Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдістемелік баяндама «Орыс топтарында қазақ тілін ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
ӘДІСТЕМЕЛІК БАЯНДАМА Тақырыбы: «Орыс топтарында қазақ тілін ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқыту»
Материалдың қысқаша нұсқасы









ӘДІСТЕМЕЛІК БАЯНДАМА


Тақырыбы: «Орыс топтарында қазақ тілін ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқыту»







Оқытушы: Мукашева А.Т.
















Әдістемелік баяндаманың тақырыбы:

«Орыс топтарында қазақ тілін ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқыту»


Қазіргі кезде колледждерде жаңа технологиялар қолданып, сабақты қызықты, түсінікті өткізу кез келген мұғалімнің міндеті. Жобалау технологиясы, ақпараттық технологиялар, ынтымақтасты оқыту технологиялары студенттердің қабілеттерін, білімі мен сабаққа деген зеректіктерін ескере отырып,оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері арқылы іске асыруға көмектеседі. Педагогикалық технологиялардың мақсаты- оқыту үрдісінің тиімділігін көтеру, оқытуда бағдарланған нәтижелерге жетудің кепілі болып табылады.

Бүгінгі студенттердің мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя біледі.Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.

Қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты студенттердің коммуникативтік мәдениетін дамыту және қалыптастыру болса, оқытушы өз жұмысында әрбір студентке тілді тәжірибеде меңгеруіне жағдай жасау керек. Оқыту үрдісінің тиімділігі үшін әртүрлі технологиялар қолданып жүр, соның ішінде қазақ тілін оқытудағы ақпараттық технологияға тоқталғым келеді.

ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Компьютер студент үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса қазақ тілі сабағында компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдіс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады.

Студенттерді жалықтырып жібермеу үшін қызықтыратын әдістерді пайдаланған тиімді және ғылым мен техниканың жылдан-жылға жедел қарқынмен дамуына байланысты студенттерге дәріс беруде ақпаратты технологияны қолдану дұрыс деуге болады. Ақпараттық құралдардың ішінде электоронды оқулықтардың рөлі ерекше. Электрондық оқулықтарды пайдалану студенттердің, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Оқытудың компьютерлік технологиясы, оның ішінде мультимедия оқытуы белсенді орында тұр. Электронды оқулықтардың қазақ тілі сабағында қолдану студенттердің өздігінен білім алуларына, ізденімпаздыққа, ойларын тиянақты жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, «Сөз таптары» тақырыбын өткенде, экрандағы Word бағдарламасында кластер немесе сызба түрінде жұмыстар орындай алады, ал лексикалық тақырып бойынша «Қазақстанның астаналары» тақырыбында Power Point бағдарламасында презентация құруға болады.

Егер техникалық оқу-құралдарын пайдалансақ, студенттердің сабаққа деген қызығушылығы артады, көру арқылы есте сақтайды. Құрғақ сөзден гөрі, диафильм көрсетіліп, күйтабақ тыңдалса сабақ тартымды әрі қызық өтеді. Сонымен қатар, заман талабына сай, теория мен тәжірибені қатар жүргізіледі.

Ақпараттық технология студенттерге тақырып көлемінде толық мәлімет беруге, басқа оқу орындарымен әдістемемен алмасуға және оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіру, оқу материалдарының сапасын арттыруға көмектеседі.

Интерактивті тақтаны пайдаланып сабақ жүргізу берілетін білімнің сапасын ғана арттырып қоймай, студенттердің әр сабаққа деген қызығушылығын тудырып, ынта-ықыласын (мотивациясын) жақсартады, әрбір студентті ұжымдық жұмысқа тартуға көмектеседі, жеке, әлеуметтік соның ішінде шығармашылық дағдыларды дамытады.  Компьютермен дұрыс ұйымдастырылған жұмыс танымдық және қарым-қатынастық (комуникативтік) қызығушылықты арттырады, тіл мен әдебиет материалдарын өз бетімен  меңгеруге септігін тигізеді.

Ақпараттық технология сабақты түрлендірудің, ерекшелендірудің, дараландырудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар сабақты жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда – студент өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, студенттің өздік жұмысының көлемін көбейтуге болады.    Сондықтан сабақта ақпараттық және коммуникативтік технологияны кеңінен пайдалану үйреншікті, қалыпты жағдай ретінде қарастырылғаны жөн. Бүгінгі күні кез-келген оқытушы қазақ тілі пәні болсын, басқа пәндер болсын ақпараттық және коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы әртүрлі  сабақтарға әзірлемелер  дайындап және оны жоғары деңгейде өткізе білсе, сабақтың тартымды әрі қызық   болатыны анық. Мұндай сабақтар студенттерді басқа әлемге, ақпараттар әлеміне, тарту арқылы  сол әлемді өз көзімен көруге, көргенін курстастарына жеткізу барысында тіл дамыту  мүкіндігіне ие болады.

Егемен еліміздің болашағы-бүгінгі студенттер. Оларды заман талабына сай жан-жақты, білімді, өз бетімен білуге талпынатын, өзінің қөзқарасы бар етіп тәрбиелеу үшін сабақ түрлері әдістемесін жетілдіру және оларды пайдалану-бүгінгі күннің талабы. Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен тәжірибе түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық – коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады. Сонымен, оқытушы – ақпараттанушы емес, студенттің жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл оқытушы ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, студенттерді қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.М.М.Жанпейісова Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.Алматы,2002 ж.

2.Р.Сұрауымбетова «Білім беру деңгейін көтеруге ақрпараттық – коммуникациялық технологиялардың рөлі»

3. Б.А. Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қолданылуы»

4.Педагогикалық альманах журналы №3,2009ж.

5.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы №6,2004ж.

6.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы №6,2009ж.

7.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы №4,2011ж



                                          



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2021
489
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12