Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты
«Төлепбек Назарбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Тақырыбы: Математика күнделікті өмірде
(бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған)

2025 жыл
Математика күнделікті өмірде: әдістемелік құрал автор-құрастырушы:
Абенова Жанар Бактибаевна, бастауыш сынып мұғалімі, 2025 – 41б.
Бұл әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған көмекші материал ретінде дайындалған. Құралда математиканы оқушылардың күнделікті өмірімен байланыстыра отырып оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, өмірлік мазмұндағы есептер мен практикалық тапсырмалар үлгілері берілген.
Негізгі мақсат – бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту, алған білімдерін өмірлік жағдайларда қолдана білуге үйрету, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Құралда математиканы оқытуда өмірлік жағдаяттарды енгізу жолдары, ойын элементтері, жобалық және зерттеу жұмыстарының мысалдары қамтылған. Сонымен қатар мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар мен қосымша материалдар ұсынылған.
Әдістемелік құралды бастауыш сынып мұғалімдері, жас мамандар, әдіскерлер және педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері өз тәжірибесінде қолдана алады.
Әдістемелік көмекші құрал педагогикалық кеңесінде
2025 жылғы «__»________ №___ хаттамалық
шешіміне сәйкес ұсынылған
МАЗМҰНЫ
-
Кіріспе (Алғы сөз) ...........................................................................8
-
Теориялық негіздер. ........................................................................9
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері
2.2 Танымдық процестерді дамыту жолдары
2.3 Пәнаралық байланысты жүзеге асыру
3. Сабақты жоспарлау және құрылымы .............................................. 12
3.1 Күнтізбелік тақырыптық жоспарлау
4. Белсенді оқыту әдіс-тәсілдері............................................................20
4.1 Өмірлік жағдаяттар арқылы оқыту
4. 2 Практикалық іс-әрекет және ойын технологиялары
4.3 Жобалық, зерттеу әдісі және АКТ қолдану
5. Критериалды бағалау жүйесі.................................................................22
5.1 Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг
5. 2 Өмірлік мазмұндағы тапсырмалар арқылы бағалау
6. Практикалық тапсырмалар жинағы.......................................................25
7. Қорытынды ..............................................................................................30
8. Пайдаланылған әдебиеттер мен интернет ресурстар ...........................40
Аннотация
Бұл әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал болып табылады. Құралда математика пәнін оқушылардың күнделікті өмірімен байланыстыра оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, өмірлік мазмұндағы есептер мен практикалық тапсырмалар жинақталған. Негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру, математикалық білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдана білуге үйрету, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту. Әдістемелік құралда теориялық негіздер, сабақ жоспарлау үлгілері, белсенді оқыту әдістері, білім жетістіктерін мониторингтеу жолдары және өмірлік есептер жинағы қамтылған.
Аннотация Данное методическое пособие предназначено для учителей начальных классов и направлено на обучение математике в тесной связи с повседневной жизнью учащихся. В пособии представлены эффективные методы и приёмы обучения, практические задания и жизненно ориентированные задачи. Основной целью является развитие функциональной грамотности младших школьников, формирование умения применять математические знания в реальных жизненных ситуациях, развитие логического и критического мышления. Пособие включает теоретические основы, примеры планирования уроков, активные методы обучения, систему мониторинга учебных достижений, а также сборник практических задач.
Annotation This methodological guide is intended for primary school teachers and focuses on teaching mathematics in connection with students’ everyday life. The guide presents effective teaching methods, practical activities, and real-life problem-solving tasks.The main objective is to develop pupils’ functional literacy, enhance their ability to apply mathematical knowledge in real-life situations, and improve logical and critical thinking skills. The guide includes theoretical foundations, lesson planning samples, active teaching strategies, learning achievement monitoring, and a collection of practical life-based problems. It also emphasizes interdisciplinary connections, game-based learning, and project and research activities.
Кіріспе
Бүгінгі білім беру жүйесінің басты міндеті – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, яғни алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдана білуге үйрету. Осы бағытта бастауыш сыныптағы «Математика» пәні ерекше рөл атқарады. Себебі математикалық білім – оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытумен қатар, күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуге көмектеседі.
«Математика күнделікті өмірде» атты әдістемелік құрал мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға, оқыту процесін өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін күшейтуге бағытталған.
Құралдың өзектілігі – математика сабағын өмірлік жағдайлармен ұштастыру, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, оқу материалының практикалық маңызын түсіндіру.
Мақсаты:
Бастауыш сынып мұғалімдеріне математиканы оқыту барысында өмірмен байланысты тапсырмаларды тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек беру.
Міндеттері:
-
Оқушылардың күнделікті өмірде математикалық білімін қолдана білу дағдысын қалыптастыру;
-
Математикалық ұғымдарды өмірлік мысалдар арқылы түсіндірудің жолдарын көрсету;
-
Мұғалімдерге сабақта қолдануға болатын практикалық тапсырмалар мен өмірлік есептер ұсыну;
-
Қызығушылықты арттыратын ойындар, зерттеу және жобалық жұмыс түрлерін ұсыну;
-
Цифрлық ресурстар мен көрнекі құралдарды тиімді пайдалану жолдарын көрсету.
Әдістемелік құралда теориялық түсіндірмелермен қатар, сабақ жоспарларының үлгілері, күнделікті өмірге негізделген тапсырмалар, логикалық және практикалық есептер берілген. Сонымен қатар мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар, қосымша материалдар қамтылған.
Құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне, жас мамандарға және әдіскерлерге арналған. Ол оқу процесінде, факультативтік сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда қолдануға болады.
2.Теориялық негіздер
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ОҚЫТУ ҚАҒИДАТТАРЫ
Бастауыш мектеп – баланың
тұлға ретінде қалыптасуының ең маңызды кезеңі. Бұл жаста оқушы
қоршаған ортаны тікелей тәжірибе арқылы таниды, көргені мен
естігенін нақты мысалмен байланыстыра қабылдайды. Сондықтан
бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда өмірмен байланыстыру –
оқыту процесінің негізгі қағидаты болуы
тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеті нақты әрекеттер мен бейнелер арқылы дамиды. Олар үшін дерексіз ұғымдар мен күрделі логикалық пайымдауларды түсіну әлі қиын. Сол себепті мұғалім әрбір жаңа ұғымды өмірлік мысалдармен, көрнекілікпен, ойын немесе практикалық тапсырмалар арқылы түсіндіруі қажет.
Мысалы,
-
«Ұзындықты өлшеу» тақырыбында оқушылар өздерінің бойын, сыныптағы үстелдің ұзындығын, тақта мен есік арасындағы арақашықтықты өлшеп көреді;
-
«Көбейту мен бөлу» амалдарын түсіндіруде — топтағы балаларды қатарға тұрғызу, ойыншықтарды тең бөлу сияқты әрекеттер қолданылады.
Осындай практикалық тәсілдер баланың қызығушылығын арттырып, білімді саналы түрде меңгеруіне мүмкіндік береді.
Бұл жастағы оқушылардың басты ерекшеліктері:
-
қиял мен елестету қабілетінің жоғары болуы – балалар көрнекілік арқылы жақсы қабылдайды;
-
зейіннің тұрақсыздығы – сабақта ойын, тәжірибе және қозғалыс элементтерін қолдану қажет;
-
естің көрнекі-бейнелік сипаты – нақты мысалдар мен өмірлік жағдаяттар есте жақсы сақталады;
-
эмоциялық қабылдау басым – бала үшін оқу тек танымдық емес, қызықты әрі қуанышты процесс болуы тиіс.
Осы ерекшеліктерді ескеріп, мұғалім оқытуда көрнекілік, ойын, тәжірибелік іс-әрекеттер мен өмірлік жағдайларды қолдану арқылы материалды түсінікті әрі тартымды етіп ұсынуы керек.
Өмірмен байланыстыра оқыту жүйелі және мақсатты түрде жүзеге асқанда ғана тиімді болады. Бұл бағытта мұғалім төмендегі негізгі қағидаттарды басшылыққа алуы қажет:
-
Тәжірибелік бағыттылық қағидаты. Оқушылар алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуге үйренуі тиіс. Әр тақырыпта нақты мысалдар, өмірлік жағдаяттар қолданылуы қажет.
-
Қолжетімділік қағидаты. Оқыту оқушының жас ерекшелігіне, танымдық мүмкіндігіне сай болуы керек. Күрделі ұғымдар қарапайым, түсінікті тілмен, мысалдар арқылы түсіндіріледі.
-
Көрнекілік қағидаты. Балалар бейнелі ойлайтындықтан, оқу материалы сурет, макет, кесте, бейне және нақты заттар арқылы түсіндірілсе, материал есте жақсы сақталады.
-
Белсенділік қағидаты. Оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өз бетімен тәжірибе, бақылау, талдау арқылы меңгеруі қажет. Мұғалім оқушының белсенді іс-әрекетіне жағдай жасауы тиіс.
-
Пәнаралық байланыс қағидаты. Математиканы өмірмен байланыстыруда басқа пәндермен (дүниетану, еңбек, көркем еңбек, информатика) сабақтастық орнату тиімді. Мысалы, өлшеу, санау, уақытты есептеу, табиғаттағы құбылыстарды талдау – бәрі бір-бірімен тығыз байланысты.
-
Қызығушылықты дамыту қағидаты. Сабақ барысында ойын технологиясы, практикалық тапсырмалар мен өмірге жақын сюжеттер қолданылса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.
Мұғалім — оқушының өмір мен білім арасындағы көпірі. Ол баланың ойлауын дамытушы, бағыттаушы тұлға. Сондықтан мұғалім оқу процесін ұйымдастырғанда:
-
сабақтың мазмұнын баланың күнделікті өмірімен ұштастырып;
-
проблемалық жағдаяттар туғызып;
-
оқушыны сұрақ қоюға, зерттеуге, шешім қабылдауға жетелеп отыруы қажет.
Мысалы, сабақта «Біздің сыныпта неше парта бар?» деген қарапайым сұрақты қою арқылы бала өз тәжірибесіне сүйеніп, санау, көбейту, топтау дағдыларын қолданады.
Осылайша мұғалімнің міндеті – математикалық білімнің өмірлік мәнін түсіндіру және оқушыны оны қолдануға үйрету.
Өмірмен байланысты оқыту тек білім беріп қана қоймай, тәрбиелік қызмет атқарады. Мұндай сабақтарда оқушылар:
-
ұқыптылық пен дәлдікке;
-
еңбекке және үнемшілдікке;
-
өз ісіне жауапкершілікпен қарауға;
-
өз ойын дәлелдеп айтуға үйренеді.
Мысалы, отбасылық бюджетті жоспарлау,
азық-түлікті үнемдеу, жол жүру уақыты мен қашықтықты есептеу сияқты
өмірлік есептер балаларды саналы тұрмыстық мәдениетке
тәрбиелейді.
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін
ескере отырып, математиканы өмірмен байланыстыра оқыту — тұлғаның
жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды педагогикалық бағыт.
Бұл тәсіл оқушылардың оқу іс-әрекетіне қызығушылығын арттырып қана
қоймай, олардың функционалдық
сауаттылығын, шығармашылық
ойлауын, практикалық дағдыларын
қалыптастырады.
Мұғалім осы қағидаттарды жүйелі қолданған
жағдайда, әр сабақ баланың өмірлік тәжірибесіне негізделген,
мағыналы әрі нәтижелі болады.
Демек, бастауыш мектепте өмірмен байланыстыра оқыту —
білімнің өміршеңдігін қамтамасыз ететін басты
жол болып табылады.
3. Сабақты жоспарлау және құрылымы
Қазіргі қоғамда математикалық білім тек есеп шығарумен немесе формулаларды жаттаумен шектелмейді. Математика — адамның логикалық ойлауын, талдау, болжау және шешім қабылдау қабілетін дамытатын ғылым. Сондықтан мектепте, әсіресе бастауыш сынып кезеңінде математиканы оқытудың басты мақсаты – баланың өмірлік жағдайларда өз білімін қолдануға үйрету. Осы тұрғыдан алғанда, математика пәнін өмірмен байланыстыра оқыту бүгінгі білім берудің негізгі бағыттарының бірі болып саналады.
Сонымен қатар білім беру стандартының басты талабы – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Бұл дегеніміз, оқушының алған білімін күнделікті өмірде тиімді пайдалана алуы. Математика осы дағдыны қалыптастырудың ең тиімді құралы болып табылады.
Мысалы, дүкенде сатып алу кезінде есеп жүргізу, жол ұзақтығын өлшеу, уақытты есептеу, үй шаруашылығында заттың көлемі мен салмағын анықтау — бәрі де математикалық білімді қажет етеді. Егер мұғалім сабақта осы сияқты өмірлік мысалдарға сүйенсе, оқушылар білімнің мәнін терең түсінеді және оны практикалық тұрғыда қолдануға дағдыланады.
Математиканы өмірмен ұштастыра оқыту оқушыларға білімнің тек теориялық емес, практикалық маңызы бар екенін ұғындырады. Бұл тәсіл оқушылардың оқу мотивациясын арттырып, білімге деген қызығушылығын күшейтеді.

Математика — адам өмірінің барлық саласында
қолданылады. Қарапайым тұрмыстық жағдайлардан бастап, ғылым мен
техника, өнер мен экономика салаларына дейін оның элементтері
кездеседі.
Мысалы:
-
Үй салу кезінде ұзындық, аудан және көлем ұғымдары қолданылады;
-
Дүкенде сатып алу кезінде сан мен ақша туралы білім қажет;
-
Күнделікті өмірде уақытты, қашықтықты, салмақты есептеу – математикалық амалдарға негізделеді.
Осылайша, бастауыш сыныптағы әрбір тақырыпты өмірмен байланыстырып оқыту оқушының ойлау көкжиегін кеңейтеді. Ол тек есеп шығарушы ғана емес, нақты өмірде өз бетінше ойлайтын тұлға болып қалыптасады.
Математика логикалық ойлаудың негізін қалайды.
Егер мұғалім есепті немесе ұғымды өмірлік жағдаяттармен
байланыстыра түсіндірсе, бала білімді механикалық түрде емес,
саналы түрде меңгереді.
Мысалы:
-
«Көбейту» амалын түсіндіруде — үстелдегі заттардың қатарларын, сыныптағы парталардың қатарларын санау арқылы түсіндіруге болады;
-
«Бөлшек» ұғымын — пиццаны немесе алманы бөлісу мысалымен көрсету оқушылардың нақты түсінігін қалыптастырады.
Осындай көрнекі әрі өмірге жақын тәсілдер оқушылардың ойлауын дамытады, олардың есеп шығару қабілетін ғана емес, логикалық пайымдау дағдыларын жетілдіреді.
Математиканы өмірмен байланыстыра оқыту тек
танымдық тұрғыда емес, тәрбиелік тұрғыда да маңызды. Мұндай
сабақтарда оқушылар дәлдікке, ұқыптылыққа, табандылыққа,
еңбексүйгіштікке және дербес ойлауға үйренеді.
Өмірлік мысалдар арқылы берілген есептер баланың қоршаған ортаға
деген қызығушылығын арттырып, қоғамдағы түрлі құбылыстарға саналы
көзқарас қалыптастырады.
Мысалы, «Біздің отбасының бір апталық азық-түлік шығынын есептеу» немесе «Су мен электр қуатын үнемдеу жолдары» сияқты практикалық есептер арқылы балалар экономикалық және экологиялық мәдениетті меңгереді.
Математиканы өмірмен байланыстыруда мұғалімнің шеберлігі мен әдістемелік дайындығы ерекше маңызды. Мұғалім оқу материалын оқушылардың тәжірибесіне жақындату үшін сабақта түрлі әдістерді қолдануы тиіс:
-
өмірлік жағдаяттарды модельдеу;
-
практикалық іс-әрекеттер мен зерттеу тапсырмаларын ұйымдастыру;
-
ойын элементтерін енгізу;
-
пәнаралық байланыс орнату.
Мысалы, дүкен тақырыбы арқылы оқушылар ақша санауды үйренсе, табиғаттағы құбылыстарды өлшеу кезінде физикалық және жаратылыстану білімдерімен байланыс орнайды.
Мұғалім сабақ барысында «неге?» және «қалай?» деген сұрақтарға назар аудартып, оқушылардың ойлау белсенділігін арттырады. Бұл тәсіл баланың дайын жауап алушы емес, білім ізденуші тұлға ретінде дамуына жол ашады.
Математиканы өмірмен ұштастырудың нәтижесінде оқушыларда келесі дағдылар қалыптасады:
-
алған білімін нақты өмірде қолдана білу;
-
сандық және логикалық ойлау қабілетінің артуы;
-
талдау, салыстыру, қорытынды жасау дағдыларының дамуы;
-
өзіндік пікір қалыптастыру және шешім қабылдау қабілетінің жетілуі;
-
еңбекке, үнемшілдікке, ұқыптылыққа тәрбиелену.
Осылайша, өмірмен байланыстыра оқыту оқушының танымдық және тұлғалық дамуына ықпал етеді, оны болашақ өмірге бейімдейді.
Осылайша, математиканы өмірмен байланыстыра оқыту — қазіргі заман талабына сай сапалы білім берудің басты шарты. Бұл тәсіл оқушыны өз бетімен ойлайтын, есеп шығарып қана қоймай, сол білімін өмірде қолдана алатын, функционалды сауатты тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Математика сабағында өмірлік мысалдар мен
практикалық тапсырмаларды тиімді пайдалану арқылы мұғалім
оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, оқу процесін қызықты әрі нәтижелі
етеді.
Осылайша, өмірмен байланыстыра оқыту – білім мен өмірдің арасындағы
көпір,
яғни теория мен практиканы біріктіретін маңызды педагогикалық бағыт
болып табылады.
Күнтізбелік тақырыптық жоспарлау
|
Р/С |
Тақырып |
Оқу мақсаты |
Сағат саны |
Білім өнімі |
||
|
Барлығы |
Теория |
Тәжірибе |
||||
|
№1 бөлім Екі таңбалы сандардың сыры және өмірмен байланысы. Барлығы-12 сағат: теория- 3, тәжірибе -9 |
||||||
|
1.1 |
Екі таңбалы сандарды зерттейік. Сан баспалдағы. |
100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау арқылы натурал сандар қатарындағы орнын анықтау. |
1 |
1 |
|
100-ге дейінгі сандардың ретімен «Сан баспалдағы» сызбасына сандарды дұрыс орналастыруды үйренеді. |
|
1.2 |
Разрядтың құпиясы. Сан неден тұрады? |
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтап, ондықтар мен бірліктерге жіктеуді үйренеді. |
1 |
1 |
|
|
|
1.3 |
Ондықтан аттап есептейміз. Сандармен шегініп, ілгері жылжимыз. |
Ондықтан аттап қосу және азайтудың тиімді тәсілдерін түсіндіру. |
1 |
1 |
|
Ондықтан аттап қосу және азайту тәсілдерін меңгереді. |
|
1.4 |
Сан мен сызбаның байланысы. Сызбаның сыры. |
Бір-екі амалмен орындалатын есептерді сызба, қысқаша жазба түрінде моделдеу. |
1 |
|
1 |
Мәтінді есепке сызба, кесте, қысқаша жазба құрастырып шешуді үйренеді. |
|
1.5 |
Екі таңбалы сандармен амалдар. Сиқырлы дөңгелек. |
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану. |
1 |
|
1 |
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту тәсілдерін қолданады. |
|
1.6 |
Сан тізбегінің құпиясы. Сиқырлы тізбек. |
Сандар тізбегіндегі орналасу заңдылықтарын анықтау. |
1 |
|
1 |
Сандар тізбегіндегі заңдылықты тауып, шешімін ділелдейді. |
|
1.7 |
Бір есеп екі амал. Таңдау және дәлелдеу |
Екі амалмен есептерді шығарып,тиімді шешу жолын таңдап, дәлелдеу |
1 |
|
1 |
Екі амалды есепті сызба,кесте,қысқаша жазба түрінде шығарады. |
|
1.8 |
Құрама есептің құпиясы. Сиқырлы шаршы. |
Санды өрнектер мен жеке амалдар түрінде моделдеп, шешу жолын анықтау. |
1 |
|
1 |
Санда өрнепен өнектеу, сызба, кесте арқылы шешіімін ұсынады. |
|
1.9 |
Жақшалы және жақшасыз өрнектерді шешеміз. |
Жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін үсіндіру. |
1 |
|
1 |
Амалдардың орындалу тәртібін сақтайды. |
|
1.10 |
Сандар әлеміндегі ойындар. Сандармен домино. |
Ойын арқылы санау, жазу және салыстыру дағдыларын дамыта отырып, сандар арасындағы байланысты анықтайды және логикалық ойлау дағдылары дамиды. |
1 |
|
1 |
Ойын элементтерін қолдана отырып сандар арасындағы логикалық байланысты табады |
|
1.11. |
Өмірлік есептер. Рөлге ену |
Рөлдік жағдаят арқылы есеп құрастырып, шешімін табады. |
1 |
|
1 |
Есеп құрап, рөлдік диологпен шығарады. |
|
1.12 |
Бөлімді қайталау. Сандар әлеміне саяхат |
Бөлім бойынша алған білімдерін тапсырмалар орындау арқылы бекіту. |
1 |
|
1 |
Өтілген тақырыптарды еске түсіріп, білімдерін бекітеді. |
|
№2 бөлім Өмірмен байланысты өлшем бірліктері және олардың қасиеттері. Барлығы- 5 сағат: теория-, тәжірибе -5 |
||||||
|
2.1 |
Ұзындық өлшемдері (см, дм, м) Саяхат картасы. |
Ұзындық бірліктерін (см, дм, м) қосу, азайту амалдарын қолдана отырып, өмірлік жағдаятқа байланысты есептерді меңгерту. |
1 |
|
1 |
Ұзындық (см, дм, м), бірліктерін дұрыс ажыратады және осыған байланысты есептерді шығарады. |
|
2.2 |
Заттардың ұзындығын салыстыру. Заттар шеруі. |
Ұзындық бірліктерін (см, дм, м) салыстырып, қосу, азайту амалдарын қолдана отырып, өмірлік жағдаятқа байланысты есептерді меңгерту. |
1 |
|
1 |
Ұзындық (см, дм, м), салмақ (кг, г), уақыт (сағ, тәуләк, ай, жыл) бірліктерін дұрыс ажыратады және салыстырады |
|
2.3 |
Салмақ өлшемдері (г. кг) Дүкендегі таразы. |
Салмақ өлшемдерінің (грамм, килограмм) арасындағы қатынасты түсініп, бір өлшем бірлігін екінші өлшемге түрлендіруді меңгерту. |
1 |
|
1 |
Салмақ өлшемдерін түрлендіруді меңгереді, тақырыпқа сай есептерді шығарады. |
|
2.4 |
Сыйымдылық өлшемдері (л, мл) Сценарийлік әдіс |
Көлем бірліктерінің мәндерін (л, мл) салыстырып, шама мәндеріне қосу\алу амалдарын қолдануды меңгерту. |
1 |
|
1 |
Көлем бірліктерін қолдана отырып, қосу және алу амалдарын тиімді пайдалануға дағдыланады. |
|
2.5 |
Бөлімді қайталау. Өлшем бойынша есептер шешу. |
Өлшем бірліктері бойынша алған білімдерін жетілдіру. |
1 |
|
1 |
Өлшем бірліктеріне дұрыс қолдануға машықтанады. |
|
№3 бөлім Геометриялық денелерді зерттеу және өмірлік жағдаяттарда қолдану. Барлығы-4 сағат: теория- , тәжірибе -4 |
||||||
|
3.1 |
Пішіндер сөйлейді. |
Бұрыш түрлерін тік, сүйір, доғал бір- бірінен ажыратып, оларды атау және шаршы тіктөртбұрыш үшбұрышты негізгі белгілері бойынша атайды. |
1 |
|
1 |
Геометриялық фигураларды танып, сызуға үйренеді. |
|
3.2 |
Геометриялық заңдылықты табу. Тізбектегі құпия. |
Заңдылықты анықтап, дұрыс тізбекті құрастырып, қатені табуды үйренеді. |
1 |
|
1 |
Тізбек заідылығын анықтап, жіберілген қатені табады. |
|
3.3 |
Көпбұрыштар Пішіндер сыры. |
Көпбұрыштардың түрлерін ажыратады. |
1 |
|
1 |
Көпбұрыштарды суреттейді, сипаттайды. |
|
3.4 |
Бөлімді қайталау. Бағытпен бейнеленген әлем. |
Геометриялық денелерді зерттеуде білім алушылардың алған білімін тексеру. |
1 |
|
1 |
Өтілген тақырыптарды еске түсіріп, білімдерін бекітеді |
|
№4 бөлім Көбейту мен бөлу амалдары арқылы өмірлік есептерді шығару |
||||||
|
4.1 |
Көбейту -топтап санау жолы. Ережені меңгеру. |
Көбейту амалын топтап санауды негізделген ереже арқылы түсініп көбейтуді қосумен неіздеп орындауды меңгереді. |
1 |
1 |
|
Қосу арқылы көбейтуге көшуді меңгереді. |
|
4.2 |
Бөлу -бөліп беру, тең үлестіру. Бөлісу-бақыт |
Бөлуді тең бөліктерге бөлу ретінде түсінеді және оны нақты жағдаяттарда қолдануды меңгереді. |
1 |
1 |
|
Бөлуді тең бөлу және үлес ретінде пайдаланады. |
|
4.3 |
Қай амал қажет. Ойлан-таңда-дәлелде! |
Жағдаятқа байланысты амалдардың (+, -, *, /) мәнін түсініп, сәйке амалды қолдану |
1 |
|
1 |
Амалдардың мән мағынасын жағдаят арқылы меңгереді. |
|
4.4 |
Дүкендегі есептер,тауар саны мен бағасын есептеу |
Мысалдар арқылы көбейту және бөлу амалдарын дұрыс таңдап қолдану |
1 |
|
1 |
Арифметикалық амалдардың мән мағынасын түсініп, қолданады. |
|
4.5 |
Бір есеп екі амал. Таңдау және дәлелдеу. |
Екі амалмен есептерді шығарып,тиімді шешу жолын таңдап,дәлелдеу |

4.6 |
Жауаптан есепке. Кері ойла. |
Кері ойлау арқылы есептің шешу жолдарын түсініп,дәлелдеу. |
1 |
|
1 |
Кері бағытта есептің шешу жолдарын түсініп талдауды меңгереді. |
|
4.7 |
Өмірлік жағдаяттан есеп құрастыру. |
Өмірден алынған жағдайларға сәйке мәтіндік есептер құрастырып, шешеді. |
1 |
|
1 |
Мәтін есептерді құрап, шешу дағдылары дамиды. |
|
4.8 |
Бөлімді қайталау. Өмірмен байланысқан есептер. |
Бөлім бойынша білімдерін тапсырмалар арқылы қайталап, есеп шығару дағдыларын дамыту. |
1 |
|
1 |
|
|
№5 бөлім Күнделікті өмірдегі математика: теңдеулер арқылы шешім табу. Барлығы-4 сағат: теория-1, тәжірибе -3 |
||||||
|
5.1 |
Теңдеулер. Белгісізді тап. |
Әріптің берілген мәнін қойып,екі амалды әріпті өрнектің мәнін есептеуді үйренеді. |
1 |
1 |
|
Белгісіз компаненттерді табуды үйренеді. |
|
5.2 |
1 санымен байланысты көбейту мен бөлудің қасиеттері. Ойын- тәжірибе. |
Санды көбейту және бөлу жағдайларын түсініп, әріпті теңдік түрінде жазуды үйренеді. |
1 |
|
1 |
1-ге көбейту және бөлу теңдіктерін жазып, түсіндіреді, мысалдар арқылы қолданады. |
|
5.3 |
Санды өрнектер. Көрнекі әдіс. |
Санды және әріпті өрнектерді ажыратып, теңдіктер мен теңсіздіктерді құрастырып оқиды. |
1 |
|
1 |
Теңдіктер мен теңсіздіктерді құрастырып, оқиды. |
|
5.4 |
Әріптің құпия мәні. Сиқырлы қорап. |
Өрнектерді дұрыс оқы, мәнін табуды үйренеді. |
1 |
|
1 |
Әріптің мәнін анықтап, екі амалды өрнектің мәнін есептеп түсіндіреді. |
|
6 |
Жыл бойы өткенді бекіту. Сенің жетістігің! |
Жыл бойы меңгерген білімдерін қайталап, есептер шығарып, бекіту. |
1 |
|
1 |
|
4. БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Бастауыш сыныптағы математика пәнін оқытуда басты міндеттердің бірі – оқушылардың алған білімін өмірлік жағдайларда қолдануға үйрету. Себебі математикалық ұғымдар тек оқулықтағы есептермен шектелмей, күнделікті тұрмыста, ойын мен тәжірибеде кеңінен қолданылады. Оқыту мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасы жоғарылайды.
Математиканы өмірмен байланыстыру — оқушыларды өз тәжірибесіне сүйеніп ойлануға, талдауға және шешім қабылдауға жетелейтін тиімді әдіс. Мұғалімнің басты мақсаты – оқушының алған білімін шынайы өмірлік жағдаяттарда қолдана білуіне жағдай жасау. Осы мақсатта келесі әдіс-тәсілдер тиімді болып табылады.
4.1 Өмірлік жағдаяттар арқылы оқыту әдісі
Бұл әдіс оқушылардың
күнделікті өмірде кездесетін қарапайым жағдайлар арқылы
математикалық ұғымды түсінуіне
көмектеседі.
Мысалы:
-
«Ұзындықты өлшеу» тақырыбында – сыныптағы үстелдің ұзындығын, дәптердің биіктігін немесе есік биіктігін өлшеу;
-
«Ақша және баға» тақырыбында – дүкендегі сатып алу, заттың бағасын есептеу, қайтарым ақшаны табу;
-
«Уақыт» тақырыбында – сабақ кестесі мен күн тәртібін есептеу;
-
«Көлем және масса» тақырыбында – ас үйдегі өлшеу құралдарын пайдаланып, сұйықтық пен заттың салмағын анықтау.
Мұндай тапсырмалар оқушыларды қоршаған ортамен байланыстырып, нақты өмірде кездесетін жағдайларды математикалық тұрғыда ой елегінен өткізуге үйретеді.
4.2 Практикалық іс-әрекет әдісі
Бастауыш жастағы балалар үшін практикалық әрекет арқылы үйрену – ең тиімді тәсілдердің бірі. Мысалы:
-
«Дүкен» ойынында балалар сатып алушы мен сатушы рөлін ойнап, ақша санауды және айырмасын табуды үйренеді;
-
«Құрылысшы» ойынында түрлі пішіндерді пайдаланып, фигуралардан үй немесе көпір құрастырады;
-
«Аспаз» ойынында заттың мөлшері мен салмағын өлшеу арқылы есептер шығарады.
Практикалық әдіс оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, теориялық білімді іс жүзінде қолдануға үйретеді.
4.3 Мәтінді есептерді өмірмен байланыстыру
Мәтінді есептер – өмірлік жағдаяттардың көрінісі. Оларды шынайы өмірге жақындату баланың түсінігін жеңілдетеді.
Мысалы:
-
«Алия дүкеннен 2 кг алма және 1 кг алмұрт сатып алды. Барлығы неше килограмм жеміс сатып алды?»
-
«Біздің сыныптағы 25 оқушының әрқайсысы мектеп асханасынан бір тоқаштан алды. Барлығы қанша тоқаш алынды?»
Осындай есептер баланы нақты өмірге жақындату арқылы логикалық және практикалық ойлауын дамытады.
4.4 Ойын арқылы оқыту әдісі
Ойын — бастауыш сынып оқушылары үшін ең табиғи
оқу әрекеті. Ойын элементтері арқылы берілген тапсырмалар
оқушылардың назарын шоғырландырып, оқу процесін қызықты етеді.
Мысалы:
-
«Кім жылдам?» ойыны — есеп шығару жылдамдығын арттырады;
-
«Математикалық пішіндерді тап» ойыны — кеңістік пен геометриялық түсініктерді бекітеді;
-
«Сиқырлы сандар» ойыны — арифметикалық амалдарды бекітуге мүмкіндік береді.
4.5 Жобалық және зерттеу әдісі
Бұл әдіс оқушыларды шағын зерттеу жұмыстарын
жүргізуге үйретеді.
Мысалы:
-
«Біздің сыныптағы балалардың бойы мен аяқ киім өлшемі арасында байланыс бар ма?»
-
«Аптаның қай күні сыныптағы балалар ең көп кітап оқиды?»
Осы сияқты шағын зерттеу тапсырмалары арқылы оқушылар мәлімет жинау, салыстыру, талдау және қорытынды жасау дағдыларын меңгереді.
4.6 Интеграция және пәнаралық байланыс әдісі
Математиканы басқа пәндермен байланыстыру оқушылардың білімін кешенді түрде дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы:
-
Қазақ тілі сабағында сан есімдерді қолдану арқылы есептер құрастыру;
-
Дүниетану сабағында ауа температурасының өзгерісін өлшеп, сандық деректермен жұмыс істеу;
-
Еңбек сабағында бұйым жасау кезінде өлшем мен пішінді есептеу.
Қазіргі білім беру жүйесінде АКТ құралдарын пайдалану – өмірмен байланыстырудың заманауи түрі. Интерактивті тапсырмалар, бейнематериалдар мен онлайн есептер арқылы оқушылар шынайы өмірлік жағдайларды модельдей алады. Мысалы, онлайн «дүкен» ойыны, виртуалды сағат, геометриялық фигуралар конструкторы арқылы оқу үдерісі қызықты әрі тиімді өтеді.
Күнделікті өмірмен байланыстыратын әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану – оқушылардың тек есеп шығарушы емес, өмірде кез келген жағдайды талдап, шешім қабылдай алатын тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Мұндай сабақтар оқушылардың математикалық ойлауын дамытып, олардың пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады.
5. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНЕ МОНИТОРИНГ (ББЖМ) ЖӘНЕ ӨМІРЛІК МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мен талдау — сапалы білімнің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) — оқыту процесінің тиімділігін, оқу мақсаттарының орындалуын және білімнің өмірмен байланысын айқындауға мүмкіндік беретін жүйелі бақылау түрі.
ББЖМ – бұл оқушының оқу
әрекетіндегі ілгерілеуін, білім сапасын және құзыреттілігін анықтау
мақсатында жүргізілетін жүйелі бағалау
процесі.
Негізгі мақсаты:
-
Оқушының функционалдық сауаттылығын бағалау;
-
Білім мен дағдының өмірлік жағдаяттарда қолданылу деңгейін анықтау;
-
Оқу нәтижелерін талдау арқылы оқыту әдістерін жетілдіру;
-
Математикалық ойлау мен практикалық шешім қабылдау қабілеттерін дамыту бағыттарын белгілеу.
Математикадағы өмірлік мазмұндағы тапсырмалар оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтауда негізгі құрал болып табылады. Себебі, мұндай есептер оқушылардың шын өмірде кездесетін мәселелерді шешу қабілетін көрсетеді.
Мысалы:
-
Ақша айналымына байланысты есептер – оқушының экономикалық ойлауын бағалайды;
-
Уақыт пен қозғалысқа арналған есептер – жоспарлау мен талдау дағдысын көрсетеді;
-
Геометриялық пішіндер мен өлшемдерді өмірлік нысандармен байланыстыру – кеңістік ойлауды дамытады;
-
Статистикалық мәліметтерге (баға, ауа райы, халық саны, жол ұзындығы) негізделген есептер – деректермен жұмыс істеу қабілетін айқындайды.
ББЖМ тапсырмаларының мазмұнын өмірлік жағдайлармен ұштастыру арқылы мұғалім тек математикалық білімді ғана емес, оқушының ойлау икемділігін, талдау қабілетін және тәжірибелік шешім қабылдау дағдыларын да бағалай алады.
Өмірмен байланысты мониторинг тапсырмаларының үлгілері
|
№ |
Тапсырма мысалы |
Бағалау бағыты |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Отбасылық кешкі асқа қажет азық-түлік мөлшерін және жалпы бағасын есептеу |
Арифметикалық амалдарды қолдану, практикалық есептеу |
Бала ақшаны санауды және жоспарлауды үйренеді |
|
2 |
Сынып бөлмесінің ауданын есептеп, кілемнің өлшемін таңдау |
Геометриялық шамаларды қолдану |
Өлшем, аудан, ұзындық туралы түсінік қалыптасады |
|
3 |
Мектепке дейінгі жол уақыты мен жылдамдығын анықтау |
Уақыт және қозғалыс ұғымдарын қолдану |
Уақытты есептеу мен жоспарлау қабілеті дамиды |
|
4 |
Электр қуаты мен суды үнемдеу туралы есеп |
Экологиялық сауаттылық пен логикалық ойлау |
Үнемшілдік пен жауапкершілік дағдысы қалыптасады |
|
5 |
Апталық ауа райы деректерін диаграмма түрінде бейнелеу |
Мәліметтерді өңдеу, графикпен жұмыс |
Аналитикалық ойлау және статистикалық сауаттылық дамиды |
5.1 Мониторингті ұйымдастырудың кезеңдері
-
Диагностикалық кезең – оқушылардың бастапқы білім деңгейін, практикалық дағдыларын анықтау.
-
Қалыптастырушы кезең – сабақ барысында өмірлік мазмұндағы тапсырмаларды жүйелі енгізу, нәтижелерді бақылау.
-
Қорытынды кезең – жыл соңында оқушылардың білім жетістіктерін жинақтап, өмірлік дағдылармен байланысын талдау.
Мониторинг нәтижелері мұғалімге:
-
әр оқушының жеке даму траекториясын белгілеуге;
-
оқыту әдістерін түзетуге;
-
сабақтағы практикалық және өмірлік бағытты күшейтуге мүмкіндік береді.
5.2 Өмірлік есептер негізіндегі бағалау түрлері
-
Жобалық жұмыс: оқушылар өз өмірінен мысал келтіріп, есептер құрастырады (мысалы, «Отбасылық демалысқа дайындық», «Менің апталық шығыным»).
-
Практикалық бақылау: нақты әрекет арқылы өлшеу, санау, жоспарлау.
-
Сауалнама және өзін-өзі бағалау: оқушылар өздерінің қандай есептерді өмірде қолдана алғанын талдайды.
-
Қорытынды тест: өмірлік мазмұндағы аралас есептер арқылы функционалдық сауаттылық деңгейі анықталады.
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тек білім сапасын бағалау құралы ғана емес, оқыту процесінің өмірмен байланысын күшейтетін тетік болып табылады. Өмірлік мазмұндағы математикалық есептер арқылы оқушының тек есте сақтау қабілеті емес, логикалық ойлауы, талдау және шешім қабылдау дағдылары айқын көрінеді.
Осылайша, ББЖМ мен өмірлік есептерді ұштастыру — оқушыны заманауи өмір талаптарына бейімдейтін, математикалық білімнің практикалық құндылығын арттыратын тиімді әдістемелік бағыт болып табылады.
6.Практикалық тапсырмалар жинағы
ӨМІРЛІК МАЗМҰНДАҒЫ ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ
Өмірлік мазмұндағы есептер – баланың қоршаған ортада кездесетін нақты жағдайлардан алынған тапсырмалар. Мұндай есептер оқушының математикалық білімін өмірлік дағдыға айналдыруға көмектеседі.
«Дүкендегі есеп»
Аяулым дүкеннен 1 литр сүтті –
350 тг, 500 г нанды – 250 тг, және бір килограмм алма – 600 тг-ге
сатып алды. Барлығы қанша теңге төледі?
(Бұл есеп қаржылық
сауаттылық пен арифметикалық амалдарды
байланыстырады.)

«Уақытты жоспарлау»
Сабақ 8:30-да басталады. Аружан мектепке жету
үшін 20 минут жүреді. Ол таңғы асқа 15 минут, киінуге 10 минут
жұмсайды. Ол үйден қашан шығуы керек?
(Мұнда оқушы уақытты есептеуді және күн
тәртібін дұрыс жоспарлауды үйренеді.)

«Жол және қашықтық»
Әли мектебінен кітапханаға
дейін 600 метр жүреді. Ал кітапханадан үйіне дейінгі жол 900 метр.
Әли жалпы қанша метр жол жүреді?
(Оқушы ұзындық өлшем
бірліктерін өмірмен байланыстырып
есептейді.)

«Туған күнге дайындық»
Айдос туған күніне 5 қорап шырын, әр қорапта 6 дана бөтелке сатып алды. Егер әр бөтелке 250 тг тұрса, Айдос барлығына қанша теңге төледі?
(Осы есеп арқылы көбейту мен ақша санау дағдысы қалыптасады.)

«Отбасылық саяхат»
Әлидің отбасы саяхатқа шығуға дайындалып жатыр. Олар 4 адамға 3 күнге жететін азық алу керек. Бір күнге әр адамға 2 бөтелке су және 3 алма қажет. Барлығы неше бөтелке су және неше алма қажет?

«Бағбанның есептері»
Бағбан 12 гүл отырғызды. Әр қатарда 4 гүлден отырғызғысы келеді. Қанша қатар болады? Егер әр қатарға 10 см арақашықтық қалдырса, бірінші мен соңғы қатардың арасы қанша см болады?

«Мектеп асханасындағы түскі ас»
Асханада 120 бала түскі ас ішеді. Әр балаға 2 тоқаш және 1 стакан шырын беріледі. Барлығы қанша тоқаш пен шырын қажет?

«Мектептегі кітапхана»
Кітапханада 150 ертегі кітабы
және 90 танымдық кітап бар. 40 кітап оқушыларға берілді.
Кітапханада қанша кітап қалды?
(Қосу мен азайту амалдарын
өмірмен байланысты қолдану.)

«Азық-түлік дүкенінде»
Аружан 1 кг қантты – 480 тг, 2
литр сүтті – әрқайсысы 350 тг, және 3 дана бәлішті – әрқайсысы 200
тг-ден сатып алды.
Барлығы қанша теңге төледі? (Көбейту, қосу, ақшамен жұмыс
дағдысы.)

«Саябақтағы серуен»
Ержан отбасымен саябақта
серуендеді. Олар алдымен 600 м жүреді, кейін 400 м қайтып келеді.
Барлығы қанша метр жүрді?
(Ұзындықты қосу және өмірмен
байланысты түсінік.)

«Ас дайындау уақыты»
Анасы таңғы ас дайындауға 15
минут жұмсады, үстел жайып, жинауға тағы 10 минут кетті. Таңғы асқа
жалпы қанша уақыт жұмсалды?
(Уақыт өлшем бірліктерін
түсіну.)

«Сыныптағы гүлдер»
Сыныпта 4
қатар терезе бар. Әр қатарда 3 гүл қойылған. Егер мұғалім тағы 2
қатарға гүл қоятын болса, барлығы қанша гүл болады?
(Көбейту және қосу
амалдарының өмірмен байланысы.)

«Туған күнге шақыру»
Айсұлудың
туған күніне 8 досы келді. Әрқайсысына 2 кәмпит пен 1 торт тілімі
берілді. Барлығы қанша кәмпит пен торт тілімі қажет
болды?
(Көбейту мен қосу амалдарын
біріктіру.)

«Мектеп формасы»
Мұғалім
сыныпқа 12 ақ жейде және 8 көк шалбар әкелді. Барлығы неше киім
әкелінді? Егер 5 оқушы киім алып кетсе, қанша қалды?
(Қосу мен азайтуды
біріктіретін өмірлік есеп.)

«Жол және көлік»
Әлидің
үйінен мектепке дейінгі арақашықтық – 900 м. Егер ол күніне екі рет
барып-қайтып жүрсе, аптасына 5 күнде қанша метр жол
жүреді?
(Көбейту және ұзындықты есептеу
дағдысы.)

«Базардағы жеміс»
Анасы 3 кг
алма, 2 кг алмұрт және 1 кг жүзім сатып алды. Алма – 500 тг, алмұрт
– 600 тг, жүзім – 800 тг. Барлығы неше теңге төледі?
(Көп амалмен шығатын
өмірлік есеп.)

«Мектеп асханасы»
Асханада
40 оқушы түскі ас ішіп отыр. Әрқайсысы 1 кесе сорпа мен 2 тоқаш
алды. Асхана барлығы неше тоқаш пен сорпа дайындады?
(Мәтінді есептер арқылы
көбейту амалын бекіту.)

«Электр энергиясын үнемдеу»
Отбасында
үш бөлме бар. Әр бөлмеде 2 шам бар. Бір шам 60 Вт қуат жұмсайды.
Барлығы қанша Вт энергия жұмсалады?
(Шамамен есептеу және энергия туралы
түсінік қалыптастыру.)

«Қаржы жинау»
Алима
күніне 200 теңгеден жинап отыр. Егер ол 10 күн жинаса, барлығы неше
теңге болады? Ал 5 күннен кейін қанша теңге жинайды?
(Қаржылық сауаттылық
элементі бар есеп.)

«Кітап оқу жоспары»
Ерасыл
күніне 8 бет оқиды. Кітапта 96 бет бар. Кітапты неше күнде оқып
бітіреді?
(Бөлуді қолдану және жоспарлау
дағдысы.)

«Ағаш отырғызу»
Балалар
сенбілікте 15 ағаш отырғызды. Келесі аптада тағы 10 ағаш отырғызды.
Барлығы неше ағаш отырғызылды?
Егер әр ағаш 2 метр аралықта отырғызылса, алғашқы 15 ағаш қанша
метр жерді алады?
(Қосу және көбейту амалдарын өмірмен
ұштастыру.)

«Демалыс күні киноға бару»
Кино билеті – 1200 теңге. Әлидің отбасы – 4 адам. Олар билеттерге қанша теңге жұмсайды? Егер олар попкорн (әрқайсысы 500 теңгеден) алса, барлығы қанша теңге төлейді?
(Көп амалмен шығатын өмірлік есеп.)

«Мектеп автобусындағы орындар»
Мектеп
автобусында 40 орын бар. Таңертең 28 оқушы мінді.
Түстен кейін тағы 9 оқушы отырды. Барлығы қанша орын бос
қалды?

«Асханадағы ыдыстар»
Асханаға 6
үстелге әрқайсысына 4 тәрелке қойылды.
Барлығы қанша тәрелке қойылды? Егер 3 тәрелке сынған болса, қанша
тәрелке қалды?

«Бағдаршам уақыты»
Бағдаршамның жасыл түсі 40 секунд, сары түсі 5 секунд, қызыл түсі 30 секунд жанады. Барлық түстердің жану уақыты қанша секунд?

«Мектептегі су ішу құтысы»
Мектептегі кулерге күніне 8 литр су құйылады. Егер бір аптада (5 күн) су ауыстырылса, барлығы неше литр су жұмсалады?

«Күн тәртібі»
Аружан
мектепке сағат 7:30-да тұрып дайындала бастады.
Киінуге – 10 минут, таңғы асқа – 20 минут, жолға – 15 минут
кетті.
Ол мектепке сағат нешеде жетеді?

«Мектептегі қарындаштар»
Сыныпта 24 оқушы бар. Әрқайсысына 2 қарындаш пен 1 өшіргіш таратылды. Барлығы неше қарындаш пен өшіргіш қажет болды?

«Құстарға жем шашу»
Балабақша
ауласындағы балалар құстарға жем шашты.
Бір бала – 3 уыс, екіншісі – 2 уыс, үшіншісі – 5 уыс жем шашты.
Барлығы неше уыс жем шашылды?

«Отбасылық таңғы ас»
Отбасында 5 адам бар. Әрқайсысы бір шыныаяқ шай мен 2 бауырсақ жейді. Барлығы неше бауырсақ пен шай қажет болды?

«Дүкендегі жеңілдік»
Нан – 200 тг, сүт – 350 тг. Егер дүкенде 10% жеңілдік болса, екі өнімге қанша теңге төленеді?

«Бөлме безендіру»
Сынып
бөлмесін безендіру үшін 4 метр лента қажет.
Егер 5 қатар ілу жоспарланса, барлығы неше метр лента керек
болады?

«Кинотеатрдағы орындар»
Кино
залында 12 қатар бар, әр қатарда 8 орын.
Барлығы неше орын бар? Егер 15 билет сатылмаса, қанша адам кино
көрді?

«Жеміс салу»
Анасы 12
алманы 3 табаққа тең етіп бөлді.
Әр табаққа неше алма түсті? Егер бір табақтан 2 алма алынса, қанша
алма қалады?

«Сағат және уақыт»
Сағат 2-де
сабақ басталды, ал ол 45 минутқа созылды. Сабақ сағат нешеде
аяқталады?
(Уақыт есептеу және минут
ұғымы)

«Мектептегі қағаз жинау»
Сынып
оқушылары қағаз қалдықтарын жинады.
1-топ – 8 кг, 2-топ – 12 кг, 3-топ – 15 кг жинады.
Барлығы қанша килограмм қағаз жиналды? Егер тағы 5 кг қосылса,
жалпы салмақ қанша болады?

«Мектептегі гүлдер»
Мұғалім 20
қызыл, 15 сары және 10 ақ гүл әкелді.
Барлығы неше гүл болды? Егер 8 гүл сынып терезесіне қойылса, қанша
гүл қалды?

ҚОРЫТЫНДЫ
Бастауыш мектепте математиканы оқыту — оқушының танымдық қабілетін, ойлау мәдениетін және өмірлік дағдыларын қалыптастырудың маңызды кезеңі. Математика пәні тек формулалар мен амалдар жүйесі емес, ол — баланың қоршаған ортамен байланысын, өмірлік құбылыстарды түсіну мен талдау қабілетін дамытатын ғылым.
Осы әдістемелік құралда ұсынылған идеялар мен материалдар математиканы күнделікті өмірмен байланыстыра оқытудың тиімді жолдарын қарастырады. Өмірлік мазмұндағы есептер, логикалық тапсырмалар, ойындар мен практикалық әдістер арқылы оқушылар математикалық білімнің өмірде нақты қолданылатынын түсінеді.
Мұндай тәсілдер:
-
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады;
-
функционалдық және қаржылық сауаттылығын қалыптастырады;
-
өздігінен ойлау, шешім қабылдау және жоспарлау қабілеттерін дамытады;
-
оқу процесін құндылыққа негізделген тәжірибелік әрекетке айналдырады.
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, өмірмен байланыстырылған тапсырмалар олардың ойлау, есте сақтау, зейін және тілдік дамуына оң ықпал етеді. Әсіресе күнделікті тұрмыстан алынған есептер мен жағдаяттық тапсырмалар оқушының «есеп – өмірдің бір бөлігі» екенін түсінуіне жағдай жасайды.
Сондай-ақ бұл құралда Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) аясында өмірлік математикалық есептердің қолданылуы да қарастырылды. Бұл бағыт оқушылардың білімін тек формалды емес, практикалық тұрғыда бағалауға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, математиканы өмірмен байланыстыра оқыту – қазіргі білім берудің басты міндеттерінің бірі. Ол оқушыны тек есеп шығара білетін емес, өмірде математикалық ойлауды қолдана алатын тұлға ретінде қалыптастырады.
Осы әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне практикалық көмекші материал ретінде қызмет етіп, оқыту сапасын арттыруға және оқу процесін өмірмен ұштастыруға бағытталған.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
-
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007 (өзгертулер мен толықтыруларымен).
-
Қазақстан Республикасында бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. – Астана: ҚР БҒМ, 2023.
-
Бастауыш білім берудің оқу бағдарламасы (Математика пәні). – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2023.
-
Құлмағамбетова Б.Қ. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2020.
-
Махмутов М.И. Проблемное обучение и логическое мышление школьников. – М.: Просвещение, 2019.
-
Құрманалина Ш.Х., Қоянбаева Г.Ж. Педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі. – Алматы: Қазақ университеті, 2021.
-
Скаткин М.Н., Лернер И.Я. Дидактика және оқыту теориясы. – М.: Педагогика, 2018.
-
Жаңартылған білім мазмұны аясында бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемелік нұсқаулығы. – Астана: ҚР ОӘБ, 2022.
-
Пиаже Ж. Психология интеллекта. – М.: Педагогика, 2015.
-
Поля Дж. Как решать задачу. Искусство рассуждения. – М.: Наука, 2016.
-
Тұрғынбаева Б.А. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістері. – Алматы: Білім, 2019.
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық. Математика пәні бойынша оқу жетістіктерін критериалды бағалау. – Астана: НЗМ ДББҰ, 2021.
-
ҚР БҒМ. Функционалдық сауаттылықты дамыту тұжырымдамасы (2021–2027 жж.). – Астана, 2021.
-
Интернет ресурстары:
-
https://nao.kz – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты.
-
https://edu.gov.kz – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайты.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әдістемелік құрал

шағым қалдыра аласыз