Материалдар / Әдістемелік көмекші құрал
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әдістемелік көмекші құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжрибемен бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2020
541
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нұр-сұлтан қаласы Білім Басқармасы
Білім беруді жаңғырту орталығы
ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы РМК














БАЛАБАҚШАДА ЕРТЕГІ ҚОЙЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ

























Нұр-Сұлтан, 2019ж
І.ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасының №3 әдістемелік кеңес отырысында қаралды (12.02.2019 жыл)

ІІ.Қалалық ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралды. (04.09.2019 жыл)


Пікір білдірушілер:
Ф.Н.Жумабекова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті, педагогика
ғылымының кандитаты

Б.З.Казакпаева
ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі





Құрастырушы:
Б.К.Жасимбекова, ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы РМК тәрбиешісі,
«Балабақшада ертегі қойылымдарын пайдалану». Әдістемелік көмекші құрал.
Нұр-Сұлтан қаласы, 2019ж, 53 бет












Аталған әдістемелік көмекші құрал балабақшада оқу тәрбие үрдісінде ертегілерді сахналап қойып беруде бағыт-бағдар береді. Көмекші құрал ересек топ тәрбиешілеріне қолдануға ұсынылады.




Мазмұны
Түсінік хат..........................................................................................................1-2

І. Ертегі қойылымдарының бала өміріндегі маңызы....................................3-4

1.1.Ертегі қойылымдарының міндеттері мен әдістері..................................5-6

1.2 Мектепке даярлық тобы балаларына арналған «Ертегі» үйірмесінің
жылдық жоспары................................................................................................7-12

ІІ.1.Ертегі қойылымдар арқылы ұйымдастырылған оқу қызметінің
үлгілері..............................................................................................................13-32

2.1.Ертегі желісі арқылы ұйымдастырылған мерекелер мен ойын-сауық үлгілері..............................................................................................................33-42

2.2.Ертегі шығармаларды меңгеру диогностикасының бақылау парағы.. 43-48

Қортынды...............................................................................................................49

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................50

Қосымша...........................................................................................................51-53


















Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасы
Медицина орталығы «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі
Жасимбекова Бану Кәкімқызының «Балабақшада ертегі
қойылымдарын пайдалану» атты әдістемелік көмекші құралына

П І К І Р


Автор аталған әдістемелік құралда ересек топтарына арналған күнтізбелік жоспарлар, ұйымдастырылған оқу қызметтері мен мерекелік ойын-сауық үлгілері ұсынылған.Әдістемелік көмекші құрал балалардың ертегі қойылымдары арқылы тілдерін дамытуда, сөздік қорын молайтуда, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда маңызды.Баланың тілін дамытуда халық ауыз әдебиеті үлгілерін тиімді пайдалану, оның ішінде асыл мұраларымыздың бірі-ертегілердің алатын орны ерекше.Ертегі қойылымдары арқылы тәрбиеші бүлдіршіндердің қоршаған ортаға көзқарасын, өзара қарым-қатынас мәдениетін, жағымды мінез-құлықтары мен жақсы адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады.Әсіресе әділдікке, шындыққа, еңбексүйгіштікке,, мейірімділікке, қамқорлық жасай білуге, достыққа арналған ертегі қойылымдарын көрсетудің бала тәрбиесінде пайдасы зор.
Ертегінің бала өміріндегі маңызын айта келіп, балалардың тілдерін дамытудағы ертегі қойылымдарын тәрбиеші өз іс-тәжрибесінде пайдаланудың жолдарын дәйекті дәлелдей алған.
«Ертегі» үйірмесінің жоспарларын, ертегі арқылы ұйымдастырылған ойын-сауықтың және оқу қызметтерінің үлгілерін, мерекелік ертеңгіліктердегі ертегі желісін пайдалану жолдарын жан-жақты қарастырған.
Аталған көмекші құрал балалардың шығармашылығын дамытуда маңыздылығын, құрастырылған шағын ертегілерден дайындалған кітапшаларды жас мамандардың және тәрбиеші педагогтардың пайдалануына тиімділігін ескеріп, іс-тәжрибені таратуға және баспадан жариялауға ұсынуға болады.


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті, педагогика
ғылымының кандидаты: Ф.Н.Жумабекова




Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасы Медицина орталығының «Қарлығаш» балабақша тәрбиешісі Жасимбекова Бану Кәкімқызының «Балабақшада ертегі қойылымдарын пайдалану» атты әдістемелік көмекші құралына



П І К І Р

Аталған еңбекте мектепке дейінгі жас ұрпақты ертегі қойылымдары арқылы тіл байлықтарын дамыту жолдары көзделген.
Еңбекте жас ерекшеліктеріне байланысты жылдық перспективтік жоспарлар,сахналық қойылымдар арқылы ұйымдастырылған оқу қызметтері, мерекелік сценарийлердің үлгілері ұсынылған.
Балаларға сахналық өнердің қарапайым көріністерін бейнелеу, өлеңдердің мағнасын қимылмен көрсету, қозғалыс әдеттерін жетілдіру әдіс-тәсілдері сипатталған.
Бұл еңбектің өзектілігі театрландырылған ойынның эмоционалды қарқынды
әрекет болып табылатындығымен, ол балаларға тартымды және балаға қуаныш сыйлайтындығы.
Бұл жұмыстың маңыздылығы қазіргі таңда осы аталып отырылған ертегі қойылымдар арқылы әр баланың талабын, бейімділігін, қаблеттілігін, дарын-дылығын іске асыру көзделген.









Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасы Медицина
орталығы «Қарлығаш» балабақшасының №1-нысан меңгерушісі:
Б.З.Казакпаева




Түсінік хат
Ұсынылып отырған еңбекте ұлттық тәрбиенің мәдени мұрасы ертегі қойылымдары арқылы баланың тілін дамытып, ауызша көбірек өз ойын еркін жеткізіп, дұрыс, таза сөйлеуге, көркем мәнерлеп айтуға үйрету, актерлік қаблеттерін ашып, дербестігін дамыту жолдары қарастырылған.
Бүлдіршіндерге сапалы білім берудің негізгі кілті педагог үшін жан-жақты іздену.
Тиімді әдістерді тауып пайдалана білу, күнделікті оқу қызметін үнемі жаңашыл инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып, неғұрлым балаға нәтижелі білім беру кез келген тәрбиешінің алдына қойған үлкен міндеті.
Бүгінгі күннің тілек-талабы өсіп келе жатқан жас ұрпақты өзінің ана тілінде
еркін шешен сөйлеуге үйрету мақсатын алдына қойып, ертегі қойылымдар арқылы бүлдіршіндердің қоршаған ортаға көзқарасы, өзара қарым-қатынастарын қалыптастырып, әсіресе балаларды кішкентай кезінен әділдікке, достыққа, адамгершілікке байланысты қойылымдар көрсетудің бала тәрбиесіне пайдасы зор екенін айта аламыз.
Ертегі қойылымдар жас буындардың сана-сезімін оятып, ақыл-ойын дамытып, оларды адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, құрметтеуге бағыттайды.
Себебі балалар ертегідегі жағымды кейіпкерлерге еліктеп, олар да ел қорғаған батыр, не болмаса еңбекте ер атанғысы келіп, жақсы қылықтарға үйір бола бастайды.
Отбасында не болмаса балабақшада оқып, ауызша әңгімеленіп берген ертегілер балалардың алдағы уақытта пікірлерінің бір жерден шығып отыруына жетелейді.
Осы мақсатпен біздің балабақшамызда бүлдіршіндеріміздің сөздік қорларын ертегі қойылымдары арқылы байытуды, жандандыруды, тілдің дыбыстық мәдениетіне, сауаттылыққа тәрбиелеу мәдениетін алға қоя отырып, көптеген тіл мәселесіне қатысты кемшіліктерді жеңіп келеміз.
Бұл әдістемелік нұсқауда ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:
өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына бар асыл құнды қасиеттерді ертегі шығармалары арқылы сіңіру көзделеді.
Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған күнтізбелік жоспарлар, ұйымдастырылған оқу қызметтері, мерекелік ойын-сауықтар, қосымша әдістемелік нұсқаулар мен балалар шығармашылығынан ертегілер балабақшаның мектепалды даярлық топтарына арналып жазылған.
Балабақшадан алған осындай мәліметтер олардың ішінде кейбір дарындылардың өнер жолына түсуіне игілікті әсерін тигізері анық.
Қорыта айтқанда ертегі қойылымдары баланың тілін дамытуда маңызы 1
зор екендігіне көз жеткізіп келеміз.
Біздің балаларымыз ұлы әртістер болмаса да, бірінші қойылымдарын мәңгі есте сақтайды, балалық кезде салынған ізгілік ізі, міндетті түрде өз орнын табады деген ойдамыз.
Іс-тәжрибенің өзектілігі:
Балалардың өз ана тілін жетік білуіне, меңгеруіне, ойлай, қиялдай, армандай білуіне, танымдық қасиеттерін, шығармашылық қаблеттеріне жол ашу.
Іс-тәжірибенің мақсаты:
Балалардың тілдерін дамытуда ертегілерді тиімді қолданудың жолдарын қарастыру.
Міндеттері:
-балалардың тілдерін дамытуда ертегілерді тиімді қолданудың әдіс- тәсілдерін нақтылау;
-балалардың тілдерін дамытуда ертегі қойылымдарын балабақшаның оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану;
-ертегі қойылымдарын дамытуда балалардың тілдерін дамытудың нәтижесін анықтау;
Іс-тәжірибенің болжамы:
Егер балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінде ертегі қойылымдарын әр-түрлі әдіс-тәсілдерде қолдансақ, онда балалардың тілдері дамып, сөздік қорлары молая түсер еді.
Іс-тәжірибенің жаңалығы:
-Балалардың ойынан шығарған ертегілеріне өз қолдарынын ертегі кейіпкерлерін жасаулары;
-Ертегі қойылымдарын әр-түрлі бағыттарда (сахналық қойылым, ойын түрінде, сайыс түрінде, ата-аналармен жұмыста т.б) қолдану пайдалану.
Іс-тәжірибе қайда талқыланды:
2016жылы Әдістемелік бірлестік күнінде «Ертегілер еліне саяхат» атты ашық оқу қызметінде «Ақылды әтеш пен Еркетай» атты ертегі қойылымын сахналап көрсетілді.
2017жылдың қаңтар айында «Өзі жақсының, досы да жақсы» атты ашық оқу қызметі Әдістемелік бірлесік күнінде сахналанып көрсетілді.
2018 жылдың сәуір айында балабақшамызда ұйымдастырылған қалалық семинарда «Ертекші әжейдің ертегісі»
2019ж қаңтар айында «Қазақ тіліне бойлау жобасы» Білім беру бағдарлама орталығы қызметкерлерінің қатысуымен
ашық оқу қызметі көрсетілді.


2

І. Ертегі қойылымдарының бала өміріндегі маңызы
Ертегі қойылымдары балабақшадағы оқыту мен тәрбиелеудің көптеген міндеттерін шешуге көмектеседі.Оны өзіміздің іс-тәжрибемізден дәлелдеп бере аламыз.Ертегі қойылымдар баланың жеке тұлғасын,ой-өрісін дамытады, музыкаға, театрға, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырады.Баланың бойында белгілі бір қобалжу, уайымдау сияқты жат қылықтардан арылтып, жаңа кейіпкерлердің пайда болуына себеп болады.
Ертегілер бізді өзінің кейіпкерлерімен саяхатқа шақырады, олар қауып-қатерлермен кездестіреді, адал достарының арқасында жеңіске жетеді, қиындықтан қорықпауға үйретеді.
Ертегі кейіпкерлермен балалар кездесуге өте қуанышты
Ертегі қойылымдар балалардан назар салу, тез түсіне білу, бір кейіпке бағынып, оған ұқсап оның өмірімен өмір сүруді талап етеді.
Балалар қоршаған ортаны кейіпкерлер, түстер, дыбыстар арқылы көреді.
Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге күледі, қайғырады, уайымдайды,
сәтсіздіктеріне жылайды, оларға әрқашан көмекке келуге дайын тұрады.Ертегілер балалардың тілдерін дамытудың басты құралы болуымен қатар, баланы ұлттық рухта тәрбиелеуде маңызы зор.
Ертегі халықтың қиялын, арманын білдіреді.Бірақ осы ертегілерді тыңдағанда балаға жақсы әсер қалдырып, жақсы тәрбие беретін жақтарын таңдай білу керек.Балаларға эстетикалық әсер ету, ертегі қойылымдарын талғаммен безендіру болып табылады.
Балалардың атрибут, декорация дайындауға қатысуы, талғамдарын дамытады, тамаша сезімдеріне тәрбиелейді.Театрализацияланған ойын кезінде балалар ғажайпты мақтан тұтады, жағымсыз құбылысты қабылдамайды, рухани-эстетикалық сезімдерді бойынан өткізеді, осыған лайықты көңіл-күйі қалыптасады, эмоциялары көтеріледі, мектеп жасына дейінгі балаларда өмірге деген құштарлықтары көтеріледі.
Балалар алғашында көрермен болады, өйткені олар бірден ертегіге қатысты шығармашылық процессті толық көлемде қамти алмайды. Біртіндеп балалардың шығармашылық белсенділіктері арта түсіп, ертегіні мазмұндап қана қоймай, кейіпкерлер сияқты қимыл-қозғалыстарын көрсетіп, сахналауға қатысқан қызықтыра түседі. Олар кейіпкердің қимыл-қозғалысын көрсетуге талпынып, бір-бірінің іс-әрекетін бақылап, рөлді жақсы орындауға тырысады. Балаларда мәнерлі, әуенді, ырғақты сөйлеу мәнері дамиды.
Сахналау кезінде балалардың белсенділігі артады, мәтінді есте сақтайды, кейіпке кіреді, мәнерлікті баурап алады. Кейіпкерді сомдағанда кей баланың өзіндік шығармашылық қабілеті дамиды, ертегі қойылымының 3 жетістікке жетуіне жауапкершілік сезімдері арта түседі. Театрландырылған ертегілерді безендіруге ерекше көңіл бөліп, балалармен костюм, атрибуттарды талқылап, әңгімелесуге үлкен мән беру керек.
Қәзіргі заман талабына сай, айналаны қоршаған өзекті мәселелер жайлы баланың ұғымына сай, тіліне жеңіл жазылған шағын ертегі шығармалар,өлең тақпақтарды жаттатқызып, сөз мағнасын түсіндіріп отыру бала тілінің жан-жақты дамуына жақсы әсерін тигізері анық.
Баланың сөздік қорын, тілдік грамматикалық құрылымын қаншалықты дәрежеде меңгергенін білу үшін оқу тәрбие жұмыстарында психологиялық жаттығулар, диогностика арқылы анықтаймыз.
Диагностика жүргізудің нәтижесінде балаларды үш топқа бөліп (жоғары, орта, төмен) балалардың қабылдау деңгейі бойынша жұмыстар жүргіземіз.
Жұмыс нәтижесі балалардың білімін тексеру қортындысы негізіндегі сараптамада көрсетілген.
Төмен деңгейдегі балалармен күрделі жұмыстарын жоспарлап, зерделей отырып, жетістікпен кемшілікті саралай отырып, үздіксіз жұмыс істеу үлкен нәтижелерге жеткізеді.
Сонымен:
-мектепке дейінгі тәрбие жүйесіндегі ертегі балалардың қоршаған орта туралы таным-түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді;
-психологиялық процесстерді дамытады: зейін, назар, есте сақтау, қабылдау, қиялдау, ойлау;
-сөздік қорын молайтады, дыбыстарды дұрыс айту, сөйлемді дұрыс құру, әуенді-ырғақты, мәнерлі сөйлеу дағдылары қалыптасады;
-моторикасы, координациясы, жүріс-тұрысы, қозғалысы жетіледі;
-моционалды-ерікті ортасы дамиды, тәртібі түзеледі;
-бір-біріне деген жауапкершілік, ұжымдық сезімдері қалыптасады, рухани-адамгершілік тәртібі қалыптасады;
-шығармашылық белсенділігі дамиды.









4
І.1.
Ертегі қойылымдарының міндеттері мен әдістері
-Балаларды ертегі қойылымдар түрлерімен таныстыру;
-Жас ерекшеліктеріне сай, шығарманы саты бойынша меңгерту;
-Балалардың бойында әртістік қасиеттерді дамыту;
-Интонация, анық айтуларына жұмыс жасау;
-Балалардың бойында жанашырлық, аяушылық сезімдерін қалыптастыру;
-Ұжымдық іс-әрекет, өзара әрекеттесу;
Ертегі қойылымдары балаларға көптеген проблемалық жағдайларды шешуге мүмкіндік береді.Баланың сахналық әрекеттерін құру мен дамыту оңай және арзан шаруа емес екендігін әр педагог біледі және түсінеді-ол үстел үсті театры, бибабо қуыршақтары, дикорациялар, саусақ театры, сахналауға арналған костюмдер және басқалар.
Ертегі қойылымдарда ең басты маңызды рөлді тәрбиеші ойнайды.
Ол тек кез келген шығарманы мәнерлеп оқу немесе жаттап айтып беру ғана емес, сонымен қатар әр нәрсеге айналып кетуге дайын болу, яғни актерлік шеберлігінің негіздері мен режиссура дағдыларын меңгеру қажет.
Балабақшаларда ертегі қойылымдары оқыту мен тәрбиелеудің көптеген міндеттерін шешуге көмектеседі.
«Денсаулық» білім саласы бойынша:
- сабақтың ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына ертегі кейіпкерлерінің жүрісін қолданады.
-негізгі қимыл жаттығуларында берілген қимылға сәйкес аңдар тапсырмалары орындалады.
-эстафеталық ойындар сайысын өткізуі ұйымдастырылады.
«Қатынас» білім саласы бойынша:
-ертегілердің мазмұнына қарай: тұрмыс-салт, хайуанаттар, қиял-ғажайып ертегілері болып бөлінетінін ажыратады.
- сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді және ертегі мазмұнын құрастырады.
-кейіпкерлендіретін ертегінің мазмұны мен мәтінін толық меңгереді.
«Таным» білім саласы бойынша:
-ертегінің кейіпкерлері денелерінің көлемін салыстырып, «үлкен», «кіші», немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырады.
-ертегі кейіпкерлерін түр-түстері бойынша сипаттайды.
-әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер кейіпкерлерін құрастырады.
«Шығармашылық» білім саласы:
-жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді жылы және суық түстермен сурет салу арқылы бейнелеп көрсетеді. 5
-мүсіндеу арқылы ермексаздан, ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау арқылы театрландырылған көрініс дайындайды.
-музыка іс-әрекетінде ертегі кейіпкерлерінің көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын ноталық дыбысталу арқылы қайталатады.
«Әлеуметтік» білім саласы:
-ертегілер мазмұны арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиеленеді
-ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра біліп, жақсы мен жаман іс-әрекеттерді ажыратады.
-айналадағы қоғамдық өмір, өлі және тірі табиғат арасындағы байланысты ажыратады.

Балалар кейіпкерлермен бірге күледі,қайғырады,уайымдайды,сәтсіздіктеріне жылайды, оларға әрқашанда көмекке келуге дайын тұрады.
Балалар көбінесе адал, мейірімді кейіпкерлерге ұқсағысы келеді.Ертегі қойылымдарда балалардың атрибут, декорация дайындауға қатысуы талғамдарын дамытады, тамаша сезімдерге тәрбиелейді.
Ертегі қойылымдары арқылы балалардың тілін ой-өрісін дамыту мақсатында «Ертегі» театр үйірмесінің жылдық жоспары құрылды. Жылдық жоспарда әр айға қандай ертегілер сахналанып, қандай мақсатта жүзеге асатыны жайлы жоспарланған.
Ұйымдастырылған ертегі қойылымдар әр жыл мезгіліне сай өтілетін мерекелік ертеңгіліктермен ұштастырылып сахналанып отырылады.
Мысалы «Алтын күз» мерекесінде –«Шырылдауық шегіртке мен құмырсқа»,Жаңа жыл мерекесінде –«Ормандағы аңдар хикаясы», ал Наурыз өзіміздің ұлттық мерекемізде «Алдар Көсе мен бай» ертегі қойылымдарын көрсете білді.
Қойылымдарды сахналау арқылы балаларды рөлдерде ойната отырып, оларды жан-жақты тәрбиелеу табиғатты сүйіп аялауға, әділ шыншыл, еңбексүйгіш адам болуға, мінез-құлық қызығушылықтарын қалыптастыру, әсемдік, сұлулық әлемін сезініп түйсіне білуге, сол сұлулықты өз қолдарымен жасай білуге, сөздік қорын байытып байланыстыра, мәнерлеп әдемі, әдеби тілде сөйлей білуге үйрету маңызды.
Өздерін көпшілік орында қалай ұстау керектігін, қалай киініп, театр қойылымдарын қалай көріп, қалай тыңдау керектігі көзделеді.
Біз педагогтар сол бала бойындағы қасиетті сыртқа шығаруға көмек беруіміз қажет.
Ең біріншіден педагог әдепті болуы қажет.Педагогтың дауыс интонациясы еліктеушілерге үлгі.Педагогтың жұмысы: балалардан әртістік қасиетті талап етеді, музыкалық қасиеттерін, сахналық пластика мен сөйлеу мәнерін дамытуда кәсіпті айналысу болып табылады. 6
І.2. Ересек тобы балаларына арналған күнтізбелік жылдық үлгі
жоспары
Қыркүйек айы

Тақырыбы:

Мақсаты:

Қолданылған атрибуттар:

1-оқу қызметі
«Ертегі» дегеніміз не?

Балалардың ертегі жайында түсініктерін кеңейту.Ертегі қойылмдары арқылы өнерге баулу,сахнада өзін еркін ұстауға, көркем әдеби тілде сөйлеуге дағдыландыру.

Ертегі қойылымдарында қолданылатын маскалар, ертгеі кейіпкерлерімен жақын таныстыру.

2-оқу қызметі
«Үстел үсті театрымен таныстыру»

Балаларға үстел үсті театры жайында мағлұмат беру.Балалардың қалауы бойынша рөлдерді бөлу.Ертегі кейіпкерлердің мінез-қылықтарын келтіру, дауыс ырғағын келтіріп ойнауға дағдыландыру.

Стол үсті театрының кейіпкерлерімен таныстыру, өз қолдарынан атрибуттар жасау.

3-оқу қызметі
«Саусақ театры»

Балаларға саусақ театры жайында түсінік беру.Саусақ театрының кішкентай кейіпкерлерімен оның жасалу жолдарымен таныстыру.

Саусақ театрының кейіпкерлерімен таныстыру.

4-оқу қызметі
«Көлеңке театрымен таныстыру»

Балаларды көлеңке театрымен жақынырақ таныстыру.Балаларға түсіндіру бұл театрда ертегі кейіпкерлерінің тек қана көлеңкесі ойнайтынын айтып жеткізу.Ертегі тыңдауға деген қызығушылықтарын арттыру.

Картоннан жасалып, қара түске боялған ертегі кейіпкерлері.



Қазан айы

5-оқу қызметі
«Дос іздеген бота»
ертегісін әңгімелеу

Ертегіні балаларға түсінікті етіп мәнерлеп оқып,мазмұнын айтып беру.Дауыс ырғағын келтіріп , ертегіні көрсету.Ертегіні сахналауға деген қызығушылықтарын арттыру.

Ертегі кейіпкерлер суреттерін көрсету.





6-оқу қызметі
«Дос іздеген бота» ертегісіне кейіпкерлер әзірлеу

Ертегі кейіпкерлерін балалардың өз қолдарынан жасай отырып, ертегіні сахналауға деген қызығушылықтарын арттыру.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

«Дос іздеген бота» ертегі кейіпкерлерінің маскасын қолдану

7-оқу қызметі
«Саусақ жаттығуы»

Өлең жолдарын саусақ жаттығулары арқылы бірнеше рет мәнерлеп қайталай отырып, жаттап алуға үйрету.Саусақ моторикасы арқылы балалардың тілін дамытуды одан әрі жалғастыру.

Кең даланың жолы еді,
Қоян мен кірпі келеді.
Бетпе-бет олар жолықта,
Бір-бірінен қорықты.
Кері қашты екеуі,
Ал кім қуып жетеді

8-оқу қызметі
«Дос іздеген бота» ертегісін сахналау

Балалардың ертегіні сахналауға деген қызығушылықтарн арттыру.

Ертегі кейіпкерлернің маскасы, атрибуттар.


Қараша айы

9-оқу қызметі
«Орман дәрігері»
ертегісімен таныстыру

Ертегі мазмұнын дұрыс түсінуге үйрету, ертегіні басынан аяғына дейін тыңдап көруге, қызығушылықтарын арттыру.

Ертегі кейіпкерлерінің суретттерін қолдану.

10-оқу қызметі
«Орман дәрігері»
Фланелеграф

Ертегіні фланелеграфта көрсете отырып, дауыс нақышына келтіріп, балаларды ертегіні сахналауға деген қызығушылықтарын арттыру.

Матаға жапсырылған ертегі кейіпкерлері

11-оқу қызметі
«Орман дәрігері» ертегісін сахналау

Сөздік қорларын одан әрі молайту,байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Ертегі кейіпкерлерінің маскалары

12-оқу қызметі
«Кірпі» саусақ жаттығуы

Саусақ моторикасын дамытуды одан әрі жалғастыру.Тақпақты түсініп, жылдам жаттауға дағдыландыру

Момақанмын алайда,
Тікенім көп абайла.
Кіріп кетсе қолыңа,
Өкпелеме жарайма!
Саусақпен қимыл-қозғалы


Желтоқсан айы

13-оқу қызметі
«Данышпан аю» ертегісін әңгімелеу

Балаларға ертегіні басынан аяғына дейін мұқият тыңдауға, соңында мазмұнын қайталап айтып беруге дағдыландыру.Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне қарай қимыл қозғалысын,дауысын өзгерте білуге үйрету.

Ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсету


14-оқу қызметі
«Данышпан аю»
Көлеңке театры

Балаларға көлеңке театры жайында білім беруді одан әрі жалғастыру.Ертегіні тыңдауға деген қызығушылықтарын арттыру.

Картоннан жасалып, қара түске боялған ертегі кейіпкерлері.


15-оқу қызметі
«Данышпан аю»
ертегі кейіпкерлерін мүсіндеу

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!