Материалдар / Әдістемелік жоба

Әдістемелік жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік жоба
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Инновациялық технологияны география сабағында қолданудың қежеттілігі

Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.

Орта білім берудегі мақсаты:

Өз бетінше білім алу мен оны практикада қолдану қажеттілігімен дағдыларын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде баулуға бағытталған.

Қазіргі таңда мектеп табалдырығын аттаған әр бүлдіршін-ол ертеңгі қоғам мүшесі, болашақ иесі. Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру-бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және жаңа технологиялық өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр.

Мұғалім дегеніміз-бұл қолына уақыт аралығындағы байланысты ұстаған алып, кіршіксіз балалық әлеміндегі күш-қуат пен ақылды, талантты ашқан Колумб, барлық күрделі нәрсені қарапайым тілмен жеткізе білетін данагөй, жалынды сөздері жастарды ерлікке жетелейтін шешен, дүниенің жанды сұлулығын көрсететін суретші, жан-дүниенің бүкіл болмысын көре білетін адам», деп суреттегендей, білікті де білімді ұстаз болу-үлкен жауапкершілік пен тынымсыз еңбекті қажет етеді. Бүгінгі жас ұстаздардың ұлағатты ұстазға айналуына үлкен ізденістер мен шығармашылық шыңдалуы қажет.

География пәнін оқытудағы қиындықтар.

География-өте қызықты, ерекше жан-жақты пән. Бұл пәннің ерекшелігі сол-мұнда тарих, биология, экология, физика, дүниетану, астрономия, сурет (сызу) бәрі де қамтылады. Бұл пәнді оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар.

Күнделікті сабақ беру үрдісінде жаңа материалды студенттерге меңгерту үшін әр түрлі деңгейдегі сарамандық жұмыстарды жүйелі жүргізудің маңызы өте зор және оның ерекшеліктері:

- Кейбір амалдар мен әрекеттерді студенттер өз бетімен орындайды;

- Студенттердің пәнге деген қызығушылығы артады;

- Студенттердің шығармашылық белсенділігі дамиды;

- Не істеу керек екенін мұғалім айтып тұрады, ал студент дереу орындайды (барлық тапсырманы мезгілінде орындаған студент үлгермеушілерге көмектеседі);

- Топ студенттерінен толықтай жауап алу;

- Мұғалім сұрақ қоя отырып, студенттердің білім деңгейін анықтай алады;

- Білімі төмен студенттермен жеке жұмыс істеу мүмкіндігі;

- Дарынды студенттерге өз бетімен жұмыс істеуге толық мүмкіндік береді;

- Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексере алады;

География сабағын әңгіме, баяндау, тек түсіндіру арқылы оқыту айтарлықтай нәтиже бермейді. Баланы таң қалдыруды ұмытпа: «Даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады» дегендей, студенттердің оқу материалын оқып-үйрену кезінде таным белсенділігі жоғары болатын сабақтар білім мен біліктілікті сапалы түрде меңгеруді қамтамасыз ете алады. Тиянақты білім беру, оқу үрдісін жандандыру түрлі әдіс-тәсілді таңдай білуге, қолда бар көрнекілікке, құрал-жабдыққа т.б. көптеген себептерге байланысты. Көрнекілік сабақтың танымдық құндылығын арттырады. Сондықтан бүгінгі таңда студентті қолдағы сурет пен үлестірме қағаздар қызықтыра қоймайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр-ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан, география кабинеті толықтай интерактивті тақта, компьютермен жабдықталса, студенттің сабаққа қызығушылығының артары сөзсіз. Өзім сабақ берген 5 жылда байқағаным, студентті күнделікті сабақ түсіндіріп, кері сол сабақты сұрай берген дде мүлдем жалықтырады. Сондықтан кейбір сабақтарды слайдпен өзің ізденіп, дайындалып келуін өтінген студенттің ынтасын арттыратынын байқадым. Ол сол сабақ үшін кітаптан тыс ізденіп, өзге бір тың мәліметтер жинап, жан - жақты ізденіп, сабаққа деген ерекше бір құлшыныс пайда болады. Оның дайындаған слайдтары да қалған студенттер үшін үлкен ерекше бір қызықты дүние болып табылады. Келесі сабақтарда басқа студент ол студенттің слайдын қайталамауға, одан да жақсы нәтиже көрсетуге тырысады.

Компьютерлік презентациялар қолдану сабақты көрнекті және жан-жақты етіп, жаңа сабақты жақсы игеруге көмектеседі. Бірақ осының бәрін іске асырып отыруға кабинеттің жабдықталмауынан үлкен кедергі келтіріп отыр. Электронды оқулықтар да бүгінгі таңда студенттің сабаққа ынтасын арттырушы құрал болып табылады. Кейбір сабақтарды қысқаша осы оқулықпен түсіндіріп өтсең де, келесі сабақта студенттің өзгеше дайындықпен келіп отырғанын байқауға болады. Күнделікті әр сабақты жаңа ақпараттық технология-ларды пайдалана отырып өткізу арқылы, студенттер бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуға тез қол жеткізуге мүмкіндік туады.

1. Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;

2. Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;

3. Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;

4. Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;

5. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Географиялық білімнің маңызды көзі – географиялық картаны оқып, үйрену. Мен өз сабақтарымда студенттердің қызығушылығын арттыру үшін электрондық карталарды қолданамын. Дүние жүзінің саяси картасы earth3dmap.com, Қазақстанның картасында 3d-maps.kz сабақтарымда үнемі қолданып, қазіргі таңда студенттерім 65 % картаны меңгерді.

«Тек айтсаң – ұмытуым мүмкін

Көрсетсең есте сақтаймын

Ал іске тартсаң – үйренемін!» демей ме, студенттеріме саяхат сабақтар ұйымдастырып отырамын. Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен тарауда.

Quizizz.com викторинасы арқылы үнемі студент тақырып айтудан кейде шаршаған уақытта үй тапсырмаларында және кері байланыста қолданамын. Үй тапсырмасын сұрау арқылы уақыт үнемдеп, кері байланыста баланың не үйренгенін біле аламын.

Қыркүйек айында студенттерім Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығысты картадан көрсетуі қиын еді. LearningApps.org платформасы арқылы студенттерге Қазақстанның картасы бойынша бірнеше тапсырмалар беру арқылы студенттерге Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс, Орталықты ажыратып, картадан көрсете білуін үйреттім. Сонымен қатар қалаларды тауып, оны көрсете алды.

Class time әдісі – бұл мұғалімнің жұмыс құралы, ол сабақ үлгерімін және әрбір студентті дербес бағалауға көмектесетін құрал. Бұл әдісте әр тараулар соңында тест тапсырмаларын алып, қателермен жұмыс жасата отыруға мүмкіндік бар.

Угадай флаги стран – студенттің есте сақтауға және сабаққа деген зейінін дамытады. Қазіргі таңда сабақ беретін топтарым елдердің астаналарын қызығып жаттап және саяхат сабақ жобасында әртүрлі елдерге презентация жасау арқылы сол елдердің климаты, халық жағдайы, шаруашылықтары жайлы меңгеріп отырды. Бастауыш білім беру әдістемесі мамандығы бойынша «А» тобы қазіргі таңда 57%, «Б» тобы 53%, мектепке дейінгі тәрбие бойынша 47%, информатикадан бастауыш білім беру тобы 45%, шетел тілінен бастауыш білім беру тобы 53% көрсетіп отыр.

К.Д.Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»-деген. Сондықтан қазіргі таңда әр түрлі жаңа платформаларды меңгерумен қатар, студенттеріме де үйретумен келемін.



ЖИ арқылы жасау
23 Ақпан 2025
102
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі