тек қорытынды бақылауды қарастырып қоймай оқытудың аралық нәтижелерін қадағалауға мүмкіндік беруі тиіс.
Сонымен қатар бұл бөлімде ұсынылып отырған курсты оқыту барысында жүзеге асырылатын пән аралық байланыстар сипаты мен пайдаланылатын әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
Дайындалған курс бағдарламалары алдымен бірлестік мәжілісінде талқылануы керек. Курс бағдарламасын талқылау кезінде бірлестік жетекшілері мен бірлестік мүшелері төмендегі мынандай талаптарды басшылыққа алуы керек:
Бағдарламаның оқушыларға жаңалық ретінде танылу дәрежесі
Базалық білім беру бағдарламасында берілмеген, оқушыларға таныс емес білім мазмұнының қамтылуымен сипаталады.
2.Курс мазмұнының қомақтылығы
Оқытуда алға қойылған барлық мақсаттарды орындауға бағытталған білім мазмұның анықталуымен қамтамаыз етіледі
3.Бағдарламаның ғылымилығы
Прогрессивтік ғылыми білім мен өмір сүру тәжірибесінің ең бағалы жақтарының енгізілуімен сипатталады;
4. Курстың практикалық бағыты
Оқушы қабілетін дамытуға және алған білімін іс жүзінде әр түрлі тапсырмаларды орындауда қолдануға мүмкіндік беретін материалдардың қамтылуымен анықталады.
5. Оқу материалдарының байланыстылығы мен жүйелілігі
Ілгерідегі тақырыптар кейінгі тақырыптардың мазмұнын ашуға , олардың өз ара ортақ байланысын жүзеге асыруға негізделіп, анықталуымен сипатталады.
6.Бағдарламаның оқыту мақсаты мен тапсырмалардың қаншалықты сәйкестігі ,оқыту әдістерін таңдау дәрежесі
Оқу тапсырмаларының мазмұны теориялық материалдардың қолданбалы сипатын ашатындай болуымен сипатталады.
7.Мерзімдік ресурстардың нақты мүмкіндік дәрежесі
Оқу материалдарын оқушылардың сапалы игеруіне жеткілікті және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретіндігімен анықталады.
8. Бағдарламаның нәтиже беру дәрежесі
Оқушының қызығушылығын тудыратын және жеке тұлғаның дамуына, өзіндік орнын анықтау арқылы келешек өмірдегі орнын табуға , өзіне баға беруіне ықпал ететін білім мазмұнының қамтылуымен анықталады.
Жеке тұлға моделі
Жеке тұлға - бұл адамның әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне негізделген бейне. Жеке тұлғаның өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынандай қасиеттер қалыптасады:
1. Өз бетінше ойлау біліктері мен іздемпаздығы.
2. Оқуға деген қабілетінің артуы.
3. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.
4. Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.
5. Өз ойының дербестігі.
6. Жеке тұлғаның өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу, эксперимент жүзінде іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.
Әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарау үшін келесі ой – пікірлерге назар алыну қажет:
– жеке тұлға бұл білімнің мақсаты;
– білім деңгейі орташа оқушы жоқ;
– кемшіліктерге шыдамдылық;
– қатеге құқылы;
– тиым салмай, бағыттау; бұйрық бермей, ұйымдастыру; шектемей, өз шешімін қабылдай білу;
– мектепте оқу оқушыға мереке болу үшін оны жетістікке жеткізу, әр уақытта оқушының табысын жариялап отыру.
Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс - тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп табылған жаңашыл технологиялары дүниеге келуде. Қазіргі таңда 50-ге жуық технологиялар ашылып, сарапталған. Оқыту барысында жаңашыл технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой -өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
2.Практикалық бөлім
2.1. Қолданбалы курс – оқушы тұлғасына қалай әсер етуде?
Қолданбалы курс – оқушы тұлғасына қалай әсер етуде? Профильдік пәндерді қалай игеріп жатыр? деген сауалдар төңірегінде кішігірім зерттеу жүргіздім. Ондағы мақсатым: бейіндік оқытуда математика, физика пәндерін таңдап алған оқушылардың оқу үлгерімдерін бақылау. Олармен жүргізілетін жұмыстар бойынша оқу жылының 1-ширегіне арналған сараптама жасау.
Профильдік пәндер бойынша оқу үлгерім деңгейлерін анықтау үшін оқушылардың биылғы оқу жылындағы 1-тоқсандық білім, білік дағдыларын қарастырдым.
Есеп беру обьектісіне 10-11А сыныптары алынды. 11А - сыныбында барлығы 7 оқушы бар. Оқушылардың 2-уінің профильдік пәндері : физика және математика. Олар осы пәндерді таңдау арқылы жоғары оку орнына түсу мүмкіндігіміз жоғары болады деп санайды. Ал , 10А сыныбындағы 6 оқушының 3-уі математика-физика бағытын таңдады. Олар да әзірге өз-өздеріне сенімділіктері аз болса да, ынталары жақсы, 2-уінің оқуда улгерімдері мен белсенділіктері жақсы, 3-сінің оқуға ынтасы төмен.
Өткен жылғы білім сапасы төмендегідей:
№ |
2019ж, мамыр |
2019, қазан |
Динамика |
||
барлығы |
сапасы % |
барлығы |
сапасы % |
||
10А |
13 |
38 % |
6 |
66 % |
+28 % |
11А |
7 |
57 % |
7 |
43% |
-23% |
Орташа |
|
44% |
|
55% |
|
10А сыныбының динамикасы +28% өсуді көрсетеді. Бұл оқушылардың оқулары жақсарып кеткенін білдірмейді, керісінше бейіндік таңдау пәндерін дұрыс таңдап, қолданбалы курстарға бар ынталарын қойып жүрген оқушыларды білдіреді.
11А сыныпта динамикалық көрсеткіште -23% кему болды. Себебі, 2 оқушы да оқуға ықылассыз, пәнге қызығушылығы болмаса да физика-математика бағытын таңдаған оқушылардың оқу үлгерімдерінің төмендеп кеткенін көрсетеді.
Бұдан шығатын қорытынды, оқушылардың бейіндік таңдау пәндеріне аса улкен жауапкершілікпен қарап, «оқушы үнімен» санасқан жөн. Әр баланың бойында қандай да болмасын математикалық білімі болады. Бірақ олардың деңгейлері әртүрлі болады. Сондықтан да, осындай қолданбалы курстар әр оқушы бойына тұлғалық қасиет қалыптастырып, аз да болса жетістікке жетуге жетелейді.
Жүргізілетін жұмыстар:
Оқушылар арнайы кестеге сәйкес қазан айынан бастап, аптасына 2 рет қолданбалы курс сабақтарына қатысады. Сабақтарда сандық білім беру ресурстары қолданылады(билимленд, онлайн тест, 5+ тесттері)
Көп тақырыптар өтілмегендіктен жалпылама бақылау жұмысы алынбайды. Тек өтілген тақырыптар бойынша тақырыптық есептер шығарады.
Қолданбалы курста тереңдетілген тақырыптық есептер шығарады.
Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін мына жағдайлар кедергі ретінде анықталды:
Кейбір оқушылардың профильдік пәнді дұрыс таңдамауы( оның ішінде 5-ші пәнді таңдауда өзгенің ықпалының басым болуы, өз еркімен таңдамауы, пәнге қызығушылығының төмендігі);
Оқушылар қорытынды аттестацияның мән-маңызын толық түсінбеуі, жауапкершілікті сезінбеуі;
Сыныпта оқушылар арасында өзара бәсекелестіктің болмауы;
Ақылы түрдегі байқау сынақтарының жиі алынбауы;
2.2. Қолданбалы курс туралы сауалнама
Мектебіміздің математикадан қолданбалы курсына қатысып жүрген 10-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Алынған сауалнаманың мазмұны оқушылардың қолданбалы курсжұмысына берер бағасы туралы.
Сауалнама:
Қолданбалы курста атқаратын жұмыстың қай түрі ұнайды?
А) жеке, дара; В) жұптық ; С) топтық жұмыс
Математикалық есептеулер кезінде мағынаны ажырата аласын ба, кілт ұғымды таба аласың ба?
А) оңай табамын; В) досымнан көмек аламын; С) мұғалім көмегіне жүгінемін.
Топтық немесе жұптық жұмыста өз тұжырымыңды жасау қаншалықты деңгейде іске асады?
А) бірден жауап беремін; В) қысқаша жауап беремін; С) білгенімді айтып беремін.
Тақырыпты алып, оған теориялық тұжырымдамалық картаны қалай жасайсың?
А) негізгілерін ғана жазам; В) сызбалар жасаймын; С) жұптаса отырып, көшіремін.
Топтық жұмыстарға белсенділігің қандай?
А) топта мен лидермін; В)тобыма көмектесемін; С) топпен жұмыс ұнамайды.
Сонымен 10-11 сынып оқушыларынан алынған сауалнама қорытындысын салыстырмалы нәтижесін қарастырайық:
Сынып |
1 сұрақ |
2 сұрақ |
3 сұрақ |
4 сұрақ |
5 сұрақ |
||||||||||
А |
В |
С |
А |
В |
С |
А |
В |
С |
А |
В |
С |
А |
В |
С |
|
10А |
2 |
3 |
1 |
1 |
3 |
2 |
2 |
3 |
1 |
3 |
2 |
1 |
2 |
2 |
2 |
11А |
1 |
2 |
4 |
0 |
4 |
3 |
1 |
2 |
4 |
3 |
2 |
2 |
0 |
6 |
1 |
Жалпы: |
3 |
5 |
5 |
1 |
7 |
5 |
3 |
5 |
5 |
6 |
4 |
3 |
2 |
8 |
3 |
Бұл сауалнамадан қандай қорытынды жасауға болады:
Оқушыларға жеке-дара жұмысқа қарағанда, топтық немесе жұптық жұмыс көбірек ұнайды. Демек, оқушылар өзара ұйымшыл, бірі-біріне көмек береді.
Оқушылар тақырыппен жұмыс барысында түйінді идеяны табуда қиналады, білмеген сұарғының жауабын мұғалімнен емес, достарынан алады екен. Бұл жерде О-М емес О-О жұмысы тиімдірек деп санайды. Алайда мұғалім алдындағы қорқыныш немесе өз-өзіне сенімсіздік бар екені байқалады.
Қойылған сауал немесе шығаруға берілген есепті алып қарасақ, өз ойларын ашық әрі дұрыс білдіретіндер аз. Дегенмен қысқаша болса да, өз білгенін болса да айтып белсенділік танытады. Демек жоғарыда жасалған «мұғалім алдындағы қорқынышы бар» деген пікір жаңсақ болып шықты. Әйтпегенде оқушылар көбірек С нұсқасын таңдаған болар еді.
Тақырыптың түйінді идеяларын жазғанда, тұжырымдамалық карта жасағанда көбінесе оқулықтан көшіру керек деп ойлайды. Сызбалар жасап, қысқаша түйіндеп жазатындар аз. Ал көшіріп алатындар да жоқ емес болып шықты.
Топта лидерлік танытандар 2-еу, көп оқушылар өзара ақылдасып, бір-бірін тыңдап көмектесіп отырады. Ал мүлде топқа қосыла алмайтын, ұнатпайтын бір оқушы бар.
Сабақты қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан бастаймын. Осы арқылы ойды қозғау арқылы жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін "Топтау”, "Түртіп алу”, "Ойлану”, "Жұпта талқылау”, "Болжау”т.б. деген аттары бар әдістер жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.
Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әртүрлі кестесін біліп үйренеді.
Бұл үйрену сатысы –ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған "Венн диаграммасы”, "Еркін жазу”,"Семантикалықкарта”сияқты стратегияларды әр сабақтың ерекшелігіне қарай қолданып отырамын.
Топтық
жұмыстың артықшылығы:
1- Оқушылар өзара достық қатынаста
болады;
2- Бір-бірінен сұрай отырып
білімдерін жетілдіреді,
3- Өзгелерге
ойын жеткіз уүшін өз шешімін дәлелдеп
үйренеді;
4- Менен сұрап қалады-ау
деп қорықпайды, топ болып жауап береді;
5- Оқушылардың мектепке деген көзқарасы
өзгереді.
6- Уақыттары қызықты әрі
тиімді өтеді.
2.3. Қолданбалы курс бойынша мониторинг жүргізу
Жобалық эксперимент барысында барлық тақырыптың қамтылуын, оқушылардың меңгеріп-меңгермеуін қадағалау мақсатында жоспарға сәйкес мынадай мониторинг жүргізу өте қолайлы.
Оқушы аты-жөні: ................................................................... |
Сыныбы ................ |
||||
№ |
Блок |
№ |
Тақырыпшалар |
Біледі |
Қайталау керек |
І |
Функция |
1 |
Функция, анықталу облысы, мәндер облысы |
|
|
2 |
Функцияның берілу тәсілдері, графигі |
|
|
||
3 |
Функцияның өсу-кему, шенелу қасиеттері |
|
|
||
4 |
Функцияның жұп-тақтылық, периодтылық қасиеттері |
|
|
||
5 |
Ф.таңба тұрақтылық аралығы қасиеттері, экстремум нүктелері |
|
|
||
6 |
Кері функция |
|
|
||
7 |
Функция графиктерін қарапайым түрлендіру |
|
|
||
ІІ |
Тригонометриялық функция |
1 |
Тр.функциялардың қасиеттері және графиктері: синус, косинус, тангенс, котангенс |
|
|
2 |
Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс |
|
|
||
3 |
Құрамында арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенсы бар өрнектерді түрлендіру |
|
|
||
4
|
Кері тригонометриялық функция |
|
|
||
ІІІ |
Тригонометриялық теңдеулер |
1 |
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер |
|
|
2 |
Бір тригонометриялық функцияға қатысты тр.теңдеулер |
|
|
||
3 |
Тригонометриялық формулалар көмегімен шығарылатын теңдеулер |
|
|
||
4 |
Дәрежесін төмендету арқылы шығарылатын тр.теңдеу |
|
|
||
5 |
Біртекті тригонометриялық теңдеулер |
|
|
||
6 |
Қосымша бұрыш енгізу арқылы шығарылатын тр.теңдеулер |
|
|
||
7 |
Тригонометриялық теңдеулер жүйесі |
|
|
||
ІҮ |
Тригонометриялық теңсіздіктер |
1
|
Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктер |
|
|
2
|
Тригонометриялық формулалар көмегімен шығарылатын теңсіздіктер |
|
|
||
3
|
Тригонометриялық теңсіздіктер жүйесі
|
|
|
||
Ү |
Туынды |
1 |
Функция шегі, үзіліссіздігі |
|
|
2 |
Асимптота |
|
|
||
3 |
Туынды. Дифференциалданатын функция |
|
|
||
4 |
Туындының геометриялық мағынасы |
|
|
||
5 |
Функция графигінің жанамасы, жанама теңдеуі |
|
|
||
6 |
Туындының физикалық мағынасы |
|
|
||
7 |
Күрделі функция |
|
|
||
8 |
Күрделі функцияның туындысы |
|
|
||
9 |
Тригонометриялық функциялардың туындысы |
|
|
||
10 |
Жуықтап есептеу |
|
|
||
ҮІ |
Туындының қолданылуы |
1 |
Функцияның экстремум нүктелері |
|
|
2 |
Туынды көмегімен функцияны зерттеу |
|
|
||
3 |
Функцияның аралықтағы ең үлкен, ең кіші мәндерін табу |
|
|
||
4 |
Практикалық есептерде туындыны қолданылуы |
|
|
||
ҮІІ |
Комбинато-рика |
1 |
Комбинаториканың негізгі түсініктері мен формулалары |
|
|
|
2 |
Комб.формуласының ықтималдылықтар теориясында қолданылуы |
|
|
|
|
3 |
Ньютон биномы |
|
|
|
Осы кестеге сүйене отырып коррекциялық жұмыс жоспары құрылады. Оқушы «біледі» «+» таңбасы қойылады. Ал қай оқушыда «қайталау керек» болса онда төмендегі жоспар бойынша тақырыпты тереңірек талдап, қай жерден қате кеткендігі немесе қай жерді түсінбей тұрғандығын анықтайды.
І блок: «Функция» тақырыбы бойынша қатемен жұмыс:
Оқушы аты-жөні: ................................................................... |
Сыныбы ............... |
||
№ |
Тақырыпшалар |
Тақырыпша ішінде |
Түсінді |
І.1 |
Функция, анықталу облысы, мәндер облысы |
Функционалдық тәуелділік |
|
Фун.анықталу облысының геометриялық мағынасы |
|
||
Фун.мәндер облысының геометриялық мағынасы |
|
||
І.2 |
Функцияның берілу тәсілдері, графигі |
Функц/ң аналитикалық түрде берілуі |
|
Функц/ң кесте түрінде берілуі |
|
||
Функц/ң график түрінде берілуі |
|
||
Функц/ң сөзбен берілуі |
|
||
Функция графигін анықтау |
|
||
І.3 |
Функцияның өсу-кему, шенелу қасиеттері |
Өспелі функция |
|
Кемімелі функция |
|
||
Монотонды функция |
|
||
Шенелген функция |
|
||
І.4 |
Функцияның жұп-тақтылық, периодтылық қасиеттері |
Жұп функция |
|
Тақ функция |
|
||
Функция периодтылығы |
|
||
І.5 |
Функция таңба тұрақтылық аралығы қасиеттері, экстремум нүктелері |
Таңба тұрақтылық аралығы |
|
Экстремум нүктелер |
|
||
Функцияның экстремумы |
|
||
І.6 |
Кері функция |
Кері функция ұғымы |
|
Кері функция әдісі |
|
||
І. 7 |
Функция графиктерін қарапайым түрлендіру |
Фун. графигінің қоординаталық оске симметриялы болуы |
|
Фун. графигінің қоординаталық оске қатысты параллель көшіру |
|
||
Фун. графигінің қоординаталық оске қарай созылуы, сығылуы |
|
||
ІІ блок: «Тригонометриялық функция» тақырыбы бойынша қатемен жұмыс:
Оқушы аты-жөні: ................................................................... |
Сыныбы ............... |
||
№ |
Тақырыпшалар |
Тақырыпша ішінде |
Түсінді |
ІІ.1 |
Тр.функциялардың қасиеттері және графиктері: синус, косинус, тангенс, котангенс |
y=sin x |
|
y=cos x |
|
||
y=tg x |
|
||
y=ctg x |
|
||
ІІ.2 |
Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс |
Санның арксинусы |
|
Санның арккосинусы |
|
||
Санның артангенсы |
|
||
Санның арккотангенсы |
|
||
ІІ.3 |
Құрамында арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенсы бар өрнектерді түрлендіру |
Санның арксинусы |
|
Санның арккосинусы |
|
||
Санның артангенсы |
|
||
Санның арккотангенсы |
|
||
ІІ.4 |
Кері тригонометриялық функция |
y=sin x –ке кері функция y=arcsin |
|
y=cos x -ке кері функция y=arсcos |
|
||
y=tg x- ке кері функция y=arctg |
|
||
y=ctg x - ке кері функция y=arcctg |
|
||
Ү блок: «Туынды» тақырыбы бойынша қатемен жұмыс:
Оқушы аты-жөні: ................................................................... |
Сыныбы ............... |
||
№ |
Тақырыпшалар |
Тақырыпша ішінде |
Түсінді |
5.1 |
Функция шегі, үзіліссіздігі
|
Санның шегі, функцияның шегі |
|
Функцияның шектерін анықтау |
|
||
Функцияның үзіліссіздіг |
|
||
5.2 |
Асимптота
|
Үзіліс нүктелер мен олардың түрлері |
|
Асимптота түсінігі |
|
||
Асимптота түрлері |
|
||
5.3 |
Туынды. |
Туынды |
|
Функция өсімшесі |
|
||
Дифференциал түсінігі |
|
||
5.4 |
Дифференциалданатын функция |
Туынды табу ережелері |
|
Туынды табу формулалары |
|
||
5.5 |
Туындының геометриялық мағынасы
|
Жанаманың бұрыштық коэффиценті |
|
Геометриялық мағынасы |
|
||
5.6 |
Функция графигінің жанамасы, жанама теңдеуі |
Жанама түзу деген не |
|
Қисыққа жанама түсінігі |
|
||
Фун.графигіне жанама түсінігі |
|
||
Түзуге жүргізілген параллель және перпендикуляр жанамалар |
|
||
5.7 |
Туындының физикалық мағынасы |
Физикалық процестердегі туынды |
|
ІІ ретті туынды |
|
||
5.8 |
Күрделі функция |
Күрделі функциялар композициясын құру |
|
5.9 |
Күрделі функцияның туындысы |
Күрделі функцияның туындысы |
|
5.10 |
Тригонометриялық функциялардың туындысы |
тригонометриялық функцияның туындысы |
|
5.11 |
Жуықтап есептеу |
Жуықтап есептеу |
|
ҮІ блок: «Комбинаторика» тақырыбы бойынша қатемен жұмыс:
Оқушы аты-жөні: ................................................................... |
Сыныбы ............... |
||
№ |
Тақырыпшалар |
Тақырыпша ішінде |
Түсінді |
1
|
Комбинаториканың негізгі түсініктері мен формулалары
|
Теру |
|
Орналастыру |
|
||
Алмастыру |
|
||
Факториал |
|
||
2
|
Комб.формуласының ықтималды лықтар теориясында қолданылуы |
Ықтималдылық |
|
3 |
Ньютон биномы |
Ньютон биномын іктеу |
|
Әр баланың бойында қандай да болмасын математикалық білімі болады. Бірақ олардың деңгейлері әртүрлі болады. Сондықтан да, мұндай мониторинг жүргізе отырып әр оқушы бойына тұлғалық қасиет қалыптастырып, аз да болса жетістікке жетуін қадағалауымыз керек. Жаңартылған мазмұнда оқытудың да негізгі идеясы осында жатыр емес пе?!
Мұндай коррекциялық жұмыс жүргізуге арналған кестелердің тиімділігі:
Меңгерілмеген тақырыптарды қайталауға мүмкіндік береді;
Формуланы еске түсіреді;
Тақырып бойынша негізгі білімді өздігінен меңгере алады;
Кез-келген сыныптағы оқушы біліміндегі олқылықтарды анықтауға көмектеседі;
Қажет болған жағдайда үлгі ретінде теориялық тұжырымдамалық карталар жасайды.
3.Қорытынды бөлім
Сонымен, қолданбалы курста біздің мектеп оқушылары үшін топтық жұмыс тиімділігі басымырақ болып шықты. Онда оқушыларымыздың ұйымшылдығы артады, бірін-бірі жақсырақ түсінеді, өзара құрмет көрсету артады.
Оқушылар өзар қарым-қатынасқа түсіп, біліктіліктерін арттырады, өзіне және өзгеге қарап кемшіліктерін түзетеді.
Қолданбалы курстың теориялық бөлімінде оқушылар ментальды карты, тірек сызбалар жасап, тақырыптың түйінді идеяларын ажыратып үйренеді. Естерінде ұзақ сақтай алады.
Қолданбалы курстың практикалық бөлімінде, меңгеретін тақырып көлемі ұлғайып, білімге тереңірек үңіледі.
Олардың ақпараттық-танымдық қабілеттері артып, дербестік қасиеттері дамиды. Досынан немесе құр тақтадан көшірудің тиімсіздігін сезінеді, өздігінен жұмыс істеуге талпынады.
Қолданбалы курсты оқу оқушылар үшін қиындық тудырмайды, өздерін еркін ұстайды, жайлы жағымды атмосферада бірлескен жұмыс жасайды.
Тәжіребеде оқушылар математикалық есептеулер, теориялық карталар, анықтамалық жинақтар, сұрыптаулар мен тұжырымдаулар жасап үйренеді. Бұл, біздің тәжірибемізге қойған гипотезаның жүзеге асырылылып жатқанын, дұрыс бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын әбден растайды.
Оқушылар, қолданбалы курс барысындағы үйренген білім, білік, дағдыларын математика сабақтарында бөлім бойынша немесе тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларында тиімді қолданады. Менің ойымша қойылған гипотеза алдағы уақытта өзінің оң нәтижесін көрсетеді деп ойлаймын. Математикадан қолданбалы курстарға қатыса отырып, оқу бағдарламасы бойынша меңгеріп үлгермеген материалды осы курста толықтырып, тереңдетіп оқиды. Сонымен қатар, оқушылар:
Ақпаратты өңдеуге дағдыланады;
Туындаған пәндік мәселелерді, қиындықтарды оңтайлы шешу жолдарын табуға әрекеттенеді;
Пәнге, курсқа қызығушылықтары артады;
Оқушының математикалық , функционалдық сауаттылықтары артады;
Құзырлық қабілеттері, тұлға болып қалыптасу дағдылары дамиды;
Оқытушымен немесе өзара тығыз қарым-қатынас орнатады.
Бұл жерде, оқушының ғана емес, мұғалімнің де жұмысы жеңілдейді. Мұғалім бұл жерде оқытушы ғана емес, консультант, серіктес, ұйымдастырушы ретінде көбірек қызмет жасайды. Қолданбалы курс ын оқу кезінде оқушылар алдында жаңа ауқымды білімдер мен біліктіліктерді үйрену қажеттіліг тұрады. Соның бәрін тақырыпты тиянақтауға немесе блок бойынша қорытындылау, тұжырымдау, формулаллар мен алгоритмдерді ықшамдау процестерін үздіксіз жүргізіп отыруды бағдар беріп отырады. Соның нәтижесінде мұғалім мыналарға қол жеткізеді:
Оқытушының кәсіби деңгейі өседі;
Уақытын үнемді әрі ұтымды пайдаланады;
Кері байланыс алады, рефлексия жасайды;
Келесі сабақ жоспарларын жүйелейді.
Оқушылар сабақ соңында өз болашақ мамандықтарына байланысты сұрақтар қойғанды өте жақсы көреді. Сол кезде кезекпен, өз мамандықтары туралы видеолар, презентациялар қарап, талдап отырамыз. Әрдайым емес, бирақ алдағы уақытта осы болашақ мамандықтары туралы ойландыратын, мамандықтың қыр-сырын үйрететін кішігірім жобалар жасап көрсек деген ойымыз да бар. Бұл енді алдағы уақыттың еншісінде. Өте тиімді болады деп санаймын.
Бұл жобадағы тәжірибеміздің сынып үшін, мектеп үшін тиімділігі қандай?
Жоба бойынша тәжірибе 2 жылға созылады. Және ол, қазіргі таңның өзінде өз жұмысының жағымды жақтарын көрсетуде. Бұған оқушыларымыздың «осы сабақ қызықты болғаны сонша уақыттың қалай өткенін аңғармаймыз», «осылай видео арқылы немесе өзіміз жасағанда көбірек есте қалады екен», «әр сабақта жазған немесе сызған конспектілерімізді бір қарасақ болғаны, бәрі оңай еске түседі», «қатесін тап немесе толықтыр деген есептер егжей-тегжейлі оқу керектігін сезіндіреді» деген сияқты рефлексиядағы айтқан жауаптары мені қанаттандырады, оқушыларымды шабыттандырады. Ал, осы кішігірім жобадан кейін биршама нәтижеге қол жеткізіп, алдағы уақытта оқушы тұлғасын дамытатын тың жаңа жоспарлар құрамын деп ойлаймын. Бұл тәжірибе бойынша өткен оқу жылы ашық сабақ түрінде, биылғы оқу жылында шеберлік сағаты ретінде жұмыс өнімділігі туралы есеп берілді. Басқа пән мұғалімдері де өз сабақтарында қолданамыз деген пікірлер қалдырды. Барлық мұғалімдер оқушыларға осындай бірыңғай талап қойса, білім сапасын арттыруға үлесі зор екені сөзсіз.
Бұл жоба тәжірибесінен менің байқағаным:
Оқушылар оқу материалын игеруде енжарлық танытпай, белсенді тыңдаушылар рөліне енеді. Жалпылама тапсырмадан гөрі, дербес жұмыс істеуге бағытталған тапсырмалар көлемі ұлғайды.
Жаңа АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, ақпаратты өңдеу біліктілігі дамып келеді.
Қажет ақпаратты бөліп қарап, мағыналарды ажыратуды, түйінді идеяны табуды үйреніп келеді.
Алынған ақпараттары өздері үшін қажет екенін сезініп, ол білімдерін математикалық есептеулерге қолдана алуға бейімделіп келе жатыр.
Интернет желісін ақтарып, өзін қызықтырған сауалдың жауабын іздестіруді үйренуде. Оқулықтан сандық білім беру ресурстарын ауыса алады.
Өзін-өзі тексеруге арналған онлайн режимдегі немесе билимленд тесттерін оңай орындайды.
Өздері жеке жасап әкелген тірек сызбаларын, математикалық есептерулерін өзгелермен салыстырып, толықтырып, қатемен жұмыс жасай алады.
Оңайдан қиынға қағидасы бойынша жұмыс жасауды үйренді. Пәнге қызығушылықтары біртіндеп артып, өзін – өзі реттеуге көшті. Жалған ақпарат беру, немесе көшіріп алу, пәнге терең үңілмеу - уақыт жоғалту мен өзін-өзі алдау екенін түсінді.
Педагогикалық жоба бойынша тәжірибеміздің, эксперименттің даму жолдары:
Бұл тәжірибені жүргізу ұзақтығы 2 жылға жоспарланған. Биылғы 10сынып келесі жылы 11 сыныпта жалғастырамыз. Осы қолданбалы курстан алған біліктіліктерімді былайша жүзеге асыруды жоспарлаймын:
Әртүрлі әдістемелік сайыстарға қатысу;
Жинақтаған тәжірибеммен алмасу, әріптестермен бөлісу;
Тәжірибелік-әдістемелік қоржынымды толықтыру, қажет болған жағдайда БАҚ-на жариялау;
Мектебіміздің шығармашылық топта жұмыс істеуде басқа мұғалімдерді серіктес етіп тартып авторлық жобалар жасау;
Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам:
Оқушыларға дайын өнімді қабылдаушы ретінде емес, өздігінен деребес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – осы тәжірибеснің басты мақсаты, негізгі өлшеуіші. Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жетудегі міндеттерді орындап отыруын қадағалау – оңай шаруа емес. Ол бірізділік пен жүйелілікті, шеберлікті талап етеді. Ендеше, Конфуциидің «Естігенімді-ұмытамын, көргенімді-есте сақтаймын, өзім істегінімді-меңгеремін» дегені оқушылардың ұстанымы болу керек. Ал, «Барлығы-өмірден және барлығы-өмірге» дегені ұрандары болу керек.
Әр мұғалім осы ұстаным мен ұранды оқушы бойына сіңірсе, ұстаздан шәкірт озып, мұғалімнің жұмысы ойдағыдай жүзеге асса онда жан-жақты дамыған, білімді, дара тұлға тәрбиелей алғаны. Тек осы қарқынмен ған әрбір мұғалім өз ісінің шебері болаалмақ, әр технологияның қыр-сырын меңгермек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі :
Билимленд, электронды оқулық 10сынып, алгебра пәні
Егіс И.Е. «Жобалау технологиясы бойынша оқушылармен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесі» мақаласы // «Педагогикалық альманах» журналы №6, 2011-113бет .
Зимняя И.А. «Ключевые компетенции – новая парадигма результата современного образования» // «Эйдос» интернет журналы– 2006.
Идрисова С.А. «Оқушы тұлғасын қалыптастыруда жаңашыл технологияның рөлі» баяндама, // интернет желісі – 2014.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген