жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Әдістемелік жұмыс – шеберліктің шыңдалу мектебі».
«Әдістемелік жұмыс – шеберліктің шыңдалу мектебі».
Мектепке дейінгі ұйым – отбасының балаларды күтуге деген сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру, жалпы мәдениет, ұлттық құндылықтар негізінде оларды үйлесімді дамыту, баланы жалыпы орта білім берудің бастапқы сатысына дайындау, өздерінің жұмысы мен оқуын жалғастыру, қоғамдық өмірге белсене қатысуы үшін ата-аналарға қажетті жағдай жасау мақсатында құрылатын білім беру ұйымы болып табылады.
Баланың жеке басының қалыптасуы, азамат болуы көп фактор жағдайында іске асырылады. Қазақстан Республикасының білім жүйесін ғылыми басқару үрдісінде қалыптастыру қажеттілігі: мектеп, балабақша, ата-аналардың өзара қарым-қатынас мәселесін ұсынады. Ата-аналарды бұрын тек қана материалдық базаны нығайтуға ғана қатыстыру болса, қазіргі таңда оларды балабақша өміріне қатыстыру үйлесімді шешуді талап етуде.
Балабақшадағы әдіскердің басқаруымен жүргізілетін әдістемелік жұмыстардың бірі – ол ана-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері.
Ұсынылып отырған жоба мектепке дейінгі ұйымда жүргізілетін әдістемелік жұмыстардың жүзеге асырылуына негізделген.
Бүгінгі таңда ата-ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе – бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Ата-ана үшін бала өмірдің жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі екені белгілі.
Сондықтан да, жобаның негізгі идеясы - әдіскер, тәрбиеші, ата-ана арасындағы қарым-қатынасты орнату, қойылған мақсаттарды шешу, кемшіліктер мен кедергілерден шығатын айқын жолдарды іздеу болып табылады.
Аталған идеяларды жүзеге асыруда әдістемелік жұмыстар басты роль атқарады. Әдістемелік жұмыстың барлық формалары тәрбиеші шығамашылығына бағытталады. Яғни, әдіскер, тәрбиеші және ата-ана арасында байланыс орнайды. Бұл байланыс арқылы мәселенің шешілуі көзделеді.
Мақсаты:
Мектепке дейінгі ұйымда - әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыра отырып, әдіскер, тәрбиеші, ата-ана арасындағы қарым-қатынасты орнату арқылы сапалы білімге қол жеткізу.
Міндеттері:
-
Балабақшада жүргізілетін әдістемелік жұмыстарға ата-аналарды қатыстыру жолдарын табу;
-
Әдіскер – тәрбиеші – ата-ана арасындағы байланысты орнату жолдарын іздеу, табу.
-
Ата-аналар жұртшылығының педагогикалық білімін арттыруда әр түрлі шаралар ұйымдастыру.
-
Отбасы тәрбиесінің маңыздылығын ұғындыру.
-
Ынтымақтастық пен серіктестікті байланыстыратын ортаны құру, іздеу.
-
Ынтымақтастық арқылы бала құзіреттілігін қалыптастырудағы жетістіктерді зерделеу.
Күтілетін нәтижелер:
-
Ата-аналармен қарым-қатынасты орнату, ата-ананың сенімі;
-
Ата-аналарды балабақшадағы әдістемелік жұмыстарға қатысуы;
-
Ата-аналардың педагогикалық білімдерін арттыру;
-
Бала тәрбиесіндегі отбасының ерекше роль атқартындығын ата-ананың түсінуі;
-
Ынымақтастық пен серіктестікті орнату;
-
Бала құзреттілігін қалыптастыру;
I I. Жобаның негізгі мазмұны
2.1 Теориялық негіздемелер
Жобаның бірінші міндеті – балабақшада жүргізілетін әдістемелік жұмыстарға ата-аналарды қатыстыру жолдарын табу.
- ата-аналармен жұмыс істеуге арналған қазіргі заман талаптарына сай инновациялық бағытта әдістемелік жұмыстарды дұрыс құра білу;
- ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың қандай түрі болса да белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталып құрылу;
- мектепке дейінгі мекеменің ата-аналармен жұмысы нәтижелі болуы үшін атқарылатын жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу;
Жобаның екінші міндеті - әдіскер – тәрбиеші – ата-ана арасындағы байланысты орнату жолдарын іздеу, табу. Бірінші міндетте әдістемелік жұмыстарға ата-аналарды қатыстыру көзделсе, екінші міндетімізде әдістемелік жұмыстарға қатысқан ата-аналармен байланысты үзбей, керісінше қарым-қатынасты әрі қарай нығайту жол іздеу болып табылады. Жұмыстың нысандары мен мазмұны:
- Жеке дара нысандар;
- Ұжымдық нысандар;
Жеке дара нысандарға әңгімелер, кеңестер, отбасына бару, кейбір ата-аналарды жеке-дара балабақша жұмыстарына қатыстыру істері кіреді. Бұл істердің қайсысы болмасын алдын ала ұйымдастырылған, мақсатты болуы шарт. Ол үшін педагог пен әдіскердің дайындығы ізгі ниетті болуы тиіс.
Ұжымдық нысандарға топтық және жалпы жиналыстар, топтық кеңестер, конференциялар мен тренингтер, кештер жатады. Жұмыстың негізгі мақсаты – ата-аналарға түрлі кеңестер беру.
Жобаның үшінші міндеті – ата-аналар жұртшылығының педагогикалық білімін арттыруда әр түрлі шаралар ұйымдастыру. Ол үшін ата-аналарды:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелерімен таныстыру;
- Бала тәрбиелеу мәселелеріне арналған психологиялық, педагогикалық әдебиеттермен таныстыру;
- Ата-ананы сабақ үрдістеріне, ойын әрекеттеріне, ертеңгіліктерге тек қана тыңдаушы немесе көрермен ретінде ғана емес, белсенді қатысушы ретінде қатыстыру;
Тәрбиешілердің ата-аналарға арналған бұрыштарын ата-ананың педагогикалық білімін арттыруға негізделген ақпараттармен қамтамассыз ету;
Жобаның төртінші міндеті – отбасы тәрбиесінің маңыздылығын ұғындыру. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да: «Ана үйдің берекесі, бала үйдің мерекесі», «Бала болсаң болғандай бол, айналаңа қорғандай бол» деген қағиданы берік ұстану мақсатында жұмыс жасау.
Ата-анаға «отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу екендігін және отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі» екендігін ұғындыру негізінде шаралар ұйымдастыру. Яғни балабақша мен отбасы бірлестігін құра отырып:
- «Менің жанұям» газетін шығару;
- Сауалнамалар жүргізу, әңгімелесу;
- Жас ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін ұйымдасатыру;
- Треннингтер өткізу;
- Кештер ұйымдастыру;
Жобаның бесінші міндеті – ынтымақтастық пен серіктестікті байланыстыратын ортаны құру, іздеу. Ол үшін ең алдымен отбасылық ортаны зертту қажет: бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу.
Отбасылық ортаны мынандай параметрлермен анықтауға болады:
-ата-ананың білімділік деңгейі, балабақша істеріне қызығушылығы;
-әлеуметтік ортасы: еңбекпен қамтылуы, жұмыстары, мүліктік сипаттамалары;
-техникалық-гигиенклық ортасы: тұрмыс –тіршілік жағдайы, тұрмыс салтының ерекшелігі;
-демографиялық ортасы: отбасы құрылымы, құрамы.
Жалғыз басты аналарға, студент аналарға, аз қамтамасыз етілген отбасыларына олардың мектепке дейінгі ұйымдардың қызмет көрсетулеріне деген сенімін қалыптастыру мақсатында да дер кезінде психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін әлеуметтік қорғау қызметтерімен ынтымақтастық орнату керек.
Жобаның алтыншы міндеті – ынтымақтастық арқылы бала құзіреттілігін қалыптастырудағы жетістіктерді зерделеу. Балабақша мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты орната отырып, бала құзіреттілігін қалыптастырудағы жетістіктерге қол жеткізу үшін жаңа инновациялық бағыттар арқылы жұмыс жасау:
- Бұрын қолданылып жүрген жүйелерге жаңалықтар енгізу;
- Ашық презентациялар жасау;
-Дарынды балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс түрлерін ұйымдастыру;
2.2 Жоба өнімдерінің сипаттамасы






2.3 Жобаны жүзеге асыру іс-әрекетін жоспарлау.
Жұмыс түрлері.
Балаларды тәрбиелеу мен оқытудың психологиялық-педагогикалық жағдайлары.
Ата-аналармен жұмыс.
Ата-аналармен жұмыс мектепке дейінгі ұйымның бала дамуының біріңғай кеңстігін жасаудың белсенді бағыты ретінде қаралуға тиісті.
Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен жүргізетін қызметінің мақсаты баланы психолгиялық қорғауды бірлесіп қамтамассыз ету, балабақшада және үйде эмоциялық жайлылық пен мазмұнды өмірді ұйымдастыру болуға тиіс.
Өзара іс-қимылдың міндеттеріне:
-
Мектепке дейінгі тәрбие әдістерін меңгеруде ата-аналарға:
-
ата-аналардың тепе-теңдік жағдайын ұстай білуіне;
-
баланың күшті және осал жақтарын білуді қалыптастыруда;
-
баланың іс-әрекетіне шын көңілден қызығушылық танытуда, сондай-ақ эмоциялық қолдауға дайындалуда көмек көрсету.
-
МДҰ отбасы мен қызметінің мынандай жаңа бағыттарын әзірлеу:
-
отбасына арналған қызмет көрсетулер рыногын зерттеу;
-
МДҰ жарнамалық-ақпараттық қызметін ұйымдастыру;
-
МДҰ тең дәрежелі клиенттері туралы деректер қорын жасау;
-
Мектепке дейінгілерге арналған білім беру қызметін көрсетуді кеңейтудегі қажеттіліктердің сұранысын перспективалық модельдеу;
-
Үйретілген балалармен жұмыстың әр түрлі нысандарын пайдалану.
-
Баланың МДҰ болуының әр түрлі кезеңдерінде отбасымен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
-
Педагогтар мен ата-аналардың жұмысында балалардың оқуы мен дамуындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін оңтайлы жағдайлар жасаудағы әріптестік қатынастарды ұйымдастыру;
-
Мынандай мақсатта педагогтармен әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру:
-
педагогтар мен ата-аналардың қарым-қатынастарын жетілдіруге көмек көрсету;
-
педагогтардың отбасымен, ата-аналармен тиімді жұмыс істеудің түрлері мен әдістері туралы қазіргі ғылыми түсініктерімен дер кезінде танысуы.
-
Мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналармен
жұмыстың мазмұны
МДҰ отбасымен өзара тиімді іс-қимыл жасауы үшін:
-
балалармен жұмысты ұйымдастыруда отбасымен жұртшылыққа қажетті көмек түрлеріне деген ата-аналар сұранысын зерделеу;
-
ата-аналарға баланың дамуы мен оқуы мәселесі бойынша кеңес беру;
-
баланың жеке даму перспективасын бірлесіп айқындау;
Ата-аналардың МДҰ қызметіне деген мүдделілігі мен қажеттіліктерін қалыптастыру мақсатында педагогикалық ұжым:
-
ата-аналар қауымын мектеп жасына дейінгі балалары бар отбасыларының проблемалары туралы ақпарат жинау әдістеріне үйрету;
-
отбасымен жұмыс туралы келісім шартты белгілеу;
-
жалғыз басты аналарға, студент ата-аналарға, аз қамтамасыз етілен отбасыларына олардың МДҰ қызмет көрсетулеріне деген сенімін қалыптастыру мақсатында дер кезінде психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
-
мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жетістіктерін насихаттау үшін атаулы анықтамалықтарды, жарнамалық проспектілерді әзірлеу.
Ата-аналармен жұмыстың түрлері
Дәстүрлі жұмыс түрлері:
-
Ата-аналар жиналысы;
-
Жеке топтық ата-аналар конференцияларын ұйымдастыру;
-
Тәрбиеші-педагогтің жеке кеңесі;
-
Балалардың үйінде болуы;
-
Ашық есік күні;
-
Отбасы жөнінде мәліметтерді жинау;
-
Ата-аналарға арналған ақпарат бұрыштары;
-
Әр түрлі шараларға, ертеңгіліктерге қатысу;
-
Оқу-тәрбие үрдісін жоспарлауға қатыстыру;
-
Сауалнама жүргізу, әңгімелесу;
Дәстүрден тыс:
-
Ата-аналармен тренингтер өткізу;
-
Пікір сайыстар жүргізу;
-
Психологиялық демалыс сәттері;
-
Ауызша журнал;
-
Ата-аналар рингі;
-
«Менің жанұям» газеті;
Дарынды балалардың ата-аналарымен жүргізілетін
жұмыстар
Дарындылық – адамның ой-өріс деңгейі мен өзіндік іс-әрекеттің ерекше өрістеуіне себепкер болатын, жан-жақты дамудың қайнар көзі, жекелеген қаблеттерінің шарықтап дамуының нәтижесі. Дарынды балалардың басты ерекшелігіне зейінділік, жинақтылық, терең ақыл-ой жұмыстарына әрқашанда әзір тұру, еңбекке ыналылық, демалыспен санаспай, қажымай еңбек ету жатады.
Осындай балалардың бойындағы дарындылықты көре біліп, дамыту мақсатында ата-аналармен жұмыс жасау ерекше орын алады. Өйткені бала бойындағы ерекшелікті алғаш көретін де ата-ана. Олар өз баласының ерекшелігін басқа балаларымен салыстыру арқылы немесе туған-туысқандарының, жолдастарының айтуынан байқауы мүмкін. Баланың дарындылығы тілінің дамуынан, ойлау қабілетінің шапшаңдығынан, зертткеушілік әрекетінен көрінеді.
Дарынды балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс түрлері:
-
Сауалнама алу;
-
Баланың туа біткен қабілетін анықтауға арналған тест жұмыстарын жүргізу;
-
Дарынды балалардың ата-аналарына кеңестер беру;
-
Шығармашылық топ құру.
Дарыныды балаларды қалай тануға болады деген сұрақ туғанда ата-аналармен ең бірінші сауалнама жүргізуден бастаймыз. Сауалнама – дарынды баланы қалай тануға болатынына көмектеседі.
Тест жұмыстары арқылы ата-аналар өз байқауларын тексере отырып, баланың туа біткен дарынын анықтай алады. Әрине, әр ата-ана өз баласын ақылды, талантты деп есептейді. Бұл дұрыс та, ешнәрсеге қабілеті жоқ бала болуы да мүмкін емес. Ал, шын мәнінде бала қай салада өз қабілетін толығымен көрсете алатын анықтау дәл уақытында мүмкін бола бермейді.
Дарынды балалардың ата-аналарына кеңестер беру.

Қорытынды
«Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның, барша елдің халықтың міндеті»
Н.Ә. Назарбаев
Қорыта келе, мен өз мақсатыма қол жеткізу үшін алдыма бірнеше міндет қоя отырып, мақсатқа жету жолдарды, негізгі әдіс-тәсілдерді қолдандым.
Жобаның негізгі мазмұнында алға қойған алты міндетімнің теориялық негіздемесін жаза отырып, жоба өнімінің сипаттамасына назар аудардым.
Жобаны жүзеге асыру іс-әрекетін жоспарлау бөлімінде балабақшада жүргізілетін жұмыс түрлеріне тоқталдым. Онда балаларды тәрбиелеу мен оқытудың психологиялық-педагогикалық жағдайлары жайында және ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлеріне кеңінен тоқталдым. Оның ішінде дарынды балалардың ата-аналарымен жұмысты қалай жүргізу керектігіне назар аудардым.
III Жоба тиімділігін бағалау критерийлері
Дарынды балалардың ата-аналарына берілетін кеңестер
-
Ата-аналар балаларының білімінің жүйелі болуын үнемі қадағалап отырғаны жөн.
-
Баланың көп нәрсені есіне сақтауын шамадан тыс талап етіп жүктемеу керек.
-
Егер сіз оқып берген ертегіні не болмаса әңгімені тез жаттап алып, ертеңінде сізге айтып берсе, ертегінің не әңгіменің мазмұнын түсінді ме, жоқ па? Соған көңіл бөлу.
-
Баланың танымдық, шығармашылық әрекеті дамыған сайын өзінің сұрақтарына жауап болатын объектілерді тауып, соларға зерттеушілік көзқараспен қарап, көптеген білімдерден хабарлар алуға тырысады. Сол кезде ата-аналар балаға уақыт бөліп, оның өзі жинақтаған біліміне таң қалатынын көрсету керек.
-
Бала сіздің бойыңыздан жанашыр достық қасиетті көре білуі керек.
-
Ата-ана баланың көз қарасына қысымшылық жасамай, оның таңдауына, еркін әрекет жасауын көмек көрсету керек.
-
Балаға айтқанымды орындатамын деп жалықтырып, шаршатпай, өнерге баулу әдісін таңдау керек.
-
Бала таңдауын, қалауын ескере отырып, мақта арқылу түсіндіру.
-
Баланы аса мақтамау керек. Өйткені шектен тыс мақтау баланың бойында өз-өзіне деген бағасының асуына жол береді де, бала кез келген жерде бірінші болуға тырысады. Ондай бала жеңіліп қалса, басқаларға ренжіп, ұзақ уақыт тоқырауда (кризис) болады.
Дарынды балалардың ата-аналарына арналған сауалнама сұрақтары
-
Егер сіз өз балаңыздың іс-әрекетін сол жастағы басқа баланың іс-әрекетімен салыстырғанда, салыстыру бағасы қай баланың еншісіне бұйырады деп ойлайсыз?
-
Сіздің балаңыз мына төмендегі іс-әрекеттерді қай жаста жасап үйренді:
-
Өз атын және басқа сөздерді бас әріптермен жаза алуы;
-
Ертегі, өлеңдерді жатқа айтуы;
-
Кітаптардан, жарнамалардан әріптерді танып, атай алуы;
-
Бөлек сөзді оқи алуы;
-
20-ға дейін санай алуы.
-
Қосу-алу амалдарын ойша тез орындай алуы;
-
Уақытты атай білуі;
-
Телефон номерін есте сақатай алуы;
-
Балаңыз жасына сәйкес емес жағдайларды түсіне алады ма?
-
Өз сөзінде күрделі сөздерді жиі қолданады ма?
-
Сурет салуға, ән айтуға, би билеуге бейімділігін байқай аласыз ба?
-
Қандай деңгейде деп ойлайсыз?
-
Сіз балаңыздың есте сақтау қабілеті өте жоғары деп ойлайсыз ба?
IV. Глосарий
Құзреттілік - мектеп жасуна дейінгі баланың тәрбиелеу, дамыту, білім беру деңгейі; жеке тұлға ретінде қалыптасуы, білім нәтижесінің жаңа типі.
Мониторинг – бір нәрсені талдау, болжау, жай-күйді бақылау жүйесі.
Қатынас – қарым-қатынас орнату, жалпы материалдық немесе рухани нәтижеге қол жеткізу мақсатында адамдардың келісімге келуіне және күштерін біріктіруге бағытталған өзара қарым-қатынас.
Білім беру траекториясы – белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін ата-аналармен және басқа да мамандармен бірге педагог анықтаған бала дамуының үздіксіз процесі.
Ринг – бір-бірімен пікір сайысқа шақыратын ұйымдастыру формасы.
Балабақша– мектепке дейінгі жастағы балаларға жұртшылық тәрбие беретін ұйым.
Қарым-қатынас – реттеу және жалпы материалдық немесе рухани нәтижеге қол жеткізу мақсатында олардың келісімге келуіне және күштерін біріктіруге бағытталған адамдардың өзара қарым-қатынастары.
Отбасы – ұрпақтардың сабақтастықтары, балалардың әлеуметтенуі, отбасы құндылықтары және мінез-құлқы ұқсастығы жүзеге асырылатын әлеуметтік тәрбие институты.
Рефлексия – адамның ішкі психикалық жан дүниесі, жағдайы мен ерекшеліктері, өзін-өзі тану процесі және өзінің ішкі дүниесін қоршаған ортаның қалай қабылдайтынын, сондай-ақ жан-жағындағы басқа адамдардың әрекеттерін есепке ала отырып өз тәртібін сезіне құру.
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер. ҚР МЖМБС 1.001-2009 Астана
-
1 жас пен 6 жас арасындағы балаларды мектепке дейін тәрбиелеудің жалпы білім бағдарламасы мазмұнықың базалық минимумы ҚР МЖМБС 1.001-2004
-
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мектепалды топтарының тәрбиешілеріне және мектепалды сыныптарының мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал. «Бөбек» Алматы, 2010ж
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің нормативті-құқықтық актілері жинағы Астана 2010
-
Методическая работа в дошкольном учреждении. Белая К.Ю. Москва 1991
-
Методическая работа в ДОУ. Эффективные формы и методы. Методическое пособие. Н.А.Виноградова, Н.В. Микляева, Ю.Н. Радионова Москва 2008
-
Отбасы және балабақша. №4. 2011
-
Отбасы және балабақшасы Наурыз-сәуір №2 2007
-
Воспитатель. Взаимодействие педагогов ДОУ с родителями Москва 2010
-
Воспитатель. Детский сад и молодая семья. Москва 2010
-
«Тәй-тәй» Қазақстанда
-
Қазақстандағы мектепке дейінгі білім №2 наурыз/сәуір 2010
-
Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы №9 (57)2011
Қосымша 1
Ата-аналарға өз байқауларын тексере отырып, баланың туа біткен дарынын анықтауға арналған тест түрлері
-
Сіздің балаңыздың белгілі бір затқа ерекше қолданыс тапқан кезі болды ма?
-
Балаңыз өзі жақсы көретін істерін өзгерте ме?
-
Әр түрлі абстарктілі суреттер салуды ұната ма?
-
Өзінің қиялдаған, елестеткен заттарын салуды ұната ма?
-
Қиял-ғажайп әңгімелерді ұната ма?
-
Әңгіме құрай ала ма?
-
Қағаздан әр түрлі фигура қиюды ұната ма?
-
Өзі білмеген, немесе бұрын кездеспеген нәрсені жасап көрді ме?
-
Қараңғыдан қорқа ма?
-
Жаңаша сөз ойлап тапты ма?
-
Бұл сөзді түсіндірмесе де түсінікті деп есептеді ме?
-
Киімді сіздің емес, өз талғамына қарай кигенді ұнатады ма?
-
Қоршаған құбылыстарды түсіндіруді жиі сұрайды ма?
-
Ойындар мен қызықты көңіл көтерулер ойлап шығарады ма?
-
Көрген түстері мен бастан кешкен жағдайларын есіне сақтап айта ала ма?
Ұпай санау: әрбір «иә» деген жауап – бір ұпай.
10-нан 13-ке дейін алғыр бала, оған көмектесу керек.
5-тен 9-ға дейін бала өз қабілетін аша алмайды, ол бір нәрсеге қызыққанда ғана тапқырлық таныта алады.
Қосымша 2
Дарынды балалардың ата-аналарына арналған сауалнама сұрақтары
-
Егер сіз өз балаңыздың іс-әрекетін сол жастағы басқа баланың іс-әрекетімен салыстырғанда, салыстыру бағасы қай баланың еншісіне бұйырады деп ойлайсыз?
-
Сіздің балаңыз мына төмендегі іс-әрекеттерді қай жаста жасап үйренді:
-
Өз атын және басқа сөздерді бас әріптермен жаза алуы;
-
Ертегі, өлеңдерді жатқа айтуы;
-
Кітаптардан, жарнамалардан әріптерді танып, атай алуы;
-
Бөлек сөзді оқи алуы;
-
20-ға дейін санай алуы.
-
Қосу-алу амалдарын ойша тез орындай алуы;
-
Уақытты атай білуі;
-
Телефон номерін есте сақатай алуы;
-
Балаңыз жасына сәйкес емес жағдайларды түсіне алады ма?
-
Өз сөзінде күрделі сөздерді жиі қолданады ма?
-
Сурет салуға, ән айтуға, би билеуге бейімділігін байқай аласыз ба?
-
Қандай деңгейде деп ойлайсыз?
-
Сіз балаңыздың есте сақтау қабілеті өте жоғары деп ойлайсыз ба?
Қосымша 3
Ата-аналар жиналысын өткізуге арналған
нұсқаулар
Балабақшада ата-аналарға арналған жиналыстарды өткізуде тәжірибе барысында бірқатар жетістіктер мен кемшіліктер кездеседі.
Жетістіктер:
-
педагогтардың ата-аналар жиналысына дайындалу және өткізу барысында тәрбиеленушінің отбасындағы тәрбие жайында толық ақпараттар алып, олардың балабақша өміріне қарым-қатынасын анықтауға мүмкіндік беру;
-
әр топтағы балалардың ата-аналарының ұйымдастырушылыққа, береке-бірлікке қол жеткізу;
-
ата-ана мамандықтарына сәйкес ұйымдарға байланысты өзара қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ету;
-
бала тәрбиесіндегі педагог пен ата-ананың бірлескен іс-әрекетінің нәтижесіне қол жеткізіп, оның жағымды әсері мен ықпалы айқындалады.
-
ата-аналардың педагогикалық, психологиялық білімін арттыруды жүзеге асырудың мүмкіндіктері қарастырылады.
Кедергілер мен кемшіліктер:
-
ата-аналардың жиналысқа қатысу белсенділігінің төмендігі;
-
ата-аналармен қарым-қатынас жасаудағы кездесетін қиындықтар;
-
ата-аналар жиналысының өткізу формаларының біржақтылығы, жаңаша бағытты ұстана алмау;
-
балабақша жайындағы жағымсыз мәліметтердің, ақпараттардың таратылуы;
Ата-аналар жиналысын дұрыс өткізу үшін педаготардың есіне:
-
алға қойылатын мақсаттың нақты болуы;
-
ұйымдастыру формасы ата-аналардың белсенділігін туғызатындай қызықты, тартымды болуы шарт. Іскерлік ойын, ата-аналар рингі, шағын топтық жұмыстар: тренинг, дөңгелек үстел және т.б.
-
жұыс барысында рефлексия жүргізуді ұйымдастыру (сөз ойла, тез ойла);
-
жиналысты өткізуге алдын ала дайындық кезеңді жасау;
-
ата-аналар жиналысының тақырыбына сәйкес әдебиеттермен танысу;
-
жиналыс өткізетін ортаның тазалығына мән беру;
-
ата-аналар жиналысында баланың кемшіліктерін айтпау;
-
балалардың жақсы жақтарын айту;
-
ата-аналар жиналысына қатысқандарды мақтау, ризашылық білдіру.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген