МО ББ Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің
«№6 Жалпы білім беретін мектеп» Коммуналды мемлекеттік мекемесі
Абишева Раушан Айтбаевна педагог-психолог
педагог-зерттеуші
Мектеп педагог- психологының жұмысындағы нейропсихологиялық әдістер
(Әдістемелік құрал)
2023жыл
ТҮСІНІК ХАТ
Соңғы жылдары психологтар, педагогтар, дәрігерлер балалардағы патофеномендердің өсіп келе жатырғанын растап отыр. Нейропсихологиялық көзқарас тарапынан бұл қазіргі заман балаларының популяциясындағы «дисгенетикалық синдромның» санының ұлғаюы, яғни мидың ерте жетілетін қабық асты құрылымының органикалық немесе функционалдық қызметінің ана құрсағында немесе ерте балалық жаста бұзылуына байланысты. Онтогенез барысында оның негативті салдары нейропсихологиялық тұрғыда қыртысасты-қыртыс және үлкен ми сыңарлары арасындағы өзара әрекеттесулердің қалытасуын, оң және сол үлкен ми сыңарларының өзіндік қызметінің бұзылуына немесе бұрмалануында. Бүгінгі таңда нейропсихология ғылымының дамуы осы мәселелердің көпшілігін шешуге мүмкіндік береді және түзету жұмыстары неғұрлым ертерек басталса, соғұрлым көзге көрінетін және оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Нейропсихология - кең ауқымды дезонтогенетикалық мәселелерді шешуде адамның психикалық процестерін ми құрылымының қалыптастыруы туралы ғылым.
Бағыты: Нейропсихология.
Өзектілігі: Нейропсихологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып ерте кезеңнен бастап психикалық отогенез процестерін қалыпқа келтіріп, дисгенетикалық синдромның орнын толтырылуға жол береді. Бұл жалпы алғанда оқуға ықпал ететін эмоционалды-тұлғалық және когнитивті дамуға, мектептегі оқыту процесі мен социумға адеквватты дұрыс бейімделуіне әкеледі.
Мақсаты: Жаңа білімді меңгеруде табысты болуға ықпал ететуші танымдық процестердің жан-жақты дамуы.
Міндеттері:
-
Оқыту: Іс-әрекетті ұтымды ұйымдастыруға үйрету
-
Дамытушылық: Есте сақтау, зейін, ойлау, қабылдау, шығармашылық, қиялдау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
-
Психологиялық: Өзін-өзі адекватты бағалауды қалыптастыру, әлеуетті (потенциалды) мүмкіндіктерді дамыту, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Өзін-өзі реттеудің дамуы.
Ерекшелігі: Бұл әдістеме ойын жаттығулары арқылы психикалық процестерді қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді және мидың балансты, яғни теңгерімді қызметін қалыптастыруға ықпал етеді.
Нейрожаттығуларға қарсы көрсетілім:
-
Эпилепсия;
-
Генетикалық аурулар;
-
Психикалық бұзылыстар.
Аса сақтықпен жаттығу жасау керек:
-
Дәнекер ұлпа дисплазиясы;
-
Жүрек аурулары;
-
Астма диагнозы бар пациенттермен.
Күтілетін нәтижелер және оларды тексеру әдістері: Нейрожаттығуларды жүйелі түрде қолдану түзету жұмысына оң әсер тигізіп физикалық, психикалық, эмоционалдық денсаулықтың жағдайын жақсартады, сабаққа қызығушылық пен жағымды эмоционалды көңіл-күйді арттырады, танымдық және ақыл-ой әрекетін белсенділендіреді. Нәтиже әр балада жеке ерекшелігіне қарай көрінеді. Мектеп оқушылары табандылықты үйрененіп оқуда жақсы үлгерім көрсетеді, берілген ақпаратты жақсы қабылдай бастайды. Жасөспірімдер байсалдылықпен байланысқа жеңіл түсуді үйренеді.
Әрбір психикалық функцияның өзінің даму бағдарламасы болады. Баланың миы гетерехронды түрде жетілуіне байланысты әртүрлі функциялары әртүрлі уақытта дамиды. Мектеп бағдарламасы жылдан жылға кей жағдайларда баланың жас және психикалық ерекшеліктерін ескеместен күрделіленіп барады. Нәтижесінде үлгерімі жақсы оқушының өзі де бағдарлама талабына төтеп бере алмай мектептегі үлгерімі төмен оқушылардың қатарына түсіп қалып жатады.
І. Нейропсихологиялық коррекция. Теориялық негіздері
Қазіргі кезде нейропсихологиялық коррекция балаларға көрсететін көмек түрінің ең сұранысқа ие формасы. Нейропсихологиялық әдіс – симптомдармен (белгілерімен) емес оны туындататын механизмдермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін береді. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда дамытуды сүйемелдеу құралы ретінде нейропсихологиялық әдістерді пайдалану барлық психикалық әрекеттерге зиянын тигізетін симптомдардың пайда болуының алдын алуға немесе ерте бастан осы белгілерге компенсация жасауға көмектеседі
Нейропсихологиялық коррекция – бұл мидың әртүрлі аймақтарын жаттықтыру және дамытуды ынталандыруға арналған түзету жаттығуларының кешені. Нейропсихологиялық коррекция жеке, сондай-ақ топтық нысанда да жүзеге асырылады.
Нейропсихологиялық коррекция мынадай компоненттерден тұрады:
-
Қозғалту коррециясы – ми қыртысының қозғалысты реттеуге жауап беретін зоналарын стимуляциялауға қызмет етеді. Ми сыңарларыаралық өзара әректтесуді, мидың ассоциативті байланыстарын дамыту және баланың кеңістіктік бейнелей алуын жақсартады.
-
Когнитивті немесе танымдық коррекция – баланың танымдық қабілетін дамыту және оның оқыту қиындықтарын женуге бағытталған.
Нейропсихологиялық жаттығулардың бастауы емдік денешынықтыру (ЛФК), балалар йогасы, суджок-терапия, логопедия және басқа да ақпарат көздерінен алынған, бір бөлігі дәстүрлі балалар ойыны және күнделікті өмірдің ойын түрінде берілген элементтері түрінде берілген. Бұл жаттығулардың нейропсихологияға қатысты жері психикалық әрекеттердің даму принциптерін біле отырып дұрыс топтастырып оны қолдануында.
Орталық жүйке жүйесі (ЦНС) күнделікті іс-әрекет барысында дамиды. Дұрыс және уақытылы даму үшін біріншіден, тиісті стимуляция, яғни қоршаған ортадан сұраныс қажет; екіншіден, баланың жеке әрекеті , ол – түрлі дағдыларды жаттықтыру. Баланың қай ойыны болса да оның нейропсихологиялық мәні бар. Топтық, доппен ойны, қимыл қозғалысты ойындар арқылы бала өзінің кеңістіктік, моторлы, реттеуші тағы да басқа дағдыларын дамытады. Бұндай балалар көптеген жағдайда нейропсихологялық коррекцияны қажет етпейді.
Қазіргі жағдайға тоқталатын болсақ, балалар көбінесе компьютердің, телефонмен немесе теледидар алдында отырғанды қалайды, ата-ана үшін баланы көшеге жалғыз жіберу қорқынышты болып көрінеді. Нәтижесінде көптеген бала кеңістікті шектелген әлемде өмір сүріп дамиды, аз қозғалады, кейбіреуі өз құрдастарымен жеткілікті араласпайды. Осыған байланысты мидың бөлек зоналары адекватты стимуляциядан айырылып дамуы нашарлайды.
Нәтижесінде мектепте бала оқу бағдарламасының жеке бөлімдерін меңгеруде қиындықтарға тап болып, оқу материалына назар аудармайды немесе аударғысы келмейді, өзінің эмоциялары мен тәртібін бақылай алмайды. Дәл осы жерде толық немесе жартылай стимуляциянбаудың нәтижесінде пайда болған олқылықтарды толықтыру үшін нейропсихологиялық коррекцияның қажеттілігі көріне бастайды. Балалар нейропсихологиясында алмастырушы онтогенез принципі (ПЗО) бір кездері толыққанды психикалық функциялардың қалыптасуына жетіспей қалған әрекеттердің даму этаптарына терең бойлауға теориялық негіз береді.
Қандай да болмасын нейропсихологиялық бағдарламаны құру және табысты іске асыру үшін қажеттілері:
-
Орталық жүйке жүйесінің жұмыс жасау және даму принциптерін білу (яғни балалар нейропсихологиясының негізін білу).
-
Қандай жаттығу және қайсысы мидың сол немесе басқа қандай аймақтарын стимуляциялайтынын білу.
-
Баланы белгілі жаттығуларды орындауға ынталандыра білу.
-
Дисонтогенез формаларының бір салдары ретінде бала денсаулығында мүмкіншілік шектеулі болған жағдайда олардың негізінде жатқан механизмдерді білу және қарастыру.
ІІ. Орталық жүйке жүйесінің жұмысының құрылымдық принциптері
Мидың жұмыс жасау принципін сипаттау үшін А.Р.Лурия психикалық әрекеттің субстраты ретінде құрылымдық-функционалдық моделін әзірледі. Осы модельге сәйкес миды үш блокқа бөлуге болады. Қандай да болсасын Жоғары психикалық функция міндетті түрде үш блоктың толық қатсуымен жүзеге асады [Лурия,80].
Мидың фунционалдық блоктары (ФБМ)
Бірінші блок – энергетикалық.
Блоктың негізгі қызметі – сергектік деңгейін қамтамасыз ету. Бала дүниеге дайын дерлік мидың бірінші блогымен келеді(75%). Бұл блоктың іргелі дамуы жатырішінде жатқанда жүреді және бала бір жасқа толғанда толық пісіп жетіледі.
Мидың бірінші блогына ретикулярлы формация, ортаңғы мидың спецификалық емес құрылымдары, дицефалды бөлімдер, лимбиялық жүйе, ми қыртысының маңдай және самай бөліктерінің медиабазальды бөлімдері кіреді [Лурия,80-83].
Бірінші блок дефицитарлығының (тапшылығы) симптомдары (белгілері):
-
эмоционалды және белседілік лабильділігі (тұрақсыздық);
-
тез шаршағыштық;
-
бұлшықет тонусының бұзылуы;
-
экспрессивті қозғалыс тапшылығы;
-
синкезиялар;
-
бекітілген дене қатаңсынулыры
Жоғарыда белгіленген сипаттамалар бірінші блоктың қызметінің базистік параметрлегре жататынын көрсетеді, сондықтан олар қандайда болмасын өзгерістерге ұшырауы әлсіз. [Семенович.2007, 33]. Бұл блоктың жұмысын толық орнына келтіру мүмкіндігі баланың жасы ұлғайған сайын төмендей бастайды. Бірақ басқа функциялардың жұмыстануы үшін қажетті энергия деңгейін қамтамасыз ету үшін мидың қыртысасты құрылымдардың жұмысын стимулдауды балалардың кез келген жасында жүргізуге болады.
Екінші блок – экстероцептивті ақпарттарды қабылдау, өңдеу, сақтау.
Бұл блок негізгі – көру, есту және тері-кинестетикалық анализаторларының орталық бөлігінен тұрады. Олардың қыртыстық аймақтары мидың самай, төбе және шүйде бөліктерінде орналасқан. [Лурия,84-88].
Екінші блок тапшылығының белгілері:
-
кеңістіктегі дене қозғалысының біркелгілігі мардымсыз, ебедейсізік, нашар сенсомоторлық координация;
-
перцептивті және мнестикалық мүмкіндіктердің жетіспеушілігі (көру, есту, кинестетикалық...);
-
кеңістіктік көзқарастадың қалыптаспағаны.
Екінші функционалдық блоктың құрылымы мектепалды кезең мен бастауыш мектептегі сенсетивті кезеңде, яғни бұл блокпен жұмыстану балалардың 3 тен 9 жас аралығында жүргізілсе тиімдірек болады.
Үшінші блок – бағдарламалау, реттеу және бақылау.
Саналы психикалық әрекеттердің жүруін бағдарламалайтын, реттейтін және бақылайтын А.Р.Лурияның консепциясына сәйкес әрекеттерді жоспарлауды қалыптастыруға жауапты блок.
Локализацияланатын орны алдыңғы орталық жүлгенің алдында (бас миы қыртысының моторлық, моторалды бөлімдері) орналасқан ми сыңарларының алдыңғы бөлігі, негізінен маңдай бөлігі. [Лурия,89-93].
Үшінші блок дефицитарлығының (тапшылығы) симптомдары (белгілері):
-
далалық мінез-құлық;
-
өзін-өзі реттеу әлсіздігі, импульсивтілік, ерікті үрдістердің жеткіліксіздігі;
-
вербальді және кеңістіктік ақпараттарды қайта кодтау қиындықтары;
-
бірлескен әрекет дағдыларының болмауы, эмоционалды бейадекваттылық.
Мидың үшінші функционалдық блогының құрамына кіретін ми бөліктері ең соңғылары болып дамып жетіледі – анатомиялық 12 жасқа дейін, бірақ негізі алғашылардың бірі болып 3 жас шағында қаланып сол кездің өзінде қалыптасу белсенді жүре бастайды. Бұл блокпен жұмысты жүргізу ерте жаста 12 жасқа дейін тиімді болады.
ІІІ. Мидың үш функционалдық блоктарына қатысты нейропсихологиялық жаттығулар.
Әдістемелік құралды берілетін жаттығулар үш функционалды блоктардың әрқайсысын ынталандыруға (стимуляциялауға) басымдық беру принципі бойынша топтастырылған. Дегенмен, мынаны есте сақтаған маңызды өйткні, кез келген ақыл-ой әрекеті, психикалық белсенділік, үш блок бірдей жұмыс жасағанда жүзеге асыралады, сондықтан бұлай бөлу шартты болып табылады.
Кейбір жаттығулар мысалға, үшінші блоктың белсенді араласуымен бірінші де екінші де блокты тең мөлшерде ынталадыратын жаттығулар болуы мүмкін. Атап айтсақ, еңбектеу сияқты жаттығуға бұлшықет тонусымен де, кеңістікті меңгерумен де, ми сыңарларыаралық өзара әрекеттесуі де кіреді. Ал екі қолмен сурет салу бірінші функционалдық блок жаттығуларының арасында сипатталғанмен екінші функционалдық блок деңгейінде ми сыңарларыаралық әрекеттесуге көбірек қатысы бар. Әдістемелік құралда нейропсихологиялық сүйемелеуге арналған жаттығулар берілген.
Әдістемелік құралда пайдалынатын жаттығулар Т.В.Ахутина, Ж.М.Глозман, А.В. Семенович, А.Л. Сиротюк, Л.С.Цветкова, Е.А.Воробьева, Б.А.Архипова, Л.С.Назарова, В.М.Шегай аторлық жұмыстарынан алынған. Нейропсихологиялық жаттығулар қарапайым орындалу тәсілінен бастап бірнеше қадамдар арқылы жеңілден күрделіге қарай ұсынылады. Жаттығуларды жас ерекшеліктеріне сай сыныптағы балалармен бірге ЕБҚ балалардың меңгере алатындай етіліп таңдалуы керек. Оқыту, қалаған мінез-құлыққа дейінгі әрбір кішкентай қадам кезең-кезеңімен күшейтіліп Буррес Фредерик Скинер ұсынған оперантты шарттау принципіне негізделіп құрылады [Ромек,37-42].
Бірінші функционалдық блок жаттығулары
-
Тыныс алу жаттығулары;
-
Энергетикалық потенциалды арттыратын стимуляциялаушы жаттығулар;
-
Бұлшықет дистониясын жеңуге арналған жаттығулар;
-
Базалық сенсомоторлы реципрокты координацияларды қалыптастыруға және түзеуге арналған жаттығулар.
Екінші функционалдық блок жаттығулары
-
Екінші блоктың құрылымын стимуляциялау үшін соматогнозис, тактильді және кинестетикалық процесстердің дамуына бағытталған жаттығулар қолданылады;
-
кеңістікке бағдарау қажеттілігі бар жаттығулар - сурет салу және құрастыру;
-
әртүрлі қабылдау мен есте сақтау жаттығулары.
Сонымен қатар өлеңдер мен әндерді айту сияқты бағдарламалық элементтерді, жұмбақтарды шешу, қарапайым жіктеулерді, үстел ойындарын орындау түрлі жаттығулармен сүйемелдеу осы блокқа енгізілген дағдылардың дамуына тікелей әсер етеді.
Үшінші функционалдық блок жаттығулары
-
қозғалыс автоматизмін қалыптастыруға арналған жаттығулар;
-
Функционалды жаттығулар;
-
Коммуникативті жаттығулар;
-
Релаксациялық жаттығулар.
Нейрожаттығулар моторлы нейропсихологиялық (немесе сенсомоторлық) түзетудің танымал атауы.
Нейрожаттығулар әртүрлі невралогиялық аурулар мен синдромы бар балаларға медикаментті емес көмектің бір түрі, сондай-ақ бұл жаттығулар балалардың жалпы психофизикалық дамуы үшін мидың жұмысын қалыпқа келтіру мақсатында баланың әртүрлі бұзылуларын түзетуге бағытталған. Жаттығулар қозғалыс пен ойды біріктіретін дене жаттығулары арқылы мидың табиғи механизмдерін белсендіру әдісі болып табылады.
Төменде сипатталған жаттығулар баланың дайындығына және жас ерекшелігіне байланысты 6-12 жас аралығындағы балаларға жарамды.
Ми сыңарларын синхрондылауға бағытталған «Алфавит» нейрожаттығуы

Жаттығудың орындалуы: берілген кестедегі үш қатарда бөлшектермен әріптер берілген. Бірінші және екінші қатарда қолға, ал үшінші қатарда аяққа арналған жаттығу тапсырмалары белгіленген.
бөлшектің алымында
(үстінде) оқылатын әріп, бөлшектің бөлімінде (астында) көтерілетін
0-оң қол, С-сол қол жазылған. Бірінші және екінші қатарды
меңгергеннен кейін біртіндеп үшінші қатарды енгіземіз. Үшінші
қатардағы тапсырма аяққа қатысты орындалады. Алгоритм алыңғы екі
қатармен ұқсас.
Сонымен, үстіңгі қатардағы әріптерді дауыстап оқығанда берілген әріп астында белгіленген қолды көтереміз. Үшінші қатар тапсырмасы отырып орындалады.
«Струп тест»
Бұл тесттің түрлі вариациялары адамдардағы ақыл-ой белсенділігін арттыруға және бағытталған зейін дағдыларын арттыру үшін қолданылады. Бұл ең маңызды ментальді ресурс болып табылып ойды бақылауға және қажетті деген нәрсеге зейінін шоғырландыруға мүмкіндік береді. Дәл осы бағытталған зейін айналаңызда болып жатқан бөгде дыбыстар мен оқиғаларға қарамастан көлікті қауіпсіз жүргізуге, әңгімелесуге немесе емтиханға дайындалуға мүмкіндік береді. Үздіксіз жүретін ой еңбегі күннің соңында қырағылықты жоғалтып еңбек өнімділігін төмендетеді. Шаршап кеткен адам шыдамсыз әрі ашушаң болады, қате шешімдер қабылдап өзінің психикалық денсаулығына кері әсер тигізеді. Струп тестімен жаттығу арқылы балаға оның зейінін шыңдап және алаңдататын нәрселермен күресуді үйретеді.
Балаға жұмысты түсіндіріп Струп тест карточкасын береді, бала оны орындап болғасын нәтижені бекіту мақсатында тағы бір карточка беріледі. Тапсырма тура және кері бағытта орындалады. Кері бағыт - ол карточканың оң жақ төменгі бұрышынан бастап оқуды білдіреді.
Айы___ Күні___ Басталды ___:___

Аяқталды ___:___ Орындалу уақыты ___:___
«Ғарыштық жолақтар»
Нейрожаттығулардың бұл тобы ми сыңарларыаралық өзара әрекеттсуді, кинестетикалық праксис(ұсақ қол моторикасын), қол-көз координациясын, зейін шоғырлануын, дыбысты автоматтандыру мен ажыратуды дамытады.

Екі қолының сұқ саусақтарымен (ғарышкерлер) басынан бастап жолақ бойы екі қолы бірге қозғалады. Жол бойы кездескен нұсқауларды орындайды (саусақ қимылы, сөздерді оқу, ненің суреті салынғанын атау).
Тыныс алу жаттығулары
Бала күнделікті табысты орындап жүрген тапсырмаларын қандай да бір себептермен қиынға соғып, тым баяу орындап қателіктер жіберетін кездері болады. Есте сақтайтын нәрсе, ол адамның миыында энергия мөлшері шектеулі болатыны, ал кез келген ырықты психикалық әрекет өте көп энергияны қажет етеді. Энергетикалық әлеуетті оңтайландыру үшін тыныс алу жаттығулары қолданылады. Дұрыс тыныс алу процесі:
-
зейін тұрақтадыруын
-
ырықты өзін өзі реттеудің
-
сөздік потенциалды (өйткені біз тыныс шығару барысында сөйлейміз) дамытады.

Нұсқау:
-
Сұқ саусағымызды күлгін түсті нүктенің үстіне қоямыз
-
Бағдар бойынша саусағымызды жылжытумен қатар мұрын арқылы тыныс аламыз.
-
Сұқ саусағымызды қызыл түсті нүктенің үстіне қоямыз
-
Бағдар бойынша саусағымызды жылжытумен қатар ауыз арқылы тыныс шығарамыз.
«Екі қолмен сурет салу» жаттығуы.
Екі қолдың бір мезгілдегі қозғалысы үлкен ми сыңарларын белсенді етеді. Жаңа нейродық байланыстар құрылады, бұл ақпаратты талдау және синтездеу процестерінің жылдамырақ жүретінін білдіреді. Нәтижесінде психикалық белсенділік пен жұмыс қабілеттілігі артады.

Жақсы дамыған көрнекі (көру арқылы) есте сақтау, ол есте сақтаудың күрделі түрі ретінде есту-сөйлеу дамуының негізі болады.
Көру арқылы есте сақтау жаттығуларының орындалу алгоритмі:
-
Бала бірінші көрсетілген карточкадағы бейнені 4-5 секунд ішінде есте сақтау керек.
-
Үзіліс жасап, содан кейін (5секунд пен 5 минут арасы) екінші карточкадан бейнелерді іздеп табуын сұраймыз. Үзіліс уақытын басқа (сурет салу, дене жаттығулары және т.б.) әрекеттермен арнауға болады.

Есту-сөйлеу жадысы адамның қабілеттерінің негізін құрап, оқу, білімді меңгеру, икемділіктер мен дағдыларды қалыптастырудың шарты болып табылады.
Есту – сөйлеу жадын дамыту жаттығулары

Жадының кейбір түрлерін мақсатты түрде дамыту үшін ақпаратты модальдықтың бір(мысалы, тактильдіден) тілінен екінші тіліне(мысалы, көру) «аудару» керек. Модальаралық әрекеттердің жетілуі жадының табысты дамуының шарты.

Қорытынды. Үлгерімі төмен оқушылар үшін нейрокогнитивтік дамудың жалпы бұзылыстары негізінде ойлаудың, зейіннің, есту-сөйлеу жадының бұзылуымен ерекшеленеді. 1-4 сыныптардағы оқушылардың нашар үлгерімінің басты болжамы ретінде зейіннің даму деңгейінің төмендігі, ал 5-11 сынаптарда ойлау деңгейінің төмендеуі болып табылады. Оқшауланып қалған нейрокогнитивті дисфункциялар үшін қолжетімді компенсациялау оқу үлгеріміне теріс әсер етпейді.
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, «№6 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог - психологы Абишева Раушан Айтбаевнаның «Мектеп педагог – психологының жұмысындағы нейропсихологиялық әдістер» тақырыбындағы авторлық бағдарламасына
ПІКІР
Білім беру ұйымы: «№6 жалпы білім беретін мектеп»
Автор: Абишева Раушан Айтбаевна
Тақырыбы: «Мектеп педагог – психологының жұмысындағы нейропсихологиялық әдістер»
1. Жұмыстың өзектілігі (тұжырымдамалар, бағдарламалар, зерттеу немесе тәжірибелік-эксперименттік жұмыс тақырыптары және т.б.)
Бағдарламада нейропсихологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, ерте кезеңнен бастап психикалық онтогенез процестерін қалыпқа келтіріп, дисгенетикалық синдромның орнын толтыруға жол береді. Бағдарлама балаларға оқуына ықпал ететін эмоционалды – тұлғалық және когнитивті дамуға, оқыту процесі мен қоғамға бейімделуіне көп көмегін тигізеді.
2. Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі: Бағдарлама жаңартылған білім беру бағдарламасы мен оқу сауаттылығы тапсырмаларының талаптарына сай жазылған.ф
3. Жұмыстың жаңашылдық дәрежесі, білім беру жүйесінде (қала /аудан, аймақ, республика, шетелде) үйлесімділіктің болуы немесе болмауы: Бағдарламада қамтылған нейрожаттығуылар баланың дайындығына және 6-12 жас аралығындағы балаларға жарамды. Бағдарламаға сәйкес нейропсихологиялық әдістердің түрлері қарастырылып, әдістердің практикалық түрде қолданысы және олардың пайдасы мен маңыздылығы қамтылған. «Алфавит», «Струп – тест» нейрожаттығуы физикалық және жады дамуына әсер етсе, «Ғарыштық жолақтар», «Екі қолмен сурет салу» жаттығулары үлкен ми сыңарларының белсенділігіне, дамуына үлкен мүмкіндік береді.
4. Жұмыстың ғылымилығы: зерттеуге алынған нейропсихологиялық әдістердің мектептің педагог – психологының жұмысындағы бағыты, өзектілігі, мақсаты, міндеттері, ерекшелігі, теориялық және практикалық теориялық тұрғыдан сараланған.
5. Ішкі бірлікті бағалау және жұмыстың әдіснамалық негізінің сипаттамасы (логикалық, нәтижелердің әдіснамалық негіздермен өзара байланысы, қарама-қайшы еместігі). Нейропсихологиялық әдіс – тәсілдер жаңартылған білім беру бағдарламасына сай оқушылардың білім сапасын арттыруға арналған.
6. Әрбір нәтиженің, ғылыми жағдайдың, жұмыстың тұжырымдары мен қорытындыларының негізділігі мен дәйектілігінің дәрежесі. Оқушылардың ақыл – ой белсенділігін және зейін дағдыларын арттыруына, кинестетикалық праксис, қол – көз координациясын, зейін шоғырлануын, дұрыс тыныс алу процесін, модальаралық әрекеттердің жетілуінде нәтижесі жоғары.
7. Жұмыстың практикалық маңыздылығы: тақырып бойынша атқарылатын істің нақты жағдайын жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік береді. Мектеп бағдарламасының тәжірибесінде енгізу үшін ұсынылады.
8. Жұмыстың аралық және қорытынды нәтижелерін ұсыну формалары мен тәсілдері: мақалалар, баяндамалар, шығармашылық жұмыстар, оқу-әдістемелік қолдаумен жүзеге асырылатын ашық сабақтар, әдістемелік ұсыныстар, сызбалар, кестелер, талдау тапсырмалары және т.б.
9. Ресімдеу талаптарына сәйкестігі. Жұмыстың мазмұны бойынша кемшіліктер мен ескертулер: Барлық талаптарға сәйкес, кемшіліктер мен ескертулер жоқ.
10. Жұмысты пайдалану бойынша қорытындылар мен ұсыныстар: Нейропсихологиялық әдістердің кейбір элементтерін үйірме сабақтарына пайдаланып көрдім. Нейропсихологиялық әдістерді пайдалану барлық психикалық әрекеттерге зиянын тигізетін симптомдардың пайда болуының алдын алуға және осы белгілерге компенсация жасауға көмегін тигізетін өте тиімді құрал.
Рецензент: №6 ЖББМ мемлекеттік мекемесінің дефектологі, педагогика ғылымдарының магистрі Ақтанова Самал Қалимұратқызы.

Ұсынылып отырған бағдарламада қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі басшылыққа алынған. Нейропсихологолиялық жаттығулардың актуалдылығы туындап отырганының себебі, бала жылдан жылға ақпарат көлемі екі есе ұлғайып отыратын уақытта өмір сүруде және ол жылдамдық ары қарай тек арта түседі. Қазіргі кезде, үлкен көлемдегі ақпараттарды қабылдау, ішіндегі қажетті және қажетсізін ажырата білу, яғни ақпаратпен сауатты түрде жұмыс жасай білу ең басты қажеттіліктердің бірі болып табылады. Сондықтан, балалар осы шеберлікті неғұрлым ертерек меңгерсе, соғырлұм өмір сапасын арттыруға мүмкіндігі ұлғайя түседі.
Нейропсихологиялық жаттығулардың пайдасы, әкелетін нәтижесі, жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушыларының білім сапасын арттыруға арналған. Топтық, доппен ойны, қимыл қозғалысты ойындар арқылы бала өзінің кеңістіктік, моторлы, реттеуші тағы да басқа дағдыларын дамытады. Балалар арасында бой алып жатқан гаджеттік тәуелділікпен күрес аясында, бұл жаттығулардың орындығы айқын.
Нейропсихологиялық жаттығуларды тек нейропсихологиялық (коррекция) түзету ретінде ғана қолданып қоймай, оқушылардың оқу үлгерімін көтеру мақсатында қолдану орынды болып табылады. Әдістемелік құрал тек педагог-психолотардың жұмысымен шектеліп қана қоймай, бастауыш сынып және басқа пән мұғалімдері өз жұмыстарында қолдануға жарамды.
Рецензент: №7 ЖББМ мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы, педагог-сарапшы Н.Е. Бағдабаева
Мазмұны
Түсінік хат

ІІІ. Мидың үш функционалдық блоктарына қатысты нейропсихологиялық жаттығулар
Қорытынды
Пікір
Қолданылған әдебиеттер
Қолданылған әдебиеттер:
-
Психомоторлы коррекцияның кешенді әдістемесі / Е. А. Воробьева,
-
А. В. Семенович, Б. А. Архипов, Л. С. Назарова, В. М. Шегай. М. : Изд-во
-
МГПУ, 1998.
-
Микадзе Ю. В. Балалық жастағы нейропсихология. М. ; СПб. : Питер,
-
2008.
-
Ромек В. Г. Мінез-құлық психотерапиясы : оқулық құралы. М. : Акаде-
-
мия, 2002.
-
Семенович А. В. Балалық жастағы нейропсихологиялық диагностика мен коррекция. М. : Академия, 2002.
-
Семенович А. В. Балалық жастағы нейропсихологиялық коррекция Орынбасу онтогенезі әдістемесі. М. : Генезис, 2007.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әдістемелік құрал "Мектеп педагог- психологының жұмысындағы нейропсихологиялық әдістер"

шағым қалдыра аласыз